Ұзақ мерзімді жоспар тілдік мақсаттар туралы Орта мерзімді жоспар 7


Дене шынықтыру. Негізгі мектеп. 7-сынып



бет49/59
Дата03.12.2023
өлшемі141.87 Kb.
#485304
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59
Оку жоспары Дене шыныктыру 7 сынып (1%

Дене шынықтыру. Негізгі мектеп. 7-сынып

8-тарау – Жеңіл атлетика арқылы белсенді өмір салты

Ұсынылатын алдын ала білімдер

Оқушылар жеңіл атлетика мен денсаулық тұжырымдамасы туралы алдын ала білімдерді меңгерген, сондай-ақ алдыңғы сыныптарда және мектептен тыс алған дағдыларға ие.

Контекст

Бұл тарауда оқушылар бірлескен жұмыс және атлетикалық жарыстар шеңберінде өздерінің жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын жетілдіреді. Олар негізгі денсаулық түсініктерін зерттейді және оларды физикалық белсенділікте қолданады.

Бұл тараудың тілдік мақсаты
Оқушыларға арналған тиісті ғылыми/мектеп терминологиясы бар тілдік мақсат мысалы оқушыларға осы тараудың пәнді меңгеру мақсаттарына жетуге көмектесу үшін төменде беріліп отыр.

Оқудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз

Оқушылар:

  • атлетикадағы қозғалыс белсенділігіне қатысты өз түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

  • екпін алу, итерілу, ұшу, қону

  • физикалық қасиеттер: күш, жылдамдық, төзімділік

  • лақтырулар: итеріп лақтыру, итеру, жоғары лақтыру

  • ұшу сатысы

  • қауіпсіздік, қауіп-қатер

  • сөрелік екпін алу, қашықтық бойымен жүгіру, мәреге жету

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Секіру біздің жүрек соғысымызға қалай әсер етеді?

  • Сабақтарда қандай қауіпсіздік ережелеру болуы тиіс?

  • Оқушылар лақтыруларды орындайтын жаттығуларда қауіп-қатерлерді қалай

қысқарта аласыңдар?

Басқа да тілдік оқу мақсаттарын қалыптастыру және оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулар алу әрі ғылыми тілді зерттеу үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» қараңыз.

Қысқаша шолу

Бұл тараудың шеңберінде оқушылар бірқатар атлетикалық жаттығулар орындау кезінде жеке қозғалыс дағдыларын жетілдірумен жұмыс істейді. Жүгіруді, секіруді және лақтыруды зерттеуге ерекше назар аударылады. Сондай-ақ әр түрлі лақтыру түрлері қарастырылады.
Оқушылар бірлесе шағын топтарда жұмыс істеп, атлетикалық жаттығулар мен жарыстарды ойлап шығарады, сақтайды және жүргізеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет