Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы



бет107/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидалары», Т7. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды аралық аттестаттау емтихандар және/немесе сынақтар түрінде жүзеге асырылады»; Т31. «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар үшін қорытынды аттестаттау олардың денсаулығына жағымсыз факторлардың әсерін болдырмайтын жағдайда және білім алушылардың физиологиялық ерекшеліктері мен денсаулығына сәйкес келетін жағдайларда жүргізіледі»; «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қорытынды аттестаттау жетекшінің міндетті түрде қатысуымен орындалатын әрекеттерді түсіндіре отырып, өндірістік оқыту бойынша практикалық жұмысты тапсыру түрінде жүзеге асырылады. Практикалық жұмысты қорғау үшін білім алушы ұзақтығы 15 (он бес) минуттан аспайтын жұмыс кезеңдері бойынша баяндама жасайды. Есту қабілеті бұзылған білім алушылар үшін қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру кезінде сурдоаудармашы тартылады».
«Психикалық дамуы тежелген оқушылармен жүргізілетін педагогикалық жұмыс мұғалімнің әр оқушымен эмоционалды байланысын орнатудан, орындалатын тапсырмаға оң көзқарасты қамтамасыз етуден, белсенділік пен қызығушылықты сақтаудан, жұмысты өз қарқынымен орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуден, оны міндетті түрде соңына дейін жеткізуден басталады» (Жалпы білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы. Ескерту. Бұйрық 319-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.07.2017 № 352 (1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12) сыныптардағы ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін 01.09.2017 бастап, 01.09.2018 бастап 3-сыныптардағы ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін, 01.09.2019 бастап 4-сынып ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін және 10-сынып білім алушылары үшін қолданысқа енгізіледі).
Қазіргі кезеңдегі оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі білім алушының белсенді қызметін ұйымдастыру болып табылады. Білім алушының белсенді танымдық әрекеті серіктес, кеңесші ретінде бірлесіп құру және мұғалімнің қолдауы жағдайында тұрақты сипатқа ие болады.
Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы, 4 – тарау. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері, Т39-46 «Психикалық дамуы тежелген білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдеріне қойылатын талаптар ізгілендіру идеяларымен, осы санаттағы оқушылар үшін мектептегі оқытудың табиғи сәйкестігімен байланысты.
Орташа психикалық дамуы тежелген білім алушының жетістіктерін бағалаудың бастапқы сәті білім алушыларды оқытудың жеке бағдарламасында тұжырымдалған міндеттер болып табылады.
Орташа психикалық дамуы тежелген білім алушыларды оқытудың жеке бағдарламасын жасау оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін бастапқы педагогикалық бағалаудан басталады. Бағалау критерийлері пәндік қызметтің дамуы мен қалыптасуының негізгі бағыттарының онтогенезіне сәйкес айқындалады.
Психикалық дамуы тежелген білім алушылардың жетістіктерін бағалау тек ішкі бағалау арқылы жүзеге асырылады. Оқытудың жеке бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижелері білім беру процесі барысында тікелей мұғалімнің сабағында бағаланады.
Арнайы педагогиканың – «диагностика мен түзету-дамыту жұмысының бірлігі» қағидатын ұстана отырып, оның негізінде психикалық дамуы тежелген оқушылармен бүкіл педагогикалық процесс құрылады, мұғалімдер жүйелі түрде бақылау-бағалау әрекеттерін жүзеге асырады.
Бағалау іс-әрекеттері – оқыту мен тәрбиелеудің жеке міндеттерімен салыстыра отырып, бақылау, білім алушылардың іс-әрекетінің өнімдерін зерттеу, ауызша жауаптарды байқау болып табылады.
Орташа психикалық дамуы тежелген білім алушылардың жетістіктерін бағалау рәсімдері келесі реттілікке ие:

  1. білім алушылардың даму деңгейін, білімі мен дағдыларын алдын ала бағалау. Жеке оқу бағдарламасын құрудың негізі ретінде білім алушының даму бейінін жасау;

  2. білім алушылардың жетістіктері мен дамуын ағымдағы бағалау. Оқытудың мазмұны мен әдістерін түзету мақсатында оқушылардың сабақтардағы жұмысын күнделікті бақылау арқылы жүзеге асырылады;

  3. аралық бағалау бірінші жартыжылдықтың соңында жүргізіледі. Жеке оқу бағдарламасына сәйкес дағдылар мен қабілеттерді қалыптастырудың табыстылығы туралы бағалау пікірлері жеке бағдарламада тіркеледі;

  4. жетістіктерді қорытынды бағалау оқу жылы аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

Орташа психикалық дамуы тежелген білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін оқушы жетістіктерінің сапалық көрсеткіші болып табылатын сипаттамалық бағалау қолданылады. Сипаттамалық бағалау – бұл жеке білім беру процесі жүзеге асырылған салаларда баланың дамуы мен оқуына қатысты өзіндік педагогикалық есеп».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет