«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан


Мемлекеттің негізгі белгілері



бет13/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық баскару нысанынан басты айырмашылығы арнаулы кəсіби басқару жəне мəжбүрлеу аппаратының болатындығында жатыр. Бұл жердегі əңгіме қоғамнан ерекшеленген, басқару ісі негізгі жұмысына, кəсібіне яғни мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы -адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы рулық басқару нысаны білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тəн нəрсе; олар мемлекеттің рабайсыз үлкен механизмін іске қосады. Нəтижесінде мемлекеттің барлық халқы бір жағынан басқарылғандарға, екінші жағынан басқаратындар мен басқаруға байланысты маманданғанға бөлінеді. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысы тек қана басқару функцияларын емес, сондай-ақ кейбір мəжбүрлеп ықпал ету ша-раларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар. Мемлекеттің баска бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мəжбур болуы. Бүл салық – мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның тіршілік етуі қиындайды. Салықты мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару жəне мəжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің өзі жүргізетін ішкі жəне сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру, ғылым, мəдениет салаларын қолдауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдык кауіпсіздікті, құқық тəртібін, қылмыс жəне құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.

Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы – рулық баскару ұйымының негізі мүлдем басқаша – қандас туысқандардың байланысы мен қарым-қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрыңғы маңызын жойды, басқару ісінде басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі құқыктарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мəселені шешкен кезде, оларды баскару, ұйымдастыру жəне басқа да шараларға тарту кезінде ең алдымен олардың аумаққа жатуын, тұрғылықты жерін ескереді.



Мемлекеттің дамуы барысында халықтың аумақтық орналасу принципі бірқатар мемлекеттік-құқықтық институттарымен (тұтас алғанда) жанама түрде байланыс орнатты, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған болатын. Айтылғанға байланысты адамның қандай да бір мемлекетке жататындығын білдіретін азаматтық институты пайда болды. Азамат еместер шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мəртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың арқасында мемлекет халықты "өзіміздікі" жəне "өзіміздікі емес" деп айшықтап атап көрсетеді (дифференциялайды). Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) жəне ішкі (автономиялық жəне əкімшілік аумақтық бөліністер арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық билік жүргізу институты анықталады. Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда əрекет ететін құрылымдарымен жəне институттарымен, егемендік сияқты белгімен ерекшеленеді. Бұл сипат мемлекетті басқа ұйымдардан, коғамның құрылымдары мен институттарынан жоғары қояды. Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік жəне тəуелсіздік. Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады. Өз аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекеттің басымдық рөлін мойындайды. Олар мемлекеттік бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген тəртібін сақтауға əрі бұзбауға міндеттенеді. Мемлекетке тиесілі аумақта бірде бір үйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды. Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын тəуелсіздік дегеніміздің мəнісі – мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі тандайды, өз ісіне ешкімді араластырмай, ішкі жəне сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемдігіне жол бермейді. Тəуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің жəне құрылымның мемлекет билігінің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тəуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халыкаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді. Мемлекет – қоғамның, елдің, халыктың ресми өкілі. Қоғамның, елдің, халықтын мүддесін ол қанағаттандыра алды ма, жоқ па, қоғам, ел, халық оған өкілеттік берді ме жоқ па, оған қарамастан бұл мəселенің дұрыс жауабы алдын ала түйінделіп қойған ұғым болып табылады. Қоғамда, елде, халыктың арасында жұмыс істеп жатқан басқа бірде-бір ұйым (бірлестік, құрылым) коғамның, елдің, халықтың еркі мен мүддесін білдіруші екендігін, барлық деңгейде жəне барлық жағдайда оларды білдіре, көрсете аламын деп мəлімдеуге батылдық білдіре алмайды. Бұған үміткер болуға мемлекеттің гана негізі бар. Мемлекеттің мұндай сипаттарының молдығына дау жоқ. Мемлекеттік басқарудың құқықтық нысаны, реттеуді жəне ықпал етуді пайдалануы, оның міндетті белгісі болып табылады. Олардың алдында тұрған міндетті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Егер мемлекеттің аумағында орналасып, жұмыс істеп тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар құқық шеңберінде əрекет етіп, құқық тəртібін сақтауы, заңдар мен басқа да құқықтық нұсқауларды орындауы қажет болса, онда құқык аясындағы мемлекеттің қызметі мүлде басқаша, маңызды ерекшелігімен сипатталады жəне əр алуан болып келеді: бұл айтылғандардан басқа, мемлекеттің құқықшығармашылық монополиясы, сондай-ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіп, кепілдік беретін функциялары бар. Мемлекет қоғамдағы негізгі өзара қарым-қатынаста өзінің қызметіндегі басты демеу болып отырған құқық бастауына сүйенеді. Мемлекетте ішкі жəне сыртқы функциялардың жиынтығы болуы жəне оларды органдар, мекемелер мен билік құралдарының жүйесімен жүзеге асыруға бейімделуі (бұл мəселелер төменде егжей-тегжейлі қарастырылатын болады) мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады. Осыған дейін айтылып келген, мемлекеттің ерекшелік белгілерінен басқа, мемлекеттің элементтері туралы да айту керек, ол отандық оқу жəне монографиялық əдебиетте халық пен аумақты меңзейді. Ол тіршілік ету жəне даму процесінде мемлекет сүйенетін объективті тірек ретінде түсіндірілуі керек. Халықсыз жəне аумақсыз мемлекет жоқ жəне болмайды да: соңғысын табиғи факторға немесе мемлекеттің материалдық құрамдас бөлігіне жатқызу қажет. Сонымен, мемлекет – саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы мүмкін. Бірақ мемлекет – ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым. Мемлекет қоғамның атынан коғамның ішінде де, басқа мемлекеттермен қатынастарда да қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне тікелей жəне жанамалай əсер ететін ерекше органдары жəне басқа саяси ұйымдардан оны ажырататын белгілері бар. Оларға жататындар мыналар: 1)Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі - ол басқа мемлекеттерден тəуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Мемлекет өзінің ішкі жəне сыртқы саясатын өзі қалыптастырып, өз еркімен жүзеге асырады. Былайша айтқанда, басқа мемлекеттерге жалтақтамай, өзінің ішкі жəне сыртқы істерін өзі атқарады. 2)Билеуші органдар. Мемлекеттің ерекше билеуші, басқарушы органдары болады. Мемлекет органдарында тек басқару қызметімен шұғылданатын чиновниктер (қызметкерлер) болады. Қоғамдағы заңды орнықтырылған тəртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекет əскер, полиция құрады. Сыртқы жаулардың жансыздарынан сақтану үшін қарсы барлау органын ұйымдастырады. 3) Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаражаттандыратын оның арнаулы материалдық қоры болады. Ол корды жасау үшін мемлекет алым-салық белгілейді жəне оны жинайды. 4) Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол аумақта мемлекет қүрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. Өз аумағының тұтастығын мемлекет барлық күш-қуатымен сақтап, қорғауға тынымсыз əрекет жасайды. Мемлекеттер арасындағы қайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыс-тар көбінесе осы жер, аумак мəселесіне байланысты. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін əкімшіліктерге бөлінеді. Халық əкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлініп тұрғандықтан олардың құқықтық жағдайы соған байланысты болады. 5) Мемлекеттің күрделі белгілерінің бірі – құқықтық жүйенің калыптасуы. Қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тəртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады. Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілеттігі бар органдар болады. Сол құқықтық нормалардың жиынтығы мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет