ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................
|
120
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................
|
123
|
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Педагогика – (греч. paidos – бала, ado – тәрбиелеуші, жетектеуші) –жеке адамды тәрбиелеп қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие, білім беру туралы ғылым саласы.
Психология – (греч. Hsuche – жан, logos - ілім) – тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым.
Психология – (греч. Hsuche – душа и logos – учение, слово) – наука о законах порождения и функционирования психического отражения объективной реальности в процессе деятельности человека и поведения животных.
Мониторинг – оқу үдерісінде қолданылған педагогикалық құралдардың тиімділігін және мазмұнының, әдістер мен формалардың оқыту мақсатында, білім алушылардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің дәрежесіне, оқу ортасы мен жағдайларына сәйкестігін анықтайды.
Ғылым – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер, не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі.
Жан – душа – адамның, жан-жануардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тіршілік қуаты туралы түсінік.
Мультимедиа технологиясы (Мультимедия) – аудиовизуальды ақпаратты жасау, өңдеу, сақтау, тасымалдаудың амал, тәсіл және әдістерінің жиынтығы. Мультимедиалық оқыту бағдарламасы – мультимедиа технологиясына негізделініп жасалынған электрондық оқу басылымы.
Достарыңызбен бөлісу: |