Қыз балалар:
Жүзі нұр жайнаған;
Тілінен бал тамған;
Сөзін есеппен сомдайтын;
Басқаны мүлтіксіз тыңдап, ой қорытатын;
Жамандықтың мағына жуымайтын;
Өз-өзіне сенім артатын;
Болашаққа үмітпен көз жүгіртетін;
Бүкіл әлемді билеушіге ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын;
Барлық материяны жоғары деп санап, адамның бәрін де бауырым деп сүйе білетін;
Нәпсісін тізгіндей алатын;
Тән азығын жан азығына бағындыратын;
Ерік-жігерін оңға бағыттайтын;
Ізгілік пен Зұлымдықты, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата алатын;
Алған тәрбиелерін өздерінің ішкі мақсаттары мен қабілеттеріне жарататын;
Мейір шашатын, біреудің айыбын жаба білетін;
Сыр шашпайтын;
Ісінің бәрі өзіне және өзгеге пайда келтіретін;
Халқының тарихы мен мәдениетін пайымдайтын;
Санатты ой-түйіндерді жинай білетін;
Өзінің бойындағы асыл қасиеттерді дамыта алатын;
Өзінің бойындағы көлеңкелі кемсін мінез-құлықтарын жеңетін;
Басқаның кемшілігін кешіретін;
Жанындағы адамдарға қорған болатын;
Өзінің дүние танымын тұратын аймағына, өлкесіне сәйкестендіретін;
Әлемдік мәдениеттің талап-мүддесіне ниеттендіретін.
Ұл балалардың пішіні:
Жеккөру – келіспеу әрекетін тізгіндейтін (ұстамды, сабырлы);
Ұрыс-жанжалға араласпайтын, мәртебесін жоғары сатыға бағыттайтын;
Бөтен адамды орынсыз жақындатпайтын;
Өзін-өзі танитын;
Қайратын, ақылын жүрекке бағындыратын;
Өзі-өзіне есеп бере алатын;
Өзінің жақсы мінездерін оңға бағыттайтын;
Өзінің қоғамдық, әлеуметтік рөлін анықтайтын;
Өзін мақсатты іске талпындыратын;
Ақыл-ой-парасат-пайым-парық-бағам секілді ойлау әрекетін үзіліссіз дамытатын;
Болашақта кім болатын дөп болжайтын;
Өзгерістікті меңгеруі үшін тәрбие өрісін қосымша ақпаратпен толықтыратын;
Өз-өзін субъект деп есептейтін;
Өзінің мәдени дәрежесін арттырып отыратын;
Ұлттық намысын жібермейтін;
Басқа ұлттар мен ұлыстарды сыйлай білетін, олардан өз керегін ала алатын;
Рухани байлығын халқының мүддесіне жұмсайтын;
Өздігінен қажеттілікті кейінгі кеңістікке ыңғайлайтын;
Мақсаттылықты құдіретке бағындыра алатын;
Табандылықты елін, отанын сүю негізінде ұстанатын;
Еріктілікті ыңғайлы іске бағыттайтын;
Өздігінен іскерлік, оқшау пайдалы істі ұйымдастыратын;
Философиялық ойлау дәрежесіне көтеретін;
Өзінің кірісі мен шығынын есептеуі халықтық деңгейге жеткізетін;
Басқа адамның, ұлттың, ұлыстың ішкі ниетін, болмысын, құбылысын сыртқы нышандары арқылы ұға білетін;
Нәпсісін сөндіре білетін;
Құмарлық тәртіп межесінен шығып кетпейтін;
Өршіл жүрегін өмір сүйгіштігіне бағамдайтын;
Табиғатты басқарушыға бас иетін;
Адамның бәрін үлкен жүрегімен сүйетін;
Елінің болашағын ойлайтын.
Қорыта келгенде тұжырымдаманы жаңа заманауи мүддесіне сәйкес парадигмамен құру әрбір тұлғаның біліми-ғылыми түсінігі мен кәсіби құзыретінің деңгейліктері және индикаторларына қарай бағамдалады.
Жеке бір ұлт тәрбиесі әлем философтарының тұжырымдарымен түйіссе, ол – үлкен бақыт. Ондай бақыттың иесі – қазақ халқы. Бүкіләлемдік өмір сүрудің ұстанымына айналған Қытай елінің данышпаны Конфуцийдің: «ізгілік пен жақсылық ақыл-парасатсыз зұлымдық туғызады», - деген тұжырымының құрам бөліктеріне ой жүгіртейік, қазақи тәрбиеге сәйкесе ме екен?:
Әрбір күніңді ең соңғы күндей өткіз;
Біреулердің айтып отырғаны ақиқатқа сыйымды болса да, олардың ғайбаттап отырғандарына сен қосылма;
Өз-өзіңе ең сенімді де тұғырлы досыңдай қара: күнделікті күйкі тіршіліктің келеңсізінен өзіңді сақта;
Бүкіл әлемді өзіңе қарсы, жау деп ойлама, оның сенде шаруасы жоқ;
Өзіңнің табысың мен жетістігіңді барлық жұртқа жариялама, жау табасың;
Достарыңа да, жолдастарыңа да, жауларыңа да өз мәселеңді шешеді деп ойлама, тек Құдыретке және өзіңе сен;
Жұрттың жаман қылықтарын тізбе, ол өзіңде одан да көп;
Барлық істің жауапкершілігін өзіңе алма, артынан саған болысар ешкім жоқ;
Ақшаңды ұсақ-түйекке шашпа, ірі дүниеге, құнды затқа төле;
Барлық адамнан жақсылықты үйрен. Әр адам – саған ұстаз;
Ортаңды күлкі-әзілмен әрле, күлкі – ең тиімді ем;
Балаларыңды жасытпа, оларға үлкендердей қарым-қатынас құр;
Кіші-гірімге кейіме, өзіңе рахат сыйла;
Реніш-өкпе сақтама. Өкпе-кек – адамға ауыр жүк;
Ішкі байыптылық, ұстамдылық адамға бақыт әкеледі;
Ұдайы кешігіп жүретін адам өзін басқалардан артық қояды;
Жақындарың саған масыл емес, ол тектілікті зауалды, кармаңды түзетер мүмкіндігің;
Сөзіңді түсінікті құр. Түсінікті сөз парасатқа жетелейді;
Табандылық пен шыдам, төзім сақта, бұл қасиеттер сенің күш-қуатыңның жойылуынан құтқарады;
Қарым-қатынаста қытай жібегіндей мінез таныт, іс-әрекетте, қызметте қаталдық көрсет;
Жұрттың осал жерін көзіне айтпа, оны жұрт басқаша бағалайды;
Жұрттан сен қолдау іздеме, жұрт сенен қолдау тапсын;
Балаға айғай салып ұрсудан бұрын сен өзіңе айқайлап ұрыс;
Тәкапарлық пен өзімшілдік салдарынан пәлеге ұрынба;
Балаларыңды жеке меншік ретінде ұстама, олардың жұмыс істеу қабілетін ар-ұжданына бағындырып тәрбиеле;
Кеселді ауру кеселді мінезден пайда болады;
Сенің ой-тұжырымың қайда, сен сондасың. Өзіңнің қайғы-шерің мен мұңыңды қайта-қайта жаңғыртпа, ол сенің ілгері жылжыуыңа кедергі.
Қарап отырғанымыздай, аталған 27 пайдалы кеңестің барлығы дерлік абыздардың, жыраулардың, айтыс ақындарының, ақындардың, жазушылардың, драматургтардың еңбектерінде айтылған тұжырымдармен сәйкеседі, унификацияланады.
Олай болса, қазақи ұлт тәрбиесінің мәйегі – әлем халықтарының философиялық дүниетанымымен түйіседі, сондықтан біздер бақыт, құт қонған халықпыз.
Достарыңызбен бөлісу: |