Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25


Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы



Pdf көрінісі
бет3/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы
ҚР ҰҒА корр-мүшесі
п. ғ. д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ
«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ИДЕЯСЫНА НЕГIЗДЕЛГЕН 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯСЫ
The report focuses on the innovation level of the Kazakh language learning in primary and 
secondary foreign-language schools. Kazakh language learning means determining the level of 
knowledge and its teaching based on communicative and cognitive aspects of needs. Therefore each 
language level has its goals and ideas. It is important to observe the connection and harmony be-
tween lаnguage levels, as well as content knowledge. The urgency of developing writing, listening, 
and reading, speaking skills together affect to the creation of a common language individual.
«Мәңгілік ел – Мәңгілік тіл» идеясын жүзеге асыру барысында қазақ тілін деңгейлік 
оқытудың әлеуметтік мәні зор. Өмір сүру қалыбы жағынан – ұлттық; экономикалық, саяси 
үлгісі жағынан – құқықтық, демократиялық сипаттарға негізделген «Ұлы Дала» есімді жұрттың 
басты қазығы – адам факторы, түпкі мақсаты – Мәңгілік Ел құру. Бұл идеяға қызмет етер 
мемлекеттік тіл – тәуелсіздігіміздің басты нышандарының бірі, бірегейі.
Қазақ тілін деңгейлік оқытудың өзектілігі тілдік сұраныстың басым бағыттарын 
айқындаудан, мемлекеттік тілдің әлеуметтік рөлін арттырудан, ұлттық, жалпыадамзаттық 
және мемлекеттік құндылықтарды игеруден, білім мен тәрбиенің жаңа парадигмаларын 
әдістемемен ұштастырудан көрінеді.
Деңгейлік оқытудың мақсаты – қазақ тілін жоғары деңгейде меңгертуге негізделген, 
бір-бірімен сабақтас, жүйелі, коммуникацияға құрылған білім мазмұны арқылы мемлекеттік 
тілде өз ойын ауызша және жазбаша түрде жетік, түсінікті, дұрыс жеткізе алатын, түрлі 
өмірлік жағдаяттарда тілдік қатынасқа еркін түсе алатын дара тұлға тәрбиелеу.
Тілді игерудің халықаралық және Европалық үлгілерін ескере отырып, ҚР үздіксіз білім 
беру жүйесінде (балабақша – мектеп – колледж – ЖОО – мемлекеттік қызметшілер) қазақ 
тілін деңгейлік оқытудың Қазақстандық үлгісі ұсынылды. Қазақстандық модель мектепте 
төрт деңгейге бөлінеді.
1–4 сынып кешені – қарапайым, 5–7 сынып – негізгі, 8–9 сынып – орта, 10–11 сынып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет