Л.Г. Федоренконың «Сыныптағы психологиялық климатты зерттеу» сауалнамасының нәтижесі: 10-шы сыныптар арасында сауалнамаға 65 оқушы қатысты. Нәтижелерді өңдеу бойынша 6-12 ұпай – 53 оқушы (81,5%) сыныптағы психологиялық ахуалды жоғары бағалайды. Олар бірге оқитын адамдарды жақсы көретінін көрсетті. 13-18 ұпай – 11 оқушы (17%) сыныптың психологиялық климатына немқұрайлы қарайды, оның басқа топтағы қарым-қатынасы ол үшін маңызды деп жауап берді. 19-30 ұпай – 1 (1,5%) оқушы сыныптағы психологиялық ахуалды өте нашар деп бағалайды. Бұл оқушымен әңгіме жүргізілді. Социометрия әдістемесі бойынша сыныпта шектелген оқушылар анықталып, сынып жетекшілерге ұсыныстар берілді.
4-ші сынып оқушылар арасында сабақтастық жоспары бойынша жүргізілген әдістемелердің нәтижелері: оқушылардың сабаққа деген ынтасын зерттеу мақсатында Н.Г. Лусканованың сауалнамасы өткізілді. Сауалнамаға 120 оқушы қатысты. Сауалнаманың нәтижесі бойынша мектептегі мотивацияның, оқу белсенділігінің жоғары деңгейін 22 оқушы (18%) көрсетті, оқудың жақсы мотивациясын – 41 оқушы көрсетті (34%), 32 оқушыда (27%) - мектепке деген оң көзқарас, бірақ мектеп сабақтан тыс жақтарымен көбірек тартады; 16 оқушыда (13%) мотивацияның төмен деңгейін; 9 оқушыда (7,5%) мектепке деген теріс көзқарас.
4-ші сыныптар арасында өткізілген Э.Ф. Замбацявичененің бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой дамуы деңгейін анықтаудың стандартталған әдістемесінің нәтижесі
4-ші сынып оқушылар арасында тестілеуге 118 оқушы қатысты. ақыл-ой дамуының жоғары деңгейін – 1,5 % оқушы көрсетті, орташа деңгейін – 25 %, орташадан төмен деңгейді - 49 % оқушы көрсетті, төмен деңгейді – 22 % оқушы және ақыл-ой дамуының өте төмен деңгейін -1,5 % оқушы көрсетті.
4-ші сынып оқушылар арасында Филлипстің мектепте үрейлену деңгейін саралау әдістемесінің нәтижесі
4-ші сыныптар арасында 118 оқушы қатысты. Мектепте жалпы үрейленуі деңгейі бойынша жоғары деңгейді – 7 %, орташа деңгейді - 31 %, төмен деңгейді – 62 % оқушы көрсетті. Әлеуметтік дағдарысқа алаңдауы- жоғары – 2 %, орташа – 17 %, төмен – 81 %.Жетістікке жетудегі талпынысының фрустрациясы – орташа – 14 %, төмен – 86 %. Өзін көрсету қорқынышы- жоғары-17 %, орташа- 14 %, төмен- 69%. Білімді тексеру әрекеті кезіндегі қорқынышы- жоғары - 24%, орташа-27 %, төмен-49%. Айналасындағылардың күткен нәтижесіне қол жеткізе алмау қорқынышы- жоғары- 7 %, орташа-19 %, төмен - 74%. Қорқынышқа қарсы физиологиялық әрекеттің төмендігі – жоғары - 9 %, орташа - 18%, төмен – 73 %.Мұғалімдермен қарым-қатынаста мәселелерді шешудегі қорқыныштар – орташа- 31 %, төмен – 69 %.
Достарыңызбен бөлісу: |