Қ.Қ. Қайырбекова, Ф. К. Копобаев, А. А. Көшкінбаев Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы



бет1/6
Дата03.07.2016
өлшемі0.49 Mb.
#173687
  1   2   3   4   5   6



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ



Қ.Қ. Қайырбекова, Ф.К. Копобаев, А.А. Көшкінбаев
Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Оқу құрал



Қарағанды, 2010

ӘОЖ 611.9-089

КБЖ 54.54 я7

Қ 23


Пікір берушілер:

Омарханов А.О. – Қарағанды мемлекеттік медициналық университеттің анатомия кафедрасының доценті.

Тұрғынов Е.М. - Қарағанды мемлекеттік медициналық университеттің №2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор.

Омаралиев М.И. – Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің адам морфологиясы кафедрасының доценті, м.ғ.к.

Қ 23 Қайырбекова Қ.Қ., Копобаев Ф.К., Көшкінбаев А.А. Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы. Оқу құрал. - Қарағанда, 2010 - 55 бет.


ҚБЖ 54.54 я7
Топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия – медицинаның күрделі саласы. Әрбір дәрігер осы пән туралы аз да болса мағұлмат алуы керек. Диагноз қою кезінде анатомиялық құрылымдардың орнын білу қажет. Оқу құрал бірнеше әдебиет пен өзіміздің тәжрибемізге сүйене отырып құрастырылды. Бұл оқу құрал хирургия, нейрохирургия салаларында және медициналық жоғарғы оқу орнындарының студенттеріне арналады.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланды және мақұлданды.

Хаттама №5 13. 01. 2010 ж.
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ғылыми кеңесінің шешімімен баспадан шығаруға ұсынылды және бекітілді.

Хаттама №6 28. 01. 2010 ж.


© Қайырбекова Қ.Қ., Копобаев Ф.К., Көшкінбаев А.А., 2010 ж.



МАЗМҰНЫ

Қысқартылған сөздердің тізімі


4

Алғы сөз

5

Қолдың топографиялық анатомиясы

6

Бұғана асты аймағы

6

Дельта тәрізді аймақ.

7

Жауырын аймағы.

7

Қолтық асты аймағы

8

Иық буыны

10

Иық аймағы

10

Шынтақ аймағы

11

Білек аймағы

12

Білезік аймағы

14

Алақан сүйектері

15

Саусақтар

17

Қолға жаслатын операциялар

18

Буындарға операция жасау

23

Ампутация және экзартикуляция

26

Аяқтың топографиялық анатомиясы

28

Сан аймағы

30

Жамбас-сан буыны

35

Тізе буыны аймағы

36

Балтыр аймағы

39

Аяқ басының топографиясы

42

Аяққа жаслатын операциялар

44

Тест сұрақтар

52

Әдебиеттер

55

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ


a – artery

v – vena


r – regio

lig – ligamentum

m – musculus

n – nerve

r - ramus

for - foramen



Алғы сөз

Қазіргі өмірдің жаңа талаптарына сәйкес медицина саласындағы табыстар мен жаңалықтар болжамы жаңа зерттеу әдістерге және операцияның тәсілдеріне сүйене отырып жасалады.

Денсаулықты сақтау және нығайту мүмкіндігінде ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін пайдалана отырып, көздеген мақсаттарға жету әркімнің ой-арманы. Ғылым мен білімнің мүмкіндіктерін адамның қажетті мақсаттарына пайдалана білуі керек. Сондықтан адамның денсаулығын сақтау жайындағы көпшіліктің мұқтажын өтей алатын қазақ тілінде оқулықтар жоққа тән. Бұл оқу құралда операция үшін қолданылатын топографиялық анатомия мәліметтері толық берілген.

Біріншіден, дәрігерлік мамандық алатын студенттерге ана тілінде оқулықты ұсыну.

Екіншіден, студенттер қауымына оперативтік хирургия мен топографиялық анатомия пәнімен жақын танысып, оны клиникада тәжірибе жүзінде қолдана білу.

Айтылған мәселелер оқырман қауымының көңілінен шығып, іс жүзінде қолдана білсе, осы алға қойған мақсаттарымыздың орындалғаны деп білеміз.

Студенттер мен оқытушылар қауымы өз пікірлерін білдірсе, өз ризашылығымызды білдіреміз.

Қолдың топографиялық анатомиясы

Жалпы сипаттама

Қол мойын мен кеуде аймағынан шартты түрде бұғананың жоғарғы жиегі, төстің төменгі жиегі, кеуденің үлкен бұлшық етінің төменгі жиегі және алдыңғы тісті бұлшық ет, жауырынның бұрышы және оның ішкі-жоғарғы жиегі арқылы өтетін сызықпен шектеледі. Қолда келесі аймақтарды бөлеміз:



  1. Бұғана асты аймағы – regio intraclsvicularis

  2. Дельта тәрізді бұлшық ет аймағы – r. deltoidea

  3. Жауырын аймағы – r. scapularis

  4. Қолтық асты ойысы аймағы – r. fossa axillaris

  5. Иық аймағы – r. brachii, s. humeri

  6. Шынтақ аймағы – r. cubiti

  7. Білек аймағы – r. antibrachii

  8. Қол басы /саусақ аймағы/ - r. manus, carpi, metacarpi, ligitorum

Қолдың қанмен қамтамасыз етілуі-бұғана асты артерия жүйесі арқылы жүзеге асады. /a. subclavia/. Веналық қанның ағысы бұғана асты венасы арқылы жүзеге асады /v. subclavia/. Жүйкеленуі-иық өрімінің қатысуымен /plxus brachialis/ жүзеге асады. Қолдың лимфакалық тамырлары лимфаны қолтық астына, сол жерден бұғана үсті және бұғана асты түйіндеріне жинайды.



Бұғана асты аймағы

Бұғана асты аймағы: жоғарыдан – бұғананың төменгі жиегімен, төменнен - ерлерде ІІІ –ші қабырға арқылы өтетін сызықпен, ал әйелдерде –сүт безінің жиегімен шектеледі. Бұл аймақ ойыс түрінде болады /fossa intraclavculari/.

Қабаттары:


  1. Тері.

  2. Тері асты клетчаткасы–терілік тамырларымен /aa. және vv. perforantes/ және nn. supraclavicularis- пен берілген. Бұғана аймағында бұл қабат жұқа болады.

  3. Беткі шандырда- fascia pectoralis, m. platysma-нің талшықтары орналасқан.

  4. Кеуденің меншікті шандыры жұқа болады, бұғанадан басталып, қолтық асты шандырына жалғасып кетеді.

  5. Үлкен кеуделік бұлшық-ет –екі бөлімнен: бұғананың ішкі жартысынан басталатын –бұғаналық бөлімнен және төстің алдыңғы бетімен V-VI қабырғаның шеміршектерінен басталатын-төс-қабырға бөлімнен тұрады.

Үлкен кеуделік және дельта тәрізді бұлшық еттердің арасында жүлге болады /sulcus deltoideopectoralis/. Ол жоғарыға және ішке-қарай кеңейіп, ойысқа айналады – fossa Mohrenheimi. Соңғысының шекарасы жоғарыдан бұғана, сыртынан дельта тәрізді бұлшық ет, ішінен үлкен кеуде бұлшық еті болып саналады. Sulcus deltoideopectoralis-те тері асты венасы /v. cephalica-нің аймағында тереңге кетеді де, fossa Mohrenheimi –ға құйылады/.

  1. Кеуденің терең шандыры /fascia pectoralis profunda немесе fascia coracoclaviocostalis жағынан-бұғананың сүйек қабығымен және құс тұмсықты өсіндімен байланысады, ішкі жағынан-қабырғаның сүйек қабығымен, төменнен-кеуденің меншікті шандырымен бірігіп кетеді, сыртынан-қолтық асты шандырымен, ол бұл бөлімде қолтық астын ұстап тұратын байлам деп аталады/. Бұл бұғана асты және Lig. Suspensorium axillae gerdy-не кіші кеуде бұлшық етке қынап түзеді.

  2. Кіші кеуде бұлшық еті және бұғана асты бұлшық еті. Біріншісі ІІ-V-ші немесе ІІІ- V-ші қабырғалардың алдыңғы бетінен басталып, бұғананың құс тұмсықты өсіндісіне бекітіледі. Екіншісі І қабырғаның алдыңғы бетінен басталып, бұғананың акромиалды ұшының төменгі бетіне бекітіледі. Бұғана мен бұғана асты бұлшық еттен жоғары және кіші кеуде бұлшық етінің жоғарғы жиегінің төменгі арасында үш бұрышты кеңістік түзіледі /trigonum claviopectorale/, оның бұғанадан төмен бұғана асты артериясын байлаудағы маңызы зор. Бұл үш бұрыштан vasa thoracoacromalis rr. Pectorales және m. thoracales anterior /иық өрімінен/ өтеді. Fascia coracoclaviocostalis-осы аймақтағы бұлшық еттерге қынап түзеді және тығыздығымен және сіңірлі бөлігімен ерекшеленеді. Одан аталған тамырлар мен жүйкелер, сонымен қатар v. cenhalica өтеді.

  3. Борпылдақ клетчатка әр түрлі дамыған, айтылған құрылымдардың арасындағы кеңістікті кеуде клеткасының бұлшық еттері толтырылып тұрады, клетчатка сыртынан қолтық асты ойысына өтіп, а. және v. axillaris пен plexus brachialis- ті орап жатады. Бұғана асты аймағын қабырға аралық артериялар /аа. Intercostales және a. mammariae interna, a. thoracalis lateralis және a. thoracoacromialis-тің тармақтары бір-бірімен анастомоз жасап қанмен қамтамасыз етеді.


Дельта тәрізді аймақ

Дельта тәрізді аймақ m. deltoidei-тің орналасуына сәйкес келеді. Аймақтың пішіні үш бұрыш тәрізді ұшы төменге және сыртқа, негізі-жоғары және ішке қараған.

Қабаттары:


  1. Тері.

  2. Тері асты клетчаткасы, терімен және тереңірек жатқан шандырмен тығыз байланысқан.

  3. Беткі шандыр.

  4. Апоневроз /шандыр/ /fascia brachii/ оның сыртқы жапырақшасы бұлшық етке қынап түзеді және оның шоғырларының арасына өсінділер береді.

  5. дельта тәрізді бұлшық ет бағананың акромиальды ұшынан басталып, acromion, spinae scapule, tuberositas deltoidea humeri-ке бекітіледі.

  6. Борпылдақ клетчатка қабаты: мұнда 3 шырышты сумка орналасқан: bursa subdeltoidea-әлде қайда тұрақты, tuberculum majus-та жатады, bursa subacromalis-біріншіден сәл жоғарыда орналасқан, bursa subccapularis буын қуысымен байланысады.

  7. Иық буынын қоршап жататын бұлшық еттер қабаты: иық буынын екі басты бұлшық еттің ұзын басының сіңірі, mm. Supraspinatus, intraspinatus, teres minor және subscapularis қоршап жатады.

  8. тамырлар және жүйкелер –аймақтың басты тамыры болып саналатын a. arcumflexahumeri /a. axillaris-тің тармағы/. Өзімен бірге жүретін венадан /vv. cominartes/ иық сүйегінің хирургиялық мойынның аймағының артқы бөлігін орап жатады. Артерияның жоғарғы жағында n. axillaris орналасқан, ол m. deltoideus-ты және teres minor-мен осы аймақтың терісін жүйкелендіреді.


Жауырын аймағы

Жауырын аймағы орналасуы мен пішіні жағынан жауырынға сәйкес келеді. Алдыңғы және артқы жауырын аймағына бөлінеді соңғысы өз кезеніне қыр үсті және қыр асты ойыс аймағына бөлінеді.

Жауырынның артқы аймағы жауырынның артқы бетіне сәйкес келеді.

Қабаттары:



  1. Тері.

  2. Тері асты клетчаткасы.

  3. Беткі шандыр.

  4. Трапеция тәрізді бұлшық ет жауырынының жоғарғы жағынан түсіп, арқаның жалпақ бұлшық етін төменнен орап жатады.

  5. Апоневроз қыр үсті ойысының жиегіне бекіп, жауырынмен қоса қыр асты, қыр үсті бұлшық еттеріне және оларды қанмен қамтамасыз ететін тамырлар мен жүйкелерге тығыз остеофиброзды қынап түзеді.

  6. Қыр үсті бұлшық еті /m. supraspinatus/ қыр үсті ойысы қабырғасымен, шандырдан басталып, иықтың /tuberculum majous/ үлкен төмпешігінің жоғарғы бөлігіне бекітіледі, /жүйкеленуі n. suprasсарularis-тен/. Қыр асты бұлшық еті /m. intraspinatus/ өзі аттас ойыс қабырғасымен, шандырдын басталып, иықтың tuberculi majoris-тің ортаңғы алаңына бекітіледі /жүйкеленуі – n. suorascapularis/. Екі бұлшық етте a. transversa scapulae-мен қоректенеді, /truncus thyreocervicalis-тан бұғана асты артериясы/, ол бұл аймаққа incisura scapalae арқылы шығады. Сонымен қатар қыр асты бұлшық етін- a. circumflexa scapulae қанмен қамтамасыз етеді, бұл артерия transversa colli-мен анастомоз жасайды.


Жауырынның алдыңғы аймағы

Ол жауырын асты ойысын иемделеді /fossa subccapularis/ жауырынның алдынан кеңістікті жауырын асты бұлшық етпен және шандырмен толтырылған, бұлшық етті алдынан жауып жатады /m. subccapularis-ойыстың қабырғасынан және жауырынның сыртқы жиегінен басталп, иық буынының сумкасына иықтың tuberculum minus және cristae tuberculi minoris-тің жоғарғы бөлігіне бекітіледі. Жауырын асты шандырының алдында борпылдақ жауырын асты ойсының клетчаткасы және алдыңғы тісті бұлшық ет жатады.

Жауырын асты аймағының алдыңғы бөлігін aa. subscapularis және a. thoracales lateralis /a. axillaris-тің тармағы/ қоректендіреді. Nn. Subsapularis және thoracales longus /иық өрімінен/ жүйкелендіреді.
Қолтық асты аймағы

Қолтық асты ойысы кеуде клеткасы мен иықтың арасындағы аралықты алып жатыр. Бұлшық еттермен қоршалған және борпылдақ клетчаткамен толтырылған төрт қырлы пирамидаға ұқсас болады. Оның төбесі ішке және жоғары, ал негізі сыртқа және төмен қараған.

Ойыстың төбесі бұғанамен, І қабырғамен және бұғана асты бұлшық етімен шектелген. Осы аралық арасымен қолтық асты ойысына қолтық асты артериясы /axillaris a. subclaviae-ның жалғасы/ және plexus brachialis /CV-CVIII және ДІ-нің үлкен бөлігінен өтеді, ал v. axillaris шығады/. Ол v. suvclaviae-ға жалғасады.
Аймақтың қабырғалары.

А. алдыңғы – mm. pectoralies major және minor /бұғана асты аймағына қараған/.

Б. Артқысы – m. subscapularis, testes major latissimus dorsi, b. ішкісі- кеуде клеткасының сыртқы қабырғасына IV қабырғаға дейінн, m. serratus anterior-ті қосқанда г. сыртқысы-иық сүйегінің ішкі беті, m. covacobrachialis және m. bicipitis-тің қысқа басы.

Қолтық саты ойысының аймағының шекрасын: алдынан – m. pectoralis majoris-тің төменгі қыры артынан – m. latissimi dorsi-дің және m. teres minor-дің төменгі қыры, ішінен- кеуде клеткасының осы аталған бұлшық еттерін қосатын шартты сызық, сырттан – иықтың ішкі бетін біріктіретін сызық.

Қабаттары:


  1. Терісі жұқа, ұзын шаш талшықтарымен жабылған, шаштың өсуінің алдыңғы шекарасы m. coracobrachialis-тің ішкі жиегіне сәйкес келеді /a. axillaris-ті байлағандағы нысанан болып табылады/. Бұл жерде көптеген тері бездері болады.

  2. Тері асты клетчаткасы, фиброзды бөлгіштер майдан тұратын ұяларға бөліп тұрады.

  3. Беткі шандыр.

  4. Апоневрозды жапырақша қолтық асты ойысының шетінде қалың, ал ортасында жұқа болып келеді.

  5. Май клетчаткасы – қолтық асты ойысын толтырып, бұлшық еттер оны қоршап тұрады, оны апоневрозды алғанда көруге болады. Қолтық асты ойысында май клетчаткасы, лимфалық түйіндер, a. axillaris тармақтары мен v. axillaris, plexus brachalis өзінен шығатын жүйкелермен n. intercostobrachialis-ті түзуге қатысатын, n. cutaneus brachiimedialis-пен терілік тармақтары жатады. Қолтық асты ойсының клетчаткасы көрші аймақтағы бұғана үсті және асты, жауырын, дельта тәрізді аймақтардың клетчаткасымен байланысқан.

  6. Лимфалық түйіндерді үш топқа бөледі.

    1. сыртқы тобына v. axillaris бойымен жүретін, шандырдың үстінде, астында жататын қолтық асты меншікті түйіндері кіреді /15-18/. Ол лимфаны қолдан және дененің жоғарғы бөлігінен жинайды.

    2. алдыңғы топқа а. және vv. Thoracales lateralis бойында орналасқан кеуде түйіндері кіреді, ол лимфаны кеуде клеткасының алдыңғы-бүйір бетіне және сүт безінен жинайды.

    3. Артқы немесе төменгі топты а. және vv. subscapularis бойында жататын жауырын асты түйіндері құрайды, ол лимфаны кеуде қабырғасының артқы бетінен жинайды. Осы аталған лимфалық түйіндердің топтары бір-бірімен лимфалық тамырлар арқылы байланысады. Қолтық асты лимфалық түйіндерден лимфа бұғана асты және бұғана үсті түйіндеріне ағады.

  7. тамыр-жүйкешоғыры – m. coracobrachialis-тің ішкі жиегінде орналасқан. V. axillaris

артерия мен жүйкенің ішкі жиегінде беткей жатады. А. axillaris І қабырғаның сыртқы жиегінен басталып m. latissimi dorsi-дің төменгі жиегінде иық артериясына жалғасады. Тамыр-жүйке шоғыры аймақтың әр бір бөлігінде орналасқан.

Қолтық асты ойысы үш бөлікке бөлінеді.



  1. trigonum clavipectorale бұғананың төменгі жиегінен басталып m. pectoralis minoris-тің жоғарғы жиегіне дейін, үш бұрыштың негізі төске қараған.

  2. ttigonum pectorale-m. pectorale minoris-тің төменгі жиегінен басталып, m. pectorale majoris-тің төменгі жиегіне дейін жетеді, үш бұрыштың негізі сыртқа қараған. Trigonum claviopectorale v. axillaris-тан ішкері және төмен a. axillaris-тен сыртқары және жоғары, артерияның сыртында және артында plexus brachialis жатады. Осы жерде артериядан a. thoracoacromialis шығады. А. thoracoacromialis тармақтары /rr. Deltoideus, acromialis, pectoralies/ fascia coracoclavicostalis-ті тесіп, дельта тәрізді бұлшық етті, иық буынын, m. pectorale major және minor-лерді жүйкелендіреді. Trigonum pectorale, v. axillaris-ден ішкері және төмен, а. axillaris сыртқары және жоғары жатады, ал plexus brachialis-тің шоғырлары /сыртқы, ішкі, артқы/ артерияның артында және бүйір жағында орналасқан. Одан a. thoracalis lateralis шығады, ол сүт безімен кеуде клеткасының бүйір беті бұлшық еттерін қоректендіреді, a. thoracalis lateralis n. thoracalis longus-пен бірге жүреді. Trig. Subpectorale-v. axillaris ішкері, ал одан а. axillaris сыртқары жатады. Осы бөлікте а. axillaris-тен:

    1. А. subscapularis ең мықты тармақ,

    2. А. circumflexa humeri anterior

    3. A. circumflexa humeri posterior шығады.

А. subscapularis. Өзімен аттас вена мен жүйке мен бірге m. subscapularis және a. circumflexa scapulae-ға бөлінеді. Соңғысы foramen trilaterium арқылы жауырын аймағына өтеді. Aa. Circumflexa humeri anterior және posterior иықтың хирургиялық мойынының алдынан, артынан орап иық буынын және дельта тәрізді бұлшық етті оректендіреді. Aa. Circumflexa humeri posterior foramen guadrati lameterum арқылы. axillaris пен бірге өтеді. Foramina trilaterum duadrititerum қолтық асты ойысының артқы қабырғасында пайда болады. Foramеn trilaterum /ішкі жағындағы саңлау/: жоғарыдан – мм. Subscapularis және teres minor төменнен m. teres major, сыртынан – m. tricipitis-тің ұзын басымен шектелген. Foramеn duadri lat. /сыртқы саңлау/-жоғарыдан- мм. Subscapularis және teres minor, төменнен m. teres major, ішінен m. tricipitis-тің ұзын басымен, сыртынан –иық сүйегінің хирургиялық мойынмен шектелген. Nn. axillaris /C V-CVI-ден/ a. circumflexa humeri posterior-мен бірге foramеn guadrilaterum арқылы өткенде иық сүйегінің хирургиялық мойынының артынан орап өтеді. Одан бұлшық етке /mm. deltoideus teres және minor/, буынға /иық буынынан/ және теріге /n. cutaneus brachii lateralis/ тармақтары шығады. n. axillaris зақымдалғанда /иық сүйегінің мойны сынғанда және шыққанда/ m. deltoidei-нің қызметі бұзылып, семіп қалуы және сыртқы бөлігіндегі сезімталдығы бұзылуына әкеліп соғады.

Иық буыны

Иық буыны иық сүйегінің басынан /caput humeri/ және жауырынның буынды бетінен /cavitas glenoidalis scapulae/ құралған. Буын қабығы labrum glenoidale айналасынан басталып және иық сүйегінің анатомиялық мойнына бекітіледі. Қабық жоғарыдан Lig. gienoideobrachiale super. және Lig. gienoideobrachiale interius пен бекітілген. Сонымен қатар әр түрлі дамыған қосымша байлам Lig. coracohymerale бар /құс тұмсығы тәрізді өсіндіден басталып және сумкаға бірігеді/ үлкен төмпешікке дейін.

Буын қабығы екі синовиальды төмпешік-bursa mulosa coracadea-ны /құс тұмсық өсіндісінің астында жатады/ және /екі басты бұлшық еттің ұзын басының сіңірін орайтын және иық сүйегінің хирургиялық мойны деңгейінде аяқталады/ түзеді.

Буын қабығына иық буынын қоршап жататын және оған бекітілген бұлшық еттер жанасып жатады /алдында және ішінде mm. Subscapularis, coracobrachialis, m. bicipitis, артында pectoralis major және mm. supraspinatus, infraspinatus, буын сыртынан жауып жатады. Оның астында орналасқан, ол m. bicipitis tuberositas supraglen oidalis-ден басталып және буын қуысымен өтеді/. Одан әрі sulcus intertubercularis кетеді.

Жауырынның акромиальды және құс тұмсықты өсіндіні Lig. coracoacromiale-мен бірге иық буынының төбесін /үстіңгі бетін/ құрайды. Соңғысы иық басының жоғарғы fornix hymeri қозғалысын шектейді және буынның жоғарыға шығуына кедергі жасайды. Буынды aa. Circumflexae hymeri anterior және posterior қоректендіреді, /иық өрімінен nn. suprascapularis/ жүйкелендіреді.
Иық аймағы

Шекаралары: жоғарыдан m. pectoralis majoria-ті және latissimus dorsi-дің төменгі жиегін қосатын сызықпен, төменнен иық сүйегінің және epycondylus-тен екі елі medialis жоғары өтетін сызықпен lateralis шектелген.

Қабаттары:


  1. Тері –ішкі бетінде, жұқа, артқы және сыртқы бетінде қалың.

  2. Тері асты клетчаткасы. Онда тері асты тамырлары мен жүйкелері орналасқан. Аймақтың сыртқы бөлігіне sulcus bicipitalis lateralis-ке сәйкес келеді, одан v. subclavia өтеді және v. cephalica-ға құяды. sulcus bicipitalis medialis-те v. basilica орналасқан. Иықтың ортаңғы бөлігінде v. brachialis-ке құяды.

  3. Беткі шандыр.

  4. Иық апоенврозы /fascia, s. aponeurosis brachii/. Одан иық сүйегіне екі бөлгіш шығады: 1. septum intermusculare laterale иықтың ортаңғы бөлігінде – m. brachioradialis пен m. triceps арасында жатады. 2. septum intermusculare mediale-m. brachialis-пен m. triceps-тің ішкі басының арасында жатады. Жазғыш және бүккіш бұлшық еттерге екі арна түзеді, сонымен қатар апоневроз тамыр-жүйке шоғырына қынап түзеді.

  5. Бұлшық еттер. Иықтың алдыңғы бетінде бүгетін бұлшық еттер тобы орналасқан: mm. Biceps, coracobrachialis, brachialis m. biceps беткей орналасқан, /екі басымен басталады – captum longum – tuberositas supraglenoidalis scapulae-дан басталып tuberositasradii-ге бекітіледі/. М. сoracobrachialis екі басты бұлшық еттің астында иықтың төменгі бөлігінде орналасқан. Осы бұлшық еттердің бәрін n. musculocutaneus /C V-CVII/ жүйкелендіреді.

  6. Тамырлар мен жүйкелер. Екі басты бұлшық еттің екі бетінде sulci bicipitales mediales және lateralis жүлгелерінде орналасқан. Осы жүлгелердің біріншісі арқылы басты тамыр-жүйке шоғыры екі венамен бірге a. a. brachialis және n. medianus өтеді. Иықтың жоғарғы үштен бірінде n. medianus артерияның сыртында, ортасында оны алдыңғы жағынан қиып, ал төменгі бөлігінде артерияның ішкі жағынан өтеді. N. ulnaris иықтың жоғарғы бөлігінде, a. brachialis-тің артында және ішкі жағында жатады, иықтың ортасында septum intermusculare mediale-ны тесіп өтіп, a. collateralis ulnaris superior және аттас веналармен бірге артқы бұлшық ет арасына өтеді. N. musculocutaneus иықта m. brachialis пен m. diceps арасында орналасқан. Артқы бұлшық ет арасында бір ғана бұлшық етпен толған m. triceps /ұзын басы tuberilitas intraglenoidalis scapulae-дан, ішкі және сыртқы басы иық сүйегінен басталып olecranon-ға бекітіледі/. N. radialis алдымен a. axillaris-тің артында, сосын a. profundae brachii-пен бірге, m. triceps пен иық сүйегі арасында орналасқан canalis hymeromuscularis-ке түседі және соңғысын дөңгеленіп артынан орап өтеді. Сүйекті айналып өтіп, жүйке иықтың сыртқы бетіне өтеді, ол жерге septum intermusculare laterale-ны тесіп өтіп, m. brachialis және m. brachioradialis арасында жатады.


Шынтық аймағы

Аймақтың шекарасы иық сүйегінің ішкі және сыртқы айдаршығын қосатын сызықтан екі елі жоғары және төмен жатады.


Шынтақтың алдыңғы аймағының қабаттары:

  1. Тері жұқа және қозғалғыш.

  2. Тері асты клетчаткасы, онда беткі тамырлар мен жүйкелер орналасқан. Сыртында cephalica және n. cutaneus antibrachii lateralis /n. musculocutanei-тің жалғасы/ ішкі жағында v. basilica және n. cutaneus antibrachii medialis орналасқан. Екі вена бір-бірімен анастомоз жасау арқылы байланысады. Көбінесе М-әрпіне ұқсас анастомоз жасайды. Онда v. mediana cephalica және v. mediana basilica деп атайды. Егер И-әрпіне ұқсас болса, онда қиғаш кеткен v. mediana cubiti деп атайды.

  3. Беткі шандыр.

  4. Меншікті шандыр. Шынтақ аймағында иық шандырының жалғасы болып табылады brosus-тың қосымша сіңіріне арқылы бекітіледі.

  5. Бұлшық еттері үш топтан құралған. Орталық бұлшық еттерінен тұрады /chioradialis және/, сыртқысын саусақпен қолды жазатын бұлшық еттер, ішкісін- және бүгетін бұлшық еттер құрайды.

  6. Жүйке мен тамырлар. N. medianus екі lacertus fibrosuo cipitis пен бірге –тың астында –тің сіңірінен ішкері орналасқан. Жүйке артериядан 0,5 ішкері жатады. N. radialis пен –ке бөлінеді. Буын деңгейінде екі тармаққа бөлінеді –беткі және терең. Беткісі m. supinator-ке бағытталады, ал тереңі –ді тесіп өтіп және білектің артқы бетіне өтеді. Шынтақ аймағында артериялар тор түзеді –


Шынтақтың артқы аймағының қабатары

  1. Терісі қалың.

  2. Тері асты клетчаткасы нашар дамыған. bursa mucosa аймағында терімен біріккен сумка болады. Сумка буын қуысымен байланыспайды.

  3. Беткі шандыр,

  4. Меншікті шандыр olecrani аймағында сүйек қабығымен байланысқан.

  5. Бұлшық еттер. olecrani жоғарғы жағына m. tricipitis сіңірі бекітіледі-оның астында bursa subtendinea olecrani жатады. Сыртныда жазғыш бұлшық еттер орналасқан. Сыртқы айдаршықтан басталады. Ішкі бетінде olecranon мен ішкі айдаршық арасында апоневрозбен жабылған n. ulnaris жатады. M. flexoris carpi ulnaris-тің екі басының арасындағы тесік арқылы жүйке білекке sulcus ulnaris-пен өтеді.


Шынтақ буыны

Шынтақ буыны үш сүйектен /иық, кәрі жілік, шынтақ сүйегі/ құралған, radialis пен ulna I. Humerus пен, 2. бір-бірімен бірігіп тұрады. Иық сүйегінде І. trochea ішкі жағында шынтақ сүйегіндегі ай тәрізді ойысқа incisura semilunalis-ке, 2. сыртқы жағында capitulum hymeri кәрі жіліктің басындағы ойысқа- fovea capituli radii-ге сәйкес келеді. Сонымен қатар ulna-ның басымен біріккен жерінде шынтақ сүйектің icisura radialis-ке сәйкес келеді. Сөйтіп, үш буын /articulatio hymeroulnaris hymeroradialis және radioulnaris proximalis/ бір қуысты және жалпы қабығы бар пайда болады. Иық сүйегінің екі айдаршығы /epicondylus medialis және lateralis hymeri буын қуысының сыртында қалады/.

Буын сызығы шынтақ қатпарынан бір елі төмен өтеді, өйткені epicondylus lateralis 1 см, ал medialis 2 см буын сызығынан жоғары тұрады. Буын қабығы /негізі-fossae olecrani аймағында/ алдыңғы бетіне қарағанда әлсіз.

Буынды бекітіп тұратын байламдар: 1. Lig. annulare radii сақина тәрізді байлам radii-дің басын және мойнын орап және incisurae radialis ulnae-нің жиегіне бекітіледі. 2. Lig. colluterale ulnare-epicondylus medialis-тен шынтақ сүйегіне келеді, 3. Lig. collaterale radiale epicondylus lateralis-іне / Lig. annulare radii сияқты/. Hymeri, radii және ulnae-нің эпифизарлы сызығының көп бөлігі буын қуысында жатады.

Буынды – rete cubiti қанмен қамтамасыз етеді. Nn. medianus және ulnaris арқылы жүйкеленеді.
Білек аймағы

Шекарасы: жоғарғы жағынан иық сүйегінің айдаршықтарынан екі елі жоғары жүргізілген сызық арқылы, төменнен-шынтақ және кәрі жілік сүйегінің біз тәрізді өсінділерінен 1 см жоғары өткізілген сызық арқылы шектелген. Сүйек-байлам негіздерін к»рі жілік пен шынтақ сүйектерін байланыстыратын сүйек арасының жарғақтары құрайды.


Білектің алдыңғы бетінің қабаттары:

  1. Терісі жұқа және қозғалғыш.

  2. Тері асты клетчаткасында-беткей тамырлар мен жүйкелер өтеді sephalica n. basilica және n. cutaneus antibrachii medialis /ішкі жағында/, олардың арасында v. mediana antibrachii орналасқан.

  3. Беткі шандыр нашар дамыған.

  4. Меншікті шандыр /fascia antibrachii/ аймақтың сыртқы бөлігінде жақсы дамыған. Жоғарғы бөлігінде одан бұллшық етке және тамыр-жүйке шоғырларына қынап түзеді.

  5. Бұлшық еттері төрт қабат болып орналасқан. Бірінші қабатта сырттан ішке қарай m. brachioradialis /иық сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінің сыртқы жиегінен басталып кәрі жіліктің processus stylodeus-нің үстінде бекітілген/, сосын m. pronator teres /иық сүйегінің ішкі айдаршығынан және septum intermusculare mediale-дан басталып кәрі жіліктің ортаңғы бөлігіне бекітілген/, flexor carpi radialis /epicondylus medialis-тен басталып ІІ және ІІІ саусақ сүйектерінің негізіне бекітіледі/, m. palmaris longus epicondylus medialis-тен басталып алақан апоенврозына жалғасып, бұл қабатта m. flexor carpi ulnaris /epicondylus medialis humeri және olecranon-тен басталады/ ospisiforme-ке бекітіледі /ішкі жақта жатады/. Екінші қабат беткі бүккіш бұлшық еттерден-m. flexor digtorum subimis /epicondylus medialis humeri және білек сүйектерінен басталып, ортаңғы фалангтың негізіне бекітіледі/ құралған. Үшінші қабатта: сыртында m. flexor pollicis longus /кәрі жіліктің алдыңғы бетінен басталып және membranae interosseae жанасып өтіп бас бармақты соңғы фалнагісінің негізіне бекітіледі/, ішкері- m. flexor ligitroum profundus шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінен басталып және membranae interosseae бөлігіне жанасып, ІІ-V саусақты соңғы фалангісінің негізіне бекітіледі. Төртінші қабат-m. pronator guadratus /білектің төменгі бөлігінде шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінен басталып, осы деңгейде кәрі жіліктің алдыңғы бетіне бекітіледі/ құралған.

Білектің алдыңғы бетінде бірнеше жүлгелер бар.

  1. тамырлар мен жүйкелер. M. brachioradialis /сыртынан/ және m. flexor carpi radialis /ішінен/ арасында sulcus radialis-те жатады. Бұдан а. radialis екі венамен және ramus superficalis n. radialis артерияның сыртынан. Білектің оратңғы және төменгі бөлігінде sulcus radialis –тен шығып кетеді де, жүйке м. Brachioradialis сіңірінің астымен өтіп, апоневрозды тесіп өтіп қол басының сыртқы бетіне өтеді. Sulcus ulnaris m. Flexor digitorium sublimis m. flexor carpi m. ulnaris арасында жатады. Оның түбінде m. Flexor digitorium profundus жатады. Sulcus ulnaris-те венамен бірге а. ulnaris және n. ulnarisжатады. Жүйке артерияның ішкі жағында орналасқан. Білектің жоғарғы бөлігінде а. ulnaris-тен а. interosseae comunis шығады, ол а. interosseae dorsales және volaris-кебөлінеді. Бірншісі membranae interosseae тесігі арқылы білектің сыртына, екіншісі еківенамен және n. interossus volaris-пен бірге сүйек арасындағы байламның алдыңғыбетімен жүреді. N. medianus аттас артериямен / а. interosseae volaris тармағы/ біргеартқы бөлімінде жоғары бөлігінің үштен бірінде m. pronator артында, оратңғыбөлігінде-саусақтардың беткей және терең бүккіш бұлшық еттерінің арасында, ал білектің төменгі бөлігінде Sulcus medianus-те жатады. Sulcus medianus radialis-ті m. flexoris ligitorum sublimis сіңірлері /ішінен/ құрайды. Жүлгенің алдыңғы жағын m. palmaris longi сіңірі жауып жатады. Сүйек арасындағы жарғақтың алдыңғы бетінде терең тамыр-жүйке шоғыры өтеді. Оны а. interosseae valvaris екі венамен және аттас жүйке құрайды. а. interosseae volaris шаршы пронатордың жоғарғы жиегінде білектің алдыңғы бетінен сүйек аралық жарғақты тесіп өтіп және білектің сыртқы бетіне өтеді.

Сосын білекзікке бағытталып, recti carpi dorsale және volare-ні құрауға қатысады.
Білектің алдыңғы бетінің клетчаткалық кеңістіктері

Білектің тамыр-жүйке шоғырымен бірге борпылдақ клетчатка жатады. Ол бұлшық ет арасындағы аралыққа да кіреді. Білектің төменгі білекзіктің шекарасында орналасқан парон клетчаткалық кеңістігінің практикалық маңызы зор. Оны Каневэл білектің үлкен клетчаткалық кеңістігі деп атаған. Ол артынан шаршы пронатормен және алдынан саусақтың терең бүккіш бұлшық-етімен шектеліп жатады, оны артқы қабырғасын сүйек арасындағы жарғақтың төменгі бөлігін құрайды. Кәрі жілік және шынтақ синовиальды сумкалары зақымдалғанда ірің парон кеңістігіне ағады. Оған ¼ литрдей ірің сияды. Парон кеңістігінің кең бөлігі білезіктен 5 см қашықтықта орналасқан. Оның беткей жататын бөліктері кәрі жілік пен шынтақ сүйектерінің алдыңғы бетінде орналасқан.


Білектің артқы бетінің қабаттары

  1. Терісі қалың, шашпен жабылған.

  2. Тері асты клетчаткада беткей тамырлар мен жүйкелер орналасқан.

  3. Беткі шандыр.

  4. Білектің меншікті шандыры бұлшық еттерге қынап түзеді.

  5. Бұл жердің бұлшық еттері екі қабаттан тұрады: беткі және терең.

Беткі қабатта mm. extensop carpi radialis longus, extensop carpi radialis brevis, extensop ligitorum communis, extensop ligiti guinti, ext carpi ulnaris терең қабатта m. supinator, abductor pollicis longus, extensop pollicis brevis, extensop pollicis longus, extensop lindicis proprius жатады.

Бірінші қабаттың бұлшық еттері иық сүйегінен басталады. Оның сыртқы айдаршығынан, ал басқа бұлшық еттер білек сүйектерінен басталады. M. supinator-дан crista шынтақ сүйегінен және жартылай иық сүйегінің сыртқы айдаршығынан басталады. M. externos carpii radialis longus II саусақ сүйегінен, brevis III саусақ сүйегіне, м. externos carpii ulnaris V саусақ сүйегіне бекітіледі. M. abductor pollicis longus I саусақтың сүйегінің негізіне бекітіледі. Басқа бұлшық еттер саусаққа барады.



  1. Аймақтың тамыр-жүйке шоғырын ramus protundus –тің n. radialis және a. interosseae dorsalis екі венамен бірге құрайды. Ол беткі және терең қабаттағы бұлшық еттер арасында жатады. Жүйкенің ұзын тармақтары /n. interosseus dorsalis/ білектің артқы бетіндегі бұлшық еттерді қоректендіреді.

Білезік аймағы

Білезік білекті қол басынан бөліп тұрады. Білектен ulnae мен radii-ның біз тәрізді өсінділерінен 1 см жоғары өтетін көлденең сызық, қол басынан бұршақ тәрізді сүйектен жүргізілген сызық шектейді.



Қабаттары:

  1. Тері.

  2. Тері асты клетчаткасы, онда тері асты веналары мен жүйкелері жатады. Сыртқы жағында v. cephalicae және n. radialis-тің тармағы r. superficialis /сыртында/, rami dorsalis тармағы, cutanei antibrachii dorsalis-тің, соңғы тармақтары, алдыңғы бетінде v. medianae antibrachii, nn. cunei antibrachii medialis және lateralis-тің соңғы тармақтары nn. ulnaris және mediani-тің алақан тармақтары жатады.

  3. Апоневроз шыбық білезік буыны аймағында қалыңдап екі байлам түзеді: алдыңғы бетінде- lig. carpi volare ортаңғы бетінде - lig. carpi dorsale lig. carpi volare lig. carpi trancversum-нен тығыз бірігеді. Осы байламдардың әр қайсысы беткі және терең жапырақтар болады. Терең жапырақшасы - lig. carpi trancvers-мен бірігіп жүлгені қаптайды.

  4. Бұлшық ет сіңірінің алдыңғы бетінде апоневрозды астында бірнеше қабат түзеді. Бірінші қабатта /сырттан ішке қарай/ m. brachioradialis сіңірі radius processus styloideus үстінде бекітіледі /m. flexor carpi radialis-тің терең және беткі жапырақтарының арасында өтеді. Сосын carpi transversi жапырақшасы мен үлкен көп қырлы сүйектің арасында түзілген өзектен / canalis carpi / өтіп, ІІ, ІІІ метакарпальды сүйектердің негізінде аяқталады. Осы бұлшық еттен ішке қарай m. palmaris longii сіңірі өтеді, /lig. carpi volaris жапырақтарының арасында/, ол кейін алақан апоневрозына /aponevrosis palmaris/ қосылады. Одан ішке қарай m. flexoris carpi ulnaris сіңірі өтеді, ол ospisiforme-ге бекітіледі/. lig. carpi volarе /оның терең жапырақшасының/ астында екінші қабат бұлшық еттері сіңірі жатады. Оның астында үшінші қабат /саусақтың бүккіш бұлшық еттері және бас бармақтың ұзын бүккіш бұлшық еттері орналасқан. Саусақтың тығыз сіңірлерінің барлығы және n. medianus негізгі өзек canalis carpi-тен өтеді. Ол lig. carpi transversum-нің астында орналасқан. Бұл жерде сіңірлер екі синовиальды қынапта орналасады, оның сыртқысында flexoris pollicis longi, ішкісінде саусақтардың бүккіші бұлшық еттерінің 8 сіңірі жатады. Қынап жоғарғы жағынан білектің жоғарғы шекарасына жетеді.

  5. Тамырлар мен жүйкелер сіңірлердің арасынан өтеді. Сыртқы бөлігінде m. drachioradialis пен m. flexor carpi radialis арасында а. radialis жатады /екі венамен бірге/. Одан mm. abductoris pollicis longii шығады. Сосын mm. abductoris pollicis longii және extensoris pollicis brevis сіңірлері астынан өтіп, оның сыртқы бетіне анатомиялық табакерка аймағына өтеді. Аймақтың ортаңғы бөлігінде m. medianus /екі венамен/ өтеді, ол сыртқы жағынан саусақтардың бүккіш бұлшық еттің сіңіріне жанасып және олармен бірге canalis carpi-ден өтеді. Ішкі бөлігінде a. ulnaris /екі венамен/ және n. ulnaris орналасқан, олар бұршақ тәрізді сүйекке дейін m. flexor carpi ulnaris және m. flexor digitorum subliniis арасынан өтеді. Кейін осы тамыр-жүйке шоғыры негізгі өзектен canalis carpi ulnaris, s. Spatium interaponeuroticum gujoni-мен жүреді. өзек sulci ulnaris-тің жалғасы және ол lig. carpi volare мен lig. carpi transversum арасында бұршақ тәрізді сүйекте түзіледі. Бұл жерде а. және n. ulnaris lig. carpi volare-нің астынан өтеді. Жүйке артериядан ішкері орналасқан. Аймақтың артқы бөлігінде астында алты өзек түзіледі. Олардан синовиальды қынаппен қоршалған сіңірлер өтеді І-өзек /сырттан ішке қарай/ mm. abductoris pollicis longi m. extensoris pollicis brevis сіңірлері өтеді. 2-өзек mm. extensoris carpi radialis longi және brevis өтеді. 3-өзек m. extensopis pollicis longi өтеді. 4-ші өзек m. ext. digitorium communis және indicis propria өтеді. 5-ші өзек m. extensopis digiti proprii өтеді. 6-шы өзек өзек m. extensopis carpi ulnaris өтеді. M. abductoris pollicis longii және extensopis pollicis brevis сіңірлері мен m. extensoris pplicis longi сіңірі арасында ойыс-анатомиялық табакерка орналасқан. Тірі адамдар бас бармағын қайырғанда көрінеді. Оның түбін os naviculare құрайды. Оны r. carpeus dorsalis шығатын a. radialis өтеді. Ол бірінші сүйек аралықта І сыртқы сүйек аралық бұлшық ет басының арасына бағытталған.


Алақан сүйектері аймағы

Алақанның бүйір бөліктері бас бармақтың және кішкентай саусақтың бұлшық еттерінен құралған төмпешіктен тұрады. Ортаңғы бөлігі ойысша тәрізді және бүккіш және терең бұлшық еттердің /құрт тәрізді және сүйек аралық бұлшық еттер/ сіңірлері құрайды.



Қабаттары:

  1. Терісі тығыз және жәй қозғалады, өйткені алақан апоневрозының фиброзды талшықтарымен байланысқан.

  2. Тері асты клетчаткасы, онда нашар дамыған веналар, thenar және hyppthenar-тің алақан тармақтары, nn. digitales volares communes-тің тармақтары өтеді.

  3. Алақан апоневрозы. Ортаңғы бөлігінде тығыз, ал бүйір бөліктерінде нашар дамыған. Ол m. palmaris longi сіңірлерімен бірігетін беткей көлденең талшықтардан тұрады және терең көлденең талшықтардан тұрады және апоневроздан терең сүйек аралық бұлшық етін жауып тұратын терең алақан шандырынан көлденең талшықтар шығады. Осының нәтижесінде үш арна пайда болады: екеуі бүйірлік /бұлшық ет/ және біреуі бір ортаңғы /сіңірлі/. Апоневроздың астында алақанның жоғарғы бөлігінде lig. carpi transversum жатады. Ол екі жапырақшадан беткі және терең тұрады. Оның беткей жапырақшасы os naviculare және multangulum majus пен os pisiforme және hamatum арасында тартылады. Ол терең жапырақшасы білезік сүйектерін жауып тұрады. Осының нәтижесінде остефиброзды өзек түзіледі, одан саусақтарды бүгетін сіңірлері /m. flexor digitorium sublimis, profundus және pollicis longus және n. medianus өтеді.

  4. Аймақтың бұлшық еттері. Thenar бұлшық еттеріне төрт бұлшық ет жатады. M. abductor pollici brevis /бетіне жақын жатады/, одан терең m. apponens pollicis /сыртында/ және m. flexoe pollicis brevis /сіңірлері/ екі бастың арасында бас бармақты бүгетін бұлшық еттің ұзын сіңірі өтеді, одан да ішкері қарай m. adductor pollicis орналасқан. Hypothenar бұлшық еттеріне көлденең орналасқан бұлшық ет m. palmaris brevis, m. adductor, flexor және opponeus digiti V жатады.

  5. Тамырлармен жүйкелер. Алақан апоневрозының астында volae manus, ортасында беткі алақан доғасы-arcus volaris superficialis жатады. Доғаның негізгі бөлігін a. ulnaris есебінен /беткі алақан тармағынан/ құралады. Ол a. radialis-тен r. volaris superficialis тармағымен байланысады. А. ulnaris алақанда spatium interaponeuroticum gujoni шығысында lig. carpi trancversum үстімен ары қарай өз жолымен кетеді. R. superficialis a. radialis негізгі бағанадан кәрі жіліктің біз тәрізді өсіндісінің деңгейінде бөлініп шығып, thenaris бұлшық еттерінің астымен /кейде м. abductor pollicis-ті кесіп өтеді/ өтіп а. ulnaris-ке қосылады. Доғадан үш ірі аа. шығады, алақан сүйектерінің басының деңгейінде саусақтың меншікті артерияларына бөлінеді, ІІ, ІІІ, ІV, V саусақтарын қоректендіреді. Алақан доғасының астында ортаңғы жүйкенің /сыртынан/ тармақтары және шынтақ жүйесінің ramus supericialis /ішінен/ тармақтары орналасқан. Бұл жерде сәйкес артериялармен бірге nn. digitales volares communes, өзінің nn. digitales volares proprii тармақтарына бөлінеді. Ортаңғы жүйке І, ІІ және ІІІ саусақтарымен, ІV саусақты радикальды жиегіне сезімтал тармақтар береді, шынтақ жүйкесі V және ІV саусақтың шынтақ жиегіне тармақтар береді. N. ulnaris-тің терең тармағы бастапқы кезде көлденең байламда жатады, одан кейін терең түсіп, flexor мен abductor digiti V арасымен-кәрі жілік артериясымен бірге arcus volaris profundi-дің түзілуіне қатысады. Соңғысы қолды бүгуші бұлшық еттің сіңірлерінің астында жатады. Доғаны негізінен алақанның терең жатқан тармағы а. radialis-ті құрайды, ол қолдың сыртына қарай өтіп, кәрі жілік артериясының осындай тармағымен анастомоз жасайды. Доғадан аа. metacarpeae volares шығып, алақанның сырт бетіндегі аттас аретриялармен анастомоз жасайды да, аа. digitales volares communes-ке құяды.

Алақан мен саусақтардың синовиалді қынаптары

Саусақтарды бүгуші бұлшық ет сіңірлерінің синовиалды қынабы болады. ІІ, ІІІ және ІV саусақтардың дисталды шекарасы саусақ бақайшығымен, оның негізінен табылады, проксималды шекарасы-алақан сүйектерінің басы маңайында орналасқан.

Әр бір қынапта беткей және терең саусақтарды бүгуші бұлшық еттің сіңірлері жатады. І және V саусақтарға қарағанда, мұнда синовиальды қынаптың сіңірге қатынасы әлде қайда күрделі. Бұл қынаптар бүгуші бұлшық еттің сіңірлері тек саусақ бойында ғана қоршап қоймайды, сонымен қатар алақан-білезік аймақтарында орайды, сирек жағдайларда ғана бұл қынаптың саусақтық бөлімі алақан бөлгіштерімен бөлінеді. Қынаптың алақандық бөлімі синовиалды қапшық ажыратылады: радиалді және ульнарлы. Радиалді қапшықта бір сіңір жатады-бас бармақтың бүккіш бұлшық етінің сіңірі, ульнарлы қапшықта V саусақтың бойында кішкентай саусақты бүккіш бұлшық еттердің екі сіңірі жатады, ал жоғарғы жағында, яғни білезік аймағында бұны ІІ, ІІІ, IV саусақтардың бүккіш бұлшық еттерінің сіңірлерінің проксималды бөлігін қосып алады, сонымен қатар жалпы алғанда 8 сіңір кіреді: төртеуі беткей, төртеуі терең жатқан саусақтарды бүгуші бұлшық еттердің сіңірлері. Қол басының проксималды бөлімінде екі қапшықта-радиалды және ульнарлы, lig. carpi transversum-нің астында карпалды өзекте орналасады, олардың арасынан – n. medianus өтеді. Білезік аймағында екі синовиалді қапшықта шаршы пронаторда жатады, олардың проксималді шекарасы кәрі жіліктің біз тәрізді өсіндісінің ұшынан – 2 см жоғары өтеді. Осыған байланысты синовиалді қапшықтардың проксималді соңы білек аймағында орналасады. Кей жағдайда радиалді қапшық білек аймағына ульнарлыға қарағанда жоғарырақ көрінеді. Шамамен 10 процент жағдайда екі қапшықтың арасында байланыс болады.

Алақанның синовиалді қынабының басқышы болуы сирек емес, кейде үшінші қапшық /сумка/ болуы мүмкін. Ол радиалді және ульнарлы қынаптың артында орналасады, оның сұқ саусақтың сіңірі құрайды. Басқа жағдайда бір жалпы синовиалді қапшық болады, оның құрамында І және V саусақтардың сіңірлері және басқа сіңірлердің де проксималді бөлімі құрады.



Алақанның клетчаткалық кеңістіктері

Алақанның сыртқы және терең қабаттарын клетчаткалық кеңістік болады. Оның екеуінің сыртында /сыртқы тері асты және сыртқы апоневроз асты/ кеңістіктер. Үшіншісі алақандық кеңістік /сыртқы кеңістік немесе тенар кеңістігі және ішкі кеңістік немесе гипотенар кеңістігі, ортаңғы алақандық кеңістік/. Практика жүзінде алақанның екінші кеңістігі маңында болып саналады: сыртқы және ортаңғы. Олардың саусақтарды бүгуші бұлшық еттер сіңірлерінің және алақандағы сүйек аралық бұлшық еттің арасында жатыр. Сыртқысы бас бармақ бұлшықетіне жанасып және m. flexori pollicis longi-дің сіңірлі қынабынан ІІІ алақан сүйегінің сыртқы жиегіне дейін барады, ортаңғысы І-ші саусақтың ішінен басталып, шынашақ бұлшық етіне дейін аралықта орналасады. Сыртқы клетчаткалық кеңістік: алдыңғы жағынан бас бармақ бұлшық еттерінің астында жататын және алақанның ортасына баратын шандырды жапрыақшамен шектелген.

Артынан: m. adductor pollicis және оны жауып тұратын шандырмен шектелген. Сыртқы кеңістік сұқ саусақтың сыртын бойлай І-ші құрт тәрізді бұлшық етке дейін барады. Ортаңғы алақан кеңістігі-үшінші ішкі саусақтарды бүгуші бұлшық еттердің сіңірлерінің астында /оны жауып тұратын бұлшық еттердің сіңірлерінің астында/ орналасқан. Бұл кеңістік тереңіректе алақанның сүйек аралық бұлшық етін жауып жататын шандырдың жапырақшасына жанасады.

Ульнарлы жағынан-шынашақ бұлшық етімен тығыз шандырмен бөлінген, ал радикальды жағынан сыртқы кеңістіктен –ІІІ білезік сүйегінен басталып- m. adductor pollicis –ты жауып жататын шандыр жапырақшасымен бөлінген. Қолдың проксимальды бөлімінде бұл шандыр жапырақшасы әлсіз жетілген. Дистальды оратңғы кеңістік құрт тәрізді бұлшық еттің өзегінен өтеді де – ІІІ, IV, V саусақтардың сыртына барады. Практикалық хирургияда дәнекер ұлпалы саңылаулар бар екендігі, олар арқылы клетчаткамен қоршалған /Канавэл/ құрт тәрізді бұллшық ет өтетіндігі айтылады. Алақанның екі клетчаткалық кеңістігінің проксимальды шекаралары білезіктің І қатардағы сүйектердің деңгейінде жатады.


Білезіктің сыртқы беті

Беткейлік қабатында тер асты веналар және жүйкелер жатады. Көптеген веналар v. cephalica мен v. basilica-ның көздері болып табылады және тор түзеді-rete venosum dorsale manus. Білезік сыртының жүйкесі болып саналатын: r. superficialis, n. radialis, r. dorsalis manus n. ulnaris. Соңғысы кәрі жілік-білезік буыны деңгейінде беткей жатады. Өзара анастомоз жасайтын барлық тармақтарынан-оншақты сезімтал m. digitales dorsales шығады, оның бесеуі кәрі жілік жүйкесіне, бесеуі шынтақ жүйкесіне жатады /әр бір жүйке екі жарым саусақты қоректендіреді/.

Апоневроз астында жазғыш бұлшық еттің сіңірлері жатады. Одан тереңіректе сыртқы сүйек аралық бұлшық еттері жатады.
Саусақтар

Саусақтардың алақан бетіндегі терісінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Бәрінен бұрын терінің барлық қабаттарының күшті дамығанын айту керек және І-ші кезекте мүйізді қабатты-мұнда эпителиальды клетчкалар бірнеше, ондаған қатарлармен орналасқан. Мальпигиев және еміздікше қабатының жақсы дамығанының әсерінен мүйізге қабатының қалпына келуінде маңызы үлкен /яғни жарақат немесе қабынау процесі нәтижесінде/. Саусақтардың алақан бетінің терісінде көптеген тері бездері жатады. Түктер мен май бездері болмайды, соған байланысты фрункул сияқты қабыну процесінің болуы мүмкін емес. Алақан бетінің тері асты май қабатында көп мөлшерде май тканьін құралған және олардың пішіндері дөңгелек, мықты фиброзды бөлгіштермен бөлініп тұрады. Бұл қабат көлденең орналасады, яғни терінің еміздік қабатынан бақайшақ сүйек үстіне дейін және бүккіш бұлшық ет тердің сіңірлерінің фиброзды қынабына келеді. Осыған байланысты саусақтың алақан бетінің тері асты май қабатындағы іріңді процес, оның беткей бөлімінде емес, тереңірекке жайыылады. Саусақтардың алақан бетіне қарағанда сыртқы бетінің терісі жұқа, тері асты май қабат әлсіз дамыған. Саусақтардың тері, тері асты май қабатында көптеген лимфалық капиллярлар торы жатады, көбінесе алақан бетінде. Осы тордан шығатын ұсақ тамырлар саусақтардың бүйір бетінде қосылып, 1-2 шығарғыш бағана түзеді. Соңғысы саусақ аралық қатпар аймағында саусақтардың сыртына өтеді. Саусақтардың алақан бетінен ұсақ лимфалық тамырлар саусақ аралық қатпарлар аймағына саусақтың сыртына қарай өтеді.

Лимфалық тамырлардың саусақ сыртына өтуі саусақтардың алақан бетіндегі іріңді процесі кезінде саусақ сыртының ісетіндігімен түсіндіріледі. Практикалық жағынан маңызды болып саналатын-бұл саусақтарда беткейлік лимфалық тамырлармен және қынап сіңірлері мен сүйек қабығының тамырларының арасындағы байланыс. Саусақтардың беткейлік веналары оның сыртқы бетінде жақсы көрінеді. Саусақ артериялары тері асты май қабатынан өтеді және оның бүйір бөлімінде жатады: біреулері /беткі алақан доғасынан/ алақан бетіне жақын күшті дамыған /сыртқы білезік аретрияларынан/. Басқалары –сыртына жақын және әлсіз дамыған. Сыртқы артериялар соңғы шынтақтарға дейін жетпейді, алақандық соңғы шынашақта доға түзеді, одан ұсақ тармақтар шығып тор түрінде саусақтар басында тарамдалады. Саусақ артериялары венамен бірге жүрмейді, саусақтың алақан бетінен қанды жинайтын ұсақ веналар саусақтың сыртына өтеді. Жүйкеленуі: n. medisnus екі жүйкенің n. ulnaris тармақтарымен жүзеге асады: алақанда – n. medianus екі жүйкенің тармақтарымен жүзеге асады: алақанда n. radialis және n. ulnaris, сыртында- пен. Осыған байланысты саусақтардың бөлімінен екі жүйке өтеді, оның біреуі алақан бетіне жақын, басқасы сыртына қарай жатады. Сыртқы жүйкелер ортаңғы шынашаққа дейін ғана барады, алақандық бөлімі соңғы шынашаққа дейін қоректендіреді. Алақан шандыры шынашақтардың бүйір бетіне бекітіледі. Бір жағынан-сүйек үсті қабығына, екінші жағынан саусақтарды бүгуші бұлшық еттердің сіңірлеріне фиброзды қынап түзеді. Фиброзды қынаптан синовальды қынаппен қоршалған бүгуші бұлшық еттің сіңірлері өтеді. Беткейлік бүгуші бұлшық еттердің сіңірлері екі аяқшаға бөлініп, ортаңғы шынашақтың денесіне бекітіледі. Терең бүгуші бұлшық еттердің сіңірлері беткейлік аяқшалардың арасында өтіп, соңғы шынашақтардың негізіне бекітіледі. Жазғыш бұлшық еттердің сіңірлері шынашақ сыртныда дорзальды аапоневрозға өтіп, ортаңғы шынашақтың негізгі бөліміне және жартылай соңғы шынашаққа бекітіледі.
Қолға жасалатын операциялар
Бұғана асты артерияны байлау.

Бұғана асты артериясы бұғананың ортасында кескінделеді. Жоғарғы бөліміне операция жасағанда жастықша қояды да, иықты көтеріп, қолды кесетін жаққа қарай созып қояды.



  1. Тілікті –бұғанаға қатар, одан 1 см төмен жүргізеді, ұзындығы – 8 см, бұғананың ортаңғы бөлігіне дейін, яғни тамырдың кескініне сәйкес келуі тиіс. Теріні, тері асты клетчаткасын, m. platyma-ны және беткі шандырды, осыған байланысты nn. supraclavicularis-тің асоңғы тармақтарын кеседі.

  2. Кеуденің үлкен бұлшық етін, меншікті шандырмен бірге науа тәрізді зонд бойымен кеседі.

  3. M. pectoralis major табылады да, оны теріні кескен сызықпен кеседі.

  4. Одан кейін зонд бойынша оның қынабының артқы қабырғасын кесіп, келесі қабат-fascia coracoclavicosralis-ті ашады, оның алдынан v. cephalica өтеді /v. subclavia –ға құяды/.

  5. Операция жасаушы борпылдақ клетчатканы ашып, кіші кеуде бұлшық етінің жоғарғы жиегін анықтайды және осы жерде fascia coracoclavicosralis-ті кеседі.

  6. Осы шандырдың артынан, борпылдақ клетчатканың ішінде nn. thoracales anteriores a. thoracoacromialis тармақтары /аттас веналармен/ және лимфалық түйіндер, тамыр-жүйке шоғырлары өтеді.

Артерияны табу үшін клетчатканы ығыстырып ұсақ тамырларды байлайды. Бұғана асты артериясынан біршама алда және ішкері бұғана асты венасын, артериядан сыртқары және жоғары иық өрімін табады. Сондықтан артерия жүйкемен /сырттан/ венамен /ішкі жағынан/ арасында орналасқан.

Аневризм кезінде бұғана асты артериясына жететін жақсы жол қабырғаны уақытша алып тастау болып табылады.

Бұғана асты артериясын байлағанда коллатериальды қан айналым a. transversae colli мен a. transversae scapulae-лардың a. circumflexae hymeri ant. et post. a. circumflexae scapulae анастомоздары арқылы a. mammaria internae және a. thoracalis laberalis мен анастомоз жасайтын тармақтармен жүзеге асады.
Қолтық асты артерияны байлау

Тікелей немесе айналмалы жолмен жүргізіледі. Қолтық асты веналарын беткі қабатқа жақын жатқанына байланысты алғашқы әдісті қолданғанда венаны кесіп кету қаупі бар, сондықтан тікелей әдісті қолдану қолайсыз болып табылады.

Артерияның кескінді сызығы қолтық асты ойысының алдыңғы және ортаңғы үштен бір енінің шекарасынан /Лисфранк бойынша/ немесе шаш өскен аймақтың алдыңғы шекарасында /Пирогов бойынша/ немесе sulci bicipitalis medialis бойынша жоғарыға жалғасуы /Лангенбек бойынша/ өтеді. Операция жасаушы қолын бүйір жағына созып науқасқа бетпе-бет отырып жұмыс істейді.


  1. Теріні, тері асты клетчаткасын және беткейлік шандырды 8 см ұзындықта m. coracobrachialis-пен үлкен қолтық бұлшық етінің төменгі жиегіне қиылысқан жерінен бастап қолтық асты ойысының ең терең нүктесіне дейін кесу жүргізіледі. Кесу сызығы артерия кесіндісінің алдынан өтеді.

  2. m. coracobrachialis-тің және m. bicipitis-дің қысқа басын науа тәрізді зонд бойымен шандырлы қынабын кеседі және жараның ілмекпен кеңейтеді.

  3. m. coracobrachialis және m. bicipitis-дің қысқа басын доғал жолмен алып, алға қарай итереді.

  4. Зонд арқылы ортаңғы жүйкенің жолымен осы бұлшық еттердің қынабының ішкі қабырғасының жұқа жапырақшасын кесіп тастайды.

  5. Май клетчаткасының шамалы қабатынан, орталық жүйкенің артында жатқан артерияны ашады n. musculocutaneus артериядан сыртқары nn. ulnaris, cutaneus antibrachii және brachii medialis ішкері, ал n. radialis артында жатады.

Жұқа қабықтың қолтық асты венаны операциялық жарақаттан тыс және одан ішке қарай орналасқан. Бұл венаны жарақаттау, ауа эмболиясының даму мүмкіндігіне байланысты қауіпті болады /себебі кеуде клеткасының сорылу әдеті мен оның қабырғасының жан-жақты тканьдерімен созылуына байланысты/.

Артерияның тікелей жолмен ашқанда /кескінді сызыпен/, қолтық асты шандырын кесіп ажыратқанда /байқап жасау керек/, өйткені бәрінен бұрын axillaris кездеседі. Соңғысын доғал ілмекпен ішке қарай ығыстырып, содан соң жүйкелерді жылжытып артерияны іздейді. Қолтық асты артериясының жоғарғы бөлімі, яғни aa. sub-scapularis және circumflexae humeri ant. post.-тің ортаңғы таралау орнын байлағанда коллатериальды қан айналым алыста жатқан коллатеральды доғалар арқылы қалпына келеді, олардың ең негізгілері: 1. ramus descendens, a. transversae colli a. sub-scapularis оның бұтағы арқылы a. circumflexae scapules, 2. a. transversa scapulae /a. scapulavia-дан/-аа. circumflexae scapulae және humeri posterius, 3. A. mammariae internae, a. thoracalis lateralis қабырғалық тармақтары /кейбір жағдайларда a. thoracoacromialis/, жақын жатқан бұлшық еттерге бекітілетін жергілікті доғалар арқылы да, тең болады. Қолтық асты артериясын жоғарыда аталған негізгі тармақтардан шеткері байланысса, қан айналымның толық қалпына келу мүмкіндігі аз, себебі тек a. profunda brachii және aa. circumflexae hymeri anterior және posterior арасындағы коллатериальдар ғана қосылады және жергілікті бұлшық ет коллатериальды /салыстырмалы әлсіз дамыған/. Қолтық асты аретрияларын байлағанда қолдардың өлуі 8,3 процент шамасындай кездеседі.


Шынтақ шұңқырында иық артерияны байлау

Ішкі айдаршықтан екі елі қашықтықта жататын нүктеден, шынтақ иірімінің ортасы арқылы және ары қарай білектің сыртқы жиегінде байлайды.



  1. Теріні, тері асты клетчаткасын және беткі шандырды қабат-қабатымен ұзындығы 6 см-дей кеседі. Оны айтылған сызықтың ортаңғы бөлігінен, оның ортасы шынтақ иірімінің қатпарына сәйкес келетіндей етіп кесу керек. 2. иықтың меншікті шандырын ашқаннан кейін, хирург қиғаш төмен және медиальды жүретін Lacerti fibrosi-дің жарқырауық талшықтарын анықтайды.

Lacertus-тің астынан науа тәрізді зондты енгізіп және оны көлденең, яғни тері жарасының бағытына қарай кеседі. Жараны кеңейтіп, зонд және пинцеттің көмегімен m. bicipitis –тің сіңірінің ішкі жиегіндегі sulcus cubitalis anterior medialis-те орналасқан артерияны тауып жекелейді. Ортаңғы жүйке артериядан 1 см ішкері жатады. Шынтақ шұқырындағы артерияны байлау қауіпті емесе, себебі айналмалы қан айналым шынтақтың артериясының өрімін құрайтын /rete cubiti/ бірнеше анастомоз жолдары арқылы жүзге асады: a. collateralis radialis, collateralis ulnares superior et interior, aa. recurrens radialis, recurrens ulnares, recurrens interossea, бұл жағдайда коллатериальды артериялар сәйкес қайтушы артериялармен анастомоз жасайды.
Шынтақ артерияны байлаау

Білектің төменгі немесе жоғарғы бөлігінде өткізіледі. Кескінді сызықтар иықтың ішкі айдаршығы үстінен бұршақ тәрізді сүйектің радикальды жиегіне /Пирогов бойынша/, шынтақ сүйегінің кескініне сәйкес келеді.

А. Білектің жоғарғы бөлігінде байлау.

1. Кескінді сызық бойынша теріні, май клетчаткасын және беткі шандырды қабат-қабатымен ұзындығы 1 см тілік жасайды.

2. Кескінді сызықты тексеріп, кескінннен 1 см сыртқа, яғни саусақтардың жалпы бүккіш бұлшық еттерінің бетінің үстінен, науа тәрізді зонд бойымен меншікті шандырын кеседі.

3. Ілмектер арқылы тері жарасын кеңейтіп, m. flexor carpi ulnaris /ішкері/ және / m. flexor digitorum communis sublemis/ сыртқары арасындағы кеңістікке өтеді және доғал жолмен соңғы бұлшық еттің ішкі жиегін босатады.

4. шынтақ ойысындағы жатқан жүйкені тауып, операция жасаушы саусақтардың беткі бүккіш бұлшық еттерін алға және сыртқа қарай тартады, оның артнда жүйкеден 2-2,5 см сыртта шынтақ артериясы жатады. Артерияның артында терең саусақтың бүккіш бұлшық еттері жатады.

Б. Білектің төменгі жартысында байлау.

Бұл жерде шынтақ артериясын кескінді сызық бойынша 6 см ұзындықта кесіп ашады.


  1. Теріні, тері асты клетчаткасын, беткі шандырды қабат-қабатымен кеседі.

  2. Білек шандырларын қатаң түрде шынтақ жүйкесінің кескін сызығымен кеседі.

  3. Доғал ілмекпен m. flexoris carpi ulnaris-тің сіңірін ішке қарай ығыстырады.

  4. Зонд бойымен m. flexor digitorum communis sublenis-ті қаптап жатқан шандыр жапырағын ақырын кеседі, осы жапырақшаның артында екі венамен артерия орналасқан, тамырлардың ішке қарай-шынтақ жүйкесі орналасқан.


Шыбық артерияны байлаау

Білектің төменгі бөлігіндегі артерияны байлау шынтақ иірімінен пульсті нүктеге дейінгі немесе Пирогов бойынша, екі басты бұлшық еттің ішкі жиегінен сүйегінің біз тәрізді өсіндісіне қарай жүретін кесінді сызық бойынша жүргізеді. M. brachioradialis



  1. Теріні, тері асты клетчаткасын, flexor carpi radialis /сыртқы жағынан/ және /ішкі жағынан/ арасындағы сызық бойынша кеседі.

  2. Егер тері жүйкелерін және –ні кесу сызығы бойынша орналасса, оларды доғал түрде итеріп, зонд бойымен меншікті шандырды кеседі және сол жерде артерияны табады. Коллатериальды қан айналымды қалпына келтіру үшін, шынтақ және шыбық артерияларын байлау ешқандай асқынуларға қауіп туғызбайды.


Беткі алақан доғасын байлау

Алақанның диогоналды ұзындығы бойынша, яғни бұршақ тәрізді сүйекпен екінші саусақтың алақан-саусақ қатпарының сыртқы соңын қосатын сызық бойынша кесу жүргізіледі /Шевкуненко әдісі/.



  1. Теріні кесу айтылған сызықтың ортаңғы үштен бір бөлігінде, жайылған білезік бойынша 3-4 см ұзындықта кесіледі.

  2. Алақан апоенврозы терімен дәнекер тканьді бөлгіштермен тығыз байланысқан, оны тауып науа тәрізді зонд бойымен алақан доғасын зақымдап алмас үшін кеседі.


Жүйке бағаналарына жететін жолдар. Иықта n. Radialis-ті ашу

Көбінесе жүйкені иықтың артқы бүйір бетіндегі өзекте ашады. Бұл жерде жиі иық сүйегі сынғандағы сынықтармен және өсіп келе жатқан сүйелдерінің қуысынан зақымдалуы мүмкін.

Кесуді жүргізетін жүйкенің кескіні sulci bicipitalis lateralis-тің артқы жиегінің ортағын қосатын сызық бойынша немесе иықтың төменгі үштен бір бөлігінде жүйке иық сүйегінің ішкі бетінде жатады және оны артқы тілікпен кесу мүмкін болмайды.

Теріні және тері асты клетчаткасын кескен соң, m. triceps brachii-ті жауып m. deltoidei-тің үстінен өтетін шандырды кеседі. M. tricipitis brachii-дің қарыншаларының арасынан кеңістікті оңай табады: caput longum-артынан, caput laterale-алдынан. Осы кенңістікті қолға алып пышақпен үш басты бұлшық еттің қарыншасын жараның бойымен сүйектің бағытымен кеседі және оның соңын ілмекпен созады. Жолында кездескен a. profundae brachii-дің тармақтарын лигатурамен байлау керек, жүйкені табуға n. radialis n. cutaneus antibrachii dorsal-тің ірі тармақтары көмектеседі. Соңғысы жараның түбінде, сүйектің үстінде жатады, оны жұқа шандырлы қынап жауып жатады. Жүйкені ашу және оны жарақаттанған жерден бөліп алу, сау бөліктен басталады. Жарақаттанған жерден жүйкені орталықтан және шеттен тапқанда ғана бірте-бірте препараттап және оны жарақаттанған жерге бағыттай тыртықтан бөліп алады.


Білекте n. medianus-ты ашу

N. medianus білек шынтақ иірімінің ортасынан екі біз тәрізді өсіндінің арасындағы қашықтықтың ортасына дейінгі сызықтан 1 см ішке қарай өтеді және бірігулердің беткі және терең қатпарларының арасында m. pronator teres –ті тесіп өтеді. Оны білектің төменгі бөлігінде m. flexoria digitorium sublimis пен m. flexor carpi radialis-тің сіңірлерінің арасындағы кескінді сызық бойынша ашады. Беткі қабаттарды кесіп ашқан соң, науа тәрізді зондпен білектің жұқа шандырын ашады және егер m. palmares longi-дің сіңірі болса, оны сол жаққа қарай ығыстырады. Радикальды жиегінен m. flexoris digitorium sublimis сіңірлерін Фарабеф қысқышымен қсып кішкене көтеріп және ішке қарай ығыстырады. Терең бүккіш бұлшық еттері қабаты ашылады және оның үстінде n. medianus жұқа клетчаткасымен көрінеді. Оны сіңірден ажырату үшін, ол бөлек жалғыз жату керек және жұқа май клетчаткамен қапталған және матовой бетте жату керек /түрі піл сүйегінің түріндей/. Егер жүйке білезік аймағында зақымдалса, оның үзілген соңы алыс карпальды өзекте кетеді. Бұл жағдайда жүйкені ашу үшін тілікті саусақтарға дейін ұзартып және Lig. Carpi transversum-ді кесіп тастайды. Сонда беткі бүккіш бұлшық еттердің сіңірі ашылады, ал олардың артында- n. medianus жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет