Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстарының сараптамасы


Шет тілі кафедрасының жыл бойы атқарған жұмыстары



бет46/99
Дата13.04.2024
өлшемі1.63 Mb.
#498561
түріҚұрамы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99
Шет тілі кафедрасының жыл бойы атқарған жұмыстары.
Шет тілі кафедрасында 14 мұғалім бар. Оның 9 қызмет жасап жатыр, 5-еуі декреттік демалыста отыр. Желтоқсан айынан бастап Осербаева А.Б декреттік демалысқа шықты. Шет тілі кафедрасының жұмысының мақсаты: орта білім берудің мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайларында білім беру үрдісін жобалау бойынша ағылшын тілін оқытудың инновациялық стратегиясын игеруде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Олқылықтарды толтыру барысында Шет тілі кафедра отырысында қаралып осы жылғы жоспардың әр тоқсанына 2 грамматикалық тақырыптан қосылды. Бізде грамматика әр сыныпта қайталанып отырса да оқушылар оны меңгере алмай отыр. Ал грамматиканы дұрыс білмесе сөйлемдерді де толық қанды құрап айта алмайды. Былтырғы оқу жылындағы олқылықтарды толтыру барысында сенбі күні барлық мұғалімдер қосымша сабақ жүргізіп жатыр.Қазан айында ағылшын тілі бақылауда болып жас мамандардың сабығыны кірдім. Бұл бойынша анықтама тапсырылды. Жоспар бойынша Жас мамандар сабағына қатысу алдын ала ескертіліп, жас мамандардың сабағына қатыстым. Ердесова А.С. жас маман еңбек өтілі 3-жыл 19.10 күні 2 «Ә» сыныбына қатыстым. Сабақты өз деңгейінде өтті. Мұғалімнің дайындалғаны байқалды. Оқушылардан үй тапсырмасына asking about your Family сөздік сұрап мысал келтіріп, бекіту бойынша карточкалармен can, can’t қызықты тапсырма берді. Осы тапсырманы оқушылар жоғары деңгейде орындады. Кері байланысты үнемі жасап отырды. Белсенді тақтамен слайдпен жұмыс жасады. Phonetic drill оқушыларға өте тиімді болды. Оқушылар енді оқып үйреніп жатыр. Мұғалім қозғалысы баяу болды. Мұғалімге кейбір ескертулер жасалды. Бексұлтан Э.Б 4 жас маман еңбек өтілі 1-жыл. 4 «Ә» сыныбында 22.10 күні сабаққа қатыстым. Тақырыбы Dragon and Greature тақырыбында сабақ болды. Сабақты өз деңгейінде өтті. Мұғалімнің дайындығы жақсы болды. Оқушылардан үй тапсырмасына сөздік сұрап қайталады. Текстімен жұмыс жасап түсінгендерін оқушылар айтуға тырысты, әрине қатемен болса да өз ойларын жеткізді.Мұғалім кеңінен динозаврлар туралы сұрап оқушылармен қызықты мәліметтерді бөлісті. Және де Tongue Twister жаңылтпаш кім жылдам айтады деп ойын жарысы болды. Оқушыларды минутпен жарыстырды. Барлығы тез оқуға тырысып өте қызықты болды.Оқушылар қатемен айтса және оны мұғалім үнемі дұрыстап отырды. Карточкамен Қалыптастырушы тапсырманы оқушыларға беріп Have,Has қойып орындады алдында өткен сабақ болғандықтан оқушылар ұмытып қалған. Мұғалім ауызша еске түсірді оны слайдпен тапсырма орындау алдында қайталау керектігі ескертілді. Биыл оқу жылында 2 мұғалім модераторға тапсырды. Жалғабекова А.Р. модератор біліктілігін қаңтар айында алды. Бексұлтан Э.Б. тестен өтіп, документін тапсырды. «Оқу және жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту” 72 сағат УМЦ Бексұлтан Э.Б және де “Future English Teacher Development “ British council online teaching platform тақырыбында 35 сағаттық онлайн курсты аяқтады. Жукенова Г.С "Мектептегі ағылшын тілі сабағы: басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары" тақырыбы бойынша біліктілігін ЦПМ де 16.05-03.06.2022 жылы болды. Енді жаз айында Ердесова А.С, Амангелді Қ.А курсқа барады.Республикалық ғылыми –әдістемелік педогогикалық Қазақ білімі журналына «Furniture» тақырыбында Жукенова Г.С сабақ жоспары шықты. Алдағы оқу жылында біліктілігін арттыруға Жукенова Г.С барады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет