Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстарының сараптамасы



бет22/99
Дата13.04.2024
өлшемі1.63 Mb.
#498561
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   99
Рухани-адамгершілік тәрбие

«Жас Қыран» ұйымы «Ата, әже сіздерге мың алғыс!» атты алғыс айту іс-шарасын ұйымдастырды. Мақсаты: жас буынды үлкенге құрмет көрсетуге, қарттарымызды қадір тұтып, ардақтауға тәрбиелеу. «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері Қарттар күніне орай «Қарттарға бізден құрмет бар» қамқорлық акциясын өткізді. Ұйым белсенділері Ақадыр кентінің тұрғыны Аяпбергенова Зейнеш апаны құттықтап, ағаш жарып, көмір кіргізіп көмек көрсетті. Үлкенге құрмет көрсетіп, бата алып қайтты.
https://www.instagram.com/p/CUapdArlVxq/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/CUZ6ullMcJL/?utm_source=ig_web_copy_link
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы 2021 жылдың 6 қазанында Шет ауданы бойынша «Жастар» ресурстық орталығының теолог маманы, Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінің наиб имамы Жалғабеков Аслан Рахманұлымен «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында 8-9 сынып оқушылары арасында кездесу өткізді. Аслан Рахманұлы жас ұрпақты өзін және өзгені силай білуге, адалдыққа тәрбиелеуде отбасы мен қоғамның алатын орны, адалдық, парасаттылық, адамгершілік жайында әңгіме өрбітті.
Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен, А.Байтұрсынұлының 150-жылдығына орай облыстық 7-11 сыныптар арасында өткен «Жас тұлпар» ақындар айтысында Шет ауданының атынан, Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 9 «Г» сынып оқушысы Нұрланбеков Жансерік қатысып, ІІ орынға ие болды.
Қарағанды қаласында оқушылар сарайында «Бір отбасы – бір кітап» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Оқырман отбасы» облыстық байқауының ақтық кезеңінде «Сахналық қойылым» номинациясы бойынша Ыбырай Алтынсариннің «Мейірімді бала» әңгімесіне көрініс көрсетіп, Шет ауданы Ақадыр кенті Ю.А.Гагарин атындағы мектеп лицейінің Жұматай отбасы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/CUsKNb_sKyF/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/CYEDRK3saxx/?utm_source=ig_web_copy_link

  1. Ұлттық тәрбие.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Дәстүр мен ғұрып»
жобасы аясында Наурыз мерекесі қарсаңында «Жас Ұлан» ұйымының 6 «В» сыныбымен «Салт-дәстүрді білесіз бе?» викториналық ойын өткізілді. Мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын, халық өнегесін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру.
https://www.instagram.com/p/Cdpk3RrMN0v/?utm_source=ig_web_copy_link
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы, «Балалар жылы» аясында Халықаралық отбасы күніне орай 3-сыныптардың жетекшілері және «Жас Қыран» ұйымының ұйымдастыруымен 3-сыныптардың әжелерінің қатысуымен «Әжемнің әңгімесі» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға 5 әже қатысты. Әрбір әже қазақтың салт-дәстүрін, қолөнерін, ұлттық тағамын дәріптеді.
https://www.instagram.com/p/CbTOjD5Lm39/?utm_source=ig_web_copy_link
«Әжелер мектебі» жобасы аясында мектебіміздің жоғары сынып оқушыларына әжелермен дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында әжелік кеңестер беріліп,оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойды.Тәлім-тәрбиесі мол, мағыналы кездесу болды.
https://www.instagram.com/p/CeiwpsirWwp/?utm_source=ig_web_copy_link
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында наурыз мейрамына орай «Армысың, Әз-Наурыз!» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін,табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет