Мектептегі буллингінің алдын алу бойынша сауалнаманың қорытындысы: сауалнаманың сұрақтары бойынша буллинг деген түсінікпен оқушылардың көпшілігі таныс. Оқушылар арасында бірін-бірін мазақ қылдыратын жағдайды кездестірген және кемсіту түрінде деп жауап берді. Оқушылар ешқандай айдап салудың қатысушысы болған жоқ. Бірақ бақылаушы ретінде қатысқан. Айдап салу көбінесе әлеуметтік желілерде болады деп жауап берді. Оқушылардың көзқарасы бойынша буллингке әлсіз және жауап қайтара алмайтын адамдар ұшырайды деп жауап қайтарды. Педагогтер тарапынан мектеп оқушыларына қысым көрсеткен жағдайымен кездескен жоқ. Оқушылардың пікірі бойынша, егерде уақытында ересектер байқаса, білім беру ұйымында қысымды болдырмау мүмкін. Оқушылардың көзқарасы бойынша педагогикалық ұжым білім беру ұйымында буллингтің жолын кесуге қабілетті. Алған сауалнама бойынша оқушылармен профилактикалық және жеке әңгімелер жұмыстар жүргізілді.
Кәсіби бағдар беру жұмысы
9 сыныптар арасында тестілеуге 103 оқушы қатысты.
40 оқушы (39%) облыс бойынша колледждерге өтінім берді. Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 72,5 %,қызметтер – 2,5 %, кәсіпкерлік , басқару және құқық – 2,5 %, ақпараттық- коммуникациялық технологиялар – 5 %, денсаулық сақтау және әлеуметтік қастамасыздандыру – 2,5 %, білім саласы – 7,5 %, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 2,5 %.
Психологиялық түзету-ағарту жұмыстары: бағытында мектеп әкімшілігі, ата-ана, сынып жетекшінің сұраныстары бойынша оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіледі. Көбіне сынып жетекшілер баланың бойындағы өзгерістерді (көніл-күйі,сабаққа деген қызығушылығының төмендігі, сыртқы келбетінің өзгеруі, деструктивті мінез-құлықтын пайда болуы) байқағанда психологтың көмегіне жүгінеді. Психологтын тарапынан біз біріншіден, сынып жетекшіге оқушының ата-анасын немесе заңды өкілін шақырып сұраныс беруін сұраймыз.
Екіншіден, оқушының ата-анасына немесе заңды өкіліне болып жатқан мәселені түсіндіріп, оқушымен маман ретінде жұмыс жүргізуге рұқсат алынады.
Үшіншіден, оқушының жас ерекшелігіне сай диагностикалар өткізіледі. Оқу жылыдың басынан бастап 1,5, –ші сынып оқушыларының мектепке бейімделу мен мінез-құлықтарына байланысты «Мектеп суреті», «Отбасы суреті», «Мотивация деңгейін анықтау сауалнамасы» және «Кактус» әдістемелер жүргізілді, сонымен қатар жеке әңгімелер мен қадалау жұмыстары өткізілді.
Төртіншіден, диагностикалардың қорытындысы дайын болған соң,оның нәтижесі тек оқушының ата-анасына немесе заңды өкіліне айтылады. Биылғы оқу жылында 21 оқушымен жеке жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде өтізілген диагностикалардың шешімі ата-аналарына таныстырылып, кеңестер берілді.
Оқушылардың даму деңгейіндегі туындайтын әр түрлі мәселелерге байланысты сынып жетекші мен ата-аналардың сұраныстары бойынша балалармен жеке жұмыстар жүргізілді.
Оқушылармен жүргізілген жеке әңгімелердің нәтижелері сынып жетекші мен ата-аналарына ескертіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |