Зайсан ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы



жүктеу 127.93 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі127.93 Kb.
Зайсан ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Анықтама

Ауыл шаруашылығы
Мал шаруашылығы

Аудан көлемінде 10013,5 тонна ет, 36920,2 тонна сүт, 3537,6 мың дана жұмыртқа, 231 тонна жүн өндірілді.

Аудан бойынша ірі қара саны 59989 басқа жетіп, 2008 жылдан (57263 бас) 2726 басқа немесе 4,8% өсті. Қой мен ешкі саны 147495 бас болып, өткен мерзімнен (146803) 692 басқа немесе 0,5% өсті. Жылқы 11274 бас, өткен уақытпен салыстырғанда (10820) 454 басқа немесе 4,2% өсті, құстар саны 32628 басқа жетіп, өткен мерзіммен салыстырғанда (28948) 3680 басқа (12,7%) артты.

Өсім

Өткен жылмен салыстырғанда ет 0,4%, сүт 1,7%, жұмыртқа 7,6%, жүн 7,1% артық өндірілді.



Төмендеу себептері

Ет өндіруде Дайыр,Қарабұлақ және Кеңсай ауылдық округтерінде өнім өткен жылмен салыстырғанда тиісінше 214,3 тонна (16,6%-ға), 46,4 тонна (5,1%-ға) және 84,3 тонна (7,9%-ға) азайған, өсім аталған ауылдық округтерден басқа округтер есебінен болған. Сондай-ақ сүт өндіруде Дайыр округінде өнім 40 тоннаға (1%-ға), Кеңсай округінде 152,3 тонна (3,5%-ға), Біржан округінде 355,7 тоннаға (8,6%-ға) кеміген. Дайыр округінде өнімнің азаюының негізгі себебі - ауру таралуынан мал басының кеміп кетуі. Бұл округте ірі қара саны 603 басқа (8,5%-ға), қой-ешкі саны 3821 басқа (23,9%-ға) азайып кеткен. Қарабұлақ және Кеңсай округтерінде мал басы азаймағанымен өнімділік төмендеген, мал тұқымын асылдандырып, өнімділігін көтеру жұмыстары жоқ. Дайыр, Біржан округтерінде ірі қара малының аналық басы тиісінше 361 басқа (12,6%-ға) және 239 басқа (9,8%-ға) кеміп кеткен, бұл өз кезегінде өнімнің азаюына себеп болған.



Өсімдік шаруашылығы

Өсім

8300 тонна дәнді астық, өткен жылғымен салыстырғанда 361,5%, 3746 тонна майлы дақыл (126,3%),15970 тонна картоп (166,8%), 10250 тонна көкөніс (148,7%), 4020 тонна бақша өнімдері (186,8%) өндірілді. Дәнді дақылдар өнімі барлық округтерде өсім көрсетіп отыр. Дәнді дақылдардың егістік көлемі Зайсан қала округі бойынша 120 гектарға (55,3%), өнімі 57 тоннаға (42,9%), Қаратал округінде 117,5 гектарға (14,0%), Айнабұлақ округінде 8 гектарға (4,0%) кеміген.



Төмендеу

Майлы дақылдар алқабы Зайсан қала округі бойынша 140 гектарға (64,5%), өнімі Қаратал ауылдық округі бойынша 491 гектарға азайып, өнім 235,8 тоннаға (19,4%-ға) кеміген, Қарабұлақ округінде 280 гектарға, өнімі 151,4 тоннаға (95,0%) азайған. Қаратал және Біржан округтерінде көкөніс өнімдерінің көлемі тиісінше 107,3 тоннаға (11,6%) және 121 тоннаға (29,7%) азайған. Қарабұлақ және Айнабұлақ ауылдық округтерінде бақша өнімдерін өндіру тиісінше 23 тоннаға (3,6%) және 402 тоннаға (75,8%) төмендеген.

Жыл көлемінде аудан халқын қамтамасыз етуге қажетті тауарларды өндіруге байланысты жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді. 2009 жылы аудан халқы астық өнімдерімен 102%-ға, етпен 348%-ға, картоппен 174%-ға, көкөніспен 186%-ға, өсімдік майымен 171%-ға қамтамасыз етіліп отыр.

Ауылшаруашылық өнімдерімен халықты жыл көлемінде қамтамасыз ету үшін 35 шаруа қожалықтарымен 3 жақты (ауыл әкімі, шаруа қожалығы, ауылшаруашылығы бөлімі) келісімшарт жасалды. Жаңадан 5 қойма салынып іске қосылды. Бүгінгі күні аудан бойынша 366 тонна картоп, 141 тонна капуста, 63 тонна сәбіз, 18 тонна қызылша қоймаларда сақталуда. Әр сенбі күндері муниципалдық базарда жәрмеңке ұйымдастырылып, өнімдер жоспарлы түрде саудаланып, бағаны ұстап тұруға ықпалын тигізуде.



Өнеркәсіп

2009 жылы Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары 1748,0 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, табиғи көлем индексі өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 118,0% болды. Тау-кен өндірісінде «Сайқан» ЖШС-і 49,3 мың тонна көмір өндірді, өткен жылмен салыстырғанда табиғи көлем индексі 100,0% болды. Өнім көлемінің өспеуіне кәсіпорынның Зайсан шекара жасағын көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі тендерде тапсырысты ала алмауы себеп болды. Кәсіпорын өндірісті ұлғайту үшін ауданнан тысқары аймақтарға да, оның ішінде көрші аудандарға, ҚХР-ға тауар шығаруға тырысуы қажет. Өңдеу өнеркәсібінде «Балық Продукт Восток» зауыты 805 тонна балық өнімдерін өндіріп, былтырғы жылмен салыстырғанда табиғи көлем индексі 100,1% болды. Кәсіпорынның толық қуатында жұмыс істеуге жетісуіне балық шикізатының аздығы қолбайлау болуда. Келешекте осы мәселені түбегейлі шешу жолдарын қарастыру керек. «Зайсан сулары» кәсіпорыны минералды су өндіру көлемін 126,4 мың литрге төмендетіп жіберген, өткен жылмен салыстырғанда табиғи көлем индексі 66%. Өндірістің төмендеуі дайын өнімге сұраныстың азаюы себепті болып отыр. Зауыт өнімі бәсекелестердің арзан өнімдеріне шыдас бере алмауда. Сондықтан кәсіпорын басшылығына өнімнің өзіндік құнын азайту, тауар өткізу аймағын кеңейту жөнінде жұмыстар атқару қажет. «Зайсан» ККМ кәсіпорыны 571,4 мың текше м. табиғи су өндірген, бұл 2008 жылғыдан 66,6 мың текше м. кем, табиғи көлем индексі 89,6%. Өнімнің азаюының негізгі себебі тұтынушылардың су өлшегіштерді қолдануының артуы. Өнеркәсіп өнімдерінің басқа түрлерінен өсім бар.



Бюджет

Аудан бюджетінің 12 айдағы өз кірістерінің болжамы 350,0 млн теңге орнына 351,4 млн теңге болып 100,4 пайызға орындалды. Бұл өткен жылғыдан (344,6 млн теңге) 6,8 млн теңгеге немесе 102,0% артық. Әлеуметтік салық болжамы бойынша 114314 мың теңге орнына 113052 мың теңге түсіп, орындалуы 98,9% болды. Сонымен бірге жер сатүдан түсетін түсімдер болжамы 13687 мың теңге орнына 8512,7 мың теңге түсіп, орындалуы 62,2% болды. Салықтар мен төлемдердің басқа түрлерінен болжам 100,1%-тен 147,8 %-ке дейін асыра орындалды. Ауылдық округтер әкімдері өздеріне бекітілген мүлік, жер, көлік салықтарының жоспарын толық орындауға жетісті.

Бюджеттің шығыс бөлігі 2010 жылдың 1 қаңтарына 2133641,9 мың теңге немесе 99,9% құрады. Өткен жылы шығыстар 1539052,8 мың теңге болып, орындалуы 99,6% болған.

Бюджетке берешектерді азайту жұмыстарының нәтижесінде сомасы жыл басымен салыстырғанда 900 мың теңгеге немесе 84,1%-ға азайтылып, 2010 жылдың 1 қаңтарына 164 мың теңге болды (әрекетсіз салық төлеушілер есебінде).



Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар.

Жыл басынан жұмыссыз ретінде 647 адам тіркеліп, 410 адам әр-түрлі жұмыстарға орналастырылды, орналастырылғандар саны 2008 жылғыдан 46 адамға (112,6%) артық.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша жаңадан 665 жұмыс орындары ашылды. Оған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 532 адамға жұмысқа тұру үшін жолдамалар берілді. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсында 31 жұмыссыз оқып, 29-ы жұмысқа орналастырылды. Жыл басынан жаңадан 222 жұмыс орны ашылды, бұл 2008 жылғыдан 12-ге артық (105.7%). Ақылы қоғамдық жұмыстарға 455 адам жіберілді.

Жыл аяғында жұмыссыздар саны 195 адамды құрады, бұл жыл басындағыдан 53 адамға кем (78,6%).


Құрылыс
Зайсан қаласы Спамбетов көшесіндегі 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйге республикалық бюджеттен 2008 жылы 46840,0 мың теңге бөлініп игерілсе, 2009 жылы 195288,0 мың.теңге бөлініп, қараша айына дейін 185288,0 мың теңге игерілді. Құрылыс жұмыстары биылғы жылы толығымен аяқталады.

Зайсан қаласы Спамбетов көшесіндегі 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің инженерлік жүйе құрылысы бойынша берілген 17041,0 мың теңге толығымен игерілді.

Зайсан қаласындағы орталық «Сайқан» стадионына күрделі жөндеу жұмыстарына 2008 жылы 24,6 млн. теңге қаржы игерілсе, биылғы жылы жергілікті бюджеттен 7487,0 мың теңге қаржы бөлініп, нысан пайдалануға берілді.

Мердігер ЖШС «Топаз» мекемесі Зайсан ауданы Какен-Талды ауылында ауыз су скважинасын бұрғылау жұмыстарын жүргізді, бөлінген 3100,0 мың теңге қаржы толығымен игеріліп, құрылыс жұмыстары аяқталды.

Зайсан қаласының қатты қалдық төгетін, утилизация жасайтын орынға 2008 жылы жергілікті бюджеттен 5500,0 мың теңге қаржы бөлініп, 2009 жылы техникалық-экономикалық ұйғарым және жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, құжаттар толығымен жасалды. Сметалық құны 82,3 млн. теңге.

Зайсан ауданы Біржан ауылының су алатын орынына электр жүйесін тарту және оң жақ жағалауына салынатын су құбырлары жүйесінің құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына 2008 жылы жергілікті бюджеттен 2352,0 мың теңге игерілсе, биылғы жылға 860,0 мың теңге қаржы толығымен игеріліп, құжаттама алынды. Сметалық құны 115,05 млн. теңге.

Зайсан қаласы Спамбетов көшесіндегі №2 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына 2008 жылы 4287,8 мың теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттама толығымен аяқталып алынды. Сметалық құны 339,153 млн. теңге.

Зайсан қаласында жеке меншік тұрғын үйдің инженерлік жүйе және коммуникация құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына 2008 жылы 6700,0 мың теңге қаржы бөлінген, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде, сметалық құны 476,0 млн. теңге.

Зайсан қаласының су жүйесін қайта жаңғырту жұмысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Сметалық құны 653,637 млн. теңге.

Сонымен қатар облыстық құрылыс басқармасы арқылы Зайсан қаласында 600 орындық мектеп (интернатымен) құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтуде, және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында Зайсан қаласының ластанған суды әкету және тазалау ғимараттарының құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттама жасалуда.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 22 сәуір 2008 жылғы № 6-3 шешімімен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға» арналған бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2008 жылы пайдалануға берілген үйлердің жалпы ауданы 4601 ш.м. болса, 2009 жылы 5233 ш.м. болды немесе 113,7% артық.


Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары
Зайсан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша Қарабұлақ, Кеңсай ауылдарының су құбырларын ағымдағы жөндеуге 1500,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.

Зайсан қаласының Спамбетов көшесіндегі канализацияны ағымдағы жөндеуге 4293,595 мың теңге қаржы бөлініп толығымен игерілді. Қарабұлақ ауылы су құбырының насосына 300,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.

Қарабұлақ ауылының су құбырын жөндеуге 796,0 мың теңге қаржы бөлінген.

Айнабұлақ ауылының су құбырын жөндеп линия тартуға 670,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында 98,092 млн. теңге қаржы жергілікті «Омск - Майқапшағай - Жарсу -Бақасу - Саржыра» – 31 км жолдарын ағымдағы жөндеуге бөлінді. Осы қаражаттың 69,439 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 28,653 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді.

Біржан, Кеңсай ауылдарының су құбырларын күрделі жөндеуге 25 млн.теңге қаралып, 24,8 млн. теңгесі игерілді.

Жергілікті жолдарды қалыпты жағдайда ұстауға 10647,0 мың теңге қаржы бөлініп игерілді. Жол белгілерін қоюға 2550,0 мың теңге бөлініп толығымен игерілді.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Ауданда шағын және орта бизнесті дамытуға аса мән берілуде. 2008 жылы 1942 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркеліп жұмыс жасаса, 2009 жылы оның саны 2040 бірлікті құрап, 11,2%-ға артты.

Жыл қорытындысында тіркеудегі шағын және орта кәсіпорындар саны 67 болды, бұл 2008 жылғыдан 3 бірлікке артық, немесе 104,7%, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандарының саны 33-тен 36-ға көтеріліп, өсім 109,1% болды.

Шағын кәсіпкерлік субьектілерінен 118,370 млн. теңге салық түсіп, алдыңғы жылға қарағанда көлемі 29,2%-ға артып, бұл ауданның өз кірісінің 33,7%-ын құрады.

2010-2012 жылдарға аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің 786,7 млн. теңгенің инвестициялық жобалардың іс-шаралар жоспары жасалынып, аудан әкімімен бекітілді. 2009 жылы ауданның шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің бизнес-жобалары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұсынылып, «БТА Банк» Зайсан аудандық бөлімінен 12 кәсіпкер барлығы 64 млн. теңгенің несиесін алып, қаржыландырылды.

Аудан халқына шағын бизнес саласынан 6 базар, 159 сауда үйлері мен дүкендері, 4 тойхана, 22 кафе, 8 асхана, 12 шаштараз, 5 тігін шеберханасы, 6 аяқ киім жөндеу шеберханасы, 7 қонақ үй, 3 көпшілік монша, 4 фото салон, 1 косметикалық қызмет көрсету салоны, 1 аудио- видео жөндеу шеберханасы, 2 ұялы телефон жөндеу шеберханасы, 4 компьютерлік қызмет көрсету орны, 3 тіс емдеу кабинеті, 8 жанар-жағар май құю станциялары, 1 пима басу шағын цехы, 12 май сығу цехы, 24 наубайхана, 2 халыққа техникалық қызмет көрсету орталығы, 8 автокөлік жөндеу шеберханасы, 17 дәріхана, 2 ветеринарлық дәріхана қызмет көрсетеді.

2009 жылы 1 кафе, 1 жанар-жағар май станциясы, 1 сауда үйі, 3 сауда дүкені, 1 дәріхана, 2 шаштараз, 1 тойхана ашылды.

Ауданда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға жер учаскелері үнемі кедергісіз берілуде, 2009 жылы осы мақсатқа 10 кәсіпкер жер учаскелерімен қамтылды. Алкоголь өнімдерін саудалау үшін лицензия алу жөнінде жұмыстар жүргізіліп, 10 кәсіпкер жаңадан лицензия алды.

Зайсан ауданы бойынша бағаны тұрақтандыруға байланысты аудандық құнсыздану үдерістеріне бақылау жасау жөніндегі штаб отырысы тұрақты өткізілуде. Азық-түлік, өндірістік тауарларының, көкөністің, жанар-жағар май өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп, қадағалануда.

Аудан бойынша азық - түлік, көкөніс және тағы басқа тауарлардың бағасын түсіру және тұрақтандыру үшін үстеме бағаны 10%-дан асырмай тұтынушыға сату туралы барлығы 216 меморандум жасалды. Бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде және тұрақты бақылауда.
Білім беру
Зайсан ауданында 2009 жылы мектеп жасындағы бала саны - 6904. Олардың 1042-і үздік, 1909-і екпінді, үлгермеуші оқушы жоқ. Үлгерім-100% , сапа-47%. 2008 жылы мектеп жасындаға бала саны - 7141. Олардың 1034-і үздік, 1843-і екпінді, үлгермеуші оқушы жоқ. Үлгерім - 100% , сапа - 41%. Бұдан 2009 жылы мектеп жасындағы бала санының 237-ге азайып, ал білім сапасының 6% артқандығы көрініп отыр.

Ауданнан 20 оқушы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып, 8-і қазақ тілі, тарих, физика, математика, химия пәндері бойынша жүлделі орындарға ие болды. 12 бастауыш сынып оқушылары облыстық олимпиадаға қатысып, 7 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Республикалық , облыстық интеллектуалды конкурстардан жүлдегер болған 9 оқушы Республикалық «Балдәурен» оқыту-сауықтыру санаторийінде дем алды.

5 - 7 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. Тестілеуге сұраныс берген 517 оқушыдан 514 -і қатысып, 2 оқушы денсаулығына байланысты, 1 оқушы ҰБТ өткізу тәртібін бұзғаны үшін қатыстырылмады. Аудан бойынша орташа балл - 73,1 болып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 балл артық.

Мектеп бітірушілердің 303-і жоғарғы және арнаулы оқу орындарында мемлекеттік грантқа ие болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға өсіп отыр.

Аудан бойынша 27 мектептің жанынан сауықтыру лагерлерінде 1776 бала сауықтырылды. 9 аз қамтылған жанұя балалары «Бөбек» сауықтыру орталығында дем алып қайтты.

Ауданның 29 мектебінде оқушыларға ыстық және буфеттік тамақ ұйымдастырылып, 2466 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. 1 -4 сыныптарда 2404 оқушының барлығы тегін ыстық тамақпен тамақтанады, бұл 100%-ды құрайды Аудан мектептерінде ыстық тамақ құнын арзандату, бастауыш сынып оқушыларын 100 пайыз ыстық тамақпен қамту мақсатында 2009 жылдың жазғы уақытында оқушылардың өндірістік бригадалары құрылып, 26 мектепте 66 га жерге бақша дақылдарының түрлері (картоп - 19,05 га, орамжапырақ -5,88 га, қызылша - 5,75 га, сәбіз - 7,44 га, бұрыш - 0,15 га, сарымсақ - 3,34 га, қызанақ - 0,125 га, бидай - 14 га, күнбағыс - 10 га) әртүрлі көкөністер салынып, игерілді.

Жылдар бойы өзекті мәселе болып келген мектеп-интернат балаларының жатақханасы 2009 жылы толық шешімін тапты. Мектеп интернат балаларының жатақханасына ғимарат сатып алынып, пайдалануға берілді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі есебінен 5,5 млн. теңгеге қажетті құрал-жабдықтары сатылып алынды.

Мұғалімдер құрамы жас кадрлармен толығып, жаңадан 23 жас маман қабылданды, оның 4-уіне 90 мың теңгеден көтерме жәрдемақы берілді.


Денсаулық сақтау
Ауданда медициналық қызметтің сапасын арттыру, материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында аудандық медициналық бірлестік құрылғаннан бері бірқатар ұйымдастыру іс-шаралары жүзеге асырылды. Жұмыс істеу тәртібі, медицина қызметкерлерінің функционалдық міндеттері қайта қаралып ренттелді. Қолда бар медициналық құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектерді тиімді, мақсатты пайдалануды қадағалау қолға алынып, жауапкершілік арттырылуда. Жаңадан рентген аппараты алынып, іске қосылды.

Ауданда барлық дәрігерлік амбулаториялар телефон жүйесімен және компьютермен толық қамтамасыз етілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан орталықтандырылып 5 МП (Көкжыра, Үлкен-Қаратал, Жарсу, Жамбыл, Шалқар) және Біржан дәрігерлік амбулаториясына телефон байланыс жүйесі орнатылды.

Аудан халқын дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында Семей медициналық академиясының 4 түлегімен үш жақты келісімшарт жасалды. Үш жақты келісім шарт негізінде олардың интернатура оқуының ақысы, 120 мың теңгеден көтерме ақылары төленді.
Мәдениет және спорт
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2 мәдениет үйі, 7 ауылдық клуб және 8 кітапхана жұмыс істейді. Халық театры, ұлт аспаптар оркестрі, «Айнакөл» халықтық ән-би ансамблі, «Ақ әжелер» ансамблі, «Тамаша» ойын сауық отауы және «Балауса» би тобы жұмыс істейді.

Шілікт мәдениет үйі, Кеңсай клуб үйі «Жол картасы» бойынша күрделі жөндеуден өтті, Қарабұлақ, Қаратал, Жамбыл ауылындағы клуб үйлері ағымдағы жөндеуден өткізілдіі.

Зайсан қалаасындағы орталық кітапхана «Жол картасы» бойынша ағымдағы жөндеуден өткізіліп қыркүйек айынан бастап пайдалануға берілді.

Аудандық мәдениет үйіне бюджет қаржысынан 2 млн. 200 мың теңгеге дыбыс күшейткіш аппаратура, 522 мың теңгеге «Мұрагер» халықтық ұлт аспаптар оркестрінің мүшелеріне ұлттық киімдер тіккізілді. «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС-нің демеушілігімен 500 мың теңгеге дыбыс өңдейтін студия сатып алынды. Мәдениет қызметкерлерінің қатары жас кадрлармен толықтырылуда.

Биылғы облыстық XIII спорт ойындарында ауданның құрама командасы ІХ орынды иеленді. Ат спорты бойынша спортшыларымыз 15 шақырымдық бәйгеде І орын, жорға жарысында ІІ орын, 10 шақырымдық бәйгеде ІV орын алды. Командалық жарыстарда армрестлингтен V орын, гир спортынан V орын, көкпардан VІ орын, жеңіл атлетикадан VІІ орын. Күресте бір спортшымыз 80 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын алды.

Аудандық экономика және

бюджетті жоспарлау бөлімінің

бастығы Г.Мухамадиева
2010 жылы атқарылатын жұмыстар
2010 жылға арналған аудан бюджетінің барлық кіріс бөлігінің нақтыланған жоспары 1 млрд. 978 млн. 431 мың теңгені құрайды. Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 400,6 млн. теңге болып бекітілді.

2010 жылы бюджеттен төмендегідей жұмыстарды атқару жоспарланған:

Зайсан қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысын бастауға аудандық бюджеттен 65 млн теңге бөлінді. Біржан ауылының су жүйесін салуға аудандық бюджеттен 30 млн теңге жұмсалады. Қаратал, Жарсу ауылдарының су жүйелері құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалады. Зайсан қаласының Боқажанов көшесін күрделі жөндеуге аудандық бюджеттен 7,8 млн теңге, қаланың канализация желісінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттар дайындауға аудандық бюджеттен 20,0 млн теңге, жазғы сауықтыру лагерін салуға 15,0 млн теңге бөлінді. «Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Октябрь-Омбы-Майқапшағай» жолының кіші сақина жолын жөндеуге «Жол картасы» бойынша 64,2 млн қарастырылған.
Ауылшаруашылығы бойынша жоспар
1. Егіс көлемін 1535 гектарға ұлғайтып, ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы өнімін 10 пайызға арттыру

2. мал басының ішінде асыл тұқымды мал үлесін ірі қара бойынша 0,5%-ға, қой-ешкі бойынша 4,7%-ға, жылқы бойынша 1,7%-ға жеткізу;

3. ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін 10%-ға арттыру;

4. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен әр сенбі күндері жәрмеңкелер өткізу, жыл көлемінде 55 тн.ет, 300 тн. көкөніс, 500 тн. картоп, 250 тн. күнбағыс майын саудалау;

5. ауыл шаруашылығында сақтандыру жүйесін дамыту;

6. ұлттық нормаға сай ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;



7. ҚР «Ветеринария туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес аудандағы 4 елді мекенде жеке кәсіпкерлер есебінен мал сою пункттерін салу;

8. жаңа жұмыс орындарын құру


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет