Назар аударыңыз!
Пайда болу фактісі пайда болу, көріну, құрылу, қалыптасу, орнау (глаголы обозначающие
факт возникновения) сияқты етістіктерімен беріледі. Субъектінің (көңіл күйінде, ойында
бір нәрсенің пайда болуы пайда болды, ой туды, оянды, орнады, қалыптасты т.б. сияқты
етістіктерімен беріледі.
Мысалы: қызығушылық пайда болды, ой туды, сенім пайда болды, үміті оянды, күдік
туды /пайда болды, пікір қалыптасты.
378-жаттығу. Диалогты толықтырыңыз. Жауап репликаларында пайда болу (глаголы
возникновения) етістіктерін пайдаланыңыз.
Үлгі: - Сен Айжанның бізбен жұмыс істейтініне күдіктенетін сияқтысың?
- Иә, онымен сөйлескеннен кейін менде де бір күдік пайда болды.
1. - Греция тарихына қашаннан бастап қызықтың, мектепте ме?
2. - Сіздің баяндамашыдан бір нәрсе сұрағыңыз келді ме?
3. - Жұмысты уақытында тапсыратынымызға сенімдісіз бе?
4. - Жаңа жоба мазмұны бойынша сұрағыңыз, ұсынысыңыз бар ма?
5. - Сіз мына банкке сенімдісіз бе, жоқ әлде күдігіңіз бар ма?
157
Достарыңызбен бөлісу: |