Оқушыларда гылыми кѳзқарас қалыптастыру. Химияның жаратылыстану пэндерінің бірі ретіндегі міндеті оқушыларда қоғам, табиғат жэне олардағы адамның орны туралы ғылыми козқарас
19
калыптастыру екені айтылды. Жеке адамның ғылыми кѳзқарасының кұрам бѳліктеріне жататындар; жалпы түрдегі білім мен біліктер жүйесі, оны объективті дүниені түсіне білуге пайдалануы, ғылыми білімнің ақиқаттығына жэне қолдану тиімділігіне шүбэсіз сенуі, асқақ мүраты мен негіздерінің болуы жэне оларды іс жүзіне асыра білуі.
Ғылыми козқарас жеке пэндерден алған білімнің қорытылуынан туады. Дүниеге козқарас тудыратын білімді қорытындылаудың үш деңгейі бар. Олар философиялық деңгей, жаратылыстану ғылымының деңгейі жэне жеке ғылымдық (мысалы, химиялық) деңгей. Осы деңгейлерге сэйкес дүниенің философиялық, жалпы ғылымдық жэне жеке ғылымдық (химиялық, физикалық т.б.) бейнелері қалыптасады.
Химия материяның нақтылы бір түрі - заттарды жэне материя қозғалысының химиялык формасы - заттардың сапалык озғерістерін зерттейтін ғылым. Химияны үйренгенде заттар мен құбылыстар туралы білімді жалпылап қорыту арқылы оқушыларда табиғаттың химиялық бейнесі қалыптасады. Химиядан алынған нақтылы білімді басқа жаратылыстану ғылымдарынан берілген біліммен ұштастыру нэтижесінде табиғаттың жалпы ғылыми бейнесі пайда болады. Дэлірек айтқанда, табигаттың химиялық бейнесі дегеніміз - химиялық жалпы білімнің қогамдық пэндерден алган біліммен бірігуі, біртұтас ой-пікірге, сенімге айналуы.
Ғылыми білімді сатылап қорытындылаудың нэтижесінде оқушыларда. Ғылыми козқарас идеяларының мынадай жүйесі калыптасуы тиіс: дүниенің материялығы жэне бірлігі, материяның шексіздігі мен мэңгілігі, кұбылыстардың озара шарттастығы, қозғалыс - материяның тіршілік тэсілі екені, материя қозғалыстары түрлерінің байланыстылығы; таным - объективті дүниенің адам санасында бейнелеиуі екені, дүниені танып білуге болатыны; танымның шексіздігі.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, отілетін материалдың мазмұны мен теориялық деңгейіне, пэнаралық байланыстың кұрделіленуіне қарай дүниетанымның қалыптасуы бірнеше кезеңде жүзеге асады.
Бірінші кезеңде, бейорганикалық химия курсын откенде, затгармен жэне химиялық реакциялармен байланысты жеке козқарастар химиялық ұғымдар деңгейінде, химиялык терминдер арқылы қалыптасады. Заттардың қасиеттері сезім мүшелері арқылы білінеді жэне құрамы мен қүрылысына тэуелді болады. Заттар
20
үздіксіз ѳзгеріске үшырайды, бірақ ізсіз жойылмайды, бір зат екінші затқа айналады. Бүл айналулар кезінде затты қүрайтын бѳлшектер - молекулалар бұзылады, ал атомдар сақталады. Физикадан алған біліміне сүйеніп, атомдардың күрделі болшек екені, қүрылысындағы қайшылықтар туралы пікір туындайды. Заттар мен химиялық реакциялардың жіктелуін, олардың арасындағы генетикалық жэне себеп-салдар байланыстарын откенде қарама-қарсылық, жалпы мен жекенің шарттастығы, санның сапаға ауысуы туралы козқарас орнығады.
Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң мен периодтық жүйені қарастырғанда химиялық элементтердің барлық корсеткіштерінің жүйедегі орнымен сипатталатыны, бір-біріне айналатыны жэне жойылмайтыны туралы түсінік қалыптасады. Периодтылық табигаттың ақиқат заңдарының бірі екеніне, оның ашылмаған элементгерді алдын ала болжауға мүмкіндік бергеніне жэне олардың расталғанына оқушылардың козі жетеді. Бүдан соң химиялық элементтердің топтарын, топшаларын, жеке элементгерді жэне олардың қосылыстарын откенде отілген заңдар мен теорияларды басшылыққа алып, заттардың қасиеттерін, реакция нэтижелерін болжай білуге үйренеді.
Екінші кезең - органикалық химияны отуге байланысты.Бұл кезеңде оқушылар заттардың сан алуандығы, олардың электрондық жэне кеңістіктегі қүрылысына тәуелді екені, органикалық заттардың түзілуі, реакциялары, қасиеттерінің жалпы заңдылықтарға бағынатыны, ешқандай «тіршілік күшінің» (витализм) жоқ екені жонінде түсінік алады. Ѳлі табиғат пен тірі табигаттың бірлігіне коз жеткізеді, химия мен биологияның арасында пэнаралық байланыс нығаяды.
Үшінші кезең орта мектеп үшін жаңа корытынды курс - жалпы химияны откенде жүзеге асады. Жалпы химия курсында заттардың қүрылысы, химиялық реакциялар, металдар мен бейметалдар туралы окушылардың білімі тереңдетіліп, бір жүйеге түсіріледі, қорытып, жалпыланады. Жаратылыстану пэндерінен жэне қоғамтанудан алған философиялық біліммен үштастырылады. Химиялық үғымдармен қалыптасқан дүниетаным философиялық үғымдар дэрежесіне дейін котеріледі.
Тортінші кезеңде бейорганикалық химиядан, органикалық химиядан және жалпы химиядан алған білімді қорытындылағанда
21
әрбір химиялық ұғым диалектикалық ұғым ретінде қарастырылады. Диалектика табиғат пен қоғам дамуыныК жалпы заңдарын қарастыратындықтан, химия саласындағы озгерістер мен даму осы заңдылықтарға бағынатыны нақтылы мысалдармен түсіндіріледі. Затқа материяның нақтылы бір түрі, реакцияға қозғалыстың химиялық формасы деген анықтама беріледі. Зат үздіксіз ѳзгерістің бір буыны ретінде қарастырылып, оның ѳткені, қазіргісі жэне болашағы жонінде қорытынды жасалады. Заттардың химиялық қасиеттері жүйелілік негізі түрғысынан ішкі қайшылықтары жэне сыртқы жағдайдың эсері бойынша түсіндіріледі. Мэселен, бір
элементтің S'^, S°, тотыгу дэрежелеріндегі атомдардың
алғашқысы - тотықсыздандырғыш, соңғысы оған қарама-қарсы - тотықтырғыш, ортасындағылары реакция жағдайына қарай эрі тотықтырғыш, эрі тотықсыздандырғыш қасиеттер корсетеді. Бүл заңдылық басқа химиялық элементтерде қайталанады.
Ғылым айналамыздағы ақиқат дүниені түсіндіріп қана қоймайды, оны адамның игілігіне сай озгертіп, ѳндіруші күшке айналдыруда. Химияның ғылым ретіндегі негізгі міндеті - адамға аса қажетті қасиеттері бар заттар ѳндіру.Сондықтан химия ауыр индустрияның ең маңызды саласына айналды, оның жетістіктері де аз емес.
Біздің елімізде химия онеркэсібін жедел ѳркендетуге эрдайым жете коңіл болінуде, бүл саладағы жетістіктер эрқашан оқушыларды мақтаныш сезімге бѳлейді. Осыған орай тэрбие беру мақсатында мынадай мәселелерге баса назар аударған жон: табиғи шикізаттарды іздеу жэне тиімді пайдалану тәсілдерінің дамуы; химия ѳнімдерін ондіру қарқынының ѳсуі; саны мен сапасының артуы; халық шаруашылығының түрлі салаларында қолдану үлесінің молаюы; химияның озге ондіріс салаларымен үштастырылуына жэне табиғаттың табыс кѳздерін тиімді пайдаланудағы мэні; Қазақстан химия онеркэсібі мекемелерінің (Ақтобе хром қосылыстары, Жамбыл күкірт қышқылы жэне фосфор тыңайтқыштары, Шымкент дәрі-дэрмек жасау, Қостанай жасанды жібек, Қарағанды кокс-химия зауыттары, т.б.)салынуы жэне ѳркендеуі, негізіне химиялық эрекеттер жататын металлургияның дамуы; бүл ондіріс орындарындағы негізгі мамандықтарды, адамдардың қажырлы еңбегімен қоса, химия онеркэсібін мысалға алып, ғылыми техникалық прогрестің жаңа бағыттарымен таныстыру, табиғатты
22
қорғау жэне эколоғиялық тэрбие беру шараларын жүзеге асыру; химия ғылымы мен онеркэсібінің дамуына қомақты үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін баяндау арқылы интернационалдық жэне патриоттық тэрбие беру.
Достарыңызбен бөлісу: |