Тақырыптың деректік негіздері осы тараудың 3-бөлімінде талданды. Зерттеуде қолданылған деректердің ауқымы кең деуге болады. Деректердің негізі Г.Н. Потаниннің өз шығармалары, Томск, Омск облыстық мұрағат құжаттары, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының материалдары, ҚР ҒА кітапханасының сирек кітаптар қорындағы деректік материалдар.
Г.Н. Потаниннің эпистолярлық мұралары көп. Оның бәрі жарыққа шықты деп айту қиын. 1987-1992 жж. Иркутск зерттеушілері Г.Н. Потаниннің бес томдық хаттар жинағын шығарды. Оған 662 хат енген. Томск университетінің ғылыми кітапханасы қорында 1920 жылдан бастап Г.Н. Потаниннің мұрағаты сақталған. Ғалымның мұрағаты мен кітапханасының Томск мемлекеттік университетіне түсу Сібірді зерттеу институтының тағдырымен байланысты болды.
Сібірді зерттеу институтын ұйымдастыру туралы алғашқы мәжіліс 1919 жылы 15 қаңтарда Томск профессорлары Б.П. Вейнберг, В.В. Сапожников, М.А. Усовтардың бастамасымен өтті. Бұл институттың негізгі міндеті Сібірдің табиғи байлығын тиімді пайдалану үшін табиғатын, халқын т.б. зерттеу болды. Институт жанына мұрағат, мұражай, кітапхана ашып, кітап, мерзімді баспасөз қорларын ұйымдастыру, Сібірді барлық жағынан да ашып көрсететін материалдар жинастыру да кезек күттірмейтін міндет ретінде қойылды. Әсіресе Сібірдің көрнекті қайраткерлерінің қорын жасап, онда қолжазбаларын, хаттарын, портреттерін, басқа да заттарын сақтап қою да ұмытылған жоқ, сондықтан съезд бюросы шешімімен жеке адамдарға, мекемелерге, қоғамдарға Сібір туралы институтқа материал жіберу ұсыныстары айтылды. Сібір зиялы қауымы бұл ұсынысқа ерекше назар аударып, кітаптар ғана емес, жеке мақалаларын, журналдар, газеттер жібереді. Олардың қатарында жеке адамдар ғана емес, түрлі мекемелер, қоғамдар, ұйымдар, соның ішінде Томск халық кітапханасы, Алтайды зерттеу қоғамы, Тобыл губерниялық мұражайы т.б. болды. Олар кітапханаға кітаптар, газет-журналдар жіберді.
Алғашқылардың бірі болып Г.Н. Потанин бұл ұсынысқа ерекше ден қойды. Әрине, бұл кезде Г.Н. Потаниннің денсаулығы нашар еді. Оған ұйытқы болған достары екені сөзсіз. 1920 жылы қаңтардың басында Институттың кітапхана комиссиясына ғалымның кітапханасындағы кітаптардың тізімі берілді. Комиссия құрамында Томск университеті кітапханасының бас кітапханашысы А.И. Милютин, В.Ф. Смолин, профессор Э.В. Диль кірді. 20шы қаңтарда өткен комиссия мәжілісінде Г.Н. Потаниннің кітаптары мен мұрағатын алу туралы мәселе қаралып, кітаптарының тізімін қарастыруды М.К. Азадовскийге тапсырды. 17 ақпандағы мәжілісте А.И. Милютинмен бірге М.К. Азадовскийдің жасаған хабарламасында Г.Н. Потаниннің кітаптары мен мұрағатын 40 мың сомға бағалайтындарын айтты.
Г.Н. Потаниннің кітапханасы мен мұрағатында 1487 нөмірлі кітап, брошюра, жеке жазбалар, журналдар, жыл сайынғы газеттер, 180 бума (10643 бет) қолжазба, 12 бума (644 бет) суреттер, фотолар, портреттер т.б. болған. Бұл мұралар Институт кітапханасына түскеннен кейін оларға жеке қор ашып, орналастырады, өңдеп, жүйелейді. Құжаттарды реттік санмен белгілейді. Тізбелері құрастырылады. Олар қазірге дейін жақсы сақталған. Г.Н. Потанинге қатысты кітаптарға Институт кітапханасының төрт бұрышты штампы қойылады, кітап шифрі қасына екі «Пт.» деген дауыссыз дыбыс жазылады. Г.Н. Потаниннің бүкіл кітап қоры төрт инвентарь қолжазба кітапта жазылған.
Г.Н. Потаниннің 12 000 беттен тұратын мұрағаты Томскідегі Ғылыми кітапханада сақтаулы. Құжаттар үш бөлімді құрайды. Бірінші бөліміне тарих, география, этнографиядан жазған мақалалары, Г.Н. Потаниннің рецензиялары, жолда жазған күнделіктері (1876-1877, 1879, 1884, 1892), өмірбаяндық материалдары, хаттары. Екінші бөлімге фотолар, көркем сурет материалдары, көптеген хаттары. Үшінші бөлімде құжаттар, фотолар, хаттар, визитка карточкалары, Г.Н. Потаниннің шығармашылық қолжазбалары, нөмірленбеген, сондықтан мұрағат тізіміне енбеген.
ХХ ғасырдың 60-жж. «Корреспонденттердің алфавиттік көрсеткіштері» құрастырылып, зерттеушілердің пайдалануы жеңілденді. ХХ ғ. 70-жж. бұрын дұрыс топталмаған хаттары корреспонденция бойынша қайта жүйеленді. Өңделмеген мұрағаттан 100 хат анықталып, корреспонденттер ішінде Н.М. Ядринцев, В.М. Крутовский, А.В. Адрианов т.б. болды. ХХ ғ. 10-жж. жазылған Г.Н. Потаниннің 24 хаты А.Н. Седельниковке арналған.
Григорий Николаевич мұрағатына қарағанда ол табиғатынан ұқыпты адам болғаны байқалады, өйткені қолжазбаларын, экспедиция күнделіктерін, хаттарын сақтаумен бірге, ескі жазба кітаптарын, пәтер кітапшаларын, ескі чектер, газет қиындылары, конверттер т.б. сақтаған. Өз кітапханасынан оқыған кітаптарынан жасаған жазбалары 3 мың томды құрайды. Бұлар да Томск университетінің кітапханасында сақтаулы. Демек, Г.Н. Потаниннің мұрағаты кешенді деректер, оған қарап бізге оны жеке тұлға, ғалым ретінде ғана сипаттап қоймай, ХХ ғасыр басындағы замана шындықты көрсетуге көмектеседі, Г.Н. Потаниннің айналасындағы адамдардың қандай болғанын білуге мәлімет береді.
Томск мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында сақталған Г.Н. Потаниннің мұрағат материалдарын толық жарияласа, зерттеушілерге мол мәлімет көзі ашылар еді. «Сібір мұрағатының» 2 томына Г.Н. Потаниннің эпистолярлық мұрасы енген. Оған белгілі Сібір ақыны М.Г. Васильевамен (1863-1943) жазысқан хаттары [26]. М.Г. Васильева 1911-1917 жж. Г.Н. Потаниннің екінші әйелі болған, мұның өзі оның өмірінің жеке тұстарын білуге көмектеседі.
Кітапханада Г.Н. Потанин мен М.Г. Васильеваның 251 хаты сақталған. Бірінші хатты Г.Н. Потанин Петербургтен Барнауылға 1901 жылы 3 қаңтарда жіберген, соңғы хатын Томскіден 1914 ж. 9 тамызында жазған. Бұл хаттар Г.Н. Потанинді жеке адам ретінде қандай болғанын және өмірінің соңғы жылдары қалай өткенін білуге көмектеседі. Сонымен қатар бұл хаттардан алашшылдар Ә. Ермеков, Ж. Ақпаев, Ә. Бөкейханов туралы жазғандары бар. Оларды біз бұл жұмыста дерек ретінде пайдаландық.
«Сібір мұрағатының» бірінші томына «Сібір сепаратистерінің істері» енген, оны Сібір облысшыларының дерегі деуге болады. Новосибирск зерттеушілері Г.Н. Потаниннің әдеби шығармаларын жариялады. Тарихи-әдеби материалдарын Г.Н. Потанин аяқтамаған. Дегенмен де ондағы хаттар арқылы мазмұнының қалай дамығанын білуге болады.
Г.Н. Потаниннің «Естеліктері» 1913 ж. 20 қаңтардан 1916 ж. 14 мамыр аралығында жарық көрді. Оның 60 кесіндісі жарық көрген. Н.Н. Яновский оларды жинақтап 1983 жылы жарияласа, 1986 жылы өңдеп қайта шығарған. А.Г. Грумм-Гржимайло Г.Н. Потаниннің 532 хатын жинақтап, Иркутскіде шығарады. Хаттардың келесі бір тобын Г.Н. Потаниннің қазақ зиялыларымен жазған хаттары құрайды. Олар Томск облыстық мемлекеттік мұрағаты (ГАТО) мен Томск мемлекеттік университеті кітапханасының сирек қорында сақталған. Ол хаттарды мұрағатта нөмірлеп белгілеген. Біз өз зерттеуімізде қазақ зиялыларының Г.Н. Потанинге жазған хаттарын пайдаланып, талдадық. Атап айтқанда Ж. Ақпаевтың жазған үш хаты, оның біріншісі № 11 деп белгіленген 1913 ж. 13 маусымда жазылған, екіншісі № 12 деп белгіленген 1914 жылы 30 мамырда Ж. Ақбаев Қарқаралыдан жазған хаты, үшіншісі № 1914 ж. 13-29 маусымда жазған хаты. Біржақсиннің қазақ ауыз әдебиеті туралы мәліметтерді туралы Г.Н. Потанинге жазған хатын біз Г.Н. Потаниннің қазақтар туралы зерттеулері қалай жүргенін талдағанда пайдаландық. Гайсиннің Г.Н. Потанинге жазған мұсылман облыстық съезінің болатыны туралы екінші хатында осы съезде қаралатын мәселелер туралы жазған.
Келесі бір хатты Г. Кыштымов Монғолиядан жазған. Г.Н. Потанин Монғолияға саяхат жасап, зерттеу жүргізгендіктен Г. Кыштымов осы хаты арқылы Г.Н. Потанин сияқты зерттеушілердің еңбегіне риза болған тілегін жазған.
Г.Н. Потаниннің Н. Ядринцевке жазған хаттары көп. Ядринцевпен арадағы қарым-қатынасын зерттеу біздің мақсатымыз болмаса да, оның жеке тұлғасының кейбір тұстарын ашуда біз Н. Ядринцевтің жұбайы Л. Ядринцеваның (Злобина) Г.Н. Потанинге жазған хатын пайдаландық.
ҚР ҒА сирек кітаптар қорында бұрынғы КСРО кезінде әдебиет және өнердің Орталық мемлекеттік мұрағатынан Дала генерал-губернаторы Г. Колпаковскийдің Г.Н. Потанинге Ш. Уәлиханов туралы жазған хаттары сақтаулы. Онда Шоқанның сот бөлімін құру мәселесі бойынша жүргізген жұмысы айтыла отырып, өз тарапынан Г. Колпаковскийдің Шоқан шығармаларын шығаруға көмек көрсететінін айтқан. Осы қордағы келесі Н.И. Веселовский Г.Н. Потанинге жазған екі хаты бар. Онда Ш. Уәлиханов шығармаларын алмағандықтан, ұзақ уақыт жауап жазбағанын айтқан [27]. Екіншісі Шоқанның өмірбаянын жазу туралы айтқан. Бұл хаттарды біз Г.Н. Потанин мен Шоқанның қарым-қатынастары туралы жазғанда пайдаландық.
Келесі бір хаттың тобын Борис Георгиевич Герасимовтың хаттары құрайды (1872-1937/38). Ол хаттарда Н. Құлжанова, Ә. Бөкейхановтар т.б. туралы мәліметтер бар.
Ф. Катыбаевтың Г.Н. Потанинге жазған үш хатында ақыл-кеңес сұрап, әрі өзінің Г.Н. Потанинге деген ықыласын білдіргені байқалады.
Николай Иванович Ассановтың 22 наурыз 1908 ж. Бийскіден жазған хатында монғол тілін Бийскіде оқыту туралы жазған. С. Шормановтың да Григорий Потанинге жазған хаты біз үшін үлкен қазына деуге болады. Сонымен қатар Семенов-Тянь-Шанскийдің немересінің жазған хатынан біз Г.Н. Потаниннің адамгершілік қасиетінің мол болғанын байқадық [28].
Г.Н. Потанин мұрағатында Орта және Шығыс Азияны зерттеу туралы Орыс комитетінен жазылған В. Радловтың хатында Орыс комитетіне Г. Потанинді мүше қылу туралы дипломды беретіні туралы айтылған.
Г.Н. Потаниннің шетелге сапары туралы деректерді біз оның өз еңбектерінен алдық. Сонымен бірге Тибетке саяхаты кезінде Г.Н. Потаниннің шақыруына Рабдановтың келісімі туралы телеграммасы сақталған.
Телеграммалардың біразы қазақ зиялыларына жазылған. 1917 жылы 12 желтоқсандағы мәжілісте қабылданған және І Құрылтай жиналысы атынан 2-Украина радасына, 3-Қырғыз съезіне жолданған телеграммада «құрметті төраға Г.Н. Потанин» деп қол қойған. М. Тынышпаевтың Омбыға Ә. Бөкейханға жіберген телеграммасы Алаш Орда мәселесіне қатысты талдауда қолдандық. Томскге, Ә. Бөкейханов Сібір бірлестігіне, Торғай ұйымы жалпықырғыз съезіне бес делегат жіберетіні туралы хабарлаған.
Алаш-Орданың әскери бөлімі, Алаш-Орда мен Сібір өкіметінің арасындағы қарым-қатынас туралы да құжаттар алға қойған мақсатты шешуге көмектесті [29]. Жалпы осы Сібір бірлестігіне жіберілген телеграммалар Қазақстанның әр қаласынан жіберілген. Оларды біз әр бөлімнің мазмұнын ашуға пайдаландық.
Сібір съезінде берілген делегат карточкалары делегаттардың құрамын талдауға көмектесті. Соның ішінде біздің қолымызға түскен карточканың ішіндегі үшеуінің иесі «Алаш» партиясының мүшесі болған. Олар К. Сейдалин, А. Тұрлыбаев және И. Тұрмұхамедовтар.
Келесі бір мандатқа Ә. Бөкейханов 1918 ж. 19 тамызда Айдархан Тұрлыбаевты Томскіге облыстық Сібір думасына Сібір және Алаш автономиялары арасындағы өзара қатынас мәселесімен іссапарға жіберетіні туралы жазып, қол қойған. Зерттеуде Сібір облыстық думасының хаттамалары да қолданылды. Атап айтқанда, 9 маусым 1918 жылғы кеңестің хаттамасынан Г.Н. Потаниннің өтінішін Батыс Сібір Комиссариаты жүзеге асырғанын жазылған. Ал № 9 хаттаманың қосымшасында Г.Н. Потаниннің кеңестің құқы мен құрамы жөнінде айтқаны жазылған.
Сібір облыстық думасы туралы «Голос народа» газетінде көлемді материал сол кезде-ақ жарияланған. А.И. Герценнің «Колоколы» туралы материалдар да септігін тигізді.
Г.Н. Потаниннің өз еңбектері деректердің негізгі тобын құрайды. Г.Н. Потанин мен К.В. Струвенің Зайсанға жасаған саяхаты туралы Шығыс Қазақстанның тарихы, этнографиясы, географиясы туралы біраз мәлімет береді. Зайсан мен Қара Ертістегі балық шаруашылығы қазақтардың негізгі шаруашылығының бірі болғанын дәлелдейді. 1864 ж. Г.Н. Потаниннің Шығыс Тарбағатайға саяхаты туралы жазғаны бұл жерде ауылдардың қалай құрылғаны туралы мәлімет береді. Қазақстанның шығысындағы қалалары ішінен Григорий Потанин Семей туралы әсерлі жазған.
Халықтың эпосы жөнінде жиналған көптеген материалдар және азиаттық тайпалардан жинақталған материалдар 2 томды құрайды: “Солтүстік-батыс Монғолия”, ал екінші том Тибет саяхатына арналған. Өмірінің соңғы жылдары Г.Н. Потанин жаңа дерек жинауға шамасы келмеген кезде өзі жинаған еңбектерді қайта өңдеген. Г.Н. Потанин аспан ұлы Исус Христос культын батыста емес, шығыста, орталық Азияда ертеректе қалыптасты дейді.
Азиаттық халық эпосын өңдеуде Григорий Потанин біртіндеп шығармалар жаза бастады. «Ортағасырлық эпостағы шығыс әуендері» 1899 жылы жарық көрді. “Орыс қызы Дариға” еңбегін Г.Н. Потанин тибет, монғол атауларымен салыстырып жазған [30]. “Гректік эпос пен орыс фольклоры”, “Саламан патшасы Сала” 1912 ж. басылып шықты. “Солтүстік Азияның ерке аспан ұлы” Томскіде 1916 ж. жарық көрген. Сібірдегі төңкеріс туралы А.В. Адриановтың мақаласына қатысты өз пікірін берген.
Жергілікті жерде ғылыми деректердің жинақталуын Г.Н. Потанин өлкенің саяси және ғылыми жағынан оянуы деп білді. Москва мен Петербургте деректердің жинақталуын Г.Н. Потанин «Сібірді тонау» деп санады. Жергілікті жерде ғылыми орталықтар құрып, сол жерде зерттеуге қажетті дүниелерді шоғырландыру қажеттігін айтты. Г.Н. Потаниннің ойынша, адамдар ұжымының бірігуіне этнографиялық немесе тарихи-дәстүрлі қағиданы емес, территориялық-экономикалық қағиданы ұстану керектігін айтты. Мысалы, Щапов дамытқан земск-облыстық және табиғи ғылыми теорияларды Г.Н. Потанин облыстық теориясында негізге алды деуге болады. Г.Н. Потанин облыстық ағымның өкілі болғандықтан соның бірінші тарихшы болды деп санауға болады. «Сібірдегі облстық тенденция» (Томск, 1907) деген брошюрада ол бұл ағымның тарихын, оның теориясын жасады. Г.Н. Потанин бұл ағымның әлеуметтік базасын іздейді. Г.Н. Потанин оның әлеуметтік негізі Сібір шаруалары деп санады, өйткені олар өздерін Еуропалық Ресейден бөліп алды дейді. Қалай болғанда да Сібір Ресейдің отары деп дәлелдеуге тырысты. Оның бұл теориясына Сібір тарихшысы М.К. Ветошкин қарсы шыққан болатын. Г.Н. Потаниннің пікірінше, Сібірдің халқы ерекше этнографиялық тип, жүйкелері тозған халық деп баға берген. Сібір патриоты болған Г.Н. Потанин орталық өкімет Сібір үшін бәрін істегенімен, жергілікті әкімшілік өлкенің байлығын тонап, халыққа қарсы саясат жүргізді дейді.
ХІХ ғ. баспасөз материалдары да негізгі дерек көзі болды. Мысалы, «Тобыл губерниялық ведомостілері» Түменде 1897 жылға дейінгі нөмірлері жинақталып кітап болып шықты. Осы 2007 ж. бұл газеттің шығуына 150 жыл толды. Соған байланысты бұл басылым қолға алған Г.Н. Потаниннің бірнеше мақалалары осы газетте басылып тұрған. Оларды біз осы жаңа басылымнан пайдаландық. Г.Н. Потаниннің шығармалар жинағының үш томдығы Павлодарда 2005 жылы жарық көрді.
Томск – Ресей Федерациясындағы халқының саны аз орталық. 1917 жылға дейін халқының саны да көп, алып жатқан жері де үлкен Ресей империясы губерниясының орталығы болды. ХІХ-ХХ ғ. басында әкімшілік басқарманың аймақтық орталығы болды. Мұнда Азиаттық Ресей территориясы бағынған министрлік мекемелер орналасты. Сондықтан Томск облыстық мемлекеттік мұрағатында көптеген құжаттар сақталған. Оның ішінде Қазақстанға қатысты материалдар да көп. Өкінішке орай, мұрағаттың көрсеткіші ескірген (путеводитель 1960 ж. жасалған), қорлардың нақты жайын көрсетпейді, идеологияның ықпалы басым болғаны әсер еткен. Осы мұрағаттағы Р-72 қоры «Сібір облыстық думасы» деп аталады. Онда Алаш-Орда мүшелерімен байланыс туралы біз жоғарыда сипаттаған мәліметтер бар.
1914 ж. шыққан «Сибирская жизнь» газетінде Г.Н. Потаниннің «Естеліктері» шыққан. Олар Томскіде сақталған. Ондағы кейбір материалдарды пайдаландық. Әсіресе бізді Г.Н. Потаниннің монғолдар туралы жазғаны қызықтырды. 1917 жылғы «Голос Свободы» газетінен Уақытша Сібір кеңесінің құрылуы және Алаш зиялылары туралы мәліметтерді сұрыптап алдық. «Сибирская старина» журналында Г.Н. Потанин туралы мақалалар жиі жарияланды. Соның бірі оның соңғы саяхаты туралы мақалада Ә. Ермековпен қарым-қатынасы туралы мәлімет бар. «Қазақ» газетінен біз Алаш зиялыларына қатысты материалдарды пайдаландық. Г.Н. Потаниге қатысты Саматовтың «Потанин баяндамасы» мақаласын алдық.
Г.Н. Потаниннің еңбектері Сібірді зерттеу институтының қызметіне байланысты шығып тұрды. Ал осы институттың құрылуы туралы мұрағатта материалдар нақты берілген. Атап айтқанда, Халық Ағарту министріне институтты құру туралы съезд бюросының хаты сақталған. Институттың мақсаты, ережелері сияқты құжаттар толығымен дайындалған.
“Алаш” қызметіне байланысты құжаттар мен материалдардың жинақтарын деректерге жатқызамыз. Бұл жинақтардағы материалдарды қолдану диссертацияның деректік негізін кеңейтіп, ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси оқиғаларды сипаттауға көмектеседі. Маңызды деректер ретінде “Қазақ энциклопедиясы” шығарған “Қазақ” газеті, “Айқап” журналы болып табылады. Бұл жинақтардан жалпы мәселелермен бірге Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, Т. Рысқұловтың, С. Садуақасовтың, т. б. еңбектерін пайдаландық. Ә. Бөкейхановтың шығармаларын Алашқа қатысты мәселелерді шешуде пайдаландық. Ә.Бөкейханның 1903 жылы Санкт-Петербургте Семенов Тянь-Шанскийдің редакциясымен басылып шыққан Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының «Россия. Полное Географическое описание нашего отечества» атты көп томдық кітабының 17-томына енген «Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи» еңбегінде қазақ өлкесі тас дәуірінен бастап көрініс тапқан.
А. Байтұрсынов «Ер Сайын» поэмасында Г.Н. Потанин туралы жазған. Ал, “Н.Қ. ханымға” деген өлеңін А. Байтұрсынов Нәзипа Құлжановаға арнаған. Сонымен қатар Х. Досмұхамедов еңбектерін де Алаш Орданың қызметін талдауда пайдаландық. Ж. Ақпаев еңбектерінде Алашқа қатысты құнды мәліметтер берілген.
“Алаш” партиясының бағдарламасы, Бүкілқазақтық І-ІІ съездің материалдары да дерек ретінде қолданылды. Осы кездегі оқиғаларға қатысты кейбір материалдарды Қазақстанның қазіргі заман тарихына қатысты деректер жинағынан пайдаландық. Сонымен қатар Орынборда өткен съездердің материалдарын, облыстық съездердің материалдарын біз Алаш және Сібір автономиясын талдағанда пайдаландық.
Семей географиялық бөлімшесінің ұйымдастырушысы, белсенді мүшесі, ұзақ жылдар бойы айнымас төрағасы қызметін абыроймен атқарған шіркеу қызметкері Борис Георгиевич Герасимов есімі Семей өңірін зерттеуші ретінде әйгілі. Оның тарих алдында ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік еңбегі ұшан-теңіз. Б.Герасимов Ресей археологиялық Комиссиясы мен Императорлық Географиялық Қоғам рұқсатымен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, ғылыми саяхаттарында этнографиялық мәліметтер жинаумен қатар Семей өңірінің Зайсан, Өскемен уездері мен Змеиногорскіде статистикалық зерттеулер жүгізді.
1905 жылғы «Записки...» ІІ басылымында Б.Герасимовтың 1904 жылы 14 наурызында бөлімшенің Басқару комитетіне мүшелікке қабылданғаны туралы мәлімет бар. 1915 жылғы «Записки...» Х басылымындағы ғылыми хроникада Семей бөлімшесінің іс басқарушысы Б. Герасимов Семей облысының оңтүстік шығыс бөлігіне археологиялық және тарихи статистикалық зерттеулер жасауға жолсапарға жіберілгені туралы айтылады.
Б. Герасимов Шығыс Қазақстан өлкесін көлікпен де жаяу да шарлап, көптеген ғылыми экспедицияларға қатысып, құнды деректер жинаған. Оның қаламынан туған жүзден аса ғылыми еңбектері мен екі мыңнан астам тарих, этнография, география, археология мәселелеріне байланысты мақала, очерктері әлі күнге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Жасаған зерттеулері: «Поездка на Рахмановские минеральные ключи»; «Поездка в Южный Алтай»; «Из Алтайских поговорок»; «Сказки собранные в западных предгорьях Алтая»; «К вопросу о рациональном пчеловодствъ на Алтай». (Краткая заметка) с 10-ю чертежами Алтайского улья; «Ссыльные поляки в Семипалатинской области» (Краткий исторический очерк), «Поездка на Барлыкские минеральные источники 1903 г.»; «Бычки в Иртыше»; «Градь в Устькаменогорске» еңбектеріне негіз болды. «В долине Бухтармы» (Краткий историческо-географический очерк с 3 таблицами цифр) очеркі үшін өлкетанушы Б.Герасимов 1912 жылы Императорлық Ресей Географиялық Қоғамының күміс медаліне ие болды. Бұл очерк шынайы өмірлік және тарихи этнографиялық мәліметтерге негізделіп жазылған. Автор каторгаға айдалғандар мен Алтай зауыттарынан қашқандардың Бұқтарма өлкесіне орналасуын боямасыз бейнелеген. Б.Герасимов тұрғындардың этнографиялық құрамын, олардың киімін, әшекей бұйымдарын шебер суреттей білген.
Ол Шығыс Қазақстанда ғылыми сапарда жүріп тамаша адамдармен кездесіп, ғылыми қоғамдармен, Сібір мен Қазақстанды зерттеуші көрнекті ғалымдармен хат алысып, ғалымдар өмірін зерттеп В.Н. Белослюдов, Е.П. Михаэлис, В.В. Сапожников Г.Н. Потанин туралы өмірбаяндық еңбектер жазды. Б.Герасимовты СССР Ғылыми академиясының Географиялық Қоғам Кеңесі ғылыми зерттеулері үшін алтын, күміс медальдермен марапатталған.
Зерттеуде мына құжаттар мен материалдардың жинақтары қолданылды: «Сборник узаконений о киргизах степных областей», «Прошлое Казахстана в источниках и материалах», «Материалы по истории Казахской ССР», «Материалы по истории политического строя Казахстана», «Полное собрание законов Российской империи», «Сборник узаконений о киргизах степных областей», «Казахско-русские отношения в ХҮШ-ХIХ вв.» т.б.
Г.Потанин мен Шоқанның достығы - екі халықтың арасындағы ең жақсы мәдени қатынастардың нышаны. I Потанин Шоқан туралы жазғанда оның адамшылығын, Юректігін, зор талантын айрықша айтып отырады. Осы күні ІІІоқан туралы білетін мәліметтеріміздің көбі Г.Потанин жаібаларынан алынғанының өзі де оның қаншалықты өшпес іцбек жасағанын көрсетеді. Шоқан қазақ «оқушылары үшін жазатын қазақ публицисі немесе жазушысы болуға шын жаралған еді, ал жағдай оны шығысты зерттеуші ғалым немесе қазақтар туралы орыс тілінде жазатын әдебиетші болуға итермеледі», - деп жазды Потанин. Қазақтар туралы жазған көптеген еңбектерін атамағанның өзінде, Потаниннің Шоқан жайында қалдырған құнды мәліметтерінің өзі-ақ оны қазақ халқының нағыз досы деуге право береді. Орыс халқы мен қазақ халқының арасындағы мәдени байланыс дәстүрі совет жылдарында айрықша күшейді. Мұның мысалын орыс жазушыларының қазақ әдебиеті туралы айтқан достық сөздерінен, салдарлы мақалаларынан да анық аңғарамыз. Осы күні қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары деп танылған еңбектердің қай-қайсысына да орыс жазушы-ларының құнды пікірлер айтқанын білеміз. Орыс совет әдебиетінің өскелең қазақ әдебиетіне игі әсер етіп келе жатқаны өз алдына жеке әңгіме. Ал, қазақ әдебиетінің жекелеген туындылары жайында орыс достарымыздың айтқан лебіздері де маңызды. Даңқы жер жүзіне жайылған атақты Жамбыл ақынның зор мәртебеге ие болуына орыс жазушыларының қосқан үлесі ерекше. Жамбыл поэзиясының халықтық қасиеттерін, оның ауыз әдебиеті дәстүрі негізінде дамыған туындылар екенін дәлелдеп айтқан да орыс жазушылары. Олар әрдайым өздерінің адал ойларын анық айтып келеді. Қазақ совет әдебиетінің ең таңдаулы туындысы -М.Әуезовтің «Абай» романдары туралы қазақ әдебиеті сынында неше түрлі орыпды-орынсыз пікірлер айтылып жүрген шақта орыс жазушылары өнеге, үлгі көрсетті. Кейбір қазақ сыншылары «Абай» ромаидарынан қайдағы бір «қүбыжықтар» тауып, неше саққа жүгіртіп жүрген кезде, белгілі орыс жазушысы В.С.Иванов оны «ұлы шығарма» деп атады. «Абай» романдары туралы жұртшылық пікірінің қалыптасуына орыс жазушыларының беделді бағаларының әсері күшті болды. П.Кузнёцовтың, Л.Соболевтің, Б.Горбатовтың, Н.Грибачевтың, А.Фадеевтің, М.Шолоховтың, З.Кедринаның тағы басқаларының мақалаларынан достық лебіздерін, жанашыр тілектерін танимыз. Бүл мақалалардың орқайсысында да қазақ әдебиетінің көптеген күрделі мәселелері қозғалады. Солардың ішінде орыс жазушы-ларының көпшілігінің атап айтатын бір мәселесі - қазақ одебиетіндегі фольклор дәстүрінің әсері жайында. Олар біздің ақындарымыз бен жазушыларымызды ауыз әдебиетінің қанықты, ежелгі машықтарына шамадан тыс еліктеп кетуден сақтандырады. Сонымен бірге ауыз әдебиетінде бүгінгі жазушылар оқып, танып үйренерлік неше алуан көркемдік қүдіреттер бар екендігін ескертеді. Бұл - біздің жазушыларымыз ойланатын маңызды мәселенің бірі. Көп өлеңдеріміздегі шұбалаңқылық, өмір құбылыстарын пақтылап айта алмаушылық - міне, мұның бәрі белгілі дәрежеде ертедегі ұзақ толғаулардың, жырлардың, термелердің әсерінен туатын сияқты. Қазақ совет әдебиетінің ақиқат жетістіктерін мақтанышпен көрсете отырып орыс достарымыз көптеген сын і-скертпелер де айтады. Мәселен, ақын Сергей Васильев совет Казақ әдебиетінде сатира жанрының кенжелеп, шабан өсіп ксле жатқандығын көп дәлелдермен көрсетеді. Ииколай Грибачев қазақ совет әдебиеті жайында әңгіме Козғай отырып, бүкіл совет әдебиетіне тән кейбір ортақ мәсе-Явлерді көтерген. Оның айтуынша, біздің жазушыларымыздың кеіі жағдайда сәтсіздікке ұшыраулары эстетикалық теория-иыц, сыншыл ойдың кедейлігіне байланысты. Қазақ әдебиеті-п щ дамуындағы айрықша бір ерекшелік: онда ауыз әдебиетінің түрлері мен жазба әдебиеттің қатарласа дамуы. Қазақ жазушылары мен ақындары өздерінің өнерпаздық жолдарында Жамбылдан да, Абайдан да қатар үйренуге тиіс, - дейді ол. Н.Грибачевтың тамаша ойларының бірі: көркем ііп.ііармадағы тартыс жайында. Совет жазушыларының еліміздің бейбіт дәуірлерін суреттеген шығармаларында қаһармандардың басындағы оқиғалар көбінесе әсерлен-дірмейді. Мұның себебі: жазушыларымыздың адам санасындағы ескіліктің қалдықтарын, оларды жоюдың тәсілін, жаңа мен кертартпа құбылыстардың арасындағы тартыс жолдарын анықтап ажырата білмеуінде. Сондықтан да көптеген шығармалардағы жазушының өмір тартысы деп отырғаны жалған тартыс болып шыға береді. Міне, осы жағдайда әдебиет сыны, теориясы оларға жәрдемге келуге тиіс. Біздің еліміздегі адамдар арасындағы қақтығыстардың, тартыстардың формалары қайсы, олардың шешілу заңдылықтары қалай деген сұрау айналасында үлкен ойлар айтылуы керек. Қазақстан жазушыларының III съезінде сөйлеген сөзінде советтің атақты жазушысы Михаил Шолохов жас әдебиетшілерді тәрбиелеу жөнінде тамаша бір пікір айтты. Қыран өз балапандарының қанатын қақтырып, заңғар биікке көтерілгенше жерге қондырмай ұшырып, баулитынын мысалға келтірді. Ұлы жазушының бұл сөздерінде зор шындық жатыр. Орыс жазушыларының, зерттеушілерінің қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті туралы бұрын-соңды айтқан, жазған ең-бектерінің жеке кітап болып шығуы маңызды оқиға. Осы жинақты құрастырушы әдебиетші Әлімжанов Әнұардың еңбе-гі де бағалы. Ендігі жерде бұл бастаманы дамыта түсу керек. Өйткені бұл кітапқа орыс зиялыларының қазақ халқы туралы жазғандарының көпшілігі әлі де кірмей қалған. Оларды алдағы уақытта жеке кітап етіп шығаруды қолға алуға тиіспіз. Онан соң орыс жазушыларының, зерттеушілерінің, саяхатшыларының қазақ халқы туралы еңбектерін қазақ тіліне аударып басып шығару шарг. Достар лебізін құрметтеу ежелгі салтымыз. Мәдени омірімічге, білім мен прогрестің биігіне өрлей беруімізге септігін тигізетін, халқымыздың тарихына, мәдениетіне байланысты еңбектерді мол шығарып, оқушылар игілігіне жаратайық. 1958 Г.Потанин мен Шоқанның достығы - екі халықтың арасындағы ең жақсы мәдени қатынастардың нышаны. I Потанин Шоқан туралы жазғанда оның адамшылығын, Юректігін, зор талантын айрықша айтып отырады. Осы күні ІІІоқан туралы білетін мәліметтеріміздің көбі Г.Потанин жаібаларынан алынғанының өзі де оның қаншалықты өшпес іцбек жасағанын көрсетеді.
Шоқан қазақ «оқушылары үшін жазатын қазақ публицисі немесе жазушысы болуға шын жаралған еді, ал жағдай оны шығысты зерттеуші ғалым немесе қазақтар туралы орыс тілінде жазатын әдебиетші болуға итермеледі», - деп жазды Потанин. Қазақтар туралы жазған көптеген еңбектерін атамағанның өзінде, Потаниннің Шоқан жайында қалдырған құнды мәліметтерінің өзі-ақ оны қазақ халқының нағыз досы деуге право береді. Орыс халқы мен қазақ халқының арасындағы мәдени байланыс дәстүрі совет жылдарында айрықша күшейді. Мұның мысалын орыс жазушыларының қазақ әдебиеті туралы айтқан достық сөздерінен, салдарлы мақалаларынан да анық аңғарамыз. Осы күні қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары деп танылған еңбектердің қай-қайсысына да орыс жазушы-ларының құнды пікірлер айтқанын білеміз. Орыс совет әдебиетінің өскелең қазақ әдебиетіне игі әсер етіп келе жатқаны өз алдына жеке әңгіме. Ал, қазақ әдебиетінің жекелеген туындылары жайында орыс достарымыздың айтқан лебіздері де маңызды. Даңқы жер жүзіне жайылған атақты Жамбыл ақынның зор мәртебеге ие болуына орыс жазушыларының қосқан үлесі ерекше. Жамбыл поэзиясының халықтық қасиеттерін, оның ауыз әдебиеті дәстүрі негізінде дамыған туындылар екенін дәлелдеп айтқан да орыс жазушылары. Олар әрдайым өздерінің адал ойларын анық айтып келеді. Қазақ совет әдебиетінің ең таңдаулы туындысы -М.Әуезовтің «Абай» романдары туралы қазақ әдебиеті сынында неше түрлі орыпды-орынсыз пікірлер айтылып жүрген шақта орыс жазушылары өнеге, үлгі көрсетті. Кейбір қазақ сыншылары «Абай» ромаидарынан қайдағы бір «қүбыжықтар» тауып, неше саққа жүгіртіп жүрген кезде, белгілі орыс жазушысы В.С.Иванов оны «ұлы шығарма» деп атады. «Абай» романдары туралы жұртшылық пікірінің қалыптасуына орыс жазушыларының беделді бағаларының әсері күшті болды. П.Кузнёцовтың, Л.Соболевтің, Б.Горбатовтың, Н.Грибачевтың, А.Фадеевтің, М.Шолоховтың, З.Кедринаның тағы басқаларының мақалаларынан достық лебіздерін, жанашыр тілектерін танимыз. Бүл мақалалардың орқайсысында да қазақ әдебиетінің көптеген күрделі мәселелері қозғалады. Солардың ішінде орыс жазушы-ларының көпшілігінің атап айтатын бір мәселесі - қазақ одебиетіндегі фольклор дәстүрінің әсері жайында. Олар біздің ақындарымыз бен жазушыларымызды ауыз әдебиетінің қанықты, ежелгі машықтарына шамадан тыс еліктеп кетуден сақтандырады. Сонымен бірге ауыз әдебиетінде бүгінгі жазушылар оқып, танып үйренерлік неше алуан көркемдік қүдіреттер бар екендігін ескертеді. Бұл - біздің жазушыларымыз ойланатын маңызды мәселенің бірі. Көп өлеңдеріміздегі шұбалаңқылық, өмір құбылыстарын пақтылап айта алмаушылық - міне, мұның бәрі белгілі дәрежеде ертедегі ұзақ толғаулардың, жырлардың, термелердің әсерінен туатын сияқты. Қазақ совет әдебиетінің ақиқат жетістіктерін мақтанышпен көрсете отырып орыс достарымыз көптеген сын і-скертпелер де айтады. Мәселен, ақын Сергей Васильев совет Казақ әдебиетінде сатира жанрының кенжелеп, шабан өсіп ксле жатқандығын көп дәлелдермен көрсетеді. Ииколай Грибачев қазақ совет әдебиеті жайында әңгіме Козғай отырып, бүкіл совет әдебиетіне тән кейбір ортақ мәсе-Явлерді көтерген. Оның айтуынша, біздің жазушыларымыздың кеіі жағдайда сәтсіздікке ұшыраулары эстетикалық теория-иыц, сыншыл ойдың кедейлігіне байланысты. Қазақ әдебиеті-п щ дамуындағы айрықша бір ерекшелік: онда ауыз әдебиетінің түрлері мен жазба әдебиеттің қатарласа дамуы. Қазақ жазушылары мен ақындары өздерінің өнерпаздық жолдарында Жамбылдан да, Абайдан да қатар үйренуге тиіс, - дейді ол. Н.Грибачевтың тамаша ойларының бірі: көркем тартыс жайында. Совет жазушыларының еліміздің бейбіт дәуірлерін суреттеге шығармаларында қаһармандардың басындағы оқиғалар көбінесе әсерлен-дірмейді. Мұның себебі: жазушыларымыздың адам санасындағы ескіліктің қалдықтарын, оларды жоюдың тәсілін, жаңа мен кертартпа құбылыстардың арасындағы тартыс жолдарын анықтап ажырата білмеуінде. Сондықтан да көптеген шығармалардағы жазушының өмір тартысы деп отырғаны жалған тартыс болып шыға береді. Міне, осы жағдайда әдебиет сыны, теориясы оларға жәрдемге келуге тиіс. Біздің еліміздегі адамдар арасындағы қақтығыстардың, тартыстардың формалары қайсы, олардың шешілу заңдылықтары қалай деген сұрау айналасында үлкен ойлар айтылуы керек. Қазақстан жазушыларының III съезінде сөйлеген сөзінде советтің атақты жазушысы Михаил Шолохов жас әдебиетшілерді тәрбиелеу жөнінде тамаша бір пікір айтты. Қыран өз балапандарының қанатын қақтырып, заңғар биікке көтерілгенше жерге қондырмай ұшырып, баулитынын мысалға келтірді. Ұлы жазушының бұл сөздерінде зор шындық жатыр. Орыс жазушыларының, зерттеушілерінің қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті туралы бұрын-соңды айтқан, жазған ең-бектерінің жеке кітап болып шығуы маңызды оқиға. Осы жинақты құрастырушы әдебиетші Әлімжанов Әнұардың еңбе-гі де бағалы. Ендігі жерде бұл бастаманы дамыта түсу керек. Өйткені бұл кітапқа орыс зиялыларының қазақ халқы туралы жазғандарының көпшілігі әлі де кірмей қалған. Оларды алдағы уақытта жеке кітап етіп шығаруды қолға алуға тиіспіз. Онан соң орыс жазушыларының, зерттеушілерінің, саяхатшыларының қазақ халқы туралы еңбектерін қазақ тіліне аударып басып шығару шарг. Достар лебізін құрметтеу ежелгі салтымыз. Мәдени омірімічге, білім мен прогрестің биігіне өрлей беруімізге септігін тигізетін, халқымыздың тарихына, мәдениетіне байланысты еңбектерді мол шығарып, оқушылар игілігіне жаратайық.
Достарыңызбен бөлісу: |