68
2. – Анна, сен Абайдың қанша өлеңін қазақша оқыдың?
–
Үш өлеңін жатқа білемін, ал
онын оқыдым.
3. – Сәуле, Нобельдің Нобельдік қорда қанша ақшасы қалды? Білесің бе?
– Қазіргі курс бойынша 62 миллион фунт стерлинг.
4. – Раушан, Халықаралық Нобель сыйлығының лауреатына сыйлық ретінде қанша
қаржы беріледі?
– Иә, бір жерден оқығанмын. Нобель қорына түсетін түсімге байланысты.
5. – Ал халықаралық Король Файсал сыйлығының лауреаты қанша қаржы алады?
– 200 мың АҚШ доллары.
47-жаттығу. Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен құрамында есептік сан есімді объектілік мағына-
сы бар конструкцияны табыңыз.
Нобель 350-ден астам жаңалық ашты. Нобель қоры 600-ге жуық адамды марапаттады.
Дүние жүзіндегі ең үлкен әуежай АҚШ-та орналасқан. Чикаго әуежайы жылына 56 мил-
лион жолаушы өткізетін көрінеді.
Пеле – 1363 ойында 1281 доп соққан әлемдегі үздік шабуылшы.
Достарыңызбен бөлісу: