Ұзақ мерзімді жоспар тілдік мақсаттар туралы Орта мерзімді жоспар 7


Дене шынықтыру. Негізгі мектеп. 7-сынып



бет30/59
Дата03.12.2023
өлшемі141.87 Kb.
#485304
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59
Оку жоспары Дене шыныктыру 7 сынып (1%

Дене шынықтыру. Негізгі мектеп. 7-сынып

5-тарау: Шаңғы/кросс/коньки даярлығы

Ұсынылатын алдын ала білімдер

Оқушылардың алдыңғы тарауларда және сыныптарда, сондай-ақ үйде және мектеп бағдарламасынан тыс алған жылдамдық-күш даярлығы мен
төзімділігіне қатысты алдын ала білімдері мен дағдылары бар.

Контекст

Бұл тарауда оқушылар жақсы физикалық даярлық құрамдастарына (күш, жылдамдық, төзімділік) бағдарланған дене жаттығулары арқылы жүгіру шыдамдылығына қатысты өздерінің негізгі тұжырымдамалары мен мәселелерін талдайды және дамытады.

Бұл тараудың тілдік мақсаты
Оқушыларға арналған тиісті ғылыми/мектеп терминологиясы бар тілдік мақсат мысалы оқушыларға осы тараудың пәнді меңгеру мақсаттарына жетуге көмектесу үшін төменде беріліп отыр.

Оқудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз
тіркестері

Оқушылар:
дене жаттығулары денсаулықты нығайтуда төзімділікті дамытуға қандай үлес қосатыны жайлы өз түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:
тынығу сәтіндегі тамыр соғысы, жұмыс тамыр соғысы, қалпына келу сәтіндегі тамыр соғысы жүрек-қан тамыр жүйесі
ширату, қалпына келу техникасы
орнында жүгіру, ауыспалы бір адымдық жүріс, көтерілу, бұрылу
«соқа тәрізді» тежелу, сырғанау, кідіріс даярлық күйінің құрамдастары (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік)

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай дене жаттығулары сендердің көңіл- күйлеріңе және жақсы сезінулеріңе әсер етеді? Сендер жаттығуларды төмен, орташа және жоғары орындау қарқындылығы арасындағы айырмашылықты қалай түсінесіңдер?
Сендер бұлшық еттер жиырылған кезде өздеріңді қалай сезінесіңдер?
Әр түрлі бұлшық еттер топтарына арналған дене жаттығуларын әр апта сайын неліктен орындау
қажет?

Басқа да тілдік оқу мақсаттарын қалыптастыру және оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулар алу әрі ғылыми тілді зерттеу үшін
жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» қараңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет