«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан


Құқық нормасы мен нормативтік құқықтық акт бабының ара қатынасы



бет46/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Құқық нормасы мен нормативтік құқықтық акт бабының ара қатынасы Құқық нормасы өзінің білдірілудегі көрінісін нормативтік құқықтық актілер бабынан табады. Алайда құқық нормасы мен құқықтық нормативтік актінің бабы бара-бар емес. Көбінесе олар бірдей болмайды яғни үйлеспейді. Құқық нормасы жүріс-тұрыстың ережесі, ол жорамал диспозиция жəне санкциядан тұрады. Ал, нормативтік актінің бабы - құқық нормасын жүзеге асыратын құрал. Ол мемлекеттің ерік-ықтиярын білдірудің нысаны. Құқық нормасы мазмұн бола тұра, оның нысаны ретінде көрінетіннормативтік акт бабымен түрлі-түрлі арақатыстылықта болады. Заң қабылдаушы жүріс-тұрыс ережесін баяндауда құқық нормасының логикалық құрылымына жататын үш элементтің бəрін де бір нормативтік актінің бір ғана бабына сиғызуы мүмкін; нормативтік актінің бір бабына бірнеше құқықтық норманын да орналастырылуы ықтимал; құқық нормаларының элементтері өр түрлі нормативтік актілердің əлденеше баптарында мазмұндалуы мүмкін; құқық нормалары элементтерін бір ғана сол нормативтік актінің бірнешелеген баптарында да баяндалуы мүмкін. Мазмұндау тəсілі бойынша құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатыстылығы (байланысы) үш нұсқада болуы ықтимал:

а) тікелей тəсіл - құқық нормасы нормативтік актінің бабында тікелей баяндалған жағдайда осы тəсіл орын алады. ə) сілтеме тəсіл - нормативтік актінің бабы бүкіл норманы баяндамастан, осы нормативтік актінің басқа бабына сілтеме жасағанда осы тəсіл орын алады. Мысалы, ҚР Конституциясының 45-бабы 2 тармағы;

б) бланкеттік тəсіл - нормативтік актінің бабы норманны баяндамайды жəне нақты бапқа сілтеме жасамайды, оның орнына, қандай бір нормативтік актінің бүкіл бір түріне сілтеме жасай салғанда осы тəсіл орын алады. Мəселен: ҚР Конституциясының 6-бабы, 3 тармағы.

Құқық қабылдаушы орган құқық нормаларының логикалық үйлесімді жүйесін құруд қамтамасыз ету қажеттілігін басшылыққа алады. Сөйтіп оған нормативтік құқықтық актінің баяндалу тілін бағындырады. Мұның өзі құқық қабылдаушы органның алдына бірнеше арнайы міндеттер қояды: құқық нормаларын логикалық түрде бір нормадан кейін келесі норманың жасалуын, жалпылықтан нақтылыққа қарай жылжу түріне келтіреді. Əртүрлі құқықтық нормаларды жасақтау барысында заңдық жөні бар қағидалардың бірнеше нормаларда қайталанулары болдырылмайды. Нормативтік акт тілінің логикалық айқындылығына сөйтіп қол жеткізіледі. Құқық нормалары ең ұқыпты осындай тəсілдер арқылы жасалады. Құқық нормаларынан орын алған өз-өзінен айқын жəне жалпының бəріне белгілі қағидаларын фактілерін, жағдайларын шығарып тастап, ондайларды болғызбайды. Осында аталған мəселелерді шешу ісі ұдайы да үнемі жүріп жатады. Кемшіліктер мен олқылықтар да жіберіліп, олар түзетіліп те жатады. Сондықтан да құқық нормаларының нормативтік акт баптарында үйлеспеушіліктердің орын алуы кездесіп жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет