Зерттеу объектісіне


Білім беру жүйесін жақсарту үшін



бет3/4
Дата25.02.2016
өлшемі414 Kb.
#19299
1   2   3   4

Білім беру жүйесін жақсарту үшін



жан-жақты дайындығы бар кадр мен жақсы қамтамасыз етілген материалдық –техникалық база қажет.



Жақсы кадр дегеніміз

Осы міндеттер қай уақыттан бастап жүйелі түрде қарала бастаса, сол кезеңде халықтық педагогика этнопедагогика ғылымына айналады.

Ал этнопедагогика ғылым ретінде қазақстанда қай уақытта қалыптасты деген сұраққа осы міндеттерді қай уақыттан бастап орындай бастады деген сұраққа жауап берумен дәлелдеуіміз керек.

Жоғарыда айтқанымыздай, қазақ халқы өзінің алдына жаңа міндеттерді бірінші орыс революциясы кезінде-ақ қойған болатын. Бұған дейінгі кезеңдердегі ағартушылық-демократиялық дәстүр-үлгілер жоғарыдағы есімдердің еңбек мұраларымен толыға, зорая түсті. Бұл ретте жас ұрпақтың адамгершілік сапасын арттыру, оған қатысты тәжірибе, өлшемдерді айқындау, әрі тәлім-тәрбие тақырыбы мен оқу жүйесін жетілдіру мақсатындағы әдістеме, оқулық үлгілері кітап түрінде жарыққа шыға бастады.

Олар: А. Байтұрсыновтың "Оқу құралы" (1912), "Тіл құрал" (1915), "Әліп-би" (1926), "Әдебиет танытқыш"(1926) , М.Дулатовтың "Есеп құрал" (1922), "Оқу құралы"(1924) , Х.Досмұхамедовтың "Табиғат тану"(1922) , "Оқушылардың сауаттылығын сақтау" (1925), "Адамның тән тірлігі" (1927) , "Сүйектілер туралы" (1928) М.Жұмабаевтың "Педагогика " (1923), Н.құлжанованың "Мектепке дейінгі тәрбие"(1923) , "Ана мен бала"(1927) , М.Әуезовтың "Әдебиет тарихы"(1927), "Новый аул" (1929) ,"Жеткіншек" (1930) т.б. оқулық кітаптары, сондай-ақ С.Асфендияров, қ.Жұбанов ,ғ.қарашев, С.қожанов, т.б. ғылыми- танымдық мұралары.

ХХ ғ. басындағы қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуына елеулі үлес қосқан азаматтардың бірі- Ахмет Байтұрсынов ірі ғалым –лингвист , әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін жасаған талантты көсемсөзші, туған халқының рухани дүниесін жандандырған ғұламасы. Ол қазақ этнопедагогикасының негізгі нұсқаларын зерлей зерттеп, талғай тауып, олардың ғылыми-теориялық негіздерін жасады.

А. Байтұрсынов қазақ ауыз әдебиетінің ұлттық-тәрбиелік мәнін жоғары бағалады. Ол 1895 жылы "Торғай газетінің" ( "Тургайская газета") 24 –қыркүйектегі N39 санында "қазақтың болжамдары мен мақалдары"( " Киргизские приметы и пословицы" ) мақала жариялап, онда шаруашылық жайына өнеге- нұсқа ретінде айтылған халық сөздерін (36 болжам) және даналық мақалдарды келтіріп, халықтың данышпандық тұжырымдарын тәлім-тәрбие ісіне пайдалануға ұсынады.

ұлттық педагогиканың ғылым ретінде дамып, қалыптасуы сол ұлтқа білім берумен, яғни оқумен, оқытумен, тәрбиемен байланысты деп пайымдаған данышпан А.Байтұрсынов , ең әуелі халыққа білім беру ісін қолға алып, жетілдіруді алдына мақсат етіп қойды.

Халыққа білім беру ісі үшін сол халықтың ( ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы қажет, әдебиеті мен мәдениетін дамытатын іс- әрекеттер мен саяси әлеуметтік жағдайлары болуы тиіс. Міне, осындай өзекті мәселелерге ғалым ерекше мән беріп, игі істерді алға бастыру үшін кедергілермен аянбай күресті.

Оқыту теориясын қазақ жағдайына бейімдеу үшін ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны іс-әрекетпен жүзеге асыруға басшы болды. Байын, кедейін айырмай, қазақты ғана сүйетін адал жүрек, ұлтжанды А.Байтұрсынов ауыл мектептерінде, семинарияларында халыққа білім беру, оны жетілдіру саласында көп ізденді, қажымай қайрат көрсетіп, қиындықтан да, өкімет тарапынан төнген қауіп-қатерден де тайсалмай қарсы тұрып , қайратты қаһарман болады.

Халық қамқоршысы 1913 жылы " қазақ " газетінде "Оқу жайы" деген басмақала жариялап, онда : "қазақ жерінде өндіріс жоқ , шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалатын өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік", -дейді.

Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1914 жылы "қазақ "газетінде жарияланған

" Бастауыш мектеп" деген мақаласында автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керек деген мәселе қойып , халық сауатын ана тілінде ашу мақсатын алға қояды.

Халыққа білім беру ісін ұлттық жазудан бастауды мақсат тұтқан лингвист ғалым 1912 жылдан бастап "жаңа емлені" ұсынады. 1913 жылы "қазақ " газетінің 34-санынан бастап кейбір дауысты дыбыстарды таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін жариялады. Одан кейінгі араб алфавитіндегі жуан дыбыстардың таңбаларын алмау, қазақ тіліндегі ы, е,и, о, ұ,у дыбыстарының әрқайсысына таңба бейнелеу, к,г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелік белгілерін дәйекті таңбалармен көрсету туралы ұсыныстар жасап,"төте оқу " қазақ балаларына жеңіл болатынын дәлелдеді.Сөйтіп, ғалым қазақ халқының ұлттық жазуын (араб емлесімен) қалыптастырды.

ғалымның 1912 жылы Орынборда басылған "қазақша әліппесі" ("Оқу құралы") халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралында әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсаттары көзделді.Мысалы: туысқан- туған, киімдер, ойын-ойыншықтар, тамақтар - сусындар, дене мүшелері, үй саймандары, ыдыс- аяқ, малдар аты, малдан басқа төрт аяқтылар, құстар, жер түгінің аттары (ағаштар,шөптер), жер жүзінің аттары, сан, жаңылтпаш, жұмбақ, мақалдар түзіліп берілді.1926 жылы бұл әліппенің жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды.

қазақ этнопедагогикасының бір негізі- ауыз әдебиеті десек, әдебиеттегі сөз өнері деп бағалаған Байтұрсынов сол сөз туралы, көркем сөздің қисындылығын үйрететін тіл құралын түзді. Филолог ғалым 1914 жылы қазақ тілінің морфологиясын, 1915 жылы фонетикасын, 1916 жылы синтаксисін баспадан шығарды. Бұл оқулықтар "қазақ тіл білімі" атты ғылымның негізі, бастау бұлағы, баянды бастамасы болды.

1923 жылы Мәскеуде "Ер Сайын" атты қазақтың батырлық жырларын бастырып шығарып, кітаптың алғы сөзінде, түсініктемелерінде батырлық жырлардың тәрбиелік мәнінің зор екенін дәйектеп, дәлелдеді.

ұлы ғұлама 1926 жылы жарияланған "Әдебиет танытқыш" деген кітабында қазақ әдебиетінің қызыл арқауы- ауыз әдебиеті екенін дәлелдеп, теорияны айқындайтын мысалдарды, негізінен, қазақ ауыз әдебиетінен алып көрсетті .

" Әдебиет танытқыш" атты осы оқу құралында А.Байтұрсынов өнерді бес тарауға: сәулет өнері, сымбат өнері, суреттеп көрсету өнері, әуез өнері, сөз өнері деп бөліп, содан сөз өнерін саралап талдайды да , сөз өнерінің ғылыми тұжырымдарын жасайды: "Бір нәрсе турасындағы пікірімізді , яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек , сол- сөз өнері болады"- деді.1

ұлағатты ұстаз, ғалым сөз өнерінде , соның ішінде ауыз әдебиетінде тіл қисыны (логика) ерекше роль атқаратынын басып айтады. " Тіл қисыны дегеніміз асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым. Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас" ,- дейді." 2 Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне , тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру , кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Ауыз әдебиетіндегі қайталау, арнау, шендестіру, дамыту, түйдектеу ( көп сөздің орнына бір сөзді пайдалану), бүкпелеу ( сөзді ашық айтпай , ұшығын ғана көрсетіп айту), кекесіндеу (сөзді кері мағынада қолдану) сияқты тәсілдердің көркемсөз өнеріндегі орнын айқындап, олардың әсерлі мәнін ашады. Сөз бен сөйлеу әуезділігі, ой оралымдары (себепті, мақсатты, ұқсатпалы, қайшы, шартты, жалғасыңқы, серіппелі, айырықты, қорытпалы) көркемсөз өнерінің негізгі арқауы екенін дәлелдеді.

Зерделі зерттеуші ауыз әдебиетінің салаларын: ертегі, аңыз әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, жыр, үміт өлең (мақтау, құттықтау), толғау, терме салаларына бөліп, әрбір салаға ғылыми тұжырымдама жасады. Мысалы: "Терме деп ат қойылуының мәнісі бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп тұрмай, көп нәрсені теріп, сөз қылып өтеді", - дейді1

Зерттеуші мысалдарды, ділмәр ( шешендік) сөзді, тақпақты, мақалды, мәтелді, ғұрып сөзді талдап, олардың ауыз әдебиетіндегі әсерлі, тәрбиелік мәні зор үрдістер салалары екенін дәлелдеп, тұрмыс-салт жырларындағы: тойбастар, жар - жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата сөздерінің поэзиялық ерекшеліктерін талдап көрсетіп, олардың тәрбиелік әсерлілік қасиеттерін айқындайды.

ғұламаның "Тіл жұмсар"(1928 ж.), "Ана тілінің әдісі", "Зерттеу мен сүгіреттілік әдісі туралы", "Жалқылауды жалпылау әдісі"(1927ж.) деген еңбектері қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасы болды. Оның жазу таңбаларын түсіндіретін "Баяншы" атты кітапшасы 1912 жылы, үлкендерге арналған "Сауат ашқыш" оқу құралы 1926 жылы жарық көріп, бүкіл ұлттық сауат ашу құралы болды.

Халқының оқу оқып, сауатты болғанын көксеген адамның бірі- Міржақып Дулатов. Міржақып қазақ халқының ұлы ағартушы ғалымы Ыбырай Алтынсарин ғұмыр кешкен топырақта туып өсіп, өз жерлесі Ахмет Байтұрсынов тәрізді Ыбырайдың ағартушылық дәстүрін мұрат тұтты.

қара құрттай қаптаған қарашекпенділерден қазақтың жуыр маңда құтыла алмайтынын білген ол , бодандықтың бас жібін білімді болғанда ғана үзетінін түсінген. Сондықтан ол қалың қауымды нақты іске шақыра отырып, оған өзі бас болып кіріседі.1902 жылдан бастап мұғалімдік қызметін атқара бастаған Міржақып сол кездің өзінде қазақ балаларына арналған оқу құралының тапшылығына көз жеткізе бастайды. Ыбырайдың "Хрестоматиясы" және бірен - саран еңбектердің ол күнде табылмастай болғаны қашан.

Сондықтан ол осы тапшылықтың орнын толтыру үшін 1911 жылы "қирағат" кітабын шығарады. Бұл жинаққа халық ауыз әдебиеті үлгілерімен бірге Абайдың, Ыбырайдың шығармаларын, ішнара "Жаз", "Жазғы кеш", "Шілде", "Күз", "қыс", "қоян", "қасқыр қысты қалай өткізеді", "Бұғы", "Піл", "Кит", "үй хайуандары", "Бөрік", "Күлкі сөз", "Оқу", "Нұрмаш пен Дүйсен", "Оқымысты бала", "Шалдың үш баласы", "Байлық" сияқты өз әңгімелерін енгізеді. Әсіресе "Айқұлақ", "Дүмпілдек", "Марламқаш" сияқты балалар ойындарын енгізуі қызғылықты - ақ.

М.Дулатов қазақ педагогикасында алғаш рет дидактиканың негізін қалаған адам. Ол қазақ оқушыларының гигиенасы мен әдеп, мінез - құлықтары жөніндегі шарттарды жазды, "қирағат" кітабындағы "Денсаулық жайынан" атты тарау жоғарыдағы мәселелерге арналған. Міржақыптың бүкіл ағартушылық қызметі оның өзін ғұмыр бойынша бақылауда ұстаған патшалық өктемдікке қарсы жұмсалды.1911 жылы маусымның 6-сы күні Семей қаласында Міржақыпты тұтқындаған кезде көптеген кітаптарымен бірге оның "тәртіп етіп жүрген қазақ балалары үшін 2 қирағат кітабы" да тәркіленген. Полиция кітаптің бүкіл басылымын қолжазбасымен қоса жойып жіберген. Патша өкіметінің қатаң қысым салуына қарамастан, ол 1914 жылы аталған оқулықты қайта бастырып шығарады.

Кітаптың 1914 жылғы басылымдағы "Мұғалімдерге" деген алғысөзінде ол былай деп жазады:" Сүйікті қазақ мұғалімдері! Міне, сол кездер керексінген қазақ тіліндегі оқу кітаптарының бірі осы кітап. Кемшілігі болса, көрсеткендеріңізге шын көңілімнен рахмет айтамын.

…Оқудан мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен қоса жақсы тәрбиені қоса беру. Тәрбие беру үшін қирағат кітабын оқытқанда құр қарасын ғана оқытпай, жоғарыда айтқанымыз секілді ішкі мағынасын да түсіндіруі тиіс.Баяндап оқытудың мәнісін тәжірибесіз жас мұғалімдер қирағат оқытудан мақсат қарпін танып, көрмей оқып кету деп біледі.Сондықтан 8-9 ай оқитын қирағат кітабын 3- айда оқып бітіріп қарап отырады…

Тәжірибесіз мұғалімдерді жоғарыда айтқан қателерден сақтау үшін кітаптың басынан түскеннен баяндап оқытудың мәнісі қалай болатынын мұғалім болып бір сабақты оқытып көрсетелік…"дей келе М.Дулатов сабақ берудің көрнекті үлгісін келтіреді.Сабақ берудің мұндай үлгісі мен әдіс-тәсілі туралы жазу қазақ педагогикасындағы жаңа , тырнақалды қадам еді.Ол өз ұстазы Ыбырай дәстүрін осылайша жемісті жалғастыра білді.

М.Дулатов өзінің әдістемелік нұсқауларында бастауыш кластағы білім беру жүйесінің ерекшеліктерін аша келіп, миссионерлердің, ұлы державалық шовинистердің неден аса сақтанғандығын батыл ашып көрсетіп, болашақ мәңгүрттіктің өрісін байқай білген:"Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсерлі, күшті, сіңімді болуы, қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғаттан жазылып, баяндап оқытудың асыл мақсұтына муафик үйретуден, осылай біліп, баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйреніп керекті мағлұмат алып шығады.Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың мектеп медресесінде оқыса да, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды.қайда болса да тіршілігінде қандай ауырлық, өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады…" Бұған кейбір қазақ зиялыларының ғұмыры толық дәлел боларлық.Мәселен, үлкен қоғам қайраткерлерінің өмірлеріне көз жіберсек, қай жерде жүрмесін (Санжар Асфандиярұлы – Австро-Венгрияда, Тұрар Рысқұлұлы Монғолияда, Нәзір Төреқұлұлы – Мысырда, Мұстафа Шоқай – Парижде, Міржақып болса Соловецск лагерінде) олардың өз тілі мен мәдениетін терең білудің арқасында ғана ел сүйіспеншілігіне бөленіп, елдің маңдай алды азаматтары болғандығын аңғарамыз.

Міржақып Дулатұлы – тұңғыш қазақ математигі. Ол алғашқылардың бірі болып қазақ шәкірттеріне "Есеп құралы" атты оқулық жазды. Осы кітап жөнінде қазақтың әйгілі ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы "қазақ" газетінің 1914 жылғы 80-санында былай баға берген болатын:"Бұл күнге шейін қазақ тілінде әліппе, қирағат кітаптары болса да, есеп кітабы жоқ еді. қазақша шыққан ең бірінші есеп құралы осы…Кітап ең соңғы жаңа тәртіппен шығарылып, таза қазақ тілінде қазақ емлесімен басылған, мысалдары да қазақ тұрмысынан алынған."

М.Дулатов ислам дінінің белгілі дәрежеде халықты ағартушылық бағытқа жетектейтін негіз бар деп есептейді. Бұл мәселеге орай профессор К.Бейсембиев былай деп жазады:"М.Дулатов –жер мен дін мәселесін шешу" - халықтың оянуының алғышарттарының бірі деп есептеді, көшпенділер арасына мешіт салдырып медресе ашуға шақырды, мұсылмандық шарттарын берік ұстанып жастар санасына дін рухын сіңіруді көздеді.Ол байларды мешіт пен медресе ашуға жәрдем беруге, мұсылман дінін берік тұтып, әр ауылда бір - бір молда ұстап, неке қию, ажырау, мұрагерлік, балаға ат қою, жаназа шығаруға дейінгі салттардың барлығын соларға өткіздірттіруге үндейді. Дулатов қазақстандағы діни басқарманың бүкіл иеархиялық системасының программасын жасады.

Бұл орайда мынаны баса айтқан жөн.М.Дулатов "мұсылмандық шарттарын берік ұстанып, жастар санасына дін рухын сіңіруді" басты мақсаты деп есептеумен қоса, ол көшпенділер арасында оқу-біл імнің тарағанын құптады. ғасырлар бойы дамып келе жатқан христиан дінінің шоқындыру әрекетінен қазақтың қалпын сақтап қалатын ислам діні деп ойлады.Ал, жалпы дін мен ғылымның мәселесіне келгенде ол ғылым жағын жақтады- ғылымның жақсылығын айтты, діннің кемшілігіне халықтың назарын аударды. "Дін қараңғылық қара түн мысалында болса,- деп жазды ол,- ғылым жарық күн мысалында.Түн мен күн табиғат заңы бойынша "жанаса бір-біріне жақын жүрсе"дін мен ғылым еш уақыт жанаса алмайды.

ғылым табиғаттың күштерін, жаратылыстану мінездерін тапа-тал түстің жарығында тәжірибелеп шегіп адам баласының көзін , көңілін аша берген…дін ғылыммен қайшыласыласып- әр уақытта, әр жерде адам баласының айналдырып бағына кедергі болған нәрсе. Дін адам баласына, адам қоғамдарына хатта жеке адамға аяқ-қолына тұсау ,басына томаға,көзіне шел болады…1

Бұл жерде М.Дулатовтың ескі қадімшеден гөрі, жаңа жадит жағында болғандығын да ескерген жөн. Оған Ресей құрамындағы түрік халықтарына жаңа ағартушылық бағыттағы жадит қозғалысын насихаттайтын,"Тәржіман" газетін шығарушы, ұлы түрік ағартушысы Ысмаил Гаспиринскийдің ілімі ерекше әсер етті.

Ол өзінің "Оян,қазақ!" кітабында молданың оқуын қатаң сынға ала отырып, қазақстанда тұңғыш рет медреседегі жаңа оқудың әдістемесін ұсынды:

Медресеге сайлансын екі молла,

Бірі оқытсын мұсылманша , бірі орысша.

Педагогия тәртібімен оқытса олар,

қазағым , кетер енді сонда алға.

Озат ағартушылық қозғалыс ретінде жадитше оқу мәселесін М.Дулатов өзінің " Бақытсыз Жамал " романында да қозғайды. Романның бас қаһарманы Жамал әкесі Сәрсенбай мен ауыл молдасының қатаң тыйым салуына қарамастан, усул жадит тәртібімен оқып, өз ортасындағы көзі ашық адам қатарына қосылып, ауылдың мақтанышына айналады.

М.Дулатов өзінің педагогикалық қызметінде ана тіліне зор мән береді. Оның пікірінше ана тілін, дінін, әдет- ғұрып мен салт дәстүрін берік сақтаған халық шын мәнінде білім мен мәдениетке қол жеткізбек.

1911 жылы "Шора" атты татар журналында қазақ тіліне байланысты үлкен пікірталас өрістеді. Біраз татар ғалымдары қазақтарға біржолата татар тіліне көшу керек деген пікір айтты. Пікірталасқа алғаш үн қосқандардың бірі М.Дулатов болды. Тіл мен әдебиет жөніндегі бұл пікірталас бірнеше жылға созылды. Ол өзінің "қазақ тілі хақында " атты мақаласында қазақ тілі мен әдебиеті де, татар тілі мен әдебиеті сияқты түркі мәдениетінің гүлденген бір бұтағы ретінде өмір сүруге мүмкіндігі бар екенін дәлелдеп берді.

Ахмет Байтұрсынұлының " Әліппесі", Міржақып Дулатұлының "Есеп құралы" кітаптарының басылып шығуы қазақ үшін үлкен оқиға болды . Бұл жылдары Міржақып " Жазу тәртібі" ("Айқап ", 1912, N8 ), " Тіл құралы"("қазақ", 1915, N93 ) сияқты өзекті мәселелерге арналған мақалалар жазады. " Эсперанто тілі" (эсперанто – халықаралық тіл) ("Айқап ",1913,N9 ) атты мақаласында ол жастарға былай дейді: "Оқыған һәм оқып жүрген, білімге дарынды қазақ жастарының "Эсперанто " тілі хақында хабарсыздарына түсіндіріп, бұл секілді керекті тілдің үйренулеріне мәслихат береміз…" Дәл осы жылдары М.Дулатов қазақ әдебиетінде тұңғыш әдеби портреттер сериясын жасайды . Оның Хазірет сұлтан ( Ахмет Иассауи), Абай, Шоқан,Ысмаил Гаспралы, Лев Толстой, Ақмолла, ғабдолла Тоқай, Ишанғали Арабаев, Григорий Потанин, Әбубәкір Диваев, Отыншы Әлжанов туралы мақалалары осының дәлелі. М.Дулатов тек теоретик- педагог қана емес, тамаша практикте болды. Ол ұзақ жылдар бойы әйгілі " ғалия" медресесімен тығыз байланыста болды.

М.Дулатов " ғалия " медресесінде болып, оқушылармен кездесіп, қазақ әдебиеті мен тарихы жөнінде дәріс оқып тұрды .

Ол " қазақ " газеті бас редакторының орынбасары, жауапты хатшысы бола жүріп педагогика ғылымына да зор көңіл бөлді.Міржақыптың "қазақ" газетінде жарияланған оқу-ағарту саласындағы мақалалары жайында екінші тарауда баяндағанбыз.

1917 жылы " Алаш " партиясының бірінші съезінде ол қазақстандағы оқу -ағарту жүйесінің дамуы жөнінде баяндама жасайды, қазақ мектептері мен оқу орындарының оқу бағдарламасы жөнінде өз жобасын ұсынады.

Кеңес өкіметі жылдарында ол қазақ оқу-ағарту институтында дәріс оқиды, газет редакцияларында жұмыс атқарып оқу-ағарту халық комиссариаты ғылыми кеңесінің мүшесі болады . Кез келген жиындарда қазақ тілі мен педагогикасы жөнінде сөз сөйлейді.

М.Дулатов түрлі оқу орындарында оқып жүрген өрімдей қазақ қыздары мен ұлдарын көріп жүрегі жарыла қуанады:

Шартараптан жиналыпсыз,

Жаңа талап жас ұлан.

ғылым туын қолға алыпсыз,

құттықтаймын, бас ұрам !

…Күнің туды қарыштап қал ,

қалма қапы қарағым.

Бәйгі атындай жарыс сап қал ,

Жасымасын талабың…

Оның ағартушылық еңбегі жөнінде 1925 жылы Орынборда шыққан "қазақстанды зерттеу қоғамының еңбектері" атты кітапта былай делінген: "М.Дулатов- публицист-энциклопедист қана емес, ұлан ғайыр ілім негіздерін меңгерген ғалым-энциклопедист те болатын."

Міржақыптың математика жөніндегі еңбектері кеңестік кезеңде де кең қолданылды. Республика халық ағарту комиссариаты М. Дулатұлының "Есеп құралын" қайта басып шығару жөнінде былай дейді: "Бұл оқулықтың мазмұны қазақ балалары өмір сүріп жатқан ортаның талғамына толық сай келеді. Мысалдар қазақтардың күнделікті тіршілігінен алынған. Кітапта балалар ұғымына ауыр келетін бірде-бір тапсырма жоқ . Есептердің барлығы бала жанына жақын, ұғынықты да түсінікті. Бұл аталған оқулықтың басты жетістігі. Оқулықты құрастыруда Міржақып қолданған тәсіл кезінде методист Гольденбергтің әдістерін қазақ жағдайына ыңғайластырады. Бұл кітаптың тағы бір жетістігі. Кітаптың жаңа басылымында бүкіл үнді цифрлары араб цифрларымен алмастырылған. Бұл кітап сапасын көтерді. Оқулықтағы есептер оқушыларға өз беттерінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасайды. Күрделі, оқушыларға ауыр тиетін тапсырмалар жоққа тән. Оқулықта 344 есеп бар, соңында ауырлау есептердің жауабы берілген… Мұның бәрі оқу құралының жоғары деңгейінің дәлелдері…"

Ол қазақ оқушылары мен студенттеріне арналған қазақ халқы тарихының оқулығын жазуды арман тұтты. 1923 жылдың 7-маусымында "Тілші" газетінде оның оқырмандарға үн қатқан "қазақ-қырғыз тарихы туралы" атты мақаласы жарияланады. "қазақстан Республикасының халық ағарту комиссариатының тапсыруы бойынша, дейді ол – орта дәрежелі мектептерде оқытуға лайықтап қазақ - қырғыз тарихын жазып жүрмін. Сол себептен тарихқа керекті кейбір мағлұматтарды елдегі кәріқұлақ қариялардан, білімді азаматтардан сұрауға тура келіп отыр. Маған керегі - қазақтың, қырғыздың анық шежіресі…" Мақала соңында ол он баптан тұратын сауалдарға жауап беруді өтінеді. Мәселен, алтыншы бапта былай деп сұрайды: "Сіздің уезде бұрынғы замандарда қандай атақты билер, шешендер, ақындар, батырлар, төрелер болған? Атақтары немен шыққан ? Олардан қалған үлгілі сөздер бар ма ? Бұрынғы соғыстар, жұттар себепті елдің қонысы ауғанда айтылған жырлар, өлеңдер бар ма?…" . Өз сөзін ол былай аяқтайды: " …Бұл хатты қазақ- қырғыз тілінде шығып тұрған газеттер, журналдар көшіріп басуын өтінемін. Бұл хат басылған газет, журнал қолжазба кеш тиді енді жіберсек үлгермейді деп ойламай һәркім жоғарғы сұраған мағұлұматтар туралы ең кешіккен де күзге дейін жетісерлік қылып жіберсе де болады. Бірақ ең дұрысы- тез жіберген".

М.Дулатов Соловецк лагерінде, Ақ теңіз каналында айдауда жүрген кезде де өзінің ағартушылық жолын тастаған жоқ . Соловецкіде ол түрік-орыс тілінің сөздігін құрастырған. Сөздік айдауда жүрген түркі тектес халықтар өкілдеріне үлкен көмек болды. Оның фельдшерлік мамандығы да бар еді, сонысымен науқастарға да мол жәрдемін тигізді.

Міржақып қамшының сабындай қысқа ғана ғұмыр кешсе де:"Білдіру білмегенге білгенімді, өзімнің деп білемін зор міндетім"- деп өзі айтқандай мақсатты да мағыналы, өрелі де өнегелі өмір сүре отырып, артына ағартушы- педагог ретінде мол энциклопедиялық мұра қалдырды. Оны тереңдей зерттеудің күні енді ғана туып отыр. Бұл орайда жас ұрпаққа артылар үміт жүгі де мол-ақ.

Әлем әдебиетінің алтын қорына сарқылмас үлес қосқан, алып Абайдың поэзия саласындағы қатарласы- Мағжан Жұмабаев тек ұлы ақын ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлы педагогтерінің бірі. Оған дәлел - оның педагогика саласындағы дәрістері мен еңбектері, 1922 жылы Петропавл қаласындағы мұғалімдер техникумында дәріс оқып, 1937 жылы орыс мектебінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ бергені және "Педагогика" деген еңбегі .

1922 жылдың 15 қыркүйегінде қызылжарда өзінің осы "Педагогика" еңбегі жайлы М. Жұмабаев: " Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым деп жазады. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының(педагогтерінің) еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе, Мағжан мұғалімге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады. "Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын-мұғалімдікі", - дейді ұстаз.

Мағжан өзінің осы педагогикасын 14 ірі бөлімнен құрып,оның өзін бірнеше шағын бөлімдерге бөле отырып, ұқыпты түрде талдау жасап, түсініктеме береді. Сөз басына М.Жұмабаев "Тәрбиені" қояды. Шынында да оның өзіндік сыры да бар ғой. Баланы өмірге келген бірінші минутынан бастап оқытпайды. Оны тәрбиелейді , бала өмірі тәрбиеден басталады. Сондықтан да болар, "баланы жастан" деп қазақ тегін айтпаса керек. "Тәрбие деген не? " дейді де оған жауап бере келе, оны дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі деп төртке бөледі. " Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны" дейді. "Балам адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын" деп жазады.

Тағы бір ерекшелік Мағжан дене тәрбиесін бірінші орынға қойған. Дене тәрбиесінің өзін 19 бөлімге бөліп, осы әр бөлімдерге жеке-жеке тоқтап, түсініктеме беріп педагог ретінде нақтылы дәлелдермен бекітеді.

Адамның дені сау, мықты болып өсуі үшін дене тәрбиесінің алатын орны шын мәнінде ерекше. "Бала аурулы болса, зағып болса, баладан емес, тәрбиешіден ",- дейді педагог ақын. Тіпті сол ауыр заман түгіл бүгінгі өмірдің өзінде қай ата-ана дене тәрбиесіне, туралап айтсақ тәрбиенің барлық түріне көңіл бөле береді.

Мағжан Жұмабаевтың медицина саласынан да құр алақан емес екендігін көресіз. Баланың салмағы, температурасы, дем алу, тамыр соғу, тамақтануы, тіпті емшектен айыруды, тазалық жағдайын, бесік мәселесін, тістің шығуын тәптіштеп үлкен бір сезіммен сипаттап жазады. " Жер жүзінде балаға тәртіпсіз тамақ беретін әйел екеу болса, біреуі - қазақ әйелі"- деп ренішпен күйіне жазады. Бұл бүгінгі күннің тұрғысынан да дұрыс жазылып отырған жоқ па? Өзінің "Педагогикасында" М.Жұмабаев әлемнің алдыңғы қатарлы педагогикасына, мәдениетіне меңзейді. Содан үлгі алу керек, үйрену керек дейді.

Екінші бөлімге (орынға) Мағжан жалпы педагогика ғылымын қояды. Педагогикасының қандай пән екенін сипаттай келе, онымен етене таныс болу керектігін айтады. Мағжан педагогиканың өзін тәрбие пәні деп пайымдайды. Оған дәлел, пәннің аты дейді.

Педагогика пәнін М.Жұмабаев 5-ке бөледі.1 1.Жалпы педагогика дейді де , бұған адамның дене, жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді. 2.Дидактика. 3.Методика. 4. Мектепті басқару. 5. Педагогика тарихы. Әлемдік педагогиканы меңзей отырып, Мағжан халықтық педагогиканы есінен бір сәт шығармайды. Оны жалпы педагогиканың ең негізі етіп қояды. Бала тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, тәрбиенің алатын орны ерекше екендігін мысалдар келтіре отырып дәлелдейді. ұлттық тәрбиенің құнды жақтарын пайымдап аша отырып, оның кем-кетіктері, жаман жақтарынан безуге шақырады. Осыған орай педагог М.Жұмабаев " Әр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі". " Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар.ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы көп болғаны сықылды, жамандық жағы да көп"- деп жазады Мағжан. Осыған орай ол педагогтер, тәрбиешілер халықтық педагогиканы қолдана отырып, түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен жақсы таныс болу керек дейді.

Әрине, егеменді елдің мектебі, педагогикасы, ұлттық тәрбие, ұлттық оқуы болуы керек. Халықтық тәрбиесіз біз бүгінгі жас жеткіншектерді өз елін , халқын , тарихын , мәдениетін сүюге тәрбиелей, баули алмаймыз.

Мағжан тек қана педагог емес. Адамның көңіл күйін, ішкі жан сезімін терең түсінетін психолог дер едім. Оның сыршылдығы мүмкін осыдан да болар. Оны өз өлеңдерінен де, қара сөзбен жазылған ғылыми еңбектерінен де көреміз. Былай қарасаңыз, тіпті Мағжанның кейбір жазғандары ұсақ нәрсе сияқты. Ал оны жүрек, жан сезімі, ой арқылы өткізсеңіз - басқаша ойлайсыз, басқаша түсінесіз. Мысалы "Бөлеу һәм бесік" бөлімінде Мағжан: " қазақ қатыны баланы бесікке екі жерден тас қылып байлап тастайды. Бұл балаға зиянды. Бұлай ету баланың қан жүруіне, жүрек соғысына зиянды ",- дейді. Дұрыс емес пе? Бесікті тербету туралы да былай дейді. " Баланы ұйықтарда, жылағанда шешесі долданып тарс-түрс тербетеді. қарғап, сілейді. Әлден уақытта бала ұйықтайды. Бұл сау дұрыс ұйқы емес. Бұл ұйықтату емес.

Шайқап, шайқап баланың басын айналдыру, баланы есінен тандыру. Тербетіп ұйықтату - баланы талдырып ұйықтату деген сөз. Бала ұйықтап жатқан жоқ. Ол талып жатыр.

қазақ әйелі ! Балаңда қасың болмаса, тербетпе. Бесік баланың орны. Естен тандырылып, талдырылатын орын емес"1,-дейді.

Сондай-ақ адам өмірі үшін ұйқының, қозғалыстың, серуеннің мәнінің зор екендігін пайымдайды. "Педагогика" оқулығының екінші бір үлкен тармағы "Психология " бөлімі. Мағжанның үлкен сыршыл психолог екендігін осы бөлімнен анық көруге болады. Жалпы біреулер Мағжанды "атеист" десе, енді біреулері "діншіл" дейді. Шындығында Мағжан дінді, оның тарихын жақсы білген, жақсы-жаман жақтарымен етене таныс болған. Оған осы бөлімдегі " Жан" туралы пайымдаулары мен басқа еңбектеріндегі дін туралы пікірлері дәлел. " Жанды ешкім көрмесе де, жанның барлығына дау жоқ " деп жазады Мағжан.

Алайда діндарлыққа салынып, " жанды" әлдебір құдіреттің, құдайдың ісі деп қараудан аулақ. Керісінше , жанның пайда болуын , оның бар-жоқтығын материалистік, ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге тырысады. Осыған байланысты үш түрлі көзқарасқа Мағжан өзінше тоқталып, өз ойларын білдіреді." Алайда,- деп жазады Мағжан Жұмабаев , - баланың жанын жақсы тәрбие қылу үшін, жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді. Психология пәні, міне, осы үшін қажет". Жан тәрбиесін 11- бөлім бойынша талдап жазып, 11-ші бөлімнің өзін тағы да шағын екі бөлімге бөліп түсініктемелер береді. Соңғы бөлімін " Әсерленуді" "Жалпы сезім яки дене әсерленулері" дейді де оның өзін бес түрге бөліп, жеке-жеке сипаттайды. Сыртқы сезім әсерленулерін сипаттағанда оны алты бөлікке бөледі. Адам анотомиясы, физиологиясының заңына сүйене отырып, осы алты сезімді Мағжан қарапайым, түсінікті сипаттайды. Өзінің педагогикасында " Абайға", яғни (назарға), топшылау сезіміне де ерекше көңіл бөліп қарастырады.

" Педагогика" кітабындағы үлкен бөлімнің бірі " Суреттеу" деп аталады. Оны Мағжан Жұмабаев алты түрге бөледі де ассоциацияларға біріктіреді. Суреттеулерді бет алдына бір-бірімен байлай беруге болмайды. Оның белгілі жолдары бар дей келіп, оның екі жолын көрсетіп береді. Олар - жақындық және тұқымдастық ассоциациясы. Жақындық ассоциациясының өзін көршілестік, замандастық ассоциациясы деп, тағы екі түрге бөледі. "Балаға берілетін кітап үлкен харіппен басылуы керек.. Әсіресе жағрапия оқығанда балаға көршілестік ассоциациясы көп көмек көрсетеді. Картадан бала бір жерді атаса, соның жанындағы екінші жер алдына елестей қалады" деп жазады. Дидактикада Мағжан Жұмабаев сол кез үшін де, бүгін де құнын жоймаған оқытудың принциптеріне ерекше көңіл бөледі. Белгілі бір тақырыпты түсіндіргенде өткен тақырыппен байланысты салыстырмалы оқытудың берері молдығын дәлелдейді.

" Бір нәрсені балаға ашық ұқтырмақшы болсаң, сол нәрсенің қарама-қарсысын алып кел. Мысалы, балаға жер ортасының ыстықтығын түсіндірмекші болсаң, солтүстіктің суығымен салыстыр" деп жазады Мағжан. қоршаған ортамен , өмірімен, бүгінгі күнмен, әр түрлі жаңалықтармен байланыстыра оқыту бүгінгі дидактикадан да талап етіледі. Алайда, жасыратыны жоқ, көптеген мұғалімдер бұл заңдылықты дұрыс орындай бермейді. Осыдан кейін педагогиканың заңдылығы бұзылады . Заңдылық бұзылды дегенше, бар тәртіп, реттілік, білім беру жүйесі бұзылды деу керек.

Мағжанның тағы бір тоқтаған тақырыбы "Ес" туралы. Есті ол төрт түрге бөледі.

1.Көру есі. 2.Есту есі. 3.қозғалу есі. 4.Естің адам өмірі үшін қажеттілігі . Осы төрт түрлі бөлімнің қыр-сырын ашып, сипаттайды . Естің өркендеуі үшін оның қажетті шарттары орындалуы керек дейді.


  1. Әсер күшті болу қажет.

  2. Сыртқы сезімдердің көбінің қатынауы.

  3. Жаңа білімді бұрынғы біліммен байлау. Пысықтау.

қарап отырсаңыз бүгінгі сабақтың талаптарына сәйкес емес пе ? Сабақ барысында әрқашан өткен сабақпен байланыс болмаса, шын мәнінде сабақ нәтижесіз болады. Осыны Мағжан дұрыс ескерген.

Мағжанның ендігі бір ерекше сипаттаған бөлімі қиял туралы. қиялдың жасөспірім үшін, жалпы адамзаттың ақыл-ойының, өмірдің алға басуы үшін маңызы зор екені белгілі. Мағжан қиялдың пайда болу жолдарына, оның бала өміріне қажеттілігіне, бала фантазиясын тәрбиелеу, оқушы өміріндегі ертегілердің, ойынның, ойыншықтардың рөлін үлкен ілтипатпен жазады. "Баланың қиялын, фантазиясын тәрбие қылу жолдары" деген бөлімінде ұлттық тәрбиеге, ұлттық педагогикаға аса құрметпен қарайды да қазақ баласының қиялына қанат бітіретін ұлттық тәрбие екенін пайымдайды, әлі де болса балаға ұлттық тұрғыдан оның қиялының дамуына төмен жағдай жасап отырғандығын айтады.

"қазақ қиялы тәрбие көрген жоқ, әлі таза, әлі бала, біз жылдар, күндер өткен соң қазақ қиялы тәрбие алып, тереңдеп, адамзат дүниесінің көгінде бір жарық жұлдыз болар деп иманымыз кәміл ", - дейді М. Жұмабаев. қарап отырсаңыз Мағжан арманы күні бүгінге дейін толық орындала қой ған жоқ десек артық айтқандық емес. Біздің оқушыларымыздың ой-қиялы төмен, біз басқаның ойымен ойландық, соның тілімен сөйледік. Ендігі мақсат, баланың ойын дамыта отырып қиялына қанат бітіру. Сонда ғана педагог Мағжанның арманы орындалмақшы.

" Орыс учительдерінің аузында бір сөз бар - қазақ баласы әдебиет, тарих сықылды ғылымдарға зерек болмайды. Бәлкім, математика пәніне зерек болады"- дегенмен бұл пікірді қате ме деп ойлаймыз. " Менің ойымша,- дейді М.Жұмабаев,- қазақ баласы математикаға ғана емес, әдебиет, тарих, жаратылыс, жағрапия сықылды ғылымдарға зерек болуға тиісті, дәлелім қазақ баласының жаратылысы осыны тілейді. Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы - қазақ баласы да қиял - құмар болуға тиісті. Ÿғни ол әдебиет, тарих сықылды қиялды көп керек қылатын ғылымдарға ұмытлуға тиісті", - дейді М.Жұмабаев.

Ертегі туралы жазғанында да педагог - ғалым, баланың өмірі үшін ертегінің маңызы ерекше екендігін айтады. "Бала ертегіні жан тәнімен тыңдайды. Ертегіге шын көңілмен нанады. Бала құрғақ ақылды ұқпайды, жандандырып, суреттеп алып келсең ұғады. Мысалы, балаға өтірік айтпа деген құрғақ сөзің желге айтқанмен бірдей.

Егер, сен балаға өтірікші туралы ертегі айтсаң, сол ертегіде өтірікшінің өтірігі үшін қор болғанын, зиян көргенін суреттеп алып келсең , міне бала өтірік айтпау керек екендігін сонда ұғады", - дейді М.Жұмабаев.

Баланың жақсы оқуы үшін оның ойлау қабілетінің де жетік болғаны қажет. Ойдың пайда болуын зерттей келе, Мағжан ой шығару үш түрлі жолмен болады: 1. Дедукция, 2.Индукция, 3.Аналогия деп бөледі. Міне, осы үш түрлі жолды әрі қарай дамыта отырып, баланың саналы азамат болуы үшін осы ұғымдардың қажеттілігін дәлелдейді. Мағжан тіл туралы ерекше тоқтап, үлкен сезіммен жазған, " Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы.ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті… қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі бәрі көрініп тұр. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ , түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына иманымыз берік "1 деп жазды ұлы ақын .

Мағжан Жұмабаев бала тіліне аса ұқыптылықпен қарауға шақырады. " Кейбір адамдардың баланы өз тілінше сөйлеп, балаға тез ұқтырам деп, яки баланы еркелетіп, әдейі тілдерін бұзып балаша шолжаңдап, сақау болып сөйлейтіндері бар. Бұл - зор қате. Баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын - мектеп" деп жазады аталмыш еңбегінде. Мағжан Жұмабаевтың адам жанын терең сезінетін психолог-ұстаз екендігінің бір дәлелі оның осы "Педагогика" еңбегіндегі " Ішкі сезім яки көңіл көріністері" туралы жазғандары. Бала жанын терең түсінетін педагог Мағжан баланың көңіл күйіне егжей-тегжейлі тоқтай келіп, оның сезімдерінің дұрыс дамуы үшін үлкен тәрбиенің керек екендігін айтады. Ата- ана қатал болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ. Баланың маңындағы адамдар да дұрыс мінезді болу керек…

"Баланы қорқыту, оны жазалау дұрыс емес. Бір нәрсені бала жазадан қорыққаннан ғана істейді, бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді",- деген Мағжан ойларынан ғалым пікірінің алдыңғы қатарлы елдердің бала тәрбиесіндегі озық ойларымен сабақтас екендігін көреміз. Сосын: "Бала нашар істі өзі істемеуіне, нашар мінезден өзі қашуына тырыссын. Ешкім айтпай, қорқытпай, баланың өзі жамандықтан, нашар мінезден жиренетін болсын. Балаға махаббат, жылылық сезім, жұмсақ іс арқылы ғана болуға мүмкін",- дейді педагог Мағжан.

Мағжан Жұмабаев сонымен бірге үлкен әдіскер. Мысалы, " Ішкі сезімдердің біреуі - іш пысу яки зерігу" деген бөлімде былай дейді:" Мұғалім бір сөзді ұзыннан ұзақ соза берсе, шәкірттің іші пысады, мұғалім үсті үстіне төпеп, түрлі білімді, түрлі сөзді айта берсе, бала мезі болып, іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде. Сабақ оқытуда мұғалім сөзі жинақы, жігерлі. қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол баланың абайын(назарын) өзіне қарата алады. Сабақ үстінде балалардың ойнауы, тыныш отырмауы бір-бірімен сөйлесулері мұғалімнің жинақы, жігерлі бола білмегендігінен"1- деген пікірі оның үлкен әдіскерлігінің дәлелі болса керек.

"Сұлулық сезімдері" деген бөлімде педагог адам тек қана сырт сұлулығымен ұнамды, сүйкімді болу керек дейді. Осы орайда ән - музыка, сурет, поэзияның орны ерекше екендігін айтады. "Тәрбиешінің міндеті, -деп жазады ол өзінің кітабында, - балада искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету", - дейді де оған жетудің жолдарын көрсетіп береді.

Мағжан егерде, сұлулықты өзі сүймесе, оның жүрегі сұлу болмаса, сұлулықты жан-тәнімен түсінбесе, педагогика саласындағы сұлулық туралы сыр шертпес еді. Мағжан шын педагог болмаса, үлкен сыршыл, сұлу жанды ақын болмас па еді қайтер еді?

Педагог- ғалым бала тәрбиесіндегі, әсіресе қыз баланы тәрбиелеуде әйелдің , ананың рөлінің зор екендігін айтады. Өйткені бала анаға жақын тұрады. Шешесі үйде баланың көзінше не істесе, қалай қимылдап, қалай сөз сөйлесе ертең ұшқанда баласы әсіресе, қыз бала соны істейді. Көбіне-көп қыз бала тәрбиесі анасына байланысты. Сол себептен ананың - әйелдің балаларының көзінше өте әдепті, мәдениетті болуын меңзейді.

"Баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Бала түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Топас адам - тірі өлік"- дейді Мағжан ағамыз. Мағжан педагогикасының құндылығы, өміршеңдігінің бір көрінісі, міне, осы. Сондықтан да негізгі пәндердің бірі болып мектептерде ұлттық, әлем мәдениеттері жүруі керек. Этика, эстетика пәндері біздің мектептерде ерекше оқытылуы керек.

Ол өзінің осы мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын "құлық сезімдері" деген бөлімде одан әрі дамыта түседі. Ол қазақ халқына басқа халықтың жақсысын үйрен, сөйтіп көтеріл дейді. "Басқа халықты, жалпы адамзатты сүй" деген өсиет айтады. " Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін",- дейді. Бұл сөзді Мағжан өзі үшін айтқан сияқты.

"Педагогика" кітабының соңғы бөлімі "Баланың жалпы жаратылысына" арналған. Бұл бөлім бүкіл кітаптың қорытынды бөлімі іспеттес. Бала тәрбиесінің оңай еместігін, оған екінің бірі бара бермейтіндігін, екінің бірі нағыз ұстаз, нағыз тәрбиеші бола алмайтындығын жазады. "Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару, баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек",- дейді азамат, ақын, педагог Мағжан Жұмабаев.

Мағжанның "Педагогика" кітабы күні бүгінге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Ол көптеген әдістемелік нұсқаулар, "Сауатты бол" және басқа оқулықтар жазғаны белгілі. Әркім өзі оқып, өзінше талдау жасаған күнде ғана Мағжан "Педагогикасы" әркім үшін асыл қазына болары анық.

қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ұлттық тәлім – тәрбие саласына өз тұстастары секілді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет