Зерттеудің көкейкестілігі



бет21/28
Дата19.05.2022
өлшемі333.29 Kb.
#457497
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Дип парасат

Нормативтік

Студенттердің жүктемесін, оқу жоспарын орындауының тәртібін және біліктілік маршрутын таңдауын зерделейді.







Екі жылдық мерзімдегі студенттің біліктілік қызметінің жиыны жайлы хабарлайды.



Ақпараттық







Студенттердің біліктілік қызметінің мақсатын, құндылығын, жетістігін анықтайды.



Мотивациялық







Ұйымдастырушылық

Студенттердің біліктілік қызмет түрлерін анықтайды, өзара ықпалдастық және диагностикасын айқындайды.







өзін-өзі анықтайды

Біліктілік таңдауды іске асыру негізінде қажеттілігіне қарай өзін-өзі таниды.


Сурет 1 – Жеке біліктілік бағдарламасының функциясы


Жеке оқу жоспарының негізіндегі профильді оқытуды ұйымдастырудың құрылымын түзу көзделеді.





Жеке оқу жоспарының негізіндегі профильді оқыту





Экстернат

Қашықтықта оқыту

Аудиториясыз оқыту

Сурет 2 – жеке оқу жоспарын іске асырудың құрылымы


Экстернат. Бұл үлгі әртүрлі нұсқада іске асырылуы мүмкін.


1 нұсқа. Экстерн емтиханға өздігінен даярланады, ол үшін алдымен оқу материалын алып, аттестациядан өту мерзімін келіседі. Бұл нұсқадағы экстерн ұстазына жеке пәндерден кеңес алуға ынталы.
2 нұсқа. Экстерн 5-8 адамнан құрылған топ жекелеген оқу пәндерінен даярлықтан өтеді. Оқу пәндерінің жиыны экстерн таңдауымен құрылады. Экстерн топ ішінде бірнеше пәннен даярланып, қалғанын өздігінен орындайды.
3 нұсқа. Экстерн ерекше құрылған топта оқу пәндерінен даярланып, оқу жоспары ауқымында жұмыс атқарады. Егер топ ішінде үлгермесе, оның жеке мүмкіндігіне қарай мерзімі ұзартылады.
Оқуға даярлыққа және экстерннің білімге қатысты шартты тұғыда үш категорияға бөлінеді:

  1. Орта және ортадан төмен әзірліктегі және шектеулі біліктілікке сұраныммен, аттестат алғаннан кейін білімін арттыруға ынтасы жоқ экстерн.

  2. Жоғары және танымдық қоры орта деңгейде қалыптасқан, білімін жоғары не арнаулы оқу мекемелерінде жалғастыратын экстерн.

  3. Біліктілік қажіттілігі өте жоғары, жоғары оқу орнының ең таңдаулысына түскісі келетін ерекше біліктілік сұранымы бар экстерн.

  4. Аудиториясыз оқыту. Студенттер ата-аналарымен, педагог-кураторларымен келісімге келіп өздігінен сабақты белгілі оқу пәнін таңдауға мүмкіндігі бар. Студенттердің біліктілік сұранымын диагностикалау негізінде, оқу жоспары ауқымында, жеке біліктілік маршрутын есепке алу барысында оқу жүктемесі қалыптасқан топтың деңгейіне қарай анықталады. Бұдан кейін педагогтық жетекшілік анықталып, студенттердің топтық санына қарай оқу жоспары құрылады, мұның өзі студенттердің жеке біліктілік маршрутын қалыптастыруға ықпал жасайды. Осының салдарынан студенттер міндетті минимальді жүктеменің ауқымындағы сағат санына өзгерістер енгізеді. Оның өзі курстық, топтық, жеке сабақтар өткізуге бөлініп кетеді.

  5. пәндердің базалық не профильдік деңгейі апталық сабақтар санымен анықталады. Оны студент таңдауына орай бейімдейді. Егер, мысалы, жеке оқу жоспарында «химияны» студент 3 сағат десе, онда ол апталық жүктемені көрсеткені деп есептейміз, яғни аталған пән тек профильді деңгейде оқылады.

  6. нұсқалардың сандары студенттердің ұсыныстарына тікелей бағынышты, оның өзі көптеген факторларға тәуелді: педагогтардың маман ретіндегі көрсеткіштері (квалификациясы); мектептің оқу-материалдық базасына (кабинеттердің жабдығы инновациялық технологияларға сәйкес келуі, материалдық тұрғыдағы жабдығы, инструменттермен және реактивтермен қамтамасыз етулуі); студенттердің проектілеу мүмкіндігіне, аталған оқу жоспарын жүзеге асыру мақсатында қаржы табуы, сабақ кестесін құратын оқу ісінің меңгерушісіне базистік оқу жоспарына, студенттер тобының біліктілік маршрутын ескеруіне қатысты нысаналар.

Жеке оқу жоспарына көшу білім беретін мекемелердің қалыптасқан қағидаларын өзгертеді. Мұнымен бірге сабақ кестесін құруда күрделі үдерістер пайда болады. Алдымен оқу пәндері мен курстарды анықтап алған жөн. Әр студенттің жеке оқу жоспары айқындалғаннан кейін сабақтың кестесі құрылуға тиіс. Жеке оқу жоспарына қатысты білім жоспары тәжірибе барысында өзгеріске түседі. Жоғары курс студенттері оқу топтары мен олардың топтасуы олардың жеке оқу жоспарының жиынына қарай іске асырылады.
Жеке жұмыс жоспарына мекеме кестесі негізделіп құрылады.
1 кезең. Оқу пәндерінің тізімі студенттер назарына ұсынылады. Бұл кезеңде оқу жоспарының жобасы құрылып, студенттердің таңдауына беріледі. ҚРБҒМ-нің оқу жоспарындағы міндетті пәндер деңгейіне бейімделеді. Бұдан кейін профильдік пәндермен толықтырылады.
Білім оқу жоспарына пәндер аймақтық компонент және элективтік курстар ретінде өткізіледі.
Элективтік курстың түзілімі мен мазмұнын оқытушы мен студент анықтайды.
2 кезең. Жеке оқу жоспарын құру оқу жоспары және сабақ кестелерін даярлау.
3. Студенттер екі пәннен артық таңдауға құқысыз. Бұны олар профильді деңгейде оқиды.
Оқу жүктемелерін студенттерге түсіндіріп, ата-аналарға жеке жұмыс жоспарының мүмкіндіктегі механизмін талдап береді. Студенттер мен ата-аналар үшін ең маңызды кезең белгілі шарттарды орындау және аттестация аралықтағы тапсырмаларды өздігінен орындау болып табылады.
4. Жеке оқу жоспарын іске асыруды қолдау. Жеке оқу жоспарын құру үдерісінде оның түрлерін және әдістерін таңдауға ұсыну. Бұл орайда оқу үдерісін ұйымдастырудың перспективті түрлерін қарастыру тьютордың педагогтық іскерлігіне қарай жүргізіледі.
Қорыта келгенде, студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісіндегі қолданылатын технологиялар сұрыпталу тұрғысында іске асады. Білім берудің технологиялары студенттердің парасатты ойлау өнерін жоғары деңгейлікке көтеру сыңайында зерделенді. Барлық технологиялар парасатты ойлау өнерінің инструменті деген қорытындыны тек нәтижеге бағдарлау арқылы қол жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет