Элективті курстың әдістері - нұсқау беру, қайталануы, жаттығуы, жаттауы, үлгімен орындауы, ынтымақтастықта қызмет атқаруы, ізденісі, эвристикалы сұхбат, пікірталас, оқытушы + студенттің ықыластас одағы (синергетика).
Ұйымдастыру төмендегідей жұмыстың жүйесінен тұрады: сұрау, жаңа меңгерілетін материалды қабылдауға әзірлеу, оны жинақтау, түсіну деңгейліктерін айқындау, қайшылықты анықдау (проблемалы) бекіту.Ілгерішіл озықтық дәрісті ұйымдастырудың жүйесі: мақсат пен оқытылымды қабыстыра қабылдатудың қамын қарастыру, біртұтас қүрылымды қуалайтын ізденісті - зерттеу сұрақтарына жауаптарды алдын - ала жіктеу, рейтинг жүйесін қүру, әдетте кездесе бермейтін мәселелерді талдай білу, дербес, өздігінен жұмысты жүзеге асыру, топтық, ұжымдық ықпалдастықты дамыту, түпкілікті нәтижеге жетудің болжамын табу.
Паритетті қарым-қатынас, студент пен оқытушының тең одағы.
Ізгілік жолын студент санасына жеткізу мақсатында өткен тарихымыз бен мәдениетіміздің ең құнды деген жерлерін оқыту жұмыстарына негіз ету көзделеді.
Адам баласының бар мүмкіндігі - кіші құдіреттілікке жете алуы.Тіпті сонау Күлтегін ескерткіші мен XI ғасырда өмip сүрген Қараханиттер мемлекетін басқарган тұста өмip сүрген әлемдік данышпан Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігін» [2, 67 б.] және А. Құнанбайұлының [4, 116 б.] өлеңдері мен қара сөздерін ізгіліктің тipeгi ретінде бүгінгіге де көкейкесті мәселені шешуге көмегі бар.
Студенттеріміздің жүрегіне ұялатар ізгілік сезімін түсінерлік көздерді бәйттерден сұрыптап алып, іс-әрекетте олардың ұтымды қолдануы назарда болады. Ол тұжырымдар төмендегідей:
Білімсіздің тілін тиған жөн болар,
Білімдінің сөзін жиған жөн болар,
Білімдінің нұрлы сөзі сарқылмас,
Бастауы – кең бұлақ көзі тартылмас.
Қара бастың қарақшысы – қызыл тіл,
Қанша басты жұтты, үзіп ұзын тіл!
Басты ойласаң, тыйып ұста тіліңді,
Басың жұтар тізгінсіз тіл түбінде.
Мұндай меже-талап – студенттердің тілге деген көзқарасын дұрыстыққа ыңғайлап қалыптастыруына түрткі.
«Құдатғу білік» 1069-1070 жылдары 18 айдың ішінде жазылған. Авторы: Жетісу өңірінің Шу өзенінің бойындағы тарихқа ықылым заманнан бері белгілі ірі шаһирлардың бірі – Жүсіп Баласағұн. Жүсіп қоғамдық-әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық-этикалық бағдарламасы іспетті еңбегін 54 жасында (Түркия ғалымы Рашид Рахмати Араттың жобалауы бойынша) жазған. Ежелгі Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтап, Қараханидтер мемлекетінің сол кездегі әміршісі Бұғра ханға ел басқару, ал арасындағы ізгілікті қарым-қатынас құру жайлы данышпандық ой-түйіндерін тарту еткен. Бізге «Құтты біліктің үш қолжазбасы жеткен. Бірі – қазір Венада сақтаулы тұрған Вена нұсқасы. Үш Нұсқасын таба келе С. Е. Малов [167] Каир, Наманған нұсқаларының өзара жақындығын айтқан.
Кітап 4 ұғымнан құрылған: бірі - әділ (әділет-қоғамдық-әлеуметтік заң); екіншісі – дәулет (бақыт); үшіншісі – ақыл (ой, парасат, пайым, парық, бағам); төртінші – қанағат.
Бұл кітаптың құндылығы адамды екіге бөліп қарау:
1 . Танымы; бірінші
2 . Сезімі; жұп
3 . Тәні; екінші
4 . Жаны. жұп
Бүгінгі нарықтық қоғамның әлеуметтік жағдайы бұрынғы коммунистік, атеистік көзқарасқа жат дүниетанымды, діннің, мистиканың адам өміріне лайықты ғылыми негізіне сүйене отырып тәрбиелеуге ұмтылдырады. Олай болса, аталған баба өсиетнамасының ішінен таңдарымыз мына жолдар:
Аллаға: Іш пен тысты бірдей бөлген адам асыл.
Бұл мәтіннен төмендегідей технологиялық карталар студенттерді тұлғалық қабілеттерге жетелейді:
ақыл Көңіл берді, әрі тілін тербетті.
білім Ұят берді, берді құлық, келбетті.
А дам өнер
ес
ақыл Надандарды дерт пен бәле үйірер.
Ұ лылық білім Емдесе, ерте сөніп, күйінер. (64 б.)
Т ілесең сен есендікте жүруді, биоақпарат:
Жаман сөзге қимылдатпа тіліңді. жақсы сөз –
К ісілерге мирас ата сөзі ғой, жарым ырыс
Ата сөзі ұқсаң – құттың кзі ғой. (67 б.) жаманнан кесапат
К ісі міні ақылменен күзелер,
Халық міні білімменен түзелер. ойлау өнерінің
Б ұл екеуменен қыла алмасаң жұмысты, мазмұны
Білімді қой, ал қолыңа қылышты!
Ақылды бек-басшысы елдің шырағы,
Қылыш жұмсау – білімсіздің қылығы. (70 б.)
І згілік – қылықтың сипаты. өз жолын өзінің
Ж амандық – от, от күйдіріп өтеді, кесіп тастауы
Жолын бөгер күш жоқ, құл қып кетеді. (72 б.) бейпіл ауыз сор
Мен жамандық
шақырады
Ақылдыға қадір құрмет лайықты,
Ақымақ жан керең, сөзбес айыпты!
Пайдасы көп, аз ақылды аз деме,
Қадыры көп, аз білімді аз деме!
Бұл мәтіннен біздің студенттедің диагностикалауға септігін тигізер мына бір жолдарды тәрбиешілеріміз жоғары оқу орында әр студент санасына жеткізуді мақсат етеді:
Ерге керек төзімділік күш-қайрат,
Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап.
Жомарттық һәм салмақтылық қажетті,
Білімділік, ақылдылық қажетті.
Барлық іске зерек болса, парықтап,
Ала білсе, өз керегін анықтап.
Сонда толық болар ісің, пішінің.
Қызбалық пен ашу жауың қордалы,
Бұл екеуі тұтқан анық сорлары.
Қызбалық-сұм, ақыл-естен тандырар,
Жайсаң ерді ашу қапы қалдырар.
Біраз нәрсе кісінің қас-дұшпаны,
Білсе оларды өзін қинап қысқаны.
Бұның бірі – тілдің жалған айқаны,
Бұдан басқа – айтқан сөзден қайтқаны.
Үшіншісі – шарапқа аңсары ауғаны,
Шексіз – текке етер өмір қалғаны.
Тағы бірі жүгенсіз іс-қылығын,
Сүймес ешкім, алған жанды шырығын.
Енді бірі – зымияндық, бықсыған...
Бұлар жетсе, бір-бірімен қосылып,
Одан құт, бақ безер аулақ жосылып.
Ақыл – қолдар, ал білімнен құт туар,
Бұл жалғанның құлқын саған ұқтырар.
Ерлік, даңқ жарасар нағыз ерге,
Зұлымдық пен іштарлық намыс елге.
Ерлік, даңқ туады кісілікпен,
Ер қадірі – берсе, егер екеуін тең!
Рахатқа машақат жүрер тұтасып,
Сүйініш-күйініш тұрар жұптасып.
Масаттансаң бәле келіп табады,
Қуаныштың ізін қайғы жабады.
Бек қанша өссе, киер бөркі зораяр,
Дәреже өссе, уайым да аумақты,
Үлкен бастың бөркі сонша салмақты.
Парықсызды өз қолымен жазалап,
Ессіздерді қуды елінен қаралап.
Елі жақын – сақ қырағы адамның.
Бейғам кісі, көр, осалдық қылады.
Жау келсе, осыларды қырады.
Енжар болсаң, ұйқы басар, нас басар,
Ұйқы басса, басындағы бақ қашар.
Берілген бәйіт үзіндісін әр студенттің тұлғалық болмысын қалыптастыруға пайдаланамыз.
Ізгілікті қасиеттерді меңгерудің технологиясы төмендегідей:
1. Түзу заң;
2. Түзу құлық;
3. Тілі шырын;
4. Кішілік;
5. Істің сәтін тосу;
6. Терең ой;
7. Терең сөз;
Дәулеттің қасиеті:
1. Жаңарып, түлейді (өзгеріп отырады);
2. Ескінің түбі азап;
3. Туған нірсе құриды;
4. Өтер-кетер, тіршілікте бір еспе жел (дүниенің парқы);
5. Баянды болғызу үнемі білім жиюға бағынышты.
Дәулеттің баяндылық нышаны:
1. Іздеген жан жібек мінезді (Нұрлы жүрек);
2. Көңілі, құлқы таза, саф;
3. Тілі майда, шырын тамған;
4. Жігерлі;
5. Мекерлікті білмейді;
6. Жауыз істің маңынан жүрмейді;
7. Құрмет көрсеткіш;
8. Кішіпейіл;
9. Шарапқа аңсары аумайды;
10. Несібесін шашпайды;
11. Қол мен тілін бос ойыннан тиып ұстайды;
12. Көрінгенге еріп, лақпайды;
Әділ заңның сипаты:
1. Сыйлайды;
2. Ішін ашпайды;
3. Әділ заңын сайлайды.
Әділдің 3 қыры:
1. Өзі әділ;
2. Үкімі де әділ;
3. Сот үкімі де әділ.
Ізгіліктің сипаты:
1. Халық үшін құрақ ұшу;
2. Ізгі жүрек ізгілігін сатпайды;
3. Жомарт жандар құнын тілеп жатпайды;
4. Қайырымды жан қайырым етпес есеппен.
Ізгіліктің мазмұны:
1. Анадан ізгі туғандар;
Ізгілік-оң; Ессіздік-сол; Жүгің-ар.
1. Туралық, сенім;
2. Көрсеқорлық, ұятсыздық.
Мехнат, жапа, күйініш көз жасы – жамандықтың жолдасы.
Рахат, Даңқ, Қуаныш, һәм Салтанат – ізгі ниет еншілейтін мархаббат.
Қызмет қылма, қалтыраған сараңға,
Қапаланып, қор боласың аранда.
Мұнымен бірге студенттерді жан азығы мен тән азығы жайлы түйсіктері оянуы үшін оған Баласағұн бабамыздың берген анықтамасын тірек ұғым ретінде тәжірибеде пайдаланамыз:
Сауал берсе – шеш тіліңді жасырма!
Сұрамаса – ділмарсыма, тасыма!
Ақылды адам қарын бақпас, ой бағар,
Жан семіртер, ой семіртер, ойланар.
Тән семіртер – нәр ауыздан сіңеді,
Жан семіртер – сөз құлақтан кіреді.
Жүйелі сөз – ұлылық, ессіз сөз – жер түбіне жіберер.
Көп шыңдай біл, сөздеріңді тыңдай біл,
Ізгі ойларыңды әз жүрекке жалғай біл.
Қадірлісі – тіліне ұят сіңгендер,
Жүрек сөзін жүрегімен білгендер.
Өсиетнама:
шулама;
дүние үшін отқа түспе;
кісі затын алма;
қанағат, тәрбиеші бол;
жиған мүлікті (әке-шешең) әрі жалға;
жақсылық ет;
екі жүздіге сенбе;
өсекшіні жолатпа;
сыннан өткен кісімен жолдас, дос бол;
алуға асықпа;
сырыңды шашпа;
көңіліңді жасытпа;
көп ішіп-жеме (былапыт болма);
кісілерді күндеме;
қызғаншықтық адам ойындағы құты мен бағын қуар;
бөтенді үйге үйір қылма (ниеті түзу еместі);
құлқынды оңда (катарсис – очищение души);
ұяты жоқтан аулақ жүр;
сабырлы бол;
тіліңді тый;
қиянатшыл болма;
қара ниетке ерме;
тексіз сөзді парасаттама.
Мұнымен бірге тұжырымдамамызды халықтық өреде құрғандықтан, болашақта студенттердің қандай этикалық-эстетикалық деңгейде болуы жайлы да баба өсиетнамасынан бағдар аламыз:
Ізгілікпен кәрі-жастың күйін біл,
Сөз, ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.
Қай істе де қацсарлықтан айныма
Елге түзу заң түз, ұқсын бір-бірін...
Тый нәпсіңді, сорың содан түбінде.
Сұғанаққа сырынды ашып тарапта!
Опасызды есігіңнен қаратпа!
Ұл әкеңнің арқасында жаралар
Ана қарнын тек бірнеше ай паналар.
Ақылға сен, сан пәледен қағады.
Ақылдың аты мәңгі-бақи қалады.
Өзге үшін құрбан болма тектен-тек,
Текке күйме, бағанды біл кеткенше!
Кісілерге тіл тигізбе, жерлеме,
Зәрлі сөз-өрт, өртке түссін ел неге?!
Тек қызыққа құштарланба, шаттанба,
Тегіс ұшар, қуаныш та, мақтан да!
Қос жиһанға билік еткің келсе егер,
Бес нәрседен қашық жүрсең, ел сенер.
1. Зорлық қылма, аралас па арамға,
3. Қанын төкпе, кек сақтама адамға,
4. Шарап ішпе, азғындыққа салынба
Нәсіп көріп алма қарғыс, назаны,
Дананың 200 астам қара сөздері бар екеніне көз жеткізу арқылы Абай Құнанбайұлының әлемдік данышпан деп аталу себебін жан-жақты ашып отыру көзделеді [4, 76 б.].
Мұнда адам факторын бағалаудың жан мен тән болып қабылдануына ерекше мән беріледі. Оған Абай Құнанбайұлының өз өлеңін жетекші идея ретінде қолданамыз:
Ақыл мен Жан –мен өзім, Тән – менікі,
Менікі өлсе өлер, өлсін оған бекі.
Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме,
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме.
Ақынның басқа да өмір бар екенін мойындарлық данышпан сөзі – студенттердің тек материалистік шеңберде қалып қоймауына түрткі.
Ұлттық тәрбие жұмыстары арқылы мұндай берілген бағдар физика, химия, математика, биология және т.б. пәндерінің мазмұн-құрылымын бүгінгі талап-мүддесінде көргісі келетіні өз-өзінен түсінікті болмақ. Олай болса, тәрбие студенттердің білім «қоймасын» «қопара» отырып, бекітерлік, жинақтарлық, қорытарлық роль атқаратыны сөзсіз. Екі сала бір арнаға құйылып, түйістіріледі (апперсепсе).
Әсіресе, табиғатта тіршілік тынысын, әлемді билеп тұрған микрокосмос барлығын түсінген Абай Құнанбайұлының мына бір өлең жолы тәрбиеміздің басты нысанасы (объект):
Алла деген сөз жеңіл,
Ақылға сыймас ол алла...
Ақылдың, ой-парасаттың падишасы, дана Абай болыс мырзалар мен надан дүмше молдалардың бейнесін ең жыртқыш аңға салыстырады, балайды. Мұндайларға «құйрығы-шаян, беті-адам» деп ат қойды. Мұндай бағаны өлеңдерінен де кездестіреміз.
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай болып сәлдесі,
Мал құмар, көңілі бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі.
Дәл осы пікір арқылы студенттердің тән азығын қуаламай, тек Кісілік сатысына көтеріліп қоймай, кіші Құдірет Медиумына көтеріле алу сырларын ұлттық әрбие жұмыстары арқылы бойларына сіңіру. Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жүйелеп, тұтас қабылдаудың маңызы тәрбие нәрін дұрыс таба білуге бағыттаушылығы болса керек. Студенттердің Ізгілік жолын таңдауы үшін тек нұрлы сипаттайтын үзінділерді пайдалану дұрыс болмас... Сол себепті ақ пен қараны, нұр мол сұрды, ізгілік пен зұлымдықты ажыратарлық әрекеттердің жұптық қырларын қатарынан алуды жөн көрдік. Мәселен Абай Құнанбайұлының өлеңдерін тұтастықта қабылдаудың төмендегідей жүйесі назарда болады:
Ақсақалдың әкенің, білімдінің сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек.
Наданның сүйенгені көп пен дүрмек.
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,
Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.
Отарлау саясаты еліміздің есінен өшпес таңба салып кеткенін өзіміздің қарадүрсін сөзімізден түсіргеннен гөрі, Абай тілімен жеткізу де тұжырымдамамыздың негізгі мақсаты:
(Қартайдық қайғы ойладық),
Орыс айтты: Өзіңе ерік берем деп,
Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп...
Жақсы менен жаманды айырмадың...
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді...
Бас-басыңа би болған өңкей қиқым.
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сыпырылды байлығың, баққан жылқың...
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
Жауға келер қорқақтау,
Еркін жерде ызақор,
Тамырың келер тарқылдап...
Сасық таңдау келедң,
Орыс сияз қылдырса,
Болыс елді қармайды.
Қу старшын, аш билер.
Әз жүрегін жалғайды.
Орыссыз жерде топ болса,
Шақырған кісі болмайды.
Бас қосылса арысқа,
Кім шабады намысқа.
Бұл технологиялық карта арқылы жоғары оқу орнының студенттерін тұлғалық деңгейге көтеру үшін халықтың пайдасын ойларлық дәрежеге жеткізу әрекеті іске асу керек. Олай болса, өмір тарихымыздың ащы сабағын ұмытпайтындай және оның қайталанбайтындай жағдайын қарастыратын болашақ сана «көзі» дамыған намыскерлерді тәрбиелеу – басты міндет. Мұны Абай Құнанбайұлынан артық ешкім айта алмаған.
Мұнымен бірге Абай Құнанбайұлының 38-қара сөзін даму жүйесін тәрбиелейтін тірек ретінде барлық жоғары оқу орны студенттерінің назарында болуына мүмкіндік туғызамыз.
Әр студенттің таным деңгейін үнемі өсіріп отыруы үшін 38-ші қара сөзінде 8 биорефлекторлық иірімдер берілген:
Хаят – тіршілікке адамның өз-өзін ынталандыруы;
Ғылым - әркімнің өз қабілет, қажетіне қарай ғылымды жиып, сақтауы, қорғауы;
Құдірет – басқарушы микрокосмосқа бас июшілік;
Басар – тануға, түсінуге, көруге ниеттену;
Сәмиғ – естуге бағыттау;
Ирада – арманның жүзеге асуын тілеу, қалай; (Аллаға жалыну)
Кәлам – сөйлеу шеберлігін үнемі шыңдау;
Тікин – болдыруға әрекеттену
Бұлардың бәрі имандылыққа бағынады. Ол үшін хауас (жақсы сезім) керек. Тән саулығы – жан саулығының жемісі.
Дамыған адам деңгейіне жетудің амалдарын А.Құнанбайбайұлы 38-қара сөзінде 300-ден астам қасиеттерді жинақтау әдісімен берген. Біздер студенттердің дамушылық бағытын тәрбиелеу мақсатында 300-ден астам асыл қасиеттерді 14-ке шақтадық:
батыл (қиянат) – дамымаған адамды жанға жолатпау;
рахман (бір-бірімізге пайда келтіру);
рахым (бір-бірімізге нұр шашу, мейірім төгу);
ғафур (кемшілігімізді кешіру);
уалид (сүю, істі сүю, табиғатты сүю, Алланы сүю);
ғафиз (қорғаушы);
сәттар (айыпты жабушы);
разақ (қызық беруші);
нафиг (пайда беруші);
уәкіл (өзіңді-өзің басқару);
ләтиф (кірсіз таза, мөлдір);
бинаән (негіз, 7 атаны білу, тегіңді);
машхар (Алланың алдында күнәңді кешіру) [4, 82 б.].
Жалпы бұл 38-қара сөз сүйіспеншілік сезімін әр адам Аллаға ерекше бағыттап, қалғанын екінші орында ұста деген қорытындымен аяқталады.
Жоғары оқу орны студенттерінің ғылыми деңгейі дамушылыққа бағытталуы керек. Бұл бағытта А. Құнанбайұлының ғылым меңгерудің сырларын ашатын кеңестерін нысанаға аламыз:
ғылымды қажеттікке негіздеу;
ақиқат пен мақсатқа негіздеу;
ыждаһаттану;
бойдағы салғырттықты қуу;
алған ғылымды сақтау, жию, оны қорғау.
Ең соңында ақын күрсінген сәттердің көріністері біздің бүгінгі өмірімізде кездесетініне көңіл аудару:
Елді «Пысық» билейтұғыны несі?
Достың дұшпан болтұғыны несі?
Қариялардың бір-бірімен келіспейтіні несі?
Тоқал қатын еркелейтіні несі?
Нәпсісін тоқтатқан адамның жаман, нәпсісі билеген кісінің мықты аталатыны несі?
Өтірік сөзге шаруаларын тастап сүттей ұйыйтыны несі?
Қорыта келгенде, жоғары оқу орнының тәрбие жайлы тұжырымдамасы, тек екі ғұламаның еңбегімен шектеліп қоймайды. Ж. Баласағұн мен А. Құнанбайұлының еңбектерін тәрбие жұмысының тірегі еткенімізбен, осы ағымды тереңдететін басқа да қосымша материалдарды пайдаланамыз. Бірақ, ең негізгі діңгек – аталған екі данышпанның ой-пікірлері жұмысымыздың өзегі.
Жоғары оқу орны студенттерінің тәрбиелілігі жайлы пішіні төмендегі талаптарға сәйкес келуі керек:
Достарыңызбен бөлісу: |