2021-2022 оқу жылында: Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының тапсырысымен 2021 жылдың 6 желтоқсанынан бастап оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған апталықтар өткізілді.
Мақсаты: функционалдық сауаттылықты дамыту үшін жағдай жасау, білім сапасын арттыру, нақты өмірлік жағдайларда оқушылардың функционалдық дағдыларын қалыптастыру саласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ата-аналар қауымдастығы, отбасы және балабақша мен мектепті бірлескен қызметке тарту.
Апталықтар ережеге және өткізу кестесіне сәйкес өткізілді:
№
|
Атауы
|
Өткізу күні
|
1.
|
«XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығы
|
17-22.01.2022
|
2.
|
«Математика біздің айналамызда»математикалық сауаттылық апталығы
|
24-29.01.2022
|
3.
|
«Цифрлық әлем»ақпараттық сауаттылық апталығы
|
01-04.02.2022
|
4.
|
«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы
|
07-12.02.2022
|
5.
|
«Денің саудың-жаны сау» салауатты өмір салты апталығы
|
16-26.02.2022
|
6.
|
«Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығы
|
14-19.02.2022
|
7.
|
«Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы
|
18-23.04.2022
|
8.
|
«Шеберлер әлеміне саяхат» эстетикалық сауаттылық апталығы
|
19-24.04.2022
|
9.
|
«Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығы
|
06-11.12.2021
|
Қарағанды облысының ББД ОӘО орталығының ұйымдастыруымен функционалдық сауаттылыққа облыстық 9 апталық өтті. Бұл апталықтарға мектеп ұжымы белсене қатысты. Апталық барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және алған білімдерін практикада қолдана білуге мүмкіндік беретін тиімді жұмыс тәсілдерін қолдану әдістемесі бойынша тәжірибе алмасу мақсатында сынып сағаттары, үздік жарнамалар, 3 минуттық видео-репортаждар, челлендждар, Kahoot тесттар, бестік диктанттар, тесттар, эссе байқауы, танымдық сайыстар, квест ойындары, зияткерлік сайыстар, шешендік өнер сайысы, шеберлік сыныптар, конференция, дөңгелек стол, буктрейлер, сахналық қойылымдар, фотоакциялар, «кітапалмастыру» акциясы, экскурциялар, пікіралмасулар, кітап фестивалы, жоба дизайндер байқауы, кітап фестивалі, дебаттар, саптық жиындар, ребустар сайысы, сөзжұмбақ байқауы, оқушы жобаларының байқауы, шығармашылық жұмыстар байқауы, эссе байқауы, кездесулер, мектеп тарихына саяхат, әңгіме-сұхбаттар, фильмдер көру, әңгімелесу талқылаулар, танымдық ойындар, іскерлік ойындар, суреттер көрмесі, бейнероликтер конкурсы, олимпиадалар, плакаттар конкурсы, әдеби-құқықтық викториналар өз мәнінде өтіп, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға зор үлес қосты.
Әр кафедраның жыл бойы атқарған жұмыстарына тоқталатын болсақ:
Достарыңызбен бөлісу: |