«-», 050713 «-», 050730 «-» 050732 «-»мамандықтарының студенттеріне арналған «Eңбeк қopғay»


Ескерту – 1 апта үшін максималды балл топтың оқу сабақтарының кестесіне сәйкес есептеледі



бет3/7
Дата20.07.2016
өлшемі0.78 Mb.
#212300
1   2   3   4   5   6   7

Ескерту – 1 апта үшін максималды балл топтың оқу сабақтарының кестесіне сәйкес есептеледі.


11 Курстың саясаты

Әpбip cтyдeнт бapлық дәpic, лaбopaтopиялық жәнe пpaктикaлық caбaқтapғa қaтыcyғa мiндeттi. Caбaққa жayaпкepшiлiкciз қapay - қaлып кeлy, caбaққa дaйындықcыз кeлy, epeжeлepдi бұзy oқытyшы тaлaптapын opындaмay бaлдың төмeндeyiнe әкeлдi. Kүнтiзбeлiк гpaфик пәннiң тaқыpыптық жocпapы бoйыншa құpacтыpылaды. Kүнтiзбeлiк гpaфиктeгi 1- жәнe 2- peйтингтe aптaдa бaлдap бoйыншa кeлeciдeй бөлiнeдi. Дәpicкe қaтыcy мiндeттi түpдe 2 бaлмeн өлшeнeдi. Cтyдeнттiң ceбeпciз caбaқ бocaтyы 0 бaлл, қaлып кeлy нeмece caбaқ үcтiндe бөтeн icпeн aйнaлыcқaны үшiн 1 бaлл кeмидi. Keмiтiлгeн бaғa cтyдeнт бapлық дәpic caбaқтapының бapлық тaқыpыптapын көшipiп, oқытyшы aлдындa қopғaғaндa ғaнa жapтылaй қaлпынa кeлтipiлeдi.

Әpбip тәжipибeлiк caбaқ үшiн 6 бaлл, aл зepтxaнaлық жұмыcқa 5 бaлл. Aлғaшқы caбaқ тaныcy мeн тaпcыpмaлapды бөлyгe apнaлaды. Tәжipибeлiк жәнe зepтxaнaлық жұмыcтapды қopғay кeзiндe бaлдap кeлeciдeй бөлiнeдi:

cтyдeнт тeopиялық бiлiмiн көpceткeнi үшiн 2 бaлл;

тәжipибeлiк жұмыc кeзiндe eceптeyдi жүpгiзгeнi үшiн 2 бaлл;

зepтxaнaлық өлшeмдep жүpгiзгeнi үшiн 1 бaлл.

Cтyдeнттiң дepбec жұмыcтapы өзiнiң epeкшeлiктepi бoйыншa ceмecтpдe 7-8 peт өтeдi жәнe әpбip caбaғы 3 бaллмeн өлшeнeдi. Дep кeзiндe тaпcыpылғaн д ж үшiн қopытынды 21-24 бaлл aлaды.

Бipiншi PБ1 (15) жәнe PБ2 (22) 6 cұpaқпeн өтeдi, әpбip дұpыc жayaпқa 2,5-3,6 бaлл қoйылaды. Eмтиxaн жaзбaшa өтeдi, 33,3 бaлдық шкaлaмeн бaғaлaнaды.



Пән бoйыншa қopытынды peйтингтi eceптey әдici

Пән бoйыншa қopытынды бaқылay жұмыc oқy жocпapынa cәйкec eмтиxaннaн тұpaды. Унивepcитeттiң ғылым кeңeciнiң ұcыныcымeн қopытынды бaқылayдың кeлeci бөлiмдepi қaбылдaнды.


2 кесте. Қopытынды бaқылay түpлepi бoйыншa тapaзылық бөлiмдepi.

Қopытынды бaқылay түpi

Бaқылay түpi

Tapaзылық бөлiгi

Eмтиxaн



Eмтиxaн

0,6

өтпeлi үлгepiмдi бaқылay

0,4

Қopытынды peйтинг мынa фopмyлaмeн aнықтaлaды: И=P1+P2 * BДтy+Э*BДэ

2


P1,P2,З- бipiншi, eкiншi peйтингтe жинaлғaн бaллдap. ВДту, BДэ- ceмecтp бoйғы өтпeлi үлгepiмнiң тapaзылық бөлiгi.
Әpбip ceмecтpдiң үлгepiмiнiң жaлпы бaлы тoптaғы бeлceңдi жұмыcы, бaқылay шapaлapынa қaтыcy, лaбopaтopиялық дepбec жұмыcтapды дep кeзiндe caпaлы opындay, caбaқтaн қaлмay cияқты кpитepиeлepгe cүйeнiп шығapылaды.
3 кecтe.Cтyдeнтepдiң бiлiмiн бaғaлay шкaлacы


Қopытынды

бaғa(бaлмeн)



Бaлмeн caндық бaлaмacы

Әpiптiк жүйeмeн бaғaлay

Дәcтүpлi құpылыммeн бaғалау

Емтихан, диф.сынақ

снак

95-100

4

A

өте жақсы

Cынaқ


90-94

3,67

A-

85-86

3,33

В+

жaқcы


80-84

3,0

B

75-79

2,67

B-

70-74

2,33

С+

қaнaғaттанарлық


65-69

2,0

С-

60-64

1,67

D+

55-59

1,33

D

50-54

1,0

L

0-49

0

F

жаман

қойылмайды

Мамандандырылған дәрісханалар, бөлмелер және зертханалар тізімін ресімдеу үлгісі


12 Әдебиеттер тізімі
Негізгі:


  1. Долин П.А. Основы техники безопасности в электроустановках.- М.: Энергоатомиздат, 2004. -448с.

  2. Охрана труда и экологическая безопасность в химической промышленности/ Под ред. А.С. Бобкова, А.А. Блинова, И.А. Роздина и др.- М.: Химия, 2001.-400с.

  3. Безопасность жизнедеятельности/ Под ред. С.В. Белова.-М.: Высшая школа, 1999.-448с.

  4. Охрана труда в электроустановках / Под редакцией Б.А. Князевского. – М., 2001.

  5. Охрана труда в химической промышленности. – М.: Энергоатомиздат, 2001-430с.

  6. Охрана труда в машиностроении/ Под ред. Е.Я. Юдина, С.В. Белова.- М.: Машиностроение, 1983.-432с

Қосымша

7 Безопасность производственных процессов. Справочник (С.В. Белов, В.Н. Бринза, Б.С. Векшин и другие)/ Под общей редакцией С.В. Белова.- М.:

8 Справочная книга по охране труда в машинострение/ Под редакцией О.Н. Русака. -Л.: Машиностроение. Ленинград. отд-ние., 2008-54 с.

9 Пчелинцев В.А, Коптев Д.В., Орлов Г.Г. Охрана труда в строительстве.-М.: Высшая школа, 2001. –272с.



13. Лекционный комплекс

Дәрістердің мазмұны
Тақырып 1. Еңбек қорғаудың ұйымдық және кұқықтың мақсаты

Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру.

"Еңбек қорғау" пәні Қазақстан Республикасында және дамыған капиталистік елдерден еңбек қорғау. Еңбек қорғаудағы кәсіподақтың ролі мен міндеті. Қауіпсіз және адамға зияны жоқ еңбектің өндірістің өсуіне әсері. Еңбек қорғаудағы ғылым мен техникалық жетіетіктері. Еңбек қорғау және техникалық ілгерлеу. Заңдың актілерді еңбек қорғау сұрақтарына көрінді Қазақстан Республикасының еңбек қорғау заңы. Еңбек қорғау аймағында инженер-техникалық жұмысшылардың міндеті мен жауапкершілігі. Еңбек қорғау заңы және ережені бұзған үшін жауапкершілік. Өндіріс қауіпті мен кәсіпкер зияны.

Зардапшегу салдарын топографиялық, монографиялық статистика және экономикалық әдістемелері.

Еңбек қорғау қызметін ұйымдастыру

Өндірістен еңбек қорғау жағдайын ведомысты түрде бақылауын ұйымдастыру. Кәсіпонерлін ауру мен өнеркәсіп травматизмінің профилактикалық жұмысты. Қызмет көрсететін персоналға қойылатын талаптар. Қауіпсіз жұмыс істеу насихаты. Еңбек қорғауды жоспары мен ақшадай көмек көрсету жұмыстары зиянды және жағымсыз әсері бар жұмыс істейтін адамдарды периодикалық дәрігерлік байқау жүргізу қажет және жұмысқа түскенде міндетті түрде дәрігерлі - профилактикалық байқаудан өткізу.



Тақырып 2. Қауіпсіз және жоғарғы өндірістік жұмыс істерін қамтамасыз ету.

Үй және құрыстың санитарлық-техникалық қойылатын талаптарға жауап берді. Басты жоспарға қойылатын талап. Алаңды таңдау. Өндірістік санитария шарттарына байланысты машина жасау үй, құрылымдарының орналасуы. Санитариялық үзілім және санитариялық аймақ. Тұрмыстық жай және санитарлық жағдайды таңдау және орналастыру. Өндірістік үйде жарықтандыру, негізгі талаптар жарықтандыру түрлері.



Тақырып 3. Жұмыс орнын ұйымдастыру

Инженерлік психологияның және эргономиканың жұмыс орнын ұйымдастырудағы проблемасы, машинаны, аппараттарды, станоктарды низамдауды басқару. Жұмыс орны, басқару органдары жұмыс жиілігі. Техникалық эстетиканың бөлігі. Отырып жұмыс істеу жұмыс орны. Тұрып жұмыс істеу жұмыс орны. Үйдің, жұмыс орынының түрінің ролі және станоктары. Сигнал түрі және қауіпсіздік белгісі.



Тақырып 4. Жылудың әсер етуінен қорғау және шоқпен, газдың жәнебасқа зияндардың бөлінуімен жұмыс орнын сақтау.

Ғылыми әдіс жағдайлары және гигиеналық нормативтар. Шаңдар, газдар, бұлар қайнар көзі, бұлардың жұмыс орнында ауада мүмкіндік сақталуы.

Ластанған ауамен және жылудың бөлінуімен күрес жүргізу. Желдету. Аспирация. Тығыздау. Жылу ағыны. Өзіндік қорғау тәсілдері. Шаңды жинау.

Тақырып 5. Электромагнит алаңынан және иондаушы сәуледен қорғау

Иондалған сәулелердің түрлері. Иондалған сәуленің мөлшері. Радиоактивті заттармен жұмыс ұйымдастыру. Иондалған сәуледен қорғау шараларын қолдану. Қорғау жүйлерін және құрылыстары. Құралмен тексеру.


Тақырып 6. Шудан, тербелуден қорғану
Осылардың негізгі сипаттамалары. Машина жасау өндірістеріндегі шудың, тербелудің, құлаққа естілмейтін дыбыстың қайнар көзі. Адамға әсеті, мөлшері. Зиянды әсер етудің жоғарғы деңгейін төмендетудің әдісі мен амалы. Шуды, тербеушіні, құлаққа естімейтін дыбысты өлмейтін құралдар мен аппараттар.
Тақарап 7. Қысыммен жұмыс істейтін, қондырғыларды, ыдыстарды, құбырларды шығарудағы еңбек қауіпсіздігі

Бу қазандардың, ыдыстардың, трубалардың қысыммен жұмыс істегендегі авария жағдайлары және талдауы. Конструкциялық аварияларын профилактикасы және қорғау құрамының және қауіпсідік құралдарының есебі. Қауіпсіз шығаруды ұйымдастыру.


Тақырып 8. Электр қауіпсіздігінің негіздері

Электр қауіпсіздігінің талдау жағдайы.

Электрозақымданудың анализінің экономикалық, статистикалық, монографиялық, топографиялық әдістері. Электр тогының адам организіміні әсер етуі және электр тогымен соққы алғандағы бірінші көмек ережелері. Тоқпен соққы алу жағдайы. Тоқтың жерге аққандағы құбылысы. Адамнан және жақындаудан сақтану. Басқадай электр жиілерінде тоқтан соққы алу қауіпсіздігінің талдауы.

Тоқтан соққы алудан қорғау ережелері.

Тоқ басқару бөліміне жақындауын қорғау. Электр тогынан қауіпсіздігінен соққы алудан, тоқтың жүруінен, жерге тиуден қорғау.

Кіші тоқтарды қолдану. Желілерді электр арқылы бөлу. Зақымдану бөлектеу профилактикасы және бақылау.

Жерге тиетін тогы бар сыйымдылықтардың компенсациясы. Потенциалды түзету. Күшті және екі жидетуді қолдану. Жерге тұыйқтау, бейтарап сыммен тұыйқтау қорғанулары. Өшіру қорғагды. Қорғау заттарын тексеру және қолдану.
Тақырып 9. Өрт қауіпсіздігінің негіздерін

Қазақстан Республикасында өртті сақтауды ұйымдастыру.

Мемлекеттік өртті қадағалану, оны ұйымдастыру және тәртібі. Машина жасау объектілерінде өртпрофилактика жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру. Жану мен жарылыстың жағдайды және түрлері. Қатты, сұйық, газ тәрізді заттардың жануы.

Материалдар өздігінен жану, соның ішінде: көмір, өздігінен жанудың ескертуі. Шаңдар мен бұлардың жарылыстары жарылыстардың температурлық және шодар деңгейі. Жарылыстардан электростанцияларын, кабель құдықтарын, аккумуляторды ескерту.

Өрттің өндіріс объектілерінің мазмұнымен құрылыстарына талаптары.

Жабалау құбылыстарындағы өрт мөлшерлері. Өрт қауіпсіздігі талаптарының көлемді - жоспарлау сұрақтарын шешу. Өрт кезінде адамдарды көшіру және заттарын қорғауды қамтамасыз ету. Объекттерді аланға сыйғызу. Өрттен жолдардың бұзылуы.

Өртті өшіру тәсілдері мен заттары.

Өртті тоқтату мүмкіндігі. Өртті өшіру тәсілдері. Өрт сутасымалдары. Өртті сумен, газбен, ұнтақтармен өшіру құралдары. Өрт хабар белгісі және байланысы. Қатты өртті өшіру.

Өрт - жаралыс қауіпі цехтерінің электр құралдары.

Өрт басталу қайнар көздері болып, электрдугалары, искролар, электр құралдарының қыздырылған бөліктері. Жарылысты қорғау электр құралдары, жарылысты қорғау деңгейлері жарылысты қорғау электр құралдарын жүргізу, жарылысты қорғау түрлері, құрылыс принципі, сипаттамалары. Қолдану жағдайлары. Жарымыс және өрт қауіпі бар мекемелерді топтастыру. Электр құралдарын таңдау. Күшті аккумулятор тарнсформаторлардың - энергетикалық өнеркәсіп бөлімшелеріндегі, цехтердігі жарылысқауіні бар құралдар және тағы басқалар.



14. Методика по изучению дисциплины

Жалпы әдістемелік нұсқау

Бұл курстық “еңбекті қорғау” бағдарламасы ЖОО-ның машина жасау мамандықтары бойынша, жоғарғы оқу орнының оқу-әдістемелік басқармасымен бекітілген.

Халық шаруашылығының әр саласында адам өміріне қауіпсіздік өз ерекшелігімен жасалады. Әрине, бұл әдістемелік нұсқауда барлық жағдайды ескеру мүмкін емес. Сондықтан бұл әдістемелік нұсқауда еңбекті қорғаудың жалпы сұраулары машина жасау мамандықтарының көрсетілген топтарын қамтиды. Бұл бағдарламада әр мамандықтың ерекшеліге туралы айтылады.

“Еңбекті қорғау” курсын оқытуда қазіргі әдістемелік нұсқаулар, оқулықтар, ГОСТ-тың еңбек қауіпсіздігі, машина жобалары, зауыт өндіріс орындарының әдістьемелік материалдар керек.

Бұл еңбекті жүйелі түрде оқуда, жоба бойынша жұмыста конспект жасау, емтиханға дайындалуда, бақылау жұмысын, дипломдық жұмыста өзінің көмегімен тигізеді.

Бұл курсты оқуда “өндірістегі еңбек қауіпсіздігі”, “еңбекті қорғау және социалдық сақтандыру”, “еңбек гигиенасы және кәсіби сырқат журналдары институттардың еңбекті қорғау туралы ғылыми еңбектері маңызды көмек көрсете алады.

Курсты оқытуда көрнекті оқу құралын бірізділікпен оқу керек.

Білімді бақылау әр тақырып бойынша өзін-өзі бақылау сұрақтары бойынша іске асады. Сұрақтардың жауаптары дәл, ьолық әр түрлі экскиздармен, есептермен берілуі керек. Сұрақтың жауаптары институтқа жіберілмейді. Егер сұрақтың жауабына күмән келтіргенде, не болмасы сұрақ түсініксіз болғанда институттан ауызша, жазбаша консультация сұрау керек.

Өз жұмыс орның бойынша техника қауіпсіздігі инженерінен консультация алуыңа болады, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі шаралық жұмыс жоспары сәтсіз оқиғалардың себептерімен таңысуыңа болады.

Егер студент жобалау – конструкторлық ұйымда жұмыс істесе, ол бас инженерден еңбек қауіпсіздігі бойынша және өрт қауіпсіздігі бойынша жиналған материалдармен танысуына болады.

Алған білімді бекіту үшін көп қалаларда болатын еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі туралы көрмелерге бару керек. Мысалы: үнемі өрт техникалық көрмесі (Ленин көшесінде):

Оқу жылында лаборатория – емтихандық сессия кезінде институтта курс бойынша лекция оқылуы керек. Лекцияға қатысу үшін барлық материалдармен (әдістемелік оқу құралымен) танысып барып, бұл лекция жеке тақырыптар бойынша түбегейлі баяндау болады.

Студенттің оқу жоспары бойынша лабораториялық жұмыс саны бір лабораториялық жұмысқа екі академиялық сағат жіберіледі деген есеппен алынады. Лабораториялық жұмысты таңдау еңбекті қорғау кафедрасында инженерді дайындау бағыты бойынша алынады.

Студенттен емтихан бақылау жұмысында жақсы баға, рецензиясы болғанда, лабораториялық жұмыстан сынақ алынғанда ғана алынады. Емтиханда студенттен ЖОО министірлігімен бекітілген бағдарламасы бойынша алынады. Емтихан кезінде студент өз алған білімін теориялық түрде, өз бетімен қолдана алу, жарақат алу, кәсіби сырқаттың алдын-алу, сол сияқты өрт қауіпсіздігін сақтау туралы шешім қабылдай алуын білу.



Әдебиет

  1. Охрана труда в машиностроении/ под ред. Е.Я.Юдина - М.; 1976

  2. Князевский Б.А. Охрана труда - М.; 1982

  3. Охрана труда в авиационной промышленностии/ под ред. Н.Н.Колотилова - М.; 1973

  4. Филиппов Б.И. Охрана труда при эксплуатации строительных машин - М.; 1977

  5. Чижевский И.М. Охрана труда в полиграфии - М.; 1977

  6. Никитин Л.И. Охрана труда в лесном хозяйстве, лесной и деревообрабатывающей промышленности - М.; 1977

  7. Максимов В.Ф. Охрана труда в целлюлозно-бумажной промышленности – М.; 1977

  8. Кельберт Д.Л. Охрана труда в текстильной промышленности – М.; 1977

  9. Ермолаев В.А. Охрана труда в легкой промышленности – М.; 1970

  10. Алексеев С.П., Казаков А.М., Колотилов Н.Н – Борьба с шумом в машиностроении, М.; 1970

  11. Производственная санитария/ под ред. Б.М. Злобинского – М.; 1969

  12. Защитные устроиства/ под ред. Б.М. Злобинского – М.; 1971

  13. Долин П.А. Основы техники безопасности и электроустановках – М.; 1969

Курс тақырыптары бойынша әдістемелік нұсқаулар мен бағдарлама.

Кіріспе


«Еңбекті қорғау» курсының мазмұны. Еңбекті қорғау курсының профильдік пәндер, еңбек гигенасы, эргономика, инженерлік психология, «өндірісті ұйымдастыру мен экономикасы» курсымен байланысы. «Еңбекті қорғау» курсын құраудың ғылыми-әдістемелік принциптері.
Әдістемелік нұсқаулар.

«Дүниежүзілік сауықтандыру мен еңбек талаптарын жеңілдету – халықтың жақсы тұрмысын көтерудің негізгі міндеттерінің бірі, барлық кәсіпорындарда қазіргі қауіпсіздік техника құралдары енгізіледі және өндірістік жарақаттар мен кәсіби ауруларды жоятын санитарлық – гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етіледі» деп жазылған.

Бұл нұсқаулар КСРО конституциясында жазылған:

21 – бап. «Мемлекет еңбекті қорғау мен жағдайларының жақсаруы, халық шаруашылығының барлық салаларында оның ғылыми ұйымдастырылуына қамқорлық жасайды».

42 – бап. «Азаматтар денсаулығын қорғауға құқылы. Бұл құқық қауіпсіздік техникасының дамуы мен жақсартыоуы және өндірістік санитариямен қамтамасыз етіледі».

құрылыс жағдайларындағы еңбекті қорғау сұрақтарының тек қана инженерлік емес, сонымен қатар саяси мағынасы бар. Революциясының жеңісіне орай адамзат тарихында алғашқы рет еңбекті қорғау бойыынша барлық шаралар гуманизмнің жоғары принциптері негізделіп, жұмысшылар бақылауына берілген. Капиталистік қоғам жағдайында еңбекті қорғау бойынша міндеттер кәсіпкерге түсім түсіруге мүмкіндік туған жағдайда ғана іске асырылады.

Әдебиет:[1], [2], [3], [4], [5, 3-8 бет], [21]

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Қазақстан Республикасының Үкімет шешімдерінде еңбекті қорғау облысында қандай міндеттер қабылданған?

  2. Еңбекті қорғау сұрақтары бойынша кәсіби одақтардың съезіндегі шешім мазмұнын баяндаңыз.

  3. КСРО-ң профодақтарының III съезінде қауіпсіздік техникасы облысында қойылған міндетті баяндаңыз. КСРО-ғы еңбек жағдайларының капиталистік мемлекеттердегі еңбек жағдайларынан түпкі ерекшелігі қандай?

1 – тақырып. Еңбекті қорғаудағы құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтары.

Негізгі заң шығарушы актілердегі еңбекті қорғау сұрақтары: КСРО конституциясы (Ата заңы), КСРО заң шығару негіздері мен еңбек туралы заңдары, мемлекеттердің еңбек туралы заңдар кодекстерінде, мемлекеттік денсаулықты сақтау мен КСРО заңшығарушы негіздері.

Еңбек қорғау облысындағы нормалар мен ережелер. Әйелдер, жасөспірімдер және еңбек жарамдылығы төмен тұлғалардың еңбегін қорғау.

Еңбек қорғау облысындағы мемлекеттік бақылау мен коррекциялары; еңбек қорғау бойынша қоғамдық инспекторлар; мамандандырылған мемлекеттік инспекциялар.

Еңбекте қауіпсіздік пен салауатты талаптарды қамтамасыз ету мен бақылауды жүзеге асыруда кәсіпорындардың (мекемелердің) әкімшілігінің міндеттері.

Кәсіпорында еңбек қорғау қызметінің ұйымдастырылуы. Еңбек қорғауды үгіттеу, жұмысқа орналасқан кездегі жұмыс берілетін орында жөн-жобамен оқу.

Кәсіпорындар мен мекемелердегі қызметтік тұлғалардың еңбек қорғау бойынша заңдар, норма мен ережелердің бұзылуына жауапкершіліктері.

Өндірістегі қауіпсіздік жағдайларды тіркеу, есепке алу және тексеру. Себеп талдауы мен кәсіби аурулар травматизмін ескерту.

Әдістемелік нұсқаулар.

Студенттерге болашақ инженерлік қызметтерінде еңбек қорғау заңдарының негізгі ережелері жайлы білімдері мен еңбек қорғау шараларын іске асыру кезіндегі инженерлік-техникалық мамандардың жауапкершілігі мен міндеттері жайлы мәліметтері болуы қажат.

«Еңбек қорғаудың» VII бөлімінде еңбектің қауіпсіздігі мен сауаттылығы талаптарының қамтамасыз етілудегі әкімшілік міндеттері, өндірістік ғиматрат, құрылыс пен жабдықтарды жобалағында, салғанда және пайдаланғанда еңбек қорғау талаптарының сақталу қажеттігі туралы ережелері, еңбек қорғау шараларына құралдары туралы қызметкерлер мен жұмысшыларға еңбек қорғау жөн-жобасының міндетті түрде болуы қажет екендігі туралы айтылады.

«Әйелдер еңбегі» мен «Жастар еңбегі» бөлімінде әйелдер мен жастар еңбегінің регламенттері келтіріледі.

Осыған жалпы одақтық заңға сәйкес мемлекеттерде мемлекеттік еңбек кодекстері бекітілген.

Еңбек заңшығарушы коммунистік партияның жұмысшылар мен инженерлі - техникалық жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен салауатты еңбек шарттарының қамтамасыз етілуінің орындалуын қадағалай тыныс баяндайды.

Сәйкес бабтармен танысу қажет. Студент жұмыс істейтін мемлекеттік қылмыс кодексі мен еңбек туралы заңдар кодексімен, мысалы, КСРО территориясында өмір сүретін студент, еңбек қорғау мен қауіпсіздікті сақтау сұрақтарымен жаңа кәсіптердің жобалауы мен іске қосылуында еңбек қорғау мен бақылау шарттары келтірілетін мемлекеттік танысу керек. КСРО-ның қылмыстық кодексінің 138, 140, 216, 217, 223 және т.б. баптарында еңбек қорғаудағы ережелердің бұзылуында қызметтік тұлғаның қылмыстық жауапкершіліктерін қарастырады.

Еңбек қорғау облысында мемлекеттік бақылау мен қоғамдық қадағалау органдарының құрылымын меңгеру қажет. Дегенмен, еңбек қорғауда инженерлік шешім мен шаралар практикалық қызметте қаржылау мен қауіпсіздік қызметін ұйымдастыру жолымен іске асырылады.


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар.

  1. Еңбек қорғау бойынша негізгі заң шығарушы актілерді атап шығыңыз.

  2. Еңбек туралы заңның қандай бабтармен еңбекте қауіпсіздік пен зақымсыздық кепілденеді?

  3. Кәсіпорындарды инженерлік – техникалық жұмысшылар еңбек қорғау заңдарын бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?

  4. Еңбек қорғау бойынша бақылау қалай ұйымдастырылған?

  5. Қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысшыларға жөн-жоба қалай өткізіледі?

  6. Еңбек қауіпсіздік стандарт жүйелерін түсіндіріңіз?

  7. Профодақ кеңестерінің инспекторлары қандай техникалық құқық пен қызметтері бар?

  8. Еңбек қорғау бойынша шаралар қалай жоспарланып, қаржыланады?

  9. Өндірістегі қатер жағдайлар қалай есепке алынып, тексеріледі?

  10. Жарақаттық ауырлығы мен жиілігінің көрсеткішінің мағынасын түсіндіріңіз?

  11. Жарақаттың экономикалық арты қалай анықталады?

  12. Жарақаттың деңгейін қалай болжамдауға болады?

2 – тақырып. Әуе ортасының сауықтандырылуы мен микроклимат параметрлерінің дұрысталуы.

Өндірістік жағдайлардағы әуе ортаның кіршіктену себептері мен сипаты. Әуе ортасын кіршіктендіретін өндірістік залалдардың әсерінен туатын кәсіби аурулар мен уланушылықтар.

микроклиматтың негізгі параметрлері: температура, ауа қозғалысының біршама ылғалдылығы мен жылдамдығы, барометрлік қысым. Микроклимат параметрлерінің бұзылуы кезіндегі кәсіби аурулар мен жарақаттар. Адам ағзасының жылу балансы мен термореттегіші. Микроклимат параметрлерінің реттелуі. Артық сәуле жылуымен күрес. Вентиляция жүйесінің классификациясы.

Жалпы ауысымды вентиляция кезінде қажетті ауа ауысыжды анықтау. Жаратылыстану вентиляциялар (аэрация, дефлекторлар т.б.) құрылғыларының принциптері. Үйлестірілген, соратын, үйлестірілген – соратын вентиляция, ауаны кондиционерлеу. Вентиляцияның тұйықталған жүйелері.

Ауаны газ бен шаңнан тазарту. Сыртқа тебуші және инерциондық шаң бөлушілер. Периодтық және үзіліссіз әрекеттің кезектік және байлы сүлгілер, электрлік және ультрадыбыстық сүлгілер.

Жергілікті вентиляция құрылғылары: жергілікті сорғыштар, соратын шкафтар, соратын қолшатырлар, сыртқа тебуші сорғыштар, герменттелген кабиналар, әуелік душтар, әуелік және жылулық перделер, үрлегіш вентиляторлар, жылыту жүйелері, әуелік су, булық, аралас және оларға қойылатын талаптар.

Микроклимат параметрлерін, ауадағы зиянды газ тәріздес қоспаларды, шақдануды, сәулелік жылуды өлшеу. Жеке дара қорғаныс құралдары: арнайы киім, бас киімдер, қорғаныс көзілдіріктері, қорғаныс пасталары. Сүзгіден өткізетін және оқшауланған газқағарлар (противогаз), респираторлар.
Әдістемелік нұсқаулар.

Әуе ортасын сауықтандырумен жылу газбен қамтамасыз етуші және вентиляция инженерлері айналысады.

Инженер – машина жасаушылар өндірістік үрдіс кезінде залалдар қалай пайда болып, бұларды қысқарту мен оларды ұстау үшін қажетті сәйкес құралдар алуға болатынын білулері қажет.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар.


  1. Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайларының өзгеруі адам денсаулығына қаншалықты әсер етеді?

  2. Үйлестірілген – соратын вентиляция құрылғысын түсіндіріңіз?

  3. Әуе және су бассейіндерінің қорғанысы қалай іске асырылады?

  4. Ауаның шаңнан, зиянды бу мен газдан тазарту құрылғысын түсіндіріңіз.

  5. Жылу сәулелену көздерінен қорғану қалай іске асырылады?

  6. Машина жасау өндірісінде технологиялық үрдістерге байланысты жылыту жүйесі қалай таңдалады?

  7. Жұмыс ауасының зонасында – зиянды шығымдар барда қандай жеке дара қорғаныс құралдарын қолданылады?


3 – тақырып. Өндірістік жарық.

Жұмысты көру жағдайларын анықтайтын негізгі жарық көлемімен параметрлері. Өндірістік жарық түрлері мен жүйелері: жаратылыстану, жасанды және біріктірілген жұмыс, апаттың және арнайы, жалпы, аралас, жанындағы мен үстіңгі өндірістік жарыққа қойылатын талаптар.

Жасанды жарықты мөлшерлеу. Жасанды жарық көздері, үлкен шамдар, олардың классификациясымен мінездемелері. Жасанды жарықты шамалау әдістері. Жасанды жарықты шамалау мен мөлшерлеу.

Өндірістегі түс пен функционалдық бояу. Интерьер, машина мен құралдардың түсін таңдау. Құралдың алдын-ала ескерту бояуларлары.

Көру мүшелерінің жеке дара қорғаныс құралдары. Өндірістік жағдайларда жарықты бақылау. Жарық құрылғыларын пайдалану.

Әдістемелік нұсқаулар.

Қайтадан СНиПИ-4-79 басылып шығарылған ескеру жөн. Табиғи мен жасанды жарық СНиП-А-9-71 мен СНиП-А-8-72 орнына.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.

  1. Адам денсаулығына зақым келтіретін жарық қалай әсер етеді?

  2. Машина мен құралдардың ескерту түстеріне қандайлар жатады?

  3. Электропісіру мен газбен пісіру кезінде көздің қорғанысы үшін қандай жарық сүлгілер пайдаланылады?

  4. Көру мүшелерінің қорғанысы үшін қандай жеке дара құралдар пайдаланылады?


4 – тақырып. Өндірістік тербелістерден қорғану.

Тербелістердің пайда болу себептері мен физикалық параметрлері.

Тербелістердің адамға әсері. Тербелістік аурулар. Тербелістердің санитарлық – гигеналық және техникалық жөнделуі. Тербелістердің зиянды әсерімен күресудің негізгі әдістері. Тербелмелі дене қозғалысының теңестірілуі; тұрақсыз жүйенің күштік әсер мен механикалық қарсы тұрушылықтан виброжылдамдық амплитудасының тәуелдәләгі. Виброжылдамдық амплитудасына мөлшер, тығыздық пен үйкелеудің әсері. Баланстау. Динамикалық және соққы іс-әрекеттің тербелмелі сөндіргіштері. Машиналардың тербелмері оқшаулағыштары. Тербелмелі оқшаулағыштардың түрлері, олардың жетістіктері мен кемшіліктері, тербелмелі оқшаулағыштардың әсерлігінің бағалануы, тербелмелі оқшаулағыштарды таңдау реті.

Тербелістердің зиянды әсерінен жеке дара қорғану құралдары. Тербелістерді өлшеумен тербелмелі өлшегіш аппаратурасы.


Әдістемелік нұсқаулар.

Көлік құралдарының дамуы, өндіріске кеңінен қол машиналардың енуі және сонымен қатар тербелістерді технологиялық үрдістерде қолдану, қазіргі кезде жұмысшылардың көбі тербелістердің әсерінен зардап шегетініне әкелді. Тербелістердің Адам ағзасына жағымсыз әсер етуін ескере отырып, машина, құралдар және машина жасау өнімдерінің тербелісін төмендету қажет.


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар.

  1. Тербелістердің пайда болу қайнар көзі.

  2. Тербеліс адам ағзасына қалай әсер етеді?

  3. Тербелістердің төмендетілуіне байланысты қандай шаралар қолданылады?

  4. Тербеліс есебінің принципін баяндаңыз.

  5. Тербелістен жеке дара қорғанудың құралдары.

  6. Тербеліс қалай өлшенеді?


5 – тақырып. Даңғыр мен ультрадыбыстан қорғану.

Дыбыстық өрістің физикалық мінездемесі – бұл дыбыс қарқындылығы мен оның деңгейі, дыбыс қарқындылығының дыбыс қысым деңгейлерімен байланысы. Дыбыс жиілігі, спектр. Стандарты жиелік жолақтары. Тоналдық және кең жолақтық, тұрақты және тұрақсыз даңғырлар. Ультрадыбыс, естілетін дыбыс, инфрадыбыс.

Даңғырдың адам ағзасына әсері. Дыбыстық қуаттылық, дыбыстың қуаттылғының деңгейі мен спектрі. Машиналардың даңғырық мінездемелері. Акустикалық есептің негізгі формуласы. Машиналардың даңғырық мінездемелерін анықтау. Механикалық даңғыры мен оны төмендету әдістері. Аэро және гидродинамикалық даңғыр. Аэродинамикалық даңғырды төмендету жолдары.

Электр машиналары мен құрылңғылардың даңғыры және оны төмендету әдістері.

Кәсіпорын мен цехтарды жоспарлаудың акустикалық принциптері. Дыбыс шығармау бекеттері. Дыбыс шығармау есебі. Даңғыр тұншықтырығысы.

Даңғырдан сақтанудың жеке дара құралдары. Жұмыс орындарында даңғыр мен ультра дыбыстарды өлшеу.


Әдістемелік нұсқаулар.

Даңғыр көзі болып тербеліс саналады. Сондықтан шешімде машиналардың даңғырын төмендету қажеттілігі ескеріледі.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

  1. Даңғыр тудырғыш көзі болып не саналады?

  2. Даңғырдың адам ағзасына әсері қандай?

  3. Даңғыр қалай мөлшерленеді?

  4. Даңғырдан дыбыс жұту жән дыбыс тұншықтыру жолдары мен қорғану принципін баяндаңыз.

  5. Даңғырдан сақтанудың жеке дара құралдарын атаңыз.

  6. Ульрадыбыс әсерінен адам ағзасы қалай қорғалады? Децибел (дБ) деген не?


6 – тақырып. Электромагниттік өрістерден қорғану.

Электромагниттік өрістердің қайнар көзі. Жиелік диапазондары бойынша классификация. Индукциямен сәулелену аумағы. өріс кернеулілігі мен қуат ағымының тығыздығы. Электромагниттік өрістердің адамға әсері. Электромагниттік өрістердің мөлшерленуі. өріс қайнар көзінің қуаттылығының, өріс қайнар көзінің экрандалуымен жұмыс орындарының төмендетілуі арқылы электромагниттік сәулелендіру әсерінен қорғану; экран қалыңдығының есебі. Қуат жұтқыштарды пайдалану. Элекромагниттік сәулелену қайнар көздерінің автоматтық және апаттық сөндірілуі. Электромагниттік өрістің қайнар көзі болып табылатын жабдықтардың орналасуымен ғимараттардың рационалды құралғылары.

Электромагниттік өрістерден жеке дара қорғану құралдары. Электр және магниттік өрістердің кернеулігі мен қуат ағымының мінсіз тығыздығын өлшеу. Лазерлік сәулеленудің адамға әсері, нормалары, қорғану әдістері.

Әдістемелік нұсқаулар.

Тақырыпты оқу кезінде келесі нормалармен танысу қажет:

ГОСТ 12.1.002-75.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар.


  1. Адам ағзасына электромагниттік сәулелену қалай әсер етеді?

  2. Қандай машина жасаудың технологиялық үрдістерінде электромагниттік өріс пайда болады?

  3. Электромагниттік сәулелеуден қорғаныс экранының қалындығы қалай есептеледі?

  4. Қорғаныс экранының әсерлілігі қалай анықталады?

  5. Электромагниттік өрістерден жеке дара қорғанудың қандай құралдары қолданылады?


7 –тақырып. Иондармен қанықтырылған с

әулелену әсерінен қорғану.

Иондармен қанықтырылған сәулелену түрлері, олардың физикалық табиғаты мен таратылу ерекшеліктері. Негізгі радиоактивті өлшем бірліктері мен олардың сәулелендіру мөлшері. Иондар мен қанықтырылған сәулелеудін биологиялық әсері. Сыртқы сәулелердің ағзаға әсері. Ішкі сәулелену. Сәулеленудің мүмкін мөлшерленуінің реттелуі.

Иондармен қанықтырылған сәулелеуден қорғанудың жалпы принциптері. Құрылғы мен экран қалындығын таңдау. Радиоактивті заттарды сақтау, есепке алу және тасу ережелері, қалдықтарды жою.

Иондармен қанықтырылған суәлеленуден жеке дара қорғану құралдары.



Өзін -өзі тексеруге арналған сұрақтар.

  1. Иондармен қанықтырылған суәлеленуден Адам ағзасында қандай аурулар болуы мүмкін?

  2. Қорғанысты уақыт, аралық және мөлшермен есептеу принциптерін баяндаңыз?

  3. Дизометрлік бақылаудың қандай әдістері бар?

  4. Радиоактивті сәулеленуден қорғанудың жалпы және жеке дара жолдарын түсіндіріңіз.



8-тақырып. Электроқауіпсіздік

Электр тогінің адамғы әсері мен зақымдану түрлері. Токпен зақымдануға ұшырауға әсер ететін факторлар: ток күші, Адам денесінің қарсыласуы, әсер ету ұзақтығы, токтың өту жолы, токтың жиілігі мен тегі, ток өткізгіш бөліктерімен әрекеттесу тәсілдері. Адамның жеке дара қасиеттерінің әсері. Электр тогынан зақым кешекендерге алғашқы жәрдем.

Токтың жерге сіңу кезіндгі болатын жағдай. Токтың жайылуына дерге қосылған электр тізбегінің қарсыласуы. Қол тигіщу кернеуі мен қадамдық кернеу. Найзағайдан қорғаныс. Қорғаныс зақымдануын бақылау мен профилактикасы. Екілік оқшаулау. Ток өткізгіш бөліктерге қол жеткізбеуді қамтамасыз ету.

Ғимараттардың электрлігінің қауіптілігінің деңгейі бойынша классификациясы. Ғимараттардың класына байланысты мүмкін кернеулер. Кішкентай кернеулерді қолдану. Жүйелердің қорғаныс бөлінуі. Статистикалық жарықтың пайда болуы себептері және онымен күресу тәсілдері.


Әдістемелік нұсқаулар.

Адамның ток кернеуінен сақтануына назар бөле оқыту жөн. Токқа түскен адамға 5-6 минутта көрсетілген алғашқы жәрдем арқасында, адам өмірін сақтап қалуға болатынын тәжірибе көрсетеді.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.

  1. Электрофицирленген құрал мен сваркалық трансформаторлар қалай жерге қазылады?

  2. Электрожарақаттардың пайда болу қаупінің деңгейі бойынша ғимараттар қалай классификацияланады?

  3. Статистикалық жарық қашан пайда болады және онымен күресудің қандай жолдары қолданылады?

  4. Атмосфералық жарықтан сақтану қалай іске асырылады?

  5. Жерге қазу есептерінің әдісін түсіндіріңіз.

  6. Электр тогымен жарақаттанудан сақтанудың құралдарын түсіндіріңіз.

9-тақырып. Қысым жағдайындағы жүйелердің қауіпсіздігі.

Қысым жағдайында тұратын жүйелер аппараттарының себептері. Тіркеу мен арнайы бақылауға жататын жүйелер. Госгортехнадзор.

Қысыңқы, төмендетілген және ерітілген газдар мен заттарды пайдалну қауіпсізідігі. Олардың (баллондар, газгольдерлер, ресиверлер, пештер және т.б.) тағайындалу, қысым және көлеміне қарай классификациялануы. Оларға арналған қауіпсіздік арматуралары мен бақылауыш - өлшегіш приборлар (БӨП). Оларды тексеру мен бояу.

Компрессорлық құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігі. Компрессорлық құрылғылар үшін қауіпсіздік арматурасы мен БӨП. Қабылдау мен сараптау ережелері. Газбен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі қатерліктері. өндірістік жағдайдағы газдың коммуникацияларды қауіпті пайдалану ережелері. Вакуумды құрылғылар классификациясымен олардың қатерлері. Қорғаныс шаралары.
Әдістемелік нұсқаулар.

Жарылыс жұмыстарынан газдың адиабатикалық күшейуінен күшті бұзушылық қуаттылығы пайда болады және осы кезде тек қана құрылғыларға қызмет көрсететіндермен қатар жақын маңайдағылар да зардап шегеді. Бұл тақырыпты оқыған кезде қысым жағдайында жұмыс істейтін заттарды пайдалану ережелерін біліп және қауіпсіздік сақтау қажет.


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар.

  1. Қысым жағдайында тұратын сосудтарда тағайындалған бақылағыш және сақтандырғыш приборлар қалай қойылған?

  2. Компрессорлық құрылғылардың майлағыш майларына қойылатын талаптар.

  3. Қысым жағдыйында жұмыс істейтін жүйелерден газдың шыққаны қалай анықталады?


10 – тақырып. Өрт профилактикасы.

Заттардың жануы мен өрт қатерлі қасиеттері. Жану түрлері. Өзінен -өзі жарылу температурасы. Өзінен -өзі жану.

Газ және будың қосындыларының ауамен жарылуы: жарылыс шектері, жарылыс температурасы, жарылыс температуралық шектемелері, жарқ ету температурасы. Шаңның ауамен қосындысының жарылысы.

Ғимараттардағы өрт профилактикасы. Құрылыс конструкцияларының өрт қатерлі мен Жану түсініктері. Құрылыс конструкцияларын оттан сақтау. Өртке қарсы шара. Түтіндік және жарылғыш люктар. Адамдарды қауіпті көшіруді қамтамасыз ететін конструктивті және жоспарлы шешімдер. Генжоспарды жобалау кезіндегі өрт профилактикасы.

Жылыту приборларының, ауаны кондиционерлеу құрылғыларының, жарық жабдықтарының, ғимараттарда өрт және жарылғыш бұларды газдарды және қалдықтарды жоюға арналған вентиляциялық жүйенің болуы, өртке қарсы тұру талапларына сәйкестілі. Өндірістің технологиялық үрдістерінің өрт қауіпсіздігі.

Өндірістік кәсіпорандар, қоймлар мен базалардағы өрттің ерекшеліктері. Жарылудың қайнар көзі, туу себептері. Жарылудан қорғану жолдары. Уақытша және жүйелі от жұмыстарын ұйымдастыру.

Өндірістік коммуникациялар бойынша басталған өрттің жайылу шарты.

Өртті сөндіру құралдары, өрт сигнализациясы. Өрт сөндіргіш заттар: су, жаңғыш емес газдар, көпірік, ұнтақ, галойодталған көмірсутек негізді құрамдар. Өртті сөндірудің алғашқы құралдары. Өндірістік кәсіпорандарда өрттік күзет ұйымдастыру.

Негізгі заңшығарушы актілер мен құжаттар. Кәсіпорын жетекшілері мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің объектілерінің, цехтардың, лабораториялардың, шеберханалардың, қоймалардың өртке қарсы жағдайына жауапкершіліктері.

Өртке қарсыласу жайлы жөн-жоба беру мен инженерлік - техникалық минимумды ұйымдастыру мен өткізу реті. Өрт қауіпсіздігінің ережелері. Мемлекеттік өртті бақылау органдарының құқықтары мен функциялары.


Әдістемелік нұсқаулар.

Өртке қарсы техника бүкіл дүние жүзіне танылған кеңес өкіметінің ғалымы, академик Н.Н.Семенов пен оның мектебінің ғалымдары өндірген жану мен жарылу теориясына негізделеді.

Өрттің пайда болуы өндірістік үрдістің мінезіне байланысты, яғни өрттер негізінен қызу мен жаңғыш – майлағыш материалдар бар жерлерде пайда болады.

Өндірістік үрдістер үнемі жақсартылуда, сондықтан өрт себептері де өзгереді, және осыған байланысты өртке қарсыласу шаралардың профилактикасының жақсартылуы қажет.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.

  1. Жану мен жарылу тізбектік теориясының негізгі жағдайын баяндаңыз.

  2. Өзінен - өзі жарылу мен жану айырмашылығы қандай?

  3. Жарылу мен жарқ ету температурасының айырмашылығы қандай?

  4. Құрылыс конституциясының отқа төзімділік шегін түсіндіріңіз.

  5. Сваркілеу жұмыстарын жүргізген кезде қандай өрт профилактикасы өткізіледі?

  6. Ғимараттарда өрт төзімділерге нелер жатады?

  7. Машина жасау зауытын инжоспарын жобалаған кезде өрт профилактикасы қалай ескерілуі қажет?

  8. Машина жасау зауытының көріктік, сварка және сылағыш цехтары жобаланғанда өрт қауіпсізді қандай шаралары ескеріледі?

  9. Жылыту жүйесі мен вентиляциялық құрылғыларды жобалауда өрт қауіпсіздігінің қандай шаралары ескеріледі?

  10. Қандай шығыстар эвакуациялық болып саналады?

  11. Өртті сумен қамтамасыз ету қалай құрылған?

  12. Химиялық заттармен өртті өшіру приборлары қалай орналасқан?

  13. Кернеу қалпында тұрған жанып жатқан электр құралдарын қалай сөндіреді?

  14. Өрт сигназициясымен байланысының қандай құралдары пайдаланылады?

  15. Жаңғыш сұйықтық пен газ өрттерін қалай сөндіреді?

11 – тақырып. Құрылғы қауіпсіздігі және механизм мен

машиналарды пайдалану.

Конституция мен жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптары. Тәжіибелі жаңа машиналарды құрастырған, сараптаған және өндіріске Берген кездегі еңбекті қорғау талаптарының есебінің реті.

Құрылғының қатерлі зоналары. Қорғаныс құрылғылары. Сақтандырғыш құрылғылар. Дистанциондық басқару. Блоктағыш және сигнализациялық құрылғылар.

Көтермелі – көліктік механизм мен машина конструкцияларына негізгі қауіпсіздік талаптары. Қауіпсіздік құрылғылары мен приборлары және олардың әрекет ету принциптері.

Өндірістің механизмдену мен автоматтандырылу кезінде еңбек қорғанысының сұрақтары.
Өзін - өзі тексеру арналған сұрақтар.


  1. Студент мамандығына қатысты машина конструкцияларына қауіпсіздік жалпы талаптарын баяндаңыз.

  2. Келесі приборлар құрылғысы мен қауіпсіздік құрылғыларын түсіндіріңіз: сақтандырғыш құрылғы, соңғы сөндіргіш, пневмоконтакторлар, термореттегіштер, блоктаушы және механикалық сақтандырғыштар, сигнализация құралдары.


12 – тақырып. Өндірістік кәсіпорын мен цехтардың құрылғысы мен мазмұнына еңбекті қорғау талаптары.

Машина жасау кәсіпорындарының санитарлық – гигиеналық классификациясы мен негізгі мінездемелері. Өндірістік кәсіпорынға алаң таңдау. Санитарлы – қорғаныс зоналары. өндірістік кәсіпорын территорияларында өндірістік ғимараттардың орналастырылы. Санитарлық үзілістер.

Өндірістік мекеме мен ғимараттар классификациясы. өндірістік ғимараттың қажетті көлемінің есебі. Өндірістік ғимараттардың конструктивті элементтеріне қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар. Қосалқы және көмекші ғимараттарға қойылатын негізгі талаптар. Кәсіпорын территориясының жақсаруы.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар.


  1. Машина жасау кәсіпорындары қандай санитарлық – қорғаныш зонасының класына жатады?

  2. Ғимараттар арасындағы санитарлық үзілістерді қалай анықтайды?

  3. Машина жасау кәсіпорындарының жылытуға, вентиляцияға, сумен қамтамасыз етуге және канализацияға жобалау кезінде қандай талаптар қойылады?

  4. Кәсіпорындарда әйелдерге арналған санитарлық – тұрмыстық ғимараттар.

26 -27 Материалы текущего и рубежного контроля

Бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

Бақылау жұмысы бес сұраққа жауап пен тапсырмаларды шешуден тұрады.



тапсырма

Сұрақ

Мамандық нөмірі

Тапсырмаларды орындау мен сұрақтарға жауаптар әдеби қайнар көздеріне негізделуі қажет және техникалық сызу мен сурет салу ережелеріне сәйкес қарындашпен орындалған эскиздер болуы қажет. Көшіріп, каталогтардан қиып алынған жұмыстар есептелмей, студентке қайтарылады. Сұрақтарға жауап мәтіндері мен тапсырма шешімдері эскиздермен сандық белгілеу жолымен келісілуі керек.



Әрбір бетте рецензент кемшіліктер жазу үшін жолақтар қалтырылады. Бақылау жұмысы нұсқау бойынша орындалады, ал нөмірі студенттің оқу шифрінің ақырғы екі санымен келеді.
Бақылау жұмысының сұрақтары

  1. Еңбекті қорғау облысында қандай міндеттер қабылданды?

  2. Еңбекті қорғау сұрақтары бойынша кәсіби одақтардың 16-кәсіби съезіндегі шешімнің мазмұнын баяндаңыз.

  3. Еңбекті қорғау сұрақтары бойынша КСРО Конститутциясының бабтарын баяндаңыз.

  4. Еңбекті қорғауға бақылау жүргізетін органдарды атап, олардың қызмет ету облысын баяндаңыз.

  5. Инженерлік-техникалық мамандар еңбекті қорғау заңдарын бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?

  6. Қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысшыларға жөн-жоба қалай беріледі?

  7. Өндірісте қатерлі жағдайлардың есебі мен тексерілуі қалай өткізіледі?

  8. Жарақаттану жиілігінің көрсеткіші қалай есептеледі? Ол не мақсатпен есептелетінің түсіндіріңіз.

  9. Жарақаттану күрделілігінің көрсеткіші қалай есептеледі? Ол не мақсатпен есептелетінің түсіндіріңіз.

  10. Өндірістік кәсіпорынның линейный цехында жұмыс орнында ауаның қатысты ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығының температурасының нормаларын өндірістік кәсіпорындардың санитарлық нормаларын жобалау бойынша анықтау.

  11. Өндірістік кәсіпорынның көріктік цехында жұмыс орнында ауаның қатысты ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығының температурасының нормаларын өндірістік кәсіпорындардың санитарлық нормаларын жобалау бойынша анықтау.

  12. Өндірістік кәсіпорынның пісіру цехында жұмыс орнында ауаның қатысты ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығының температурасының нормаларын өндірістік кәсіпорындардың санитарлық нормаларын жобалау бойынша анықтау.

  13. Өндірістік кәсіпорынның механикалық цехында жұмыс орнында ауаның қатысты ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығының температурасының нормаларын өндірістік кәсіпорындардың санитарлық нормаларын жобалау бойынша анықтау.

  14. Үйлестірімді-соратын вентиляция құрылғысын (кестемен) түсіндіріңіз.

  15. Ауаны белгілі бір нормаға келтіру құрылғысын (кестемен) түсіндіріңіз.

  16. Ауаны шаң және зақымды бу мен газдардан тазарту құрылғысын (кестемен) түсіндіріңіз.

  17. Жаснды жарықты есептегенде нормаланған минималды жарық қалай анықталады?

  18. Көру мүшелерінің жеке дара қорғаудың қандай құралдар пайдаланылады?

  19. Тербелістердің пайда болу ошақтарында оны төмендетуге байланысты қандай шаралар қолданылады?

  20. Жылдамдықтың қисық амплитуда резонанстарының құрылуын түсіндіріңіз.

  21. Дірілдің димфирлау, сөндірілу, оқшаулану әрекентінің принципін (кестемен) түсіндіріңіз.

  22. Дірілдің оқшаулану есептеу принципін түсіндіріңіз.

  23. Дірілдеткіштен жеке дара қорғанудың құралдарын баяндаңыз.

  24. Шапшаң діріл оқшаулануының кестелерін түсіндіріңіз.

  25. Дыбыстардың қисықтық қаттылығын түсіндіріңіз.

  26. Даңғырдан дыбыс оқшаулануы және дыбыс жұтқыш принципі бойынша қорғануды (кестемен) түсіндіріңіз.

  27. Қорғаныс экран қалыңдығы электромагниттік сәулеленуден қалай есептеледі?

  28. Қорғаныс экранының әсерлілігі қалай анықталады?

  29. Қорғаныс экран қалыңдығы гамма сәулеленуден қалай есептеледі?

  30. Жерге қосылған құрылғы есебінің әдістемесін түсіндіріңіз.

  31. Электрожарақаттар туудың қауіпсіздігінің деңгейіне байланысты ғимараттар қалай классификатцияланады?

  32. Қысым жағдайында жұмыс істейтін сосудтарда қойылатын бақылау және сақтандыру құрылғыларын (кестемен) түсіндіріңіз.

  33. Қандай шығыстар эвакуациялық болып саналады?

  34. Химиялық заттардың көмегімен өртті сөндіру приборлар құрылғысын (кестемен) баяндаңыз.

  35. Кернеу жағдайындағы жанып жатқан электр жабдықтарын қалай сөндіреміз?

  36. Өрт сигнализациясы мен байланысының қандай құралдары қолданылады?

  37. Зауыттың механикалық цехында мүмкін кәсіби аурулар, жарақаттар және өрт тууының көзқарасынан жұмыс талаптарына мінездеме беріңіз. Бұл цехтағы жалпы қауіпсіздік сақтау шараларын баяндап, қауіпсіздік техникасы бойынша инженерлік шешім қабылдау мысалдарын (эскизбен) келтіріңіз. Мысал студенттің қарастыруы бойынша.

  38. Зауыттың көріктік цехында мүмкін кәсіби аурулар, жарақаттар және өрт тууының көзқарасынан жұмыс талаптарына мінездеме беріңіз. Бұл цехтағы жалпы қауіпсіздік сақтау шараларын баяндап, қауіпсіздік техникасы бойынша инженерлік шешім қабылдау мысалдарын (эскизбен) келтіріңіз. Мысал студенттің қарастыруы бойынша.




  1. Практические занятия





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет