Мүмкіндіктер
|
Қауіп
|
Топтық және жеке оқыту
|
Ерекше балалардың жылдан-жылға артуы
|
Қашықтықтан оқыту
|
Оқытушы мен оқушының тікелей әсердің кемуі. Оқушының ортадан оқшауланатындығы.
|
Арнайы мамандардың пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болуы
|
Қосымша дене, ой қозғалыстарының болмауы
|
Жетекші мектеп.
ЖМ мақсаты: Серіктес мектеп педагогтерінің жаңартылған білім мазмұнын іске асыруда оқу-әдістемелік сүйемелдеу және ұйымдастыруда кәсіби қолдауды қамтамасыз ету
Күтілетін нәтиже: Кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады;
Инновациялық бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдердің әдіс-тәсілдері жинақталады, таратылады;
Бірлескен зерттеу топтары қалыптасады, мектептермен жағымды қарым-қатынас орнайды.
Жетекші құзыреті: мұғалімнің тәжірибесіндегі зерттеу
6.12.2021ж. «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептерінің тәжірибесінде » атты облыстық ғылыми -практикалық конференциясына қатыстық. Конференция барысында Сабақты зерттеу мәселелері көтерілді:
1) біраз сыныптардың білім сапасының күрт төмендеуі, әсіресе, 2-4, 7-9 сыныптар арасында;
2) оқушылар тез шаршап, жалығып кетеді;
3) ата-ананың көңіл бөлмеуі, үй жұмысын орындауын бақыламау;
4) денсаулығына байланысты сабақты көп босату;
5) сыныптан тыс жұмыстарға қызығушылығының төмендігі;
6) мөлшерден тыс Интернет желісінде және онлайн ойындарында отыру.
19.04.2022ж. Жетекші мектептен мұғалімнің іс-әрекетіндегі зерттеу бойынша тренері Жумабекова Жанар Орынтаевна және координатор Нурхайдарова Г.А. іс-сапармен Мойынты және С.Мұхамеджанов атындағы ЖОББМ-теріне бардық. Мақсаты: Сабақты зерттеу әдісінің практикада қолданылуын және тиімділігін бақылау. Іс-сапар барысында С.Мұхамеджанов ат.мектепте 5сыныптың математика, Мойынты мектебінде қазақ әдебиеті сабақтарына қатысып, Сабақты зерттеу әдісін практикада талданды.
27-28 сәуір аралығында ПШО-ның ұйымдастыруымен және аталған ұйымның тренері Мәдениет Қабатұлының жетекшілігімен екі күндік семинар өткізілді. Мақсаты: Сабақты зерттеу мен Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдеренің ортақ белгілері мен айырмашылығын түсіндіру және келешекте жұмыс жасау үшін бағдар беру. 26.05.2022 ж. ПШО-ның ұйымдастыруымен мектептердің жыл бойы атқарылған жұмысына есеп беру және келесі оқу жылына мақсатты айқындау бойынша онлайн-кездесу өтті. Ұсыныс: барлық Жетекші мектептер үшін облыстық оқу-әдістемелік орталығына бір үлгіде жұмыс жоспарын ұсынуға өтініш беру; Серіктес мектептері жұмысының белсенділігін арттыруға ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: |