Заңдардың түсінігі, белгілері жəне түрлері. Заң–бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тəртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие жəне маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Заңның белгілері:
1. Заң–бұл құқықтық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды жоюға немесе өзгертуге байланысты құқықшығармашылық əрекеттер бекітілген заң актісі.
2. Заң–бұл мемлекеттік биліктің қатаң анықталған жоғары органдарының актісі.
3. Заң жоғары заң күшіне ие. Бұл мынаны білдіреді: а) қалған барлық құқықтық актілер заңдарға негізделуі жəне оларға қарама-қайшы болмауы тиіс. Кез-келген басқа акт заңға қайшы келген жағдайда басымдылық соңғысына беріледі; ə) заңды кез-келген басқа орган бекіте алмайды; б) оны қабылдаған органнан басқа ешкім заңды өзгерте немесе оның күшін жоя алмайды.
4. Заң–бұл құқықтық жүйеде бұрын болмаған жəне қоғамдық өмірдің маңызды мəселелеріне байланысты міндетті нормалардан құралған нормативтік акт.
Заңның түрлері:
1) Конституция–бұл басқарудың жəне мемлекеттік құрылымның нысанын, сот əділдігі жүйесін анықтайтын, конституциялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт;
2) конституциялық заңдар–Конституциямен көзделген жəне онымен байланысты мəселелерге қатысты қабылданады;
3) жай заңдар–бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, əлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.
Достарыңызбен бөлісу: |