Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстарының сараптамасы



бет18/99
Дата13.04.2024
өлшемі1.63 Mb.
#498561
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   99
Атауы

2020-2021

2021-2022

Пәндік олимпиадалар

Республикалық

Республикалық интернет пәндік олимпиада

4

саналған жоқ

"Iqanat " олимпиадасы

2

2

Пәндік олимпиадалар барлығы

6

2

Байқау

"Елбасы медалі" байқауы

болған жоқ

1

Ашық республикалық бейнелеу өнері шығармашылық байқауы

болған жоқ

19




"Жаңа Қазақстан балалар көзімен" атты сурет байқауы

болған жоқ

2

Республикалық "Roboland-2022"фестивалі

4

4

"Ақбота" интеллектуалдық ойыны

8

саналған жоқ

"Өрлеу" парталы ұйымдастырған қолөнер байқауы

3

саналған жоқ

"Ұстазым - ұлағатым" қолөнер байқауы

1

саналған жоқ

Байқау барлығы

16

26

Ғылыми - практикалық конференция

ІІІ республикалық ғылыми - зерттеу жұмыстардың байқауы

5

саналған жоқ

Барлығы

27

28

Халықаралық 2020-2021-2021-2022 оқу жылдарының мониторингі



Атауы

2020-2021

2021-2022


Халықаралық

Байқау

"Пони" халықаралық байқауы (мектепалды даярлық сыныбы)

9

5

"Абай салған дара жол" халықаралық өнер және білім байқауы

1




Жартылыстану - математика циклы пәндері бойынша Әл Фараби атындағы халықаралық олимпиадасы

1

болған жоқ

Барлығы

11

5



Оқушылар жетістігінің салыстырмалы
2020-2021-2021-2022 оқу жылдарының динамикасы

Атауы







2020-2021 оқу жылы

2021-2022 оқу жылы

+ -

Пән олимпиадасы

403

507

+104

Мектепішілік

287

376

+89

Аудандық

80

104

+24

Облыстық

20

24

+4

Республикалық

16 (қашықтықтан)

3

-13

Ғылыми практикалық конференция

9

29

+20

Аудандық

2

23

+21

Облыстық

2

6

+4

Республикалық

5 (қашықтықтан)

0

+5

Халықаралық

0

0

0

Интеллектуалдық байқаулар, конкурстар, олимпиадалар, фестивальдар

43

87

+44

Аудандық

13

15

+2

Облыстық

13

41

+28

Республикалық

8

26

+18

Халықаралық

9 (қашықтықтан)

5

-4

БАРЛЫҒЫ

455

623

+168



Сараптама: оқушылардың жетістіктері кейінгі екі жылды салыстырғанда пәндік олимпиадаларда, оқуларда, байқауларда өсу динамикасы байқалады. Биылғы оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадаларға оқушылар белсене қатысты, және осы бағытта алған марапаттар саны көбейді. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жетістіктер мектебіміздің статусын растап, рейтингісін жоғарлатуда.
Мәселе: өткен жылдарға қарағанда негізгі пәндер олимпиадасының нәтижелері аудан деңгеймен шектелсе, осы оқу жылында екі жүлделі орын болғаны, оқушыларымыздың әлеуетінің бар екндігінің дәлелі болып тұр. Бірақ бұл бағыттағы айқындалатын мәселе, республикалық және халықаралық деңгейге жеткізу болып тұр. Оның себебін мамандандырылған және дарынды оқушыларға арналған мектептердің дайындық әдістері біздікінен жоғары болғандықтан, біздің олимпиадағы қатысушыларымыз бәсекелестікте әлсіздігін көрсетеді.
Шешу жолдары:
1. Негізгі пәндер олимпиадасына оқушыларды әзірлеуде, озат әдістерді табысты мектептерден қабылдап, дайындық тәртібін өзгерту.
2. Біліктілігі жаңа форматтағы мұғалімдерге жеке жоспарларына талап ретінде енгізіп, нәтижеге жетуге жауапкершілікті жоғарлату.
3. Ғылыми-практикалық конференцияларға оқушыларды дайындауда нақты жоспарға негізделіп, сабақтастық қағидасын сақтап, зерттеу бөлімін талапқа сай орындап, антиплагиаттан кедергісіз өтуге жұмыс жасау.
4. Абай, Мағжан, Мұқағали, Әбіш оқуларына қатысу нәтижелері аудан деңгейімен шектелмеу мақсатында, дарынды оқушыларды алдын-ала арнайы дайындықтан өткізіп, басқа деңгейге барғанда бәсекелеске қабілетті қылып дайындау.


Мұғалімдер жетістіктерінің салыстырмалы
2020-2021-2021-2022 оқу жылдарының динамикасы



Оқу жылы

Жалпы саны

Аудандық

Облыстық

Республикалық

Халықаралық

2020-2021 оқу жылы

47

15

26

3

3

2021-2022 оқу жылы

80

33

29

14

4

+ -

+33

+18

+3

+11

+1






Сараптама: Ағымдағы оқу жылын өткен оқу жылдарымен салыстырғанда мектеп-лицей мұғалімдерінің аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық марапаттар саны артқан.
Қорытынды:

  1. Мектеп-лицей мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі әріптестермен озық іс-тәжірибесін алмасу, үйрену.

  2. Ұстаздардың шеберлігін іздену, білімін үздік жетілдіру мақсатында түрлі байқауларға қатысуын жүйелі ұйымдастыру.

Ұсыныс:

  1. Мұғалімдердің әр түрлі деңгейдегі байқауларға ұсынған зерттеу жұмыстарының нәтижесін көпшілікке өнім ретінде ұсыну;

  2. Мұғалімдер авторлық бағдарлама жазып, аудандық, облыстық деңгейде бекіттіру;

  3. Мұғалімдердің зерттеу жұмыстарының нәтижесін оқыту, тәрбиелеу үдерісінің практикалық сұранысымен ұштастыру.



Жоғары оқу орындарымен, колледждермен байланыс.
Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет» делінген. Осы жету барысында заманның талабын танып, білікті маман иесі атану-жастардың еншісі. Осы мақсатта біздің мектебіміз колледж, жоғары оқу орындармен тығыз байланыс орнатуда.

  1. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті.

  2. Қарағанды экономикалық Университеті, колледжі

  3. Қарағанды жоғары политехникалық колледжі

  4. Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университет

  5. Қарағанды құрылыс-техника колледжі

  6. Шет агротехникалық колледжі.

  7. Карагандинская Индустриялық Университеті.

Мамандық таңдау- адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдерінің бірі. Қуанышты да, ауыртпалығы да мол үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Осы орайда 2022 жылдың наурыз айының 19 күні мектебіміздің 9-сынып оқушылары Қарағанды техника-құрылыс колледжіне экскурсияға барып қайтты. Бұл аталмыш оқу орнын ата-ана мен оқушылардың сұранысы бойынша таңдалған колледж, себебі қазіргі таңдағы нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар болғандықтан. Оқушылар өздеріне керекті мағлұматты алып, осы оқу орнына 5 оқушымыз түсеміз деп жоспарлап отыр.
Биылғы оқу жылында 2021-2022 оқу жылында «Дарынды оқушылар» слеті өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойындағы білім мен ғылымға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалармен байқауларда орын иеленген оқушыларды ынталандыру.
Оқушыларды марапаттау 3 номинация бойынша жүргізілді. 1). Аудандық 1-орын иегерлері. 2). Облыстық 1,2,3 орын иегерлері. 3). Республикалық 1,2,3 орын иегерлері. Слетқа барлығы 93 оқушы қатысты. Барлық оқушыларға марапаттары табысталып, әр оқушының кеудесіне «Дарынды оқушы» белгісі тағылды. Осы слетта жыл бойы жүргізілген мониторинг бойынша «Жыл оқушысы-2022» анықталып, 11 «А» сынып оқушысы Қазисхан Самал жыл оқушысы атанды.

Әлді жақтары:

  • 2021-2022 оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадалар үлесі артып, оқушылардың жетістіктері көбейді;

  • 2021-2022 оқу жылында аудандық, облыстық көлемде қатысқан пәндік олимпиада жетістіктерінің артуы;

  • Мұғалімдердің жетістіктері аудандық, облыстық, республикалық деңгейлердің біршама көтерілуі;

- түлектеріміздің техникалық мамндықтарға түсуі бірнеше жыл қатарынан расталуы;
- кәсіби бағдар бағытында мектепте оңтайлы кешенді жұмыс жүргізілуде;
- оқу жоспарының вариативті бөлігі оқушы-ата-ана-мұғалімнің ортақ шешімімен қалыптастырылады;



Әлсіз жақтары:

  • жаңа форматтағы педагогтардың санының өсуіне қарамастан, әдістемелік өнім шығару,авторлық бағдарлама жазу тиісті деңгейде емес;

  • Кейбір варитаив курстарының оқу-әдістемелік және жұмыс дәптерінің үлгіге сай жазулмауы;

  • Мектепішілік ғылыми-практикалық конференцияда қорғалып, ауданға сұраныс берілген ғылыми жобалардың аудандық деңгейден өте алмауы;

  • жалпы білім беретін пәндер олимпиадасынан облыстық, Республикалық жүлделер әлі де болса үлестік пайызы төмен.

Мүмкіндіктер:

  • ғылыми жоба, олимпиадалар, облыстық жобаларға қатысу үлесін көбейту;

  • ЖОО, колледждермен келісім-шарт негізінде оқу жоспарының вариативті бөлігінің тиімділігін жоғарлату үшін, лицей компонентінен бөлінген сағаттарды толық пайдалану;

  • оқушылар контингентінің әлеуетін ашу мақсатында ғылыми,өнер, спорт саласындағы сайыстар, конкурстарына қатыстыру;

  • «Зерде» оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын жандандыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет