Зерттеу объектісіне
Ы.Алтынсарин қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы, халық педагогикасын қазақ арасынан алғаш қағазға түсіріп, жинастырған, білім дәрежесінде қалыптастырған адам. Алайда ол ұлттық мектеп идеясын ұсына алмады. Сондықтан да қазақ этнопедагогикасының ғылымға айналуы, біздің ойымызша, 1907-1927 ж. аралығында қалыптасты және оның ғылым дәрежесіне көтерілуіне қоғамдық-әлеуметтік салалармен бірге ұлттық тәлім-тәрбие ісінің дамуына атсалысқан қазақ зиялылары, атап айтқанда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы, т.б. болды. Бұндай тұжырым жасауымызға мынадай негіздер бар: педагогиканың ғылым ретіндегі мақсаты қандай деген сұраққа әдебиеттерде мынадай жауаптар бар: жеке тұлғаның жан-жақты даму мәселесін ғылыми зерттеу және оның заңдылығын түсіну; ақыл-ой, адамгершілік, дене, еңбек, эстетикалық, тәрбие мен политехникалық білім берудің жағдайы мен өзара байланысын зерттеу; Тәрбие-білім беру қызметінің теориясы мен методикасын жасау; Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, топтастыру және тәжірибеде қолдану; Педагогтарды алдыңғы қатарлы тәрбие және оқыту әдістерімен қаруландыру; Басқа ғылымдармен байланысын күшейту. Егер жоғарыда келтірілген мақсаттар педагогиканың құрамдас бөлігі болып табылатын, бірақ қамту шеңбері жағынан шектелгенімен міндеттері жағынан ұқсас болғандықтан этнопедагогиканың алдында да дәл осындай міндеттер тұр деп айтуға болады. Сондықтан да қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңін анықтайтын болсақ, онда жоғарыда айтылған міндеттерді шешу қазақстанда тек ХХ жылдардың бас кезінде қолға алынғанын көреміз. Этнопедагогика мәселесін зерттеген зерттеушілердің көпшілігі этнопедагогика жалпы педагогиканың негізгі принциптерін пайдалана отырып белгілі бір ұлттың алдында тұрған мақсатты жүзеге асыру үшін қажет ғылым екенін ұмытады. Сондықтан да біз қазақ этнопедагогика ғылымы ХХ ғ. басында қалыптасты деген ойымызды дәлелдеу үшін отарлық жағдайдағы қазақ қоғамының алдына нақты мақсат тек 1905-1907 жылдардағы орыс революциясынан кейін ғана қойылды деп айта аламыз. жүктеу/скачать 414 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |