«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан


Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі жəне түрлері



бет39/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі жəне түрлері. Позитивтік құқықтың өзіне тəн белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заңды, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін. Құқықтың қайнар көздері–бұл құқық нормаларының бекітілу жəне көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тəн, оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдаудын қамтамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:

1) құқықшығарсашылық жолы арқылы; бұл жағдайда нормативті құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікеле мемлекет шығарады.

2) санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекетік органдар белгілі бір түрде əлеуметтік нормаларды (əдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап оларға заңды күш береді.

Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:

1. Нормативтік заң актілері– бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған жəне белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сəйкес актілер жатады.

2. Санкцияланған əдет нормалары–бұл адамдардың санасынан орын алған жəне көп рет қолданылуының нəтижесінде əдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мə беріп, оларды орындауды өзінің мəжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі. Əдет- ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі: а)нормативтік актілерде əдет нормаларына сілтеме жасау арқылы; ə)оларды сот шешімдерінде жəне басқа да мемлекеттік органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.

3. Заңды прецедент– бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын жəне жалпыға міндетті заңды мағынаны иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе əкімшілік шешім.

4. Нормативтік шарт–бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған кеілісімі.

5. Құқықтың жалпы қағидалары–бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық норма, міндетті прецедент немесе əдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер əділеттілік, ар-ождан, құқықтың əлеуметтік бағыттылығ қағидаларына негізделуі мүмкін (Грецияның, Испанияның, Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).

6. Діни мəтіндер–бұлар, əсіресе, мұсылмандық құқыққа тəн. Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран–бұл Алланың сөздері, өсиеттері жəне ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап; Сүннет–бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет