Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстарының сараптамасы


Кафедраның диагностикалық жұмысына



бет40/99
Дата13.04.2024
өлшемі1.63 Mb.
#498561
түріҚұрамы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   99
Кафедраның диагностикалық жұмысына:
- оқушылардың білімділік деңгейін айқындау мақсатында диагностикалық материалдарды құрастыру және апробациялау;
- мұғалімдер оқу үрдісін ұйымдастыруда қиындық туғызған сұрақтар бойынша талдау жүргізу;
- оқушылардың білім сапасын мектепішілік бақылауда жүзеге асыру жатады.
Оқу жылында әр кафедра ғылыми-әдістемелік тақырыбын айқындап және бекітіп, жүзеге асыру жұмысын жүргізеді.
Кафедраның жұмыс жоспары: педагогикалық диагностиканың дұрыстылығы, педагог қызметкерлерді аттестаттауға және қайыра аттестаттауға даярлауға; жылдық жұмысты талдау және жаңа оқу жылына жаңа педагогикалық технологияларды енгізуді жоспарлау; оқу-тәрбие үрдісіндегі ғылыми-зерттеу жұмысының жағдайы және іс-әрекетке ағымдағы талдау; оқушылардың білім сапасының диагностикасы; дарынды балалармен жұмыс; оқу-тәрбие жұмысы бойынша технологиялар мен әдістемелерді апробациялау; пән мұғалімдерінің эксперименталдық, зерттеу, әдістемелік іс-әрекетін ұйымдастыру; педагогтарды кәсіби қолдау көрсетуде кеңес беруді ұйымдастыру; шығармашылық айлық жұмыстарын даярлау және жүргізу; пән байқауларын өткізу; жас мамандар мектебін ұйымдастыру.
Әдістемелік кафедралардың негізгі жұмыс формалары: семинарлар, дөңгелек үстел, ашық сабақ және оны талдау; өзіндік білім көтеру тақырыбы бойынша есебі; кеңестер.
Әдістемелік кафедралардың жұмысы нормативтік-құқықтық актілердің және жұмыс ережесіне негізделіп, жүзеге асырылады.
Әдістемелік кеңестің құрамы: мектеп директоры; директордың орынбасарлары; кафедра меңгерушілері; тәжірибелі мұғалімдер.
Мектеп-лицейдің әдістемелік кеңестің құрамына кафедралардан бөлек шығармашылық топ мұғалімдері, шығармашылық-зерттеу зертханалары кіреді.
Әдістемелік-жобалау іс-әрекеті
Мектептің педагогикалық ұжымы АҚ «Өрлеу» ҰБА, ҚО ОӘО, орталығымен, жоғарғы оқу орындарымен және республикамыздың кәсіби лицейлері, колледждері, мектептерімен тығыз байланыс орнатты. 9,11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын бірлесе жүргізеді. ҚарМУ, Тараз ПУ, л.н. Гумилев атындағы ҰЕУ, С.Сейфуллин атындағы агро-техникалық университетімен, ҚарМТУ, «Болашақ» өзекті білім беру Қарағанды университетімен бірнеше жыл қатарынан байланыс орнатылған. Мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары жоғарыда аталған оқу орындары ұйымдастыратын ғылыми-практикалық конференциялардан, негізгі пәндер бойынша және қашықтықтан өткізілетін олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болуда. Бірнеше жыл қатарынан облыстық ғарыштық және аудандық өлкетану мұражайларымен байланыс орнаған.

1. Жобалау-әдістемелік жұмыс:


Мақсаты: мұғалімдер мен оқушылардың кешенді білімді бірлесе ізденуі, қоғам қажетіне зияткерлік өнімін құруда білімдерін қолдана білу.
Міндеттері:
-мектепте жобалау іс-әрекетін жетілдіру және шығармашылық дамуын жалғастыру;
-шығармашылық жобалауда жаңа мүшелерін тарту;
-жобалау іс-әрекетіне қатысушылардың дәрежесін, жобалау-білімділік саласына жауапкершілігін, саналы тәрбиесін өсіру.
Жобалау-әдістемелік іс-әрекетті ғылыми-әдістемелік кеңес басқарады, құрамына жоғары және бірінші біліктілік санатына бар әкімшілік өкілдері, кафедра меңгерушілері, мұғалімдер кіреді. Олар оқыту семинарларын, кездесулерді, дөңгелек үстел, отырыстарды жүргізеді және шығармашылық есептерді ұйымдастырады, педагогокалық оқуларға қатысады.
Біздің мектеп мұғалімдері жобалау-әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетіне айналысады. Ғылыми-практикалық, ғылыми-теоретикалық (аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерде), интернет-олимпиадаларға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет