Инженерлік-техникалық пәндер кафедрасының жыл бойы атқарған жұмыстары.
Жаңа оқу жылын 20 мұғалім 100% жұмыс істеумен бастады. Кафедра мұғалімдерінің сапалық құрамы педагог-зерттеуші 3 мұғалім 15%, жоғарғы санатты 3 мұғалім 15%, педагог-сарапшы 3 мұғалім 15%, ІІ санатты 3 мұғалім 15%, модератор 3 мұғалім 15%, санаты жоқ 5 мұғалім 25% құрайды. Барлығы жоғары білімді 100%. Информатика пәні мұғалімі Мужтабина Ж.А. магистр. Орта жаста 7 мұғалім 35%, жастар 13 мұғалім 65%-ды құрайды. Ахметова Г.А.2 пәннен (математика, физика) сабақ береді. 19 мұғалімнің апталық жүктемесі 16 сағат, Шинибекова Г.Ж. физика пәні мұғалімінде 24 сағат. 8 мұғалім сынып жетекшілік міндетін атқарады. Математика пәні мұғалімдері 11, физика пәні мұғалімдері 3, информатика пәні мұғалімдері 6.
ІІ жартыжылдықтың қаңтар айында математика пәні мұғалімі модератор Тілеуғабыл А.Е. Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударды. Қазір кафедра мұғалімдері 19, 1-еуі баламен үйде отыр, жұмыс істеп жүргені 18. Жылдың соңындағы сапалық құрамы педагог-зерттеуші 3 мұғалім 16%, жоғарғы санатты 3 мұғалім 16%, педагог-сарапшы 5 мұғалім 26%, модератор 5 мұғалім 26%, санаты жоқ 3 мұғалім 16% құрайды. Барлығы жоғары білімді 100%. Орта жаста 7 мұғалім 37%, жастар 12 мұғалім 63%-ды құрайды. Математика пәні мұғалімдері 10.
Тамыз айында кафедра отырысында инженерлік-техникалық пәндер кафедрасының мұғалімдері 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар мазмұнымен таныстырылды. Әдістемелік хаттың мазмұны бойынша, 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепалды даярлық және білім беру ұйымдарының 1-11-сыныптарында (атап айтқанда, «Математика», «Алгебра», «Геометрия», «Физика», «Информатика» пәндері бойынша) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жүргізілетінін талқыға салды.
2021-2022 оқу жылының басында мектеп әкімшілігіне барлық пәндер бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Оқу жылының бірінші және екінші аптасында математика пәнінен 5-7 сынып оқушыларынан, алгебра пәні бойынша 8-10 сынып оқушыларынан, алгебра және анализ бастамалары пәнінен 11 сынып оқушыларынан, геометрия пәні бойынша 8-11 сынып оқушыларынан, физика пәні бойынша 8-11 сынып оқушыларынан, информатика пәні бойынша 5-11 сынып оқушыларынан кешенді диагностикалық жұмыстар жүргізіліп, сараптама жасалды. Сараптама нәтижесінде барлық пәндер бойынша өткен оқу жылында жіберілген олқылықтар анықталып, күнтізбелік сабақ жоспарында мақсаттары ұқсас барлық тақырыптар біріктірілді.
www.sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтта халық санағы бойынша Интернет-сауалнамадан өтіп, еліміздегі халық санағына белсене қатысты.
Білім сапасын көтеру мақсатында пән мұғалімдері тарапынан үлгерімі төмен оқушылармен, резервтегі оқушылармен жұмыс жоспары жасалып, әр сенбі күндері қосымша сабақтар жүргізілді. 5-11 сынып оқушыларынан математика пәні бойынша І және ІІ тоқсандағы тақырыптардан білім кесіндісі алынды. «Зейін» жобасы аясында математикалық сауаттылық, ақпараттық сауаттылық, функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмалар дайындалып, 5-8 сынып оқушыларынан алынды. ББЖМ бойынша математика, физика, информатика пәндерінен тапсырмалар дайындалып 9 сынып оқушыларынан алынды. Бұл жұмыстар алдағы тоқсандарда жалғасады.
Шинибекова Г.Ж., Гремякова Л.Н. педагог-зерттеушіге, Труфанова Л.Н., Райымбекова Д.М. педагог-сарапшыға, Мұқұш А.Е., Төлеуқадыр Ә.Ж., Тулеуова И.Б., Ахниетова Ж.Н., Тоқмади Б.Е., Таймагамбетова А.С. модератор біліктілікке өту үшін Ұлттық біліктілік тестілеуге тіркеліп, сынық тапсырып І кезеңінен сәтті өтті. Нәтижелі жетістіктері ІІ кезеңіне лайықты болып, Труфанова Л.Н., Райымбекова Д.М. педагог-сарапшыға, Тулеуова И.Б., Ахниетова Ж.Н., Таймагамбетова А.С. модератор біліктілікке яғни жаңа біліктілікке ие болды.
Мамыр айында Шинибекова Г.Ж., Гремякова Л.Н. педагог-зерттеуші санатын, Мұқұш А.Е., Төлеуқадыр Ә.Ж., Тоқмади Б.Е., педагог-модератор санатын беруге яғни ІІ кезеңінен өту үшін pedat.bilimal.kz сатына қажетті құжаттарын электронды тіркеді. Құжаттары қабылданып, комиссияда қаралуда, нәтижесі күтілуде.
11.11.21 күні ZOOM арқылы математика пәні мұғалімі Жаппарова Ф.Т. 6 «В» сынып «Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері» тақырыбында облыстық көлемде воркшоп сабағын өткізді. LearningApps.org білім платформасында «Математикалық диктант», «Жұбыңды тап» тапсырмаларын әзірлеп, облыс пән мұғалімдеріне ұсынды. Пән мұғалімдері жіберілген сілтеме арқылы кіріп, тапсырмаларды орындады. Padlet виртуальды тақтасында есептер шығарды.
Мұқұш А.Е., Тоқмади Б.Е., Төлеуқадыр Ә.Ж. «Инклюзивті аралас оқыту» тақырыбында 14 сағаттық онлайн курс оқып, сертификат алды. Математика пәні мұғалімі Мұқұш А.Е. «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру жағдайында инклюзивту білім беру» 80 сағаттық курсты онлайн режімінде оқып, сертификат алды. Математика пәні мұғалімі Гремякова Л.Н. 09.03-18.03.22 аралығында 80 сағаттық «Развитие математиической грамотности учащихся в рамках проведения международного исследования PISA» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті. Физика пәні мұғалімі Шинибекова Г.Ж. 11.04-22.04.22 аралығында жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне арналған 80 сағаттық «PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында, 16.05-27.05.22 аралығында физика пәнінің мұғалімдеріне арналған 80 сағаттық «Развитие профессиональных компетенций учителя физики» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өтіп келді.
Кафедра мұғалімдерінің жетістіктері: Қарағанды облысы білім басқармасы «Математика, физика және информатика пәндерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының» аудандық кезеңіне математикадан Гремякова Л.Н., Труфанова Л.Н., Төлеуқадыр Ә.Ж., Тоқмади Б.Е., Мұқұш А.Е., физикадан Жекебай А., информатикадан Райымбекова Д.М., Ахниетова Ж.Н., Таймагамбетова А.С. қатысып, Труфанова Л.Н., Жекебай А., Райымбекова Д.М. Диплом І орынды иеленіп, облыстық кезеңіне өтті.Ал Гремякова Л.Н. Диплом ІІ орын, Ахниетова Ж.Н. Диплом ІІІ орынды иеленді. Жекебай Аманжол –Қарағанды облысы білім басқармасы «Математика, физика және информатика пәндерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының» аудандық кезеңі Диплом І орын, Қарағанды облысы білім басқармасы «Математика, физика және информатика пәндерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының» облыстық кезеңі Диплом ІІІ орынды иеленді. Алдағы уақытта республикалық деңгейіне қатысады. Аудандық семинарда өткізген №10 зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау" тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспары «Мәртебелі ұстаз 2020» атты республикалық байқауының материалдар жинағына шықты.Алиманова Акмарал Ргебаевна - 2021 жылы Шет ауданының білім бөлімі Білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі «Білім сапасы: қолайлы жағдайдан – тиімді нәтижеге» тақырыбында өткен секциялық отырыс жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Труфанова Любовь Николаевна - Қарағанды облысы білім басқармасы «Математика, физика және информатика пәндерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының» аудандық кезеңінен Диплом І орынды алды.Гремякова Людмила Николаевна - Қарағанды облысы білім басқармасы «Математика, физика және информатика пәндерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының» аудандық кезеңінен Диплом ІІ орынды иеленді.Мельник Дмитрий Владимирович – Республикалық VI робототехника бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі Диплом ІІІ орын. Райымбеова Динара Мейіржанқызы - Қарағанды облысы білім басқармасы «Математика, физика және информатика пәндерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының» аудандық кезеңінен Диплом І орынды, Қарағанды облысы білім басқармасы «Математика, физика және информатика пәндерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының» облыстық кезеңінен Бас жүлдені ұтып алды. Алдағы уақытта республикалық деңгейіне қатысады. «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» атты VII ашық Республикалық байқауынан «Компьютерлік презентация» номинациясы бойынша жеңімпаз дайындағаны үшін Алғыс хат алды.
Ахниетова Жанерке Нурланкызы - Қарағанды облысы білім басқармасы «Математика, физика және информатика пәндерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының» аудандық кезеңі Диплом ІІІ орын, . «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» атты VII ашық Республикалық байқауынан «Компьютерлік презентация» номинациясы бойынша жеңімпаз дайындағаны үшін Алғыс хат алды.
Таймагамбетова Айгуль Серикбаевна - Республикалық VI робототехника бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінен Диплом ІІІ орынды иеленсе, «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» атты VII ашық Республикалық байқауынан «Компьютерлік презентация» номинациясы бойынша жеңімпаз дайындағаны үшін Алғыс хаталды. Мұқұш Ақерке Ерғалиқызы «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» атты VII ашық Республикалық байқауынан «Компьютерлік презентация» номинациясы бойынша жеңімпаз дайындағаны үшін Алғыс хат алды. Таймагамбетова Айгуль Серикбаевна - Республикалық VI робототехника бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінен Диплом ІІІ орынды иеленсе, «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» атты VII ашық Республикалық байқауынан «Компьютерлік презентация» номинациясы бойынша жеңімпаз дайындағаны үшін Алғыс хат алды.
Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» олимпиадасына қатысып, белсенділік танытқаны үшін Сулейменова Б.К. сертификатпен марапатталды.
Кафедра мұғалімдерінің марапаттары:
Физика пәні мұғалімі Жекебай Аманжол Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі қол жеткізген табыстары үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Грамотасымен марапатталды.Математика пәні мұғалімі Алиманова Ақмарал Ргебаевна «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мерекесі қарсаңында Шет ауданының білім саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Шет ауданы білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгімен (№150 10.12.21) марапатталды. Математика пәні мұғалімі Тоқмади Б.Е. Ақтау қаласында өткен «Ақ бидай» республикалық VII ауыл спорты ойындарында жалпы командалық есепте «Тоғызқұмалақ» спорт түрі бойынша ІІІ орынға ие болғаны үшін Дипломмен марапатталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Saryarka»онлайн Спартакиада бағдарламасындағы тоғызқұмалақ жарысында І орынға ие болғаны үшін Мадақтамамен марапатталды. Қазақстан Республикасының спорт Күніне арналған облыстық «Saryarka»онлайн Спартакиада бағдарламасындағы тоғызқұмалақ жарысында І орынға ие болғаны үшін Мадақтамамен марапатталды.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған педагогтер арасындағы Жезқазған аймақтық тоғызқұмалақ турнирінде жүлделі І орын иеленгені үшін Дипломмен марапатталды 2021ж. Тоғызқұмалақтан Салалық кәсіподақтың әйелдер арасындағы республикалық турнирінің ІІ орын иегері болып, Дипломмен марапатталды.
Математика, физика, информатика пәндері бойынша оқушыларымыздың жетістіктері:Жаппарова Фарида Тухметоллановна - Жалпы білім беретін мектептің математика пәні бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі ІІ орынды 8 «Б» сынып оқушысы Елеубек Нұртілеу алса, ІІІ орынды 8 «Б» сынып оқушысы Қуанов Әмірлан алды.Шинибекова Гульмира Жанабаевна – Жалпы білім беретін мектептің физика пәні бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінен І орынды 9 «А» сынып оқушысы Ерлан Бүлдірген иеленді.Сартаева Гульнар Каскатаевна - Жалпы білім беретін мектептің математика пәні бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінен 11 «А» сынып оқушылары Мәулен Ақниет І орынды, Нығымет Әділет пен Сапуанова Нұрай ІІ орынды жеңіп алса, Әлімхан Рулан 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық Лингвистикалық олимпиаданың математика пәні бойынша аудандық кезеңінен ІІ орын иеленді.Жекебай Аманжол – Жалпы білім беретін мектептің физика пәні бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінен 8 «А» сынып оқушылары Қабыкен Елдар мен Сағынғали Әділет, 10 «А» сынып оқушысы Дулат Әділет, 11 «А» сынып оқушысы Әлімхан Рулан І орынды алды, 9 «Б» сынып оқушысы Ақылқызы Аяулым ІІ орынды алды. Ал 11 «А» сынып оқушысы Казисхан Самал жаратылыстану-математикалық бағыттағы физика пәні бойынша XIV Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңінен ІІ орын иеленді.Сулейменова Бибигуль Каригуловна - Жалпы білім беретін мектептің математика пәні бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінен 10 «А» сынып оқушылары Аяпбергенова Айбиби І орынды, Аманова Сабина ІІІ орынды, 9 «А» сынып оқушылары Жалғасова Дамира мен Мертай Томирис ІІ орынды алды. 10 «А» сынып оқушысы Нұрлан Сезім 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық Лингвистикалық олимпиаданың математика пәні бойынша аудандық кезеңінен ІІ орынды иеленді.Алиманова Акмарал Ргебаевна - 9 «В» сынып оқушысы Мұратов Мирас жалпы білім беретін мектептің математика пәні бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінен І орын алды.Бимакаева Гульмира Жуматовна – 8 «Г» сынып оқушылары Қайратжан Жансая мен Молдаш Алдияр жалпы білім беретін мектептің математика пәні бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінен ІІІ орын алды. Тілеуғабыл Ақерке Ерболқызы - Жалпы білім беретін мектептің математика пәні бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінен 8 «А» сынып оқушылары Мусахметова Айбиби мен Мыңбаева Нұрайым І орынды, Қағыбалы Әділ мен Қалижан Айғаным ІІ орынды алды.Гремякова Людмила Николаевна - 8 «Д» сынып оқушысы Ким Наталия жалпы білім беретін мектептің математика пәні бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі І орын, 11 «Г» сынып оқушылары Пестрикова Кристина І орын, Труфанов Данил ІІ орын алды.Труфанова Любовь Николаевна - жалпы білім беретін мектептің математика пәні бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінен 9 «Д» сынып оқушылары Ермек Алина І орын, Ким Виктория ІІ орын, 10 «Г» сынып оқушысы Мингазов Эльдар І орынды алды.Тулеуова Индира Бергеновна – Жалпы білім беретін мектептің информатика пәні бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінде 8 «В» сынып оқушысы Махмутов Ақылжан І орын, 11 «А» сынып оқушылары Тасболатов Мәди І орын, Рақымжан Еренғайып ІІ орын алды.Ахниетова Жанерке Нурланкызы – 9 «Г» сынып оқушысы Сулейменова Раушан жалпы білім беретін мектептің информатика пәні бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінен ІІІ орынды алды.Ахметова Гульнара Амирхановна – Жалпы білім беретін мектептің физика пәні бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінен 11 «Г» сынып оқушылары Барышникова Камила І орынды, Әділетұлы Әділ ІІ орынды алды.Төлеуқадыр Әйгерім Жұмажанқызы – 5-6 сынып оқушылары арасындағ VI облыстық «Clever-2020» олимпиадасының облыстық кезеңіне 6 «Б» сынып оқушысы Орын Шыңғыс қатысып, ІІ орынды иеленді. 6 «Б» сынып оқушысы Қайратова Рауана жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысып, І орынды иеленді.Таймагамбетова Айгуль Серикбаевна - Республикалық VI робототехника бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне 5 «В» сынып оқушылары Қуат Алдияр және Сайлауов Темірлан қатысып, ІІІ орынға ие болды.Райымбекова Динара Мейіржанқызы - Жалпы білім беретін мектептің информатика пәні бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 11 «Б» сынып оқушысы Шынасыл Аңсар және 9 «В» сынып оқушысы Саяхатов Нұрсейіт І орынды, 9 «А» сынып оқушылары Ерғалы Сұлтан және Қуанышбай Мәди ІІ орынды, 9 «Б» сынып оқушысы Қайсар Алмаз және 11 «В» сынып оқушысы Аманбай Дильназ ІІІ орынды алды.Мельник Дмитрий Владимирович – Республикалық VI робототехника бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне 11 «А» сынып оқушылары Әлімхан Рулан және Қамбаров Нұрасыл қатысып, ІІІ орынға ие болды.
«Математиканың таңдаулы сұрақтары» вариативті курсы10А, 10Б, 10В, 11А, 11Б, 11В, «Алгебра мен геометрияның таңдаулы сұрақтары» вариативті курсы 7А, 7В, 7Г, 8А, «Шығармашылық ойлауын дамыту» вариативті курсы 6А, 6Б, 6В, «Избранные вопросы математики»вариативті курсы11Г, «Решение физических задач»вариативті курсы 9Д, 11Г, «Занимательная физика»вариативті курсы 8Д, «Избранные вопросы алгебры и геометрии»вариативті курсы 8Д, «Медиасауаттылық»вариативті курсы 8А, 8Б, 8В, 8Д, «IQақыл-ой дамыту» вариативті курсы6Г, 8А, «Үштұғырлы физика»вариативті курсы7А, 10А, 11А,«Физика есептерін шешу»вариативті курсы 11А, «Робототехника» вариативті курсы5А, 6А, 7А, 9А,«Болашақ инженерлері»вариативті курсы 8Г, «Инженеры будущего» вариативті курсы 8Д, 9Д, «Медиаграмотность»вариативті курсы 8Д, «Сандар әлеміне саяхат»вариативті курсы 5А, 5Б, 5Г сыныптарында аптасына 1 сағат жүргізіледі. Оқу жылының І жартыжылдығында математика пәнінен қабілеттері жоғары оқушыларды олимпиадаға дайындау мақсатында «Алтын сақа» курсы 0,25 сағат беріліп, оны математика пәні мұғалімі Тілеуғабыл А.Е. жүргізсе, ІІ жартыжылдығында Мұқұш А.Е. жүргізді.Математика пәні мұғалімі Труфанова Л.Н. магистратураға түсіп, грант иегері болды.
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен 2022 жылдың 24 – 29 қаңтар күндері аралығында «Математика айналамызда» атты математикалық сауаттылық апталығы өткізілді. Жоспар бойынша аптаның әр күнінде әр түрлі іс шаралар өтті. Өткізілген іс-шашалар бойынша жұмыс күнінің соңында қорытынды жасалып, инстаграмға жүктеліп отырды. Фойе безендіріліп, 1-ші күні апталықтың ашылуы болды. Жауапты кафедраның математика пәні мұғалімдері: Сулейменова Б.К., Тоқмади Б.Е., Мұқұш А.Е. Төлеуқадыр Ә.Ж., Сартаева Г.К. Жаппарова Ф.Т. болды. Математикалық сауаттылық күніне арналған 1-11 сыныптар арасында "Математика адам өмірінде", " Сандар күні", «Сандарды қалай дұрыс қолдану керек?» тақырыбында сынып сағаттары жүргізілді.
2-ші күні байқаулар: 1-4 сыныптар арасында Математикалық ребустар, сөзжұмбақтар сайысы "Мен математикамен доспын» жауапты мұғалім бастауыш сынып мұғалімі Муханова А.А., 5-7 сыныптар арасында «Мен және менің отбасым жобасы» оқушының жобалар байқауы, 8-9 сыныптар арасында "Менің өмірімдегі Математика» математика бойынша шығармашылық жұмыстар байқауы, жауапты математика пәні мұғалімі Жаппарова Ф.Т. 10-11 сыныптар арасында «Математикасыз өткен бір күн " эссе байқаулары, жауапты математика пәні мұғалімі Бимакаева Г.Ж. болды.3-ші күні кездесулер, саяхаттар: Математика саласында жоғары сынып оқушыларымен кездесу "Өнегелі өмір" жобасы аясында» 1-4 сынып оқушылары мектебіміздің түлектері «Алтын белгі», «Үздік аттестат» үміткерлерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесуді бастауыш сынып мұғалімдері Искандирова Ф.М. мен Жумабекова Ж.О. ұйымдастырды. 5-9 сынып оқушылары мектебіміздің ұлағатты ұстазы, математика пәнінің мұғалімі, зерттеуші-педагог, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Г.К.Сартаевамен ZOOM платформасында кездесу өткізді, ұйымдастырған математика пәні мұғалімі Төлеуқадыр Ә.Ж. Оқушылар Ұлағатты ұстазға қызықты сұрақтар қойып, белсенді қатысты. Гульнар Каскатаевна өмірбаянын айтып, бақытты балалық шағын бір мәрте есіне алды.10-11 сынып оқушылары ЖОО-на онлайн саяхат жасады, ұйымдастырған математика пәнінің мұғалімі Сартаева Г.К. болды. Каникулда жүрген студенттеріміз де шақырылды. 4-ші күні 1-4 сынып оқушыларымен "Қызықты сандар мен фигуралар", "Сандар кіммен дос?", "Мамандықтағы математика" тақырыптары бойынша әңгіме-сұхбат өткізілді, 5-7 сынып оқушылары Сандар мен олардың мағыналары туралы «Бір саны қайдан пайда болды» фильмін көрді, 8-9 сынып оқушылары "Математика және өркениеттің гүлденуі" атты сандар мен олардың мағыналары туралы фильмдер көрді, 10-11 сынып оқушылары "Адам өміріндегі сандардың маңызы» әңгіме, талқылаулар өткізді.5-ші күні 2-4 сынып оқушыларымен "Ойшылдар және ақылдылар" танымдық ойынын бастауыш сынып мұғалімі Мельник О.О., 3-4 сынып оқушыларымен «Математика дамуындағы Қазақстан ғалымдары» іскерлік ойынын бастауыш сынып мұғалімдері Смаилова Ж.А. және Шиганбаева Г.К. өткізді.5 сынып оқушыларымен «Математикалық викторина» танымдық ойынын математика пәні мұғалімі Труфанова Л.Н. өткізді, ал 6-7 сынып оқушыларымен қыс айының шуақты күнінде, таза ауа далада «Математикалық регата» танымдық ойыны математика пәні мұғалімдері Мұқұш А.Е.6 Төлеуқадыр Ә.Ж., Тоқмади Б.Е. өткізді.
8-9 сынып оқушыларымен «Әр күнге арналған Математика» математикалық квест-ойынын математика пәні мұғалімі Алиманова А.Р. ал 10-11 сынып оқушыларымен математика пәні мұғалімдері Сартаева Г.К., Сүлейменова Б.К., Бимакаева Г.Ж. өткізді. 6-шы күні 2-4 сынып оқушыларымен «Математика әлемі балалар көзімен " суреттер көрмесін бастауыш сынып мұғалімдері Жумабаева А.О., Мукужанова Т.Р., Каракекилова ұйымдастырды. Шебер жас суретшілеріміз марапатталды. Апталықтың жабылуы болып, атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып, апталықта белсенді қатысқан сыныптар, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. 5-7 сыныптар арасында өткен «Мен және менің отбасым» оқушылар жобалары байқауының жеңімпаздарын, 8-9 сыныптар арасында өткен «Менің өмірімдегі Математика» шығармашылық жұмыстар байқауының жеңімпаздарын, 10-11 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Математикасыз бір күн» эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімдері болды.31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылығын дамыту апталығы өтті. 31 қаңтарда фойе безендірілді. 1-ші ақпанда сынып сағаттары өткізілді: 9-11 сынып оқушыларымен «Компьютерлік тәуелділік қауіптері, виртуалды әлемге деген құштарлық» тақырыбында сынып сағаттары, жауапты информатика пәні мұғалімдері Ахниетова Ж.Н., Райымбекова Д.М. болды, 3-4 сынып оқушыларымен «Достық интернет», «Цифрлық әлемнен өзіңді қалай қорғайсың?» тақырыбында сынып сағаттарын, жауапты бастауыш сынып мұғалімдері Сыздықова З.С. және Муханова А.А.өткізді, 6 сынып оқушыларымен «Біз XXI ғасырға қалай келдік» тақырыбында сынып сағаттары, жауапты информатика пәні мұғалімдері Таймагамбетова А.С., Тулеуова И.Б. өткізді.2-ші ақпанда информатика пәні мұғалімі Ахниетова Ж.Н. 3 «А» сыныбында «Құжатты рәсімдейміз» тақырыбында ашық сабақ берді. 3 сынып оқушылары мәтіндік редакторда тапсырмаларды сауатты орындады, сабақ қойылған мақсатына жетті. 8 «А» сыныбында информатика пәні мұғалімі Тулеуова И.Б. "Continue циклін басқару" тақырыбында ашық сабақ өткізді. 8 сынып оқушылары бағдарлама құрып, компьютерде терді. Бағдарлама оң нәтижесін берді.3-ші ақпанда информатика пәні мұғалімі Райымбекова Д.М. ZOOM платформасында мұғалімдер арасында «Белсенді оқыту әдістерінің мысалдары» шеберлік сағат өткізді. 5-6 сынып оқушылары арасында «Менің цифрлық әлемім» суреттер байқауы, 10-11 сынып оқушылары арасында «Юные IT - ШНИК» челлендж ұйымдастырылды.4-ші ақпанда "HTML web-сайттарын әзірлеу" әдістері воркшобын Райымбекова Д.М. мұғалімдер арасында көрсетті. Өткізілген іс-шаралар фейсбукке, инстаграмға жіберіп отырды.Қарағанды облысының білім басқармасының ұйымдастырылуымен өткен «Мектептегі математикалық білім беру: жағдайлары, проблемалары, ұсыныстары» атты форумға математика пәні мұғалімі Сартаева Г.К. қатысып келді. Форумда айтылған проблемаларды кафедра мұғалімдеріне жеткізді.Математикадан 5-6 сынып оқушылары арасында өтетін Мәжит Аманқұлұлы Әбдіров атындағы олимпиадаға іріктеу мақсатында 5-6 сынып оқушылары арасында мектепішілік олимпиада ұйымдастырылды. Жеңімпаз оқушылар марапатталды.
2022 жылғы 15 сәуірде «Дарын» ММИ және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар кафедрасымен бірлесіп Т.Ғ.Мұстафин атындағы «ІХ Математикалық бәйге» сайысына Шет ауданының атынан біздің мектептен 4 оқушыдан тұратын екі топ «Болашақ» және «Радикал» қатысқан болатын. «Радикал» тобы ІІ орынды иеленді. Пән мұғалімі Гремякова Л.Н.9.04.2022 күні инженерлік-техникалық пәндер кафедарсының математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің қатысуымен, жобаға қатысатын 5-9 сынып оқушыларының қатысуымен ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Кафедра мұғалімдері: Сартаева Г.Қ., Шинибекова Г.Ж., Ахметова Г.А, Алиманова А.Р,Сулейменова Б.К., Жаппарова Ф.Т., Бимакаева Г.Ж., Труфанова Л.Н., Таймагамбетова А.С., Райымбекова Д.М., Тулеуова И.Б., Мұқұш А.Е., Тоқмади Б.Е., Төлеуқадыр Ә.Ж. оқушылардың жобаларын тыңдады. Сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды, кемшіліктері ескертілді. Жобаға қатысқан оқушылардың бойынан таңдаған тақырыбына қызығушылықтарының бар екендігі байқалды Әділқазылар мүшелері: Төрайымы Ахметова Г.А. математика пәні мұғалімі, педагог -зерттеуші.
Мүшелері:
-Шинибекова Г.Ж.- физика пәні мұғалімі, жоғары санатты.
-Труфанова Л.Н. – математика пәні мұғалімі, педагог – сарапшы.
-Райымбекова Д.М. – информатика пәні мұғалімі, педагог – сарапшы.
Жетекшісі математика пәні мұғалімі А.Р.Алиманованың 9 «В» сынып оқушысы Мұратов Мирас «Нумерологияның адам өміріндегі маңызы» атты тақырыпта жобасын қорғады. Жобасының мақсаты: Нумерология ғылымының адам өміріндегі маңызын түсіну. Бұл жобада бүгінгі адам сандарсыз өмірін елесте алмайтыны анық. Жан-жағымызға қарасақ сандар тек қана математикада емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда да маңызы зор. Қарап отырсақ осы керекті 10 сан болмаса біз телефон да соға алмаймыз. Адамның туған жылы, айы, күні арқылы оның өмірлік санын табу. Осы жерде мұғалімнің, оқушының тағдар санын анықтады. Мысалы «27-шілде, 1962 жылы» дейік. Олай болса, осы сандарды бір-біріне қосыңыз. Қосындыны тағы бір-біріне қосыңыз. Шыққан жалғыз сан-сіздің Тағдыр саныңыз.
Мысалы: 2+7+0+7+1+9+6+2=34. 3+4=7. «7» - Сол кісінің тағдыр саны.
Жетекшісі физика пәні мұғалімі А.Жекебайдың 8 «А» сынып оқушысы Қабыкен Елдар «Детекторлы радио қабылдағыш» тақырыбында жобасын қорғады. Мақсаты: Детекторлы радиоқабылдағыштың құрылымы мен жұмыс істеу қағидасын түсіну, қолжетімді бөлшектермен детекторлы қабылдағыш құрастыру, электромагниттік толқындарды тарату және қабылдау процесін практика жүзінде жүзеге асыру.
Қазіргі заманғы электротехникалық, радиоэлектроникалық құрал-жабдықтардың физикалық негізін түсіне білсек олардың жұмыс істеу принципін түсіну әрекетін көп жеңілдетуге болатынына көз жеткізуі туралы таныстырп өтті. Жетекшісінің көмегімен L1 орамасы және C1 сыйымдылығы айнымалы конденсатордан тұратын тербелмелі контурға жалғанған антенна мен жерқосқыштан, детектор қызметін атқаратын VD1 диодынан, C2 коденсаторы мен BF1 лингафоннан тұратын ең қарапайым детекторлы қабылдағыштың сұлбасын құрастырған.
Жетекшісі математика пәні мұғалімі Б.Е.Тоқмадидің 6 «А» сынып оқушысы Құрманбай Ислам «Біздің өміріміздегі пайыздардың мәні мен маңызы» тақырыбында жобасын қорғады. Жобасының мақсаты: Пайыздың қайда және қалай біздің өмірімізде қолданылатынын анықтау. Тарихтың пайыздардың пайда болғанын қалай дәлелдейтінін түсіну. Адамдардың пайыз туралы білімдерін, пайыздардың маңызын түсіндіру, әрі экономикалық сауаттылықтарын арттыру, пайыздық есептер арқылы және әр салада қолданылуы арқылы кеңейту. Пайыз туралы адамдардың ой-пікірін зерттеу. Пайыздық есептерді шығарудың бірнеше оңай тәсілдерін қарастыру. Тұрғындарға несие алардан бұрын бір жылдық өсіммен қанша пайызға қайтаратынын біліп алу маңызды екендігін айтты. Ол үшін пайыз табуды меңгерген абзал.
Жетекшісі математика пәні мұғалімі Ә.Ж.Төлеуқадырдың 6 «Б» сынып оқушысы Өмірғалиева Жанерке және математика пәні мұғалімі А.Е.Мұқұштың 6 «Г» сынып оқушысы Мұхтар Амира бірігіп «Қызықты математика әлемі және менің сүйікті фигураларым» атты жобасын қорғады. Мақсаты: Қызықты математика әлемін және фигураларды оқу мен дәріптеу және насихаттау. Халық өлшемдерінің негізгі түрлерімен таныстырды. Халқымыз салмақ өлшемдерін былайша жіктеген: мысқал (0,4г), қадақ (750 г), келі (1 кг), пұт (16 кг), батпан (100 кг). Егер сіз туған жылыңыздың қазақша қай жыл аттарына сәйкес келетінін білгіңіз келсе: Туған жылға 9 – ды қосып, 12 – ге бөлгендегі қалған қалдығы өзіңіздің туған жылыңыз (қазақша) болып шығады. Қатысып отырған тыңдармандардың жылын анықтады. Г.А.Ахметованың туған жылы «Доңыз» екен.
Жетекшісі математика пәні мұғалімі Б.Е.Тоқмадидің 6 «А» сынып оқушысы Жұматай Дамира «Tog’yzqumalak oi’ynynyn – balanyn tanymdyq qabiletin arttyry’dag’y roli» атты тақырыбында жобасын қорғады. Жобасының мақсаты тоғызқұмалақ ойынының бала қабілетіне тигізетін әсері мен оның ерекшелігі. Осы жоба арқылы тоғызқұмалаққа қатысып жүрген балалардың оқу үлгерімі жоғары болатынын айтты, себебі баланың ойлауы жүйрік, есептеуі шапшаң қабілеттері артады. Әр қалаларға жарыстарға қатысып, жеңістерге жетеді.
Жетекшісі информатика пәні мұғалімі А.С.Таймагамбетованың 5 «В» сынып оқушысы Ашимова Сезім «Ақпаратты кодтау және кодтың өмірде қолданылуы» тақырыбында жобасын қорғады. Сезімнің мақсаты өз сыныптастарына, ауыл тұрғындарына осы жоба арқылы ақпаратты кодтаудың маңызыдылығын жеткізе отырып, тұрмыстық жағдайларда кодтар кездескенде, қолдана білулері үшін ақпарат беру. Мысалы: мынадай 7290000494616 штрих код берілген
Штрих кодтың жұп орындарында тұрған цифрларды қосу:
1) (7290000494616): 2+0+0+4+4+1=11
2) Шыққан санды 3-ке көбейту: 11x3=33
3) Штрих кодта тақ орындарында тұрған цифрларды бақылау цифрынан баска қосып шығу: 7+9+0+0+9+6=31
4) 2 және 3 пункте есептелген сандарды қосу: 33+31=64
5) Шыққан саннан ондықтарды алып тастау: 4-ке тең болды.
6) 10-нан 5 пункте шыққан санды алып тастау: 10-4=6. Егер есептеуден кейін шыққан сан (6 пунктегі) штрих кодтағы бақылау цифрымен сәйкес келмесе, тауар заңсыз шығарылғанын көрсетеді және оның сапасы кепілді емес.
Жетекшісі математика пәні мұғалімі Г.К.Сартаеваның 5 «А» сынып оқушысы Қозыева Анар «Менің отбасымның электр энергиясын үнемдеуге қосқан үлесі» тақырыбында жобасын қорғады. Мақсаты тұрмыстық техникалар қанша электр энергиясын тұтынатынын бақылап, зерттеп, үйде қаншалықты электр энергиясын үнемдеуге болатынын қарастыру. Анар отбасында электр қуатын үнемдеудің жолдарын айтып берді. Электр энергиясының мөлшерден тыс ысырапталуы жылдан жылға артып келеді. Қазіргі кезде қоршаған ортаның жағдайы жақсы болу үшін баламалы энергия көздерін пайдалана бастады.
Жетекшісі математика пәні мұғалімі Ф.Т.Жаппарованың 8 «Б» сынып оқушысы Ашимов Мирас «Логикалық есептерді графтардың көмегімен шешу» жобасын жалғастыруда. Мақсаты логикалық есептерді графтар арқылы шешуді көрсету. «IQANAT» олимпиадасында кездескен логикалық есептерді графтардың көмегімен шешкенін, графтар арқылы шешудің тиімділігін оқушыларға айтты.
Жетекшісі математика пәні мұғалімі Б.К.Сулейменованың 8 «В» сынып оқушысы Дамыс Аяулым «Табиғаттағы математикаға құбылыстар «Математик аралар» жобасын қорғады. Мақсаты: Геометриядағы алтыбұрышты фигураның табиғатпен байланысын анықтау. Аралар өте керемет математиктер, бір ара бал тапқан кезде оны өзінің ұясына келген соң басқа араларға жеткізеді. Бірақта олардың жеткізу тәсілі тұнып тұрған математика. Олар тамақ орналасқан жерді күннен қанша градуста орналасқаның қаншалықты алыста екенін және қай жерді іздеу керек екенін математикалық түрде өзінің достарына нақты жеткізіп береді.
Жетекшісі информатика пәні мұғалімі И.Б. Тулеуованың 8 «А» сынып оқушысы Серік Тоғжан «Абай Құнанбаев шығармаларындағы құндылықтарды 3 D Coral графикада бейнелеп мән мағынасын ашу» тақырыбында жобасын қорғады. Мақсаты: Абай шығармаларының философиялық мәнін оқуда 3 D Coral графикада мағынасын ашып құру. Абай атамыздың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» - өлеңіндегі афоризімдердің алғашқы шумағынан ақын қандай мәселені көрсеткісі келгенін Тоғжан кейіпкерлер арқылы ұсынып Абай атамыздың пәлсапалық құндылықтай өшпес мұра сөздерін, көшелерге іліп, әр қазақтың бойына Абай білімінің өмірлік ұстанымдарын сусындатқысы келетінін айтты.
Жетекшісі математика пәні мұғалімі Г.Ж.Бимакаеваның 8 «Г» сынып оқушысы Қайратжан Жансая «Логикалық есептерді шығару және қолдану» тақырыбында жобасын қорғады. Мақсаты: Күнделікті өмірдегі логикалық қызықты математиканы оқу мен дәріптеу және насихаттау. Жансая шығарған логикалық есептері слайдта қойылған.
Физика пәні мұғалімі Г.Ж. Шинибекованың «Оқушылардың жаратылыстану пәндерінен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» және «Физика сабағында белсенді және интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану» мақалалары жинаққа шықты. Математика пәні мұғалімдері: Мұқұш А.Е., Төлеуқадыр Ә.Ж., Тоқмади Б.Е.-ның «Математика біздің айналамызда» мақаласы ауданымыздың «Шет өңірі» гезетіне басылып шықты. Физика пәні мұғалімі Жекебай А. 7 «А» сынып оқушыларымен «Зертханалық жұмыс №10. «Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау» тақырыбына, Математика пәні мұғалімдері: Мұқұш А.Е. 6 «Г» сынып оқушыларымен «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру» тақырыбына, Төлеуқадыр Ә.Ж. 5 «Г» сынып оқушыларымен «Бұрыштар» тақырыбына, Тоқмади Б.Е. 5 «В» сынып оқушыларымен «Диаграмма» тақырыбына 10-15 минуттық видео сабақ түсірді. Информатика пәні мұғалімі Д.В.Мельниктің ықпалымен биыл біздің мектептің оқушылары: 11 «А» сынып оқушылары Әлімхан Рулан, Тасболатов Мәди, 7 «В» сынып оқушылары Қайырберлі Нұржол, Саян Ясин, 6 «А» сынып оқушылары Амангельды Ансар, Хамитжан Бекзат Қарағанды облысының үш ауылдық мектебінің құрамында Begin IT жобасының жаңа қатысушылары болды. BeginIT-2012 жылы басталған inDriver әлеуметтік-білім беру жобасы. Жоба бағдарламасы балалар үйлерінен, мектеп-интернаттарынан және ауыл мектептерінен қабілетті балаларды жаңа технологиялар саласына кәсіби бағдарлауға және анықтауға бағытталған. Мақсаты-балалардың зияткерлік өндіріс саласындағы мамандықтарға деген қызығушылығын ояту, жеке өсуіне серпін беру, болашақ мамандықты таңдауға әсер ету. 2022 жылға қарай жобаға Ресей, Қазақстан, Бразилия, Мексика, Колумбия, Эквадор, Оңтүстік Африка, Танзания, Кения, Нигерия, Перу, Индонезия және Үндістаннан 127 балалар үйі, баспаналар (приютов) мен шалғайдағы ауыл мектептері қатысты. Біздің оқушылар бағдарламалау негіздері бойынша тегін жылдық қашықтықтан оқытудан білім алып, "Информатика және Ойындарды дамыту"деңгейінің бірнеше деңгейлерінен өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |