1-қыркүйек күні Білім Күніне арналған 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Білім Күні мерекесі – патриоттық және идеологиялық маңызы бар, жаңа оқу жылындағы бірінші тәрбиелік іс-шара. Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны өткізіліп, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары салтанатты түрде табысталды. 2-11 сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
https://www.instagram.com/p/CTRrbXAM27I/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/CTRtPc9Mh4M/?utm_source=ig_web_copy_link «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы» жобасы аясында Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты құттықтау челленджін ұйымдастырды. Бұл күн – Алаш арысы, қазақ әліпбиінің негізін салған ғалым, ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Кез келген халықтың ұлттық ерекшелігін танытып, ғасырлар тереңіне бойлауына мүмкіндік беретін қасиетті құралы – тіл. «Тілге құрмет – елге құрмет» мәнерлеп оқу байқауы өтті.
https://www.instagram.com/tv/CTfLtsvF8l0/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/CTepUbwFGnr/?utm_source=ig_web_copy_link
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар мақсатында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың рөлін ашу, балалар мен жастардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту; патриоттық сезімін және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мектеп Парламенті және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Ел тірегі – Елбасы» атты құттықтау челленджін ұйымдастырды.
Тұңғыш Президент күніне арналған сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты:Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру. Даярлық топтары «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» мәнерлеп оқудан челлендж өткізді.
https://www.instagram.com/p/CWASJoMF7N/?utm_source=ig_web_copy_link
Достарыңызбен бөлісу: |