Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет80/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

А. М. Рахимова.
PhD докторант
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ
ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ТІЛДІК ТҰРҒЫДАН ЖАҢАША 
ЗЕРТТЕЛУІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕТІКТЕРІ
In this thesis addressed the issue of the need for the modern study of human intelligence from 
the point of view of linguistics.
Бәсекеге қабілеттілікті талап ететін дәуірде адам туралы ғылымды үнемі жаңғыртып 
отыру керек. Дүниежүзілік жаһандану үдерісі жаратылысымызда адамға ғана тән болған 
интеллектуалдық мүмкіндіктерді енді жасанды интеллект арқылы дамытуда. Әлемде бұрын-
соңды ешкімнің ойына келмеген ғылыми-технологиялық төңкеріс белең алуда. Осы жағдай 
адамның өміріндегі негізгі құндылықтардың өзгеруіне, ұтқырлыққа, ақпараттық ағымға, 
әлемдік бәсекелестікке және т. б. осындай факторларға бағыныштылық туындатып отыр. 
Қалайда, адамға табиғат берген интеллект (ой, сана, ақыл, парсат, білім, дарын және т. б.) – 
тіршілігіміздің басты тірегі.
Адамның интеллектісі – ғылым ғылым болғалы әр бағыттағы зерттеушілердің назарынан 
тыс қалмаған мәселе. Интеллектіні зерттеген әрбір ізденуші бұл абстрактілік ұғымның қан-
шалықты терең философиялық, танымдық әрі психофизиологиялық, педагогикалық қызмет 
атқарып, адамзат жаратылғаннан бастап бүгінгі қоғамдық дамуымызға тікелей байланысты 
екеніне көз жеткізеді. Кейінгі жылдары отандық ғылымдағы антропоцентристік бағыттағы 
зерттеулердің белең алуы адамның ішкі жан дүниесінің, танымының, мәдениетінің, әлеуметтік 
әрекетінің тілмен байланысын анықтап, талдауға негіз болған еңбектердің қатарын арттырып 
отыр. Тіл мен адам бірлестігі негізінде адамның интеллектуалдық сипаты когнитивтік лин-
гвистиканың, лингвопсихологияның, лингвомәдениеттанымның, әлеуметтік лингвистиканың, 
гендерлік лингвистиканың, лингвоперсонологияның зерттеу нысаны бола алатын күрделі 
әрі мағынасы ауқымды ұғым-белгі. Сондықтан, интеллектінің бірінші кезекте танымдық 
ұғым екенін ескеретін болсақ, ең алдымен, когнитивтік тіл білімінің зерттеу нысаны ретінде 
қарастырып, адамның интеллектуалдық сипатының концептуалдануын зерттеу, оның басқа 
ғылыми аспектілерде тоғысуын айқындау – тіл ғылымы үшін өзекті мәселе.
Ал адам интеллектісінің қазақ мәдениетіндегі көріністері (шешендік өнер, гендерлік 
интеллект, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер, метафоралар, тұрмыс-салт) «интеллект» 
концептісінің лингвомәдени ерекшеліктерін найқындайды. Сондай-ақ адам интеллектісінің 
танымдық-мәдени қырлары оның психологиялық астарымен тығыз байланысты дамиды.
Әлемнің ғылыми бейнесіне үңілсек, әлеумет өміріндегі ең маңызды, тірек ұғымдардың 
бірі – «интеллект» макроконцептісі екендігі дау тудырмаса керек. Отандық және шетелдік 
лингвистердің аталған феноменді зерттеу тарихы өткен ғасырда басталса да, «интеллект» 
макроконцептісін ғылыми талдау шегіне жетті дей алмаймыз.


| 89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет