65
ғылымдарының ғалымдарына, бәрінен бұрын
математиктерге белгілі. Оның еңбектері
математиктер үшін өте бағалы. Орыс ғалымы К.А.Тимирязевтің де есімі
көпке белгілі.
Оның «Өсімдіктер өмірі», «Өсімдік фитологиясы» деген еңбектері биологтар және агро-
номдар үшін
өте құнды. Әсіресе, мамандар үшін «Өсімдіктің құрғақшылықпен күресі» де-
ген еңбегі
мамандар үшін өте қызық. Ғалымның кеңестері бүгінгі
мамандарға да пайдалы.
32-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сұрақтарға жауап
беріңіздер.
1. Қазақстан өзендері неге бай? (әр түрлі тұздар)
2. Шөл аймақ неге кедей? (су, өсімдік)
3. Микроорганизмдер қандай сәулеленуге сезімтал? (радиоактивті сәулелену)
4. Вольфрам (W) қандай температураның әсеріне төзімді? (жоғары температураның
әсері)
33-жаттығу. Предикатқа қатысты сөз тіркестеріне сұрақ қойыңыздар.
Хлорофильдің жасыл пигменті қанның қызыл пигментіне жақын. Нерв клеткалары – ми-
дың негізгі элементтері – көлемі бойынша әр түрлі, құрылымы бойынша ұқсас. Көктемгі
көкөністер әр түрлі витаминге бай. Дельфиннің миы құрылымы бойынша адам миына
ұқсас. Бірінші ғарышкердің есімі әлемге белгілі. Осы тәжірибенің нәтижесі практика үшін
маңызды. Тік бұрыш 90°-қа тең. Үш бұрыштың биіктігі – оның табанына перпендикуляр.
34-жаттығу. А)Бай, кедей, қызық, даңқты т.б. сын есімдерді пайдаланып, туған қалаңыз
туралы әңгімелеңіздер.
Б) Өзіңіздің еліңіз туралы келесі жоспар бойынша әңгімелеңіз.
1. Географиялық жағдайы. 2. Климаты. 3. Су ресурстары. 4. Пайдалы қазбалары. 5. Қиын-
дықтары және оны жеңуі.
Достарыңызбен бөлісу: