Назар аударыңыз!
Іс-әрекеттің әр түрлі фазалары бастау, жалғастыру, аяқтау, тоқтату, тастау сияқты
етістіктермен беріледі.
385-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Іс-әрекеттің әр түрлі фазаларын білдіретін сөз тір-
кестерін табыңыз.
Мен сұрақтарды зерттей отырып, баяндамаға дайындала бастадым. Кішкене бала ерте
сөйлей бастады, ол әлі бір жасқа толған жоқ. Апайым сабаққа дайындала бастады. Ол үзіліс
болмай-ақ лекциясын аяқтады. Салтанат машина жүргізуді үйрене бастады. Түстен кейін
жаңбыр жауа бастады. Дала тып-тыныш, жел басылды. Ол бір нәрсе есіне түсті де жазуын
тоқтатты.
386-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз. Сұраған нәрсені енді ғана бастағаныңызды, не-
месе аяқтағаныңызды айтыңыз.
Үлгі: Сен баяндама үшін материал жинап болдың ба? – Жоқ, мен енді ғана жинай баста-
дым. // - Жоқ, мен әлі аяқтаған жоқпын.
1. – Журналды қарап шықтың ба?
2. – Мақаланы аударып қойдың ба?
3. – Мен берген кітапты оқып шықтың ба?
4. – Бағдарламаны жаздыңыз ба?
5. – Есепті тапсырып қойдыңыз ба?
387-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз. Сұраған нәрсені әлі жалғастырып жатқаныңыз-
ды немесе оны істеуді қойғаныңызды айтыңыз (скажите, что вы продолжаете делать то,
о чем вас спрашивает или перестали делать это).
1. – Сен әлі ашық хаттар түрін жинайсың ба?
2. – Тамағың әлі ауырып жүр ме?
3. – Сен әлі лекциялардың бәрін жазып жүрсің бе?
4. – Сен әлі кактустарыңды өсіріп жүрсің бе?
5. – Сен әлі Айжанға өкпелеп жүрсің бе?
Достарыңызбен бөлісу: |