Зертханалық сабақтардың мазмұны және тізімі:
1-ші тақырып.Шетел тілдерін оқыту әдістемесінің теориялық-әдіснамалық негіздері.Шетел тілі- мектепте пән ретінде. Шетел тілін оқытудағы қазіргі технологиялар. «Тілді оқу» және «тілді меңгеру» ұғымдары.
2-ші тақырып. Шетел тілдерін оқытудың әдістемелік негіздері. Шетел тілдерін оқытудың мақсаттары, мазмұны және құралдары. Оқытудың мазмұнының компоненттері. Шетел тілдері кабинеттері мен тілдік зертханалардың жабдықталуы. Шетел тілдерін оқытудың прнциптері.
3-ші тақырып. Шетел тілінде тілдік қарым-қатынасқа үйрету. Есту-айту, лексикалық, грамматикалық дағдыларын қалыптастыру. Есту-айту дағдыларын қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар, лексикалық және грамматикалық дағыдыларды қалыптастырудың әдістемесі.
4-ші тақырып. Шетел тілінен білімді, іскерлік пен дағдыларды тексеру және ескеру. Тексерудің қызметтері, түрлері және формалары. Тексерудің мақсаттары, функциялары және рөлі. Шетел тілдерін оқытудағы бақылау объектілері.Өзін-өзі тексеру және бақылаудың эталондары.
5-ші тақырып. Шетел тілі бойынша оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру. Ағымды және болашақты жоспарлау. Сабақ жоспары. Сабақты сараптау үлгісі.
6-ші тақырып. Мұғалімнің кәсіби іскерлігі- шетел тілін оқыту. Шетел тілдері оқытудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Шетел тілі мұғалімінің кәсіби маңызды ерекшеліктері. Шетел тілі мұғалімінің кәсіби шеберлігінің деңгейлері.
Курстық жұмыстардың үлгілік тақырыптары.
1) Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында (2-4 сыныптар) шетел тілін окытуды үйымдастырудың ерекшеліктері.
2) Әр түрлі этаптарда шетел тілі сабағын үйымдастырудың ерекшеліктері: а) бастауыш мектеп (2-4 сыныптар), ә) негізгі мектеп (5-9 сыныптар), б) профильді мектеп (10-11 сыныптар), одан әрі 11-12 сыныптар.
3) Видеофильм шетел тілін үйренуге қызығушылықты арттырудың құралы.
4) Тілдік материалды (фонетика, лексика, грамматика) үйретудегі ойын технологиялары.
5) Әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастыру әдістемесі
6) Коммуникативтік грамматикаға оқыту әдістемесі.
7) Лексикалық аспектіні коммуникативтік бағытта оқыту.
8) Тыңдап түсінуге коммуникативтік әдістемемен үйрету.
9) Тыңдап түсінуге үйретуді жеделдету (әртүрлі этаптарда).
10) Полемикалық диалог түрінде сөйлеу іскерліктерін қалыптастыру.
11) Топтық әңгіме жүргізу іскерліктерін қалыптастыру.
12) Мәтін негізінде монолог түрінде сөйлеу іскерліктерін қалыптастыру.
1З) Шетел тілінде қарым - қатынас жасаудың полилог формасына үйрету.
14) Шетел тілінде қарым - қатынас жасаудың диалогтық және полилогтық формаларына үйретуде қолданылатын рөльдік ойындар.
15) Шетел тілі сабақтарындағы жоба әдісі.
16) Шетел тілі сабақтарында интернетті қолдану.
17) Ойын - шетел тілін үйренуде қызығушылықты арттырудың құралы.
18) Шетел тілін үйретуді интерактивтік режимде ұйымдастыру.
19) Мәдениетаралық компоненті бар аутенттік мәтіндермен жұмыс істеу әдістемесі.
20) Прагматикалык сипаттағы аутенттік мәтіндерді оқуға үйрету.
21) Шетел тілі сабақтарында шетелдік прессамен жұмыс істеуге үйрету.
22) Профильді бағытта оқыту этабында қолданылатын іскерлік ойындар.
23) Мәдениетаралық біліктілікті қалыптастыру әдістемесі.
10 СӨЖ тақырыптары
Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
1) Шетел тілдерінің мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесіндегі шетел тілдерін оқытудың әдістемесінің рөлі мен орны.
2) Шетел тілін оқытудағы мотивация рөлі.
3) Шетел тілін оқытудағы көмекші құралдар және олардың оқу үрдісіндегі орны.
4) Болашақ шет тілі мұғалімінің ғылыми-әдістемелік дайындығындағы ОӘК сараптамасының орны.
5) Шетел тілдері мұғалімінің кәсіби шеберлігінің деңгейлері.
Достарыңызбен бөлісу: |