Зерттеудің көкейкестілігі


– дәрістің мазмұны (2 сағ.)



бет24/28
Дата19.05.2022
өлшемі333.29 Kb.
#457497
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Дип парасат

1 – дәрістің мазмұны (2 сағ.). Әділетті Жүсіп Баласағұн сыртқы және ішкі мағынасында алуы, ішкі, ол – әрбір жеке биоәлеуметтің өз-өзіне құрып алған әділеті екендігі. Ол ішкі әділеттің сыртқы ортадағы, қоғамдағы құқықтық Заңдарға үндесуі. Бәйіт мәтінінен осыған қатысты сөз өрнектерін тұтастықта саралау.
2 – дәрістің мазмұны (2 сағ.). Дәулеттің рухани және заттық мәнде келуі. Рухани дәулет интеллектілі Тұлға болуы мақсатындағы өзіне дейінгі жинақталған дана-данышпан, ойшыл-сәуегейлердің кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани құндылықтары (аксиологиялары). Әр тұлғаның ішкі интеллектуалды, парасатты іс-әрекеті мен тағылымына негізделіп жиналған заттық құндылығы. Парасат болмаса, заттық байлықтың сусып жоғалатыны туралы ілімі.
3 – дәрістің мазмұны (2 сағ.). Прасаттың Ж. Баласағұн танымындағы тұжырымдар. Парасаттың ішкі әлеует тұрғысындағы мазмұны мен мәні. Оның сүрлеуі ежелгі дәуірден бүгінгіге дейін жалғасып келген ізгілікті ұстанымға қатысты құндылықтар. Парасатты адамның өмір сүру жолында кедергі болған күнде оны жеңудің жолдары, амал-тәсілдерінің нұсқалы жүйесі. Парасатты адамның тіл саптасының шырынды болуы. Оған қарама-қайшылық келтірер, қара бастың қарақшысы – бағусыз-қағусыз кеткен қызыл тіл екендігі.
4 – дәрістің мазмұны (2 сағ.). Қанағаттың алдыңғы үшеуі болмай, қанағат ауқымы дұрыс жетілмеуі. Әр тұлғаның өзіндік қанағатының болуы. Бақ және дәреже қаншалықты өссе, соғұрлым оның өмір сүруі қиындыққа ұрынуы. Оны жеңер парасаттың ұдайы өрлеу бағдарының өсімі. Қарапайым адамның қанағаты бектің қанағатының бір ғана пайызы екендігі. «Рахат өмір – ақымақтар еншісі» деген Бауыржан Момышұлының формуласының түпқазығы Ж. Баласағұнның «Құтты білігімен» үндестікте келуі.
Семинар мен тәжірибешіл сабақтардың креативтік сұрақтары:
1) Барлық істе зерек болу іс-әрекетіне Ж. Баласағұн нені жатқызады?
2) «Толық ісің, пішінің» формуласына қандай антитезаны алады?
3) «Жайсаң ер» портретін қалай сомдаған?
4) «Тілдің жалған айтқаны» неге бағдар жасайды?
5) «Шарапқа аңсары аууын» қандай күй кешудің көрінісі дейді?
6) «Зымияндық, бықсыған» адамнан нендей қасиеттер қашады?
7) «Ақыл», «білім», «парасатты» секілді ойлау өнерінің иерархиясын қалай пішіндеген?
8) «Ерлік, даңқ» формуласының мазмұнын қалай келтірген?
9) «Мансаптансаң бәле келіп табады» формуласын қалай түсінесің, бұл келмес үшін мақсаттану керегі жоқ деген пікір туа ма?
10) Ж. Баласағұнша ессіз бен парасатты адам үйлесімде ме?
11) Нәпсінің басымдығы парасатқа қалай әсер етеді?
12) Анадан ізгі туғандар кімдер?
Міне, осындай стандарттан тыс креативтік сұраққа элективті курстың семинар сабағында күні бұрын студенттерге таратылып беріледі, оны тәжірибеде қалай пайдалану амалдары қарастырылып, студенттер ықшамдалған мәтіндемеге қатысты өздерінің ой-пікірлерін деңгейліктерге сәйкес құрады.
Алдымен дәріс сабағын күрастырудың мәнін айқындап өтелік.
Дәріс оқу үдерісі – оқыту жүйесінің құрамы, ой шығарудың, қорытудың негізгі бір бөлігі. Оқыту әрекетіне оқытылым үдерісінің сипаты жатады.
Оқыту - өнер. Күрделі, нәзік, сан қырлы және ерекше өнер. Өйткені, бұған екі адам: оқытушы мен студент қатысады. Оқыту нәтижелері – білім, студенттің даму дәрежесі ретінде бұл үдеріс өз бейнесін табады.
Оқыту ісіне оқытушының қызметіне оқыту және студенттің қызметі – оқу кіреді. Оқытушының студенттерге басшылық жасау әрекетіне мынандай қызмет жатады: есептеп таңдап шығару, ой-тұжырым шығарудың түрлі варианттарын салыстыру, таңдалып алынған варианттың дұрыстығын дәлелдеу. Кейбіреулері қателеседі, олар өз қатесін түзейтін деңгейге жетеді, оқытушы түсінік береді.
Ең бастысы ешкім алаңдамауы керек. Оқыту үдерісінде оқытушы, студент те белсенді, мақсат көздей жұмыс істеген жағдайда өнімді болады.
Тыңдарман студенттермен оқытушылардың тығыз байланысының нәтижесіне аталған оқыту дәрежесі айқындалып отырмақ. Ондай тығыз (өнімді) байланысы жоқ жерде, оқытылым өзінің дәрежесін төмендетеді. Мұның өзі әрі тікелей, әрі қашықтық мәреде жүзеге аспақ, тәжірибеде оқыту үдерісі мыналарды іске асырады:
интеллектуалды даму өрісін жан-жакты тұрғыда үздіксіз алға жылжыта алуы үшін, адамгершілік пен ізгілікті ұстаным бойына оқыту мазмұнынан саралап алуы үшін, қабілет-қабылдау деңгейін күн өткен сайын тереңдетіп отыруы үшін студенттің білігі танымдық қызметін басқару шеберлігіне орай ширау үшін;
басқару қызметі (студенттің) жеке, дербес іс-әрекетін дәйектілікпен жоспарлауын;
дәріс үдерісінде негізгі желіні құрастыруын;
белсенділігін, ұшқырлығын ұштауын;
саналы да санатты меңгеруін;
іс-әрекеттің тәсілдерін іріктей алуын;
өзін-өзінің бақылау жасауын;
- оқығанын зерделеу, сараптау, сапалы оқу еңбегін қадағалау іс-әрекеттерін ұйымдастыра алуын;
- оқу әрекетін ұштай отырып дамытуын;
- соңғы жетілген, кемелденген білігін, ілімін жинап, талдау-қорыту іскерлігін;
- жеткен жетістігінен ары карай бағыт-бағамын жобалайтын машығын;
- өзінің тұлғалық сом болмысының сипатын аңғартатын байқампаздығын.
Аталған жіктемелердің басында тұрған «басқару» деген ұғым –педагогтық ықпалды жүзеге асыратын басты әрекет. Егер тізбеленген бөліктердің бірлі-жарымы назардан тыс қалған жағдайда дәрістің маңызы жайлы әңгіме қозғаудың жөні жоқ.
Ал осы педагогтық ықпал дегеннің өзін тек істелген әрекетке, не болмаса, меңгерген белгілі бір білік қорына сәл түзетулер енгізу десек қателесеміз. Олай болса, әңгіме әрбір қабылданатын нысана бұрынғы қаланған, қалыптанған тұжырым-түсініктерді түбірімен бұзып, жаңа пайымдарды туғызады.
Парасат – бағам деңгейліктері сан-салалы түрлерде жүзеге асып, тұлғаның адамгершілік қызметінің құрылымы ізгілікті сипатқа негізделуі басты нысанада болады. Мақсатты жеке қабілеттілік өрісін диагностика негізінде құра білген жағдайда басқару жүйесі бір тұтастық құрылымды көздейді.
Диагностика құрастыру меңгеретін материалдың рейтинг тізбесіне тікелей бағынышты. Ол үшін оқытушы әр модульдің ұсақ бөліктерін эвристика, не проблемалы сұрақтарына алгоритм тәртібімен шкалаға жіктеуі көзделеді. Сонда ғана диагностика мемлекеттік стандарт тұрғысында жүзеге асады. Сараптау қорытындысы пәннің мүддесімен түйіседі. Нәтижесінде, мақсаттың қаншалықты деңгейдегі орындалу үдерісі бейнеленеді, әрбір студенттің жеткен жетістігі өзіне белгілі болып, алға жылжуға өзі ынталы, құлшынысты, мүдделі құбылысқа келеді. Мұны әр студенттің ішкі қызметінің тәртіптеліп, оқу және ғылыми еңбегін ұтымды ұйымдастыра алуына өзі қызығып отырады.
Сөйтіп, студентте қызығушылық фазасы – іс-қимылға негізгі діңгек.
Оқытушының оқу, дәріс үдерісін жүзеге асыру сәтіндегі рөлі –меңгеретін материалын белсенділікпен, саналылықпен меңгеру әрекет басқара алу машығын іске қосу.
Ол үшін мынадай әрекеттер жүзеге асырылады:
- біліктіліктің міндеттерін жіктеуді;
- оқытылым міндеттерін қабылдауда қолайлы жағдай тууын қадағалауды;
- алдағы қызметтің деңгейліктері жайлы, мәні мен маңызы хақында нұсқау жасауды;
- студенттерге дер кезінде көмек беруді;
- студенттердің біліктілігін арттыру үдерісін сүйіспеншілік қағидасын құра білуді;
- жауапкершілік пен сенімділік қасиеттерін дамытуды.
Оқытушының әрбір қадамынан белгілі бір өзгерісті аңғару арқылы өнімді еңбек қорланбақ. Сол секілді осындай өзгерісті, оңтайлы істер – әр студентті тұлға ретінде қалыптастыруға қозғаушы күш. Мұның нәтижесін мақсатқа үндестіру үдерісіндегі студенттің біліктілігін талдап - жинақтап, нақтылы Sit оқыту жағдайларын жобалап, жоспар арқылы іс-тәжірибеде қолданады. Қай пәннен болмасын оның ішкі құрылым-жүйесі рейтинг шкаласына жіктеліп тексерілмесе, басқару өз мәнінде ұйымдаспағанының айғағы. Сөйтіп, ол педагогтық бақылауға бағынбайды. Қорыта айтсақ, оқытушы «Нені үйретемін?» – деген сауалмен шектелмей, «Осы материал арқылы қалай тұлғалық қабілеттілікті дамытамын?» деген байлам шешіммен жұмыс істеуге міндетті.
С. Торайғыров [166] шығармашылығын басқа ақын-жыраулармен саралап қарасақ, ұстанымы мен пәлсапалық толғамдары дербес екеніне ешбір жан күмән келтірмес. Ақынның шығармашылығын оқымай-ақ, сырттай көз жүгірткеннің өзінде заманға қатысты мәселелердің беті ашылып отырады. Нақтылап айтсақ, «Кім жазықты?», «Адасқандар», «Айтыс», «Таныстыру» секілді шығармаларының атауларының өзінен ақынның нені меңзеп тұрғанын аңғару оңай. Көбінесе, филолог-зерттеушілердің назарынан тыс қалатын әңгімелерінің өзінде еліне деген жан-жүрегінің сүйіспеншілігін ащы ой-түйіндерімен білдіретіні байқалады. Мәселен, «Зарландым» әңгімесінің жанрлық ерекшелігіне кіріспе сөзін айтып өтіп, тура бидей шындықтың бетін ашып береді. Бұл ойымызды С. Торайғырдың өзінің ой өрнегімен келтіріп көрелік:
«Роман деуге болады мұның өзі,
Фельетон тәртібің ше әрбір сөзі.
Құрылған надандарға мысал-айна
Не шара соқыр болса көңіл көзі».
Ұсынылған жолдардан ұғарымыз «Көңіл көзі» деген тіркестің метонимия болып тұрғаны айқын, бірақ біздер бұл тіркесті жеке бөліп алсақ, ой тұтастығына, ақынның тақырыпқа сай ұстанымына нұсқан келері даусыз. Сол себепті тұтас алып талдасақ, ақынның шерлі жүрегінің шырылы көпшілік қауымның көңілі білім мен ғылым деңгейімен бағаланып, олардың көңіл көзінің соқыр екені адам сипатында өріліп тұр. Сөйтіп бұл тұтастайын кейіптеуге жатады. Біздер филология тұрғысындағы бұндай теориялық талдауымызды сөздің, сөз тіркесінің, жалпы өлең сарынының не туралы айтылып тұрғанын студенттерге аңғарту үшін әзірлейміз. Ақын оқырманның осындай сөз басымен ұмсындырып, қызықтырып, өзінің көкейіндегі халықтың қандай күйге душар болғанына уәж айтуы қайталанбас сөз өнерінің қуатын аңғартады. Ақын өзінің авторлық позициясында қазақ балаларының үш түрлі жолда болатынын жіктеп береді:
Біріншісі: жасынан бір ауыз ғылым оқымаған, әліпті таяқ деп те білмейтін, айуан секілді ішіп-жеп, мал бағып, өсек аңдып, айтуға ауыз шошитын неше түрлі бұзық мінездерменен қараңғылықта күнін өткізіп барады.
Екіншісі: бұрынғы аяң молда, надан қожа ишандардың жолымен кетіп, атсаң оқ, айтса сөз өтпейтін миларын шатастырған қияли болады.
Үшіншісі: – біздер. Біздер-дағы сахарадағы өмір өткізген қазақтың көк өрім қыршын жастарымыз. Ең әуелі бұрынғы атақты молда, аруақты қожалардан оқып, кішкенелерімізге әліп үсүн ән (әріп үйретудің бір тәсілі) «кесік бас», «тақи ғажап» (татар тіліндегі кітаптардың аттары) секілді пайдасыз кітаптардың санын түзетсе алмай, миымыз шіріп, алтыннан аяулы асыл өміріміздің ең қымбатты уақытын босқа кетіріп, әбден шатасқан едік. Сол уақытта ілгері басқан аяғымыз кейін кетіп, оқығымыз келмей, есалаң кісідей не ғып, не қойғанымызды да аңғармап едік.
Аталған үш түрлі балалардың өсіп келе жатқанын С. Торайғыров сол ХХ ғасырдың бас кезінде айтып өтсе, ол мәселеден әлі де болсын айықпай отырғанымызды жасыру біздер үшін үлкен күнә дер едік. Осы үш түрлі мазмұнға тікелей тура мағына беру артық. Себебі бұл ұстанымды автор үлкен пәлсапалық ой-тұжырыммен саралап тұр. Алдыңғы екі жолға түспеу үшін бірталай ғұламалар С. Торайғырдан да бұрын айтып кеткені белгілі. мәселен, Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі «Талапқа, Еңбекке, Терең ойға, Қанағатқа, Рахымға» қас жау өсек, өтірік, еріншек, мақтаншақ, бекер мал шашпақ» екеніне барлық оқушы жастардың білім мазмұнында өріс алып жүргені ақиқат. Бірақ өкінішке орай, бала жүрек пен қабылдаған білім есейгеннен кейін өмір кәдесіне инструменттік дәрежеде қолқабыс тигізбейді.
Міне, осындай өнімсіз «білім» алуға қарсылық білдірген ақынның даналық ой-тұжырымы арқылы біздер оның көрегендігін аңғарамыз.
Ьүгінгі таңда «Мәдени мұра» көзіне айналған баяғы құндылықтардың озықтығы жайлы да автор ерекше ой білдіреді:
«Баяғы қазекеңнің түзулікті, һәм түзулік айтқан кісіні жек көріп, ынтымақ-бірлікке келмей қалшиып қалатындығы бұрыннан-ақ әркімге мәлім ғой, бұлар тән-жандарын сарып қылып, халықты ұйқыдан оятып, түзулікке шақырып, тәртіпке салуға қандай қызықтырып, жақсылыққа сүйреп уағыздаса да, туғаннан бері ата мирасындай болып сүйегіне сіңіп, көңіліне орналасып қалған надандық шіркін жуық маңда жақсылық сөзді естірте қоя ма? Не қылса да, мыңнан біреу болмаса түсіне алмаған, жазаласа дүшпан тұтып, сөз жүргізіп, өсектей бастаған. Сол себепті тәртіпті программ түзелмеген болса да, барлық иждаһатын сарып қылып, қандай ауыр машақтарға шыдап, мүмкін қатал тәртіптен, шамасы келгенше пайдасын тигізуден жалықпай, аз да болса ғылым-өнер тарата бастады».
Автор бұндай білім мен ғылым жиюға кеселдік келтірер саңылау сезімнің жауы соқыр сезім (Ж. Аймауытов тілімен) екенін ашық айтып тұр. Сол кезден бері бүгінгі үшінші мыңжылдық кезінде де жаппай сөз ұғарлық дәрежеге жетуімізге күмәннің болуына әлі күнге дейін «қазақ тілі» жайлы жарнаманың жүргізілуі дер едік. Автор бұндай тұжырымды өрнек сөзінің қорытынды түйінін өзі береді:
4. ...бізге жолыққан апаттың түсі суық, рақымы жоқ, ыңғайлы тым жамандау, ақыры қорқыныштырақ көріне береді.
Құрметті білім, өнер иесі, жаны бір, қаны бір, қаны бір туысқандарым! ...кемшілік, қоршылықта болып, қараңғылықтан (метонимия) шыға алмайтындығымыздың себептерін көрсетіп, сандалып тұрғанда, тым болмаса, қапымызды шығарып зорланып қалайық та!
Жоғарыда келтірілген талдаулардан шығарар қорытындымыз «қараңғылық» деген сөздің қарымы айрықша. Бұл арада автор білімге, сауаттылыққа қатысты «қараңғылықты» айтып тұрған жоқ, замана пәлсапасын ұғар түйсіктің жетесіздігін меңзеп тұр.
С. Торайғырдың бұл әңгімесіндегі «біздер» есімдігінің рөлі мүлдем басқаша. Замана ағымына 1) ден қоятын надандықтан күн сайын қашатын, 2) әрбір сөзді ұғарлық зейіні бар, 3) надандықтан болған ұлы апаттардан сақтайтын ғылым, 4) өнер үйренетін, 5) адамды күнде халқымызға һәм мемлекетімізге пайдалы адам болатын, 6) болашаққа зор үмітпенен қарайтын таудай талабы бар біздер бармыз дейді. Қарап отырсақ, бүгінгі жоғары оқу орнындағы оқытушы-профессорлардың оқыту іс-әрекетін интерактивпен өткізудің амал-тәсілдерін ақын өзінің осы әңгімесінің құрымына негіздеген сияқты сезінесің. Диалог, полилогты бір өзінің атынан келтіріп отырған өнер иесінің шеберлігіне таң қаласың.
Әңгіменің бірінші бөлімінде идеясы аталған талдауда толық қамтылды. Ал екінші бөлімінде автор өзінің атынан, өз өмірін баяндап отырғандай көрінгенмен, жалпылық, көптік мағына аңғарылып тұр. Оны мына бір алгоритмдерден байқаймыз:
1. Біздерді оқытуға ата, ағаларымыздың ықылас-ниеттері түзелген жоқ. Олардың бізді оқытуға ықыласы жоқтығын мынадан білеміз: біздерді ең әуелі оқуға бергенде молдаға өздері апарып тастамайды. Бірақ бізге айтатыны мынау:
...шырағым, күн жылыда, жұмыс болған уақытта, анда-санда ғана барып сабақ алып жүр. Әзір малға қарап жатқан жоқсын жұмыс реті келгенде, бармай да жүрерсің.
2. Әкең қайда десе, үйде жоқ, сондай жұмысқа кетті де.
3. Оқитын болсаң шығынданып кітап алмай-ақ, осындағы барын оқып бітірсең де жетер... бас-аяғы жоқ, арасынан көгерген иісі кеудемізді ататын, қырық бөлек жазба кітап арқалатып кітап береді.
Үшінші бөлімде полилог тағы жалғасын табады:
1. ...киімін жыртқаннан да мектеп көргені жақсы ғой деп, сізге әкеліп отырмын.
2. Молда: өзінің білген шамасынша, әуелі зәрулігі болған «иман да әдеп, дін үкімдерін» үйрететін һәм зейінін ашып, ақыл беретін, ұғынуына қолайлы, заманына лайықты бұл уақытта пайдалы кітаптар көп. Соларды оқыту керек.
1. Баланың әкесі: Ой тәңір-ау! Жас балалардың осындайы бар. Біздің бала кітап талғамайды. Сәндемей-ақ оқыта бер. Пайдасыз болса, бұрынғы қожекемдер білмей оқытып па? Болмаса, кітабыңызды кірлемес, жыртпас, оқып беруге беріңіз.
Түсінбегені:
-Ойбай, мына заманақырдың молдасы қалай еді?
Осындай «біздер» деген атаудың ішінде неше түрлі ата-ана кейпі диалог пен полилогқа қатысып, оқуға деген баланың еңсесі үй іші, отбасынан басылып, алға ұмтылысқа жолдың жабылуын байқатады. Бүгінгі ата-аналардың арасында да балаға деген сыңаржақтық қараушылықтың түп тамыры осыдан екені бірден танылып-ақ тұр. Қорытындысын ақынның өзі құрастырып береді: «Бұл адам суретті жарықтықтарға жасаған өзі ынсап беріп, түзулікке салсын деуден басқа айтар сөзіміз аз секілді» [1, с. 56]. Бұл әңгіме 1912 жылы жазылған. Қарап отырсақ, оқыту процесін шебер ұстаздардай әңгіме жанры арқылы талдап, өзінің ілгерішіл ой-тұжырымдарын сөз құдіретімен кестелеп келтіріп тұрғаны байқалды. Нәтижесінде, С. Торайғыр «Қазақ ішінде оқыту жолы қалай?» деген түйіндемесіндегі іс-әрекет бүгінгі интерактивті оқытуға сәйкес келеді. Мұнда әр оқушыны бір-бір деңгейлікпен қабылдауға негіздеме жасалады. Бұл ой-пікірімізді дәлелдеу үшін төмендегі түзілімді келтіріп өтелік:
1. Ұстаз жаңа жолдың жарып салма, жарық ойлы, ғылым, педагогиканы оқудай ағызатын, азуы алты қарыс атақтылары болсын.
2. Бірінің баласы жүйрік, бірінікі жорға, бірінікі шабан. Бәрінің бастарын қосып ұстаймын десек, істің түбі жаманға айналатын болған соң амалың бар ма? Себебі: бір тәртіпше бірінші бөлімнің балаларын ата-анасының разы болмағандығынан, я бір уақытта жиналмағандығынан екі-үш бөлім қылып оқытуға тура келеді. Олай болғанда әрбір бөлім басына күніне екі мезгіл оқытқанда ең азы үш түрлі сабақ үйретуге керек. Бөлім басы үш сабақтан күніне жеті бөлімге 21 сабақ болады. 21 сабақты жақсылап үйретуге 21 сағат керек. Міне, сонда мейлің бұлбұл бол, мейлің дүлдүл бол, 21 сағаттың жартысы 10 сағат оқытатын шамаң бар ма? Жоқ. Оған сен де, балалар да, мырзаң да шыдамайды. Алдыңа келген баланы қуып жеңілейтуге шамаң тағы жоқ, онда мүлдем қаражүз атанып елден қуыласың, әрі жөндеп оқытуға шамаң келмесе, әрі шамаңның жоқтығын айтсаң, бұ күнің өзіңе көп болатын болса, «күл болмасаң, бұл бол» деп тез-тез суылдатып бірін-біріне тіркеп, ескі қу мүйіздердің ар жағында су мүйіз болмағанда қайтесің? Және сенде ұят деген нәрсе тағы бар, ол сенің бұл ісіңе разы болып тыныштық бере қоя ма?! Өз ісіңнен өз ісің жиіркеніп балалардың алдында кісі өлтіріп қылмысты кісі болған секілді амалсыз байлауда тұрғандай болып отырмайсың ба? Әрине солай. Менің түсінуімше қазақ ішіне оқудың таралмауы, таралса да ілгері баспауының бірінші себебі: молдалардың үйрете білмегендігінен емес, үйрету тізгінінің қолдарына берілмей, осындай бәлелерге ұшырауларынан деп білемін.
Қорыта келгенде, деңгейлікке саралап оқыту мәселесінің қиындығын ашып, оның көп баланы бір сыныпқа қамап оқыту тұрғысында мәнінің жоқтығын айтып өтеді. Бұл мәселе бүгінгі күні де шешімін толық тапты дей алмаймыз. Одан құтылудың бір амалы – тек интерактивті тақта арқылы интерактивті технология екені өз-өзінен түсінікті.
Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздерін және элективті курс арқылы оның іс-әрекеттегі деңгейін айқындау үшін, студенттердің қабылдау әдістерінің мүмкіндігін анықтау мақсатымен зерттеу жұмысын ұйымдастырдық. Павлодар қаласының С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінде, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ мектеп-интернатында тәжірибе үш кезеңде (анықтаушы, қалыптастырушы, бақылаушы) өткізілді. Экспериментке 310 студент және 215 оқушы қатынасты. Оның 155 студенті эксперименталды, 155 студенті бақылау тобына тартылды. Ал мектеп оқушыларымен сұқбат, сауалнама жүргізілді.
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың анықтау кезеңінде жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру деңгейлерін анықтау мақсатында пікірталастар, анкеталық сауалнамалар, бақылау, сұқбат және т.б. жұмыстар жүргізілді. Сауалнама мен бақылауда студенттердің жеке мүмкіндіктерін, оқу тапсырмаларын орындауға ырықтану іс-әрекетін, жаңа философиялық көзқарасын, парадигмасын анықтау мақсаты қойылды. Анықтау экспериментінің нәтижесінде студенттердің белгілі ауқымда, мазмұны әр деңгейдегі парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың қажетті білімдері бар, дегенмен оның басымы кешегі тоталитарлық қоғамдағы көзқарастан, таптаурын мәннен қол үзбегендері байқалды, ішкі парасат бағамы тұрақсыз, бірді айтып бірге түсіп кетушілік орын алған. Жүйе жоқтығы сезілді.
Оқушылар тарапынан да Ж. Баласағұн, А. Құнанбайұлы, С. Торайғыров шығармашылығына нақтылы авторлық ұстаным деңгейінде жауап берушілер некен-саяқ кездесті.
Парасат жайлы ойшылдардың кейінгі ұрпаққа қалдырған тұжырымдары жайлы студенттер мен оқушылардың талдаулары, сонымен қатар, анкета жүргізу әдістері қазіргі интеллектуалды ұлт құрау негізі етіп қабылданбайтыны, әр шығармашылықты дербес, бүгінгі мемлекеттік тапсырыспен сәйкестендіре бермейтінін анықтауға мүмкіндік берді. Бүгінгі студенттердің мәдени мұра ретінде кейінгіге қалдырған рухани құндылықтардың өздерінің біліміне негіз ретінде қолдануға болатындығы айқындалды. Зерттеу үдерісінде байқағанымыз оқытудың өн бойында мәтіндердің қажетті жерлерін саралап алу іскерлігі жеткілікті деңгейде ұшталмаған, қалыптаспаған. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс жүргізілген оқу орындарында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың креативтік-шағармашылық ізденулеріне мүмкіндіктер туғызу мақсатында біздер төмендегідей әр алуан сабақ түрлері мен әдіс-тәсілдерді пайдаландық.
Аудитория мен сыныптан тыс жұмыстарда студенттер мен оқушыларға пікірталас, сұқбат, түрлі ойындар, эссе жазу, кездесулер т. б. жүргізілді.
Сонымен қатар студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негізінің қалануы оқытушы-профессорлар мен ұстаздарға тікелей қатысты екендігіне мән бердік.
Бүгінгі жоғары оқу орны мен жаңа типті мектептердің бағдарламасында парасатты ойлау өнерінің білім мен ғылым меңгеру мәселесі жеткілікті зерделенбегені байқалды. Десек те, кейбір қағидалары студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыруға қатысты іс-шараларды жасауға негіз бола алады. Сондықтан да эксперименттің келесі кезеңінде студенттердің оқу әрекеті барысында парасатты ойлау өнерін қалыптастыру мақсатын көздейтін арнайы элективті курс дайындалып, кішігірім трансформацияланған хрестоматиялық құрал әзірленіп, С. Торайғыров атындағы гуманитарлық-педагогикалық факультетінде сынақтан өткізілді.Студенттерге тиімді парасатты ойлау өнерін қалыптастыруда элективті курстың мүмкіндігі мынадай болды: студенттерге түсінікті болу үшін мәтін тұтастығын бұзбай, оны тансформациялау; олардың оқу кеңістігінде ырықтану іскерлігін ұштау; «парасат» ұғымы жайлы еңбектердегі тұжырымдарды студенттердің өз іс-әрекетіне ұтымды пайдалану; студенттердің ішкі интеллектуалды әлеуеті интеллектуалды ұлт құраудың іргетасы екендігін ескеру.
Жоғарыдағы жұмыстарды өткізу барысында біздер студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың нәтижесі қорытылды. Оны біздер 2 кестеде ұсынып отырмыз.


Кесте 2– Студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың деңгейлік көрсеткіші



Индикаторлар

Кезеңдері

Жеткілікті

Креативтік







БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

Біліми-ғылыми негізі

басы

47,88

48,43

15,82

13,63

соңы

35,62

52,47

34,73

14,71

Мазмұндық

басы

41,76

40,64

25,64

18,1

соңы

31,08

42,48

38,52

21,67

Іс-әрекеттік

басы

39,2

39,9

23,9

19,27

соңы

34,08

43,55

35,76

26,28

Тәжірибелі-эксперимент жұмысының соңғы бекіту кезеңінде студенттердің парасатты ойлау өнерінің қалыптасу индикаторының даму деңгейліктерінің көрсеткіштері тексерілді. Нәтижесін 2 кестеден көруге болады.
Эксперименттің бақылаушы кезеңі 3 кестеде берілді.
Орындалған тапсырмалар нәтижесі мынандай ой-тұжырымдарға мүмкіндік береді: студенттердің парасатты ойлау түсінігі артты, оны қандай да болмасын білім мазмұнынан сұрыптап, өздерінің іс-тәжірибесіне негіздеп, прагматикалық әрекеттестік заңдылығын меңгерулеріне мүмкіндік жасалды.
3 кестеде жксперименттің бақылаушы кезеңінің нәтижелері қорытылды.


Кесте 3 – Студенттердің ойлау өнерінің қалыптасу деңгейінің қорытынды нәтижелерінің эксперимент басы мен соңындағы көрсеткіштері






Эксперимент басында

Эксперимент соңында

бақылау тобы

эксперимент тобы

бақылау тобы

эксперимент тобы

105 студ.

105 студ.

105 студ.

105 студ.

Жеткілікті

56 (36,41%)

57 (36,5%)

57 (37%)

67 (43%)

Креативті

19 (12,3%)

18 (11,5%)

21 (13,6%)

70 (44,9%)



Кестеде студенттердің саны 310 студент екіге бөлігін, бақылау және эксперимент топтарын құрды. Креативті ойлау эксперимент басында 12,3% болса, ортасында 13,6%, соңында 44,9%-ға көтерілді.
Қорыта келгенде, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижесі біздің ұсынған болжамымыздың дұрыстығын дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет