«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан


Құқықтық қатынастар құрамының бөліктері



бет50/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Құқықтық қатынастар құрамының бөліктері

Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөліктерден: құқық субьектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады. Құқық субъектісі — заңды жəне жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекет органдары, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар жəне сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жəне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары жəне азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып саналады.

Субъективтік құқық — тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте əрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-əрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шеңбер аясында əрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па, ол тұлғаның өз еркі. Заңды міндет — заң белгілеген əрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жүктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мəжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тəрбиелеуге міндетті. Егер бүл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі. Құқықтық қатынастың объектісі (заты) — табиғат құбылыстары мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді. Субъективтік құқық — субъектілердің ықтимал мінез-құлықтарының түрі жəне мөлшері. Субъективтік заңды міндет — субъектілердің тиісті мінез- құлықтарының түрі жəне мөлшері. Құқықтық қатынас объектісі—табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндет аталған объектілерге бағытталған болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет