Нормативтік актілердің түсінігі жəне түрлері.
Нормативтік заңды актілер– бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған жəне белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар.нормативтік актілерді нормашығарушылық құзіретке ие органдар қатаң анықталған тəртіп бойынша қабылдайды. Заңды күшіне қарай барлық заң актілері екі топқа бөлінеді: заңдар мен заң актілері.
Заң–бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тəртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие жəне маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заңға сəйкес актілер–бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде жəне оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады:
1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер;
2) Парламенттің құзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен өкімдер;
3) мемлекеттік аумақтық жəне жергілікті органдардың (өкілдік органдар мен əкімшілік органдар) актілері–мемлекеттік билік пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайды жəне осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады;
4) ведомстволық актілер–белгілі бір органның құзіреті шегінде қабылданады жəне осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады.
Достарыңызбен бөлісу: |