ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«6М090500 – ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН
ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ 2012
Емтихандық тақырыптардың тізімі
«Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы» пәні
-
Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың теориялық және тәжірибелік дайындаудың құрамдас бөлігі ретінде
Әлеуметтік жұмыстың Ресейде пайда болу кезеңдері. Амалдар мен шешімдердегі айырмашылықтар. Ресейдегі қоғамдық қайырымдылық ету жүйесін қалыптастыру және дамыту. Әлеуметтік көмек көрсетудегі шіркеулер мен монастырьлардың ролі. Төңкерістен кейінгі және кеңес дәуіріндегі әлеуметтік жұмыс. Қазіргі кезеңдегі тұрғын-халықты әлеуметтік қорғау мәселелері.
-
Әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері
Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі ерекшелігі. Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде қалыптасу процесі: жетістіктері мен мәселелері. Әлеуметтік жұмыстағы теория және эмпирикалық білім. Әлеуметтік жұмыстың заңдылықтары, принциптері мен әдістері.
-
Әлеуметтік жұмысты дамытудың әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-саяси факторлары
Қоғамның рухани-адамгершіліктік және әлеуметтік-мәдени құндылықтары және олардың әлеуметтік жұмыспен байланысы. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік жұмыстың мемлекеттік-құқықтық негіздері. Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар. Тұрғын-халықты әлеуметтік қорғау: мәні, ұйымдастырушылық-құқықтық формалар.
-
Әлеуметтік жұмыстың қоғамның әртүрлі салалары бойынша ерекшеліктері
Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Пенитенциарлы мекемелердегі әлеуметтік жұмыс. Мәдени-бос уақыт іс-әрекет жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Қала және ауыл аймақтарындағы әлеуметтік жұмыс. Өндірістегі әлеуметтік жұмыс.
-
Әлеуметтік жұмыс мамандық ретінде
Әлеуметтік жұмыстағы кәсібилікті қалыптастыру мәселелері. Әлеуметтік қызметкер мен клиенттің арасындағы әлеуметтік өзара әрекет ету. Әлеуметтік қызметкердің рухани-адамгершіліктік бейнесі.
-
Әлеуметтік жұмысты басқару
Әлеуметтік басқару және әлеуметтік жұмыстағы басқару. Әлеуметтік жұмысты басқару теориясындағы негізгі ғылыми мәселелер. Әлеуметтік жұмысты басқарудағы мотивация және оның мәні. Әлеуметтік жұмысты басқарудағы жалпылық және ерекшелік.
-
Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік жұмыс мәселелерінің өзектілігі
Әлеуметтік жұмысты дамытудың қазіргі тенденциялары. Әлеуметтік жұмыс саласындағы кәсіби мамандарды дайындауда мамандықты тереңдетудің және кеңейтудің қажеттілігі.
«Әлеуметтік жұмыстың медициналық-әлеуметтік негіздері» пәні
-
Денсаулық - әлеуметтік байлық
Денсаулық туралы ілімнің қалыптасу кезеңдері. Адам - биологиялық және әлеуметтік тұлға, сондықтан олардың өзара қарым-қатынасы денсаулықтың негізі. Денсаулық туралы жалпы түсінік, анықтамасы, оның негізін құрастыратын бөліктері. Денсаулыққа медициналық, әлеуметтік, экономикалық табиғи, биологиялық, психологиялық т. б. факторлардың әсерлері. Денсаулықтың топтары, көрсеткіштері, оларды бағалау әдістері. Осы салада еңбек еткен белгілі ғалымдардың зерттеулері.
-
Әлеуметтік медицинаның пайда болу тарихы
Әлеуметтік медицинаның негізгі ұғымдарының пайда болуы және қалыптасуының кезеңдері. Эхнатон фараон уақытындағы Египет. Гиппократ әлеуметтік дәрігер ретінде. Қоғамдық денсаулық мәселесін Спарталық шешу тәжірибесі. Ибн Сина (Авиценна) әлеуметтік дәрігер ретінде. Әлеуметтік медицинаның жеке қоғамдық-ғылыми институт (20 ғасырдың басы) ретінде пайда болуының алғышарттары мен негіздері: Карл Ясперс, Альфред Гротьян, Н.А. Семашко, П.Б. Ганнушкин, Дж. Райл, А.В. Снежневский. Посткеңестік кеңістіктегі қазіргі әлеуметтік-медициналық көзқарастардың қалыптасуының алғышарттары мен негіздері.
-
Әлеуметтік гигиена - қоғамдық денсаулық туралы ғылым
Әлеуметтік гигиенаның оқыту пәні. Әлеуметтік гигиенаны зерттеудің әдістері. Санитарлы статистиканың міндеттері және статистикалық зерттеулердің кезеңдері. Тұрғын-халықтың денсаулығын бағалау үшін салыстырмалы және орта мәндер. Тұрғын-халықтың қоғамдық денсаулығының көрсеткіштері.
-
Өмір салты және салауаттылық
"Өмір салты" және "Салауатты өмір салты" ұғымдарына түсініктеме, олардың анықтамасы. Салауатты өмір салтының негізгі мақсаты - туғаннан қартайғанға дейін денсаулықты сақтап, нығайтып, ауырмайтын жол іздеу әдістерін ғылыми түрде құрастырып, насихаттау. Салауатты өмір салтының негізгі құрылымдары, қағидалары, олардың организмге әсері. Мықты денсаулықтың негізі - салауатты өмір салты.
-
Психикалық денсаулық
«Психика» туралы түсінік. Психикалық денсаулықтың валеологиялық аспектісі. Психика құрылымы. Жігерлілік. Психикалық стресс, оның кезеңдері. Психикалық стресстің психикалық және физиологиялық механизмдері. Эмоциялар. Психикалық бейімделістің бір түрі – невроз. Психикалық стрессті алдын алу және оның салдарын түзету. Психокоррекция. Психикалық сауықтыру. Психогигиена. Тіршілік кеңістіктің психоэкологиясы.
-
Репродуктивтік денсаулық. Әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау.
«Репродуктивтік денсаулық» туралы түсінік. Адамның репродуктивтік шамасы. Жыныстық мәдениет. Жыныстық тәрбиелеудің принциптері. Қыздардың денсаулығы – қоғамның демографиялық потенциалының ерекше әлеуметтік құндылық ретінде. Контрацепция мәселесі. Әйелдерге акушерлік-гинекологиялық және әлеуметтік көмекті ұйымдастыру.
-
Денсаулықты қоғамдық өмірдің мәртебесі ретінде қалыптастыру.
Тамақтану және денсаулық сақтау. Спорт – денсаулықты қалыптастырудың басты аспектісі. Еңбек және демалысты рационалды ұйымдастыру. Экология және денсаулық сақтау.
-
Денсаулықтың бұзылу мәселелері және оның себептері
Денсаулықты бұзудың әлеуметтік-гигиеналық мәселелері. Денсаулық пен ауру қарама-қарсы екі диалектикалық катеория ретінде. Басты әлеуметтік аурулар мен оларды алдын алудың негізгі шаралары.
-
Денсаулық бұзылуларының әлеуметтік - гигиеналық мәселелері.
Кең тараған қолайлы, немесе қолайсыз әлеуметтік - гигиеналық факторлардың денсаулыққа әсерлері. Денсаулықты нығайтатын немесе кері әсер ететін экономикалық, биолгиялық, әлеуметтік факторлар. Жағымсыз факторларды заласыздандыру әдістері. Денсаулықты сақтау, нығайту шараларын ұйымдастыру, нәтижелі қолдану бағыттары.
-
Денсаулық эпидемиологиясы
Наркотизм медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде. Бейімделудің медициналық-әлеуметтік мәселесі. Адам ағзасын сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері.
«Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары» пәні
-
Әлеуметтік технологиялар: мәні, классификациясы
«Әлеуметтік технологиялар» ұғымы. Әлеуметтік технология қоғамдық құбылыс ретінде. Әлеуметтік технология: типі, түрі. Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік технология түрі ретінде. Әлеуметтік технологиялардың мақсаты мен міндеттері. Әлеуметтік технологияның көп қырлығы; оның көп қырлығының анықтамасы, факторлары. Әлеуметтік технологияны классификациялау. Әлеуметтік технологияларды қалыптастыру. Әлеуметтік технологиялардың құрамы мен ерекшеліктері. Әлеуметтік технологиялар және тәуекел.
-
Әлеуметтік жұмыс практика үлгісінің технологиялық спецификасы
Технологиялық процесс әлеуметтік жұмыс ретінде. “Әлеуметтік жұмыс технологизация” түсінігі. Әлеуметтік жұмыс технологизациясының функциясы. Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері; әлеуметтік мәселелердің ерекшеліктері. Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі мақсаттары: мәні, принципі, функциясы, мазмұны, кезеңдері. Әлеуметтік жұмыста әдістерді қолданудың ерекшеліктері.
-
Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологияларының өзара байланыстары
Әлеуметтік жұмыстағы әдіс және технология ұғымы. “Технология” және “әдіс” түсінігі бір тұтасты құраушы ретінде. Әдіс іс-әрекеттің танымдық тәсілі ретінде. Классификация деңгейі, технология, әдістің орны мен рөлі (субъективті деңгей, функционалдық деңгей, пәндік деңгей). Әдістері, құрылымы, тәсілі. Әлеуметтік жұмыс практикасындағы әдіс пен технологияның өзіндік байланысы.
-
Әлеуметтік жұмыстың әдістері, олардың классификациясы
Әлеуметтік жұмыс теориясының әдістерінің ерекшелігі пәнаралық ғылым ретінде. Әлеуметтік жұмыстағы әдістердің маңызды сипаттамасы. Әлеуметтік жұмыстың ғылыми-зерттеу әдістері, олардың сипаттамасы. Тәжірибелік іс-әрекеттің әдістері. Әлеуметтік жұмыстың бағыттары мен формалары бойынша әдістерді жіктеу (ұйымдастырушылық, топтық, қауымдық); әлеуметтік жұмыстың субъектісі бойынша (жеке мамандармен қолданылатын, әлеуметтік жұмыстың басқару органдары).
-
Әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушылық әдістері
Басқару әлеуметтік құбылыс ретінде. Әлеуметтік жұмысты басқарудағы қатынас. Басқару мәдениеті. Басқару жүйесі. Басқару әдісіндегі топтастыру әдісі (ұйымдастыру-бөлу, ұйымдастыру-координациялау, ұйымдастыру-техналогиясы т.б.). Ұйымдастыру-бөлу әдісі; оның классификациясы. Басқару функциясындағы классификациясы. Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру ұғымы.
-
Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтанулық әдістері
Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік білімнің ролі. Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық зерттеу. Әлеуметтанулық әдістерге сипаттама. Социологиялық сұрақ жүргізу әдістері мен принциптері. Әлеуметтік-мониторинг технология ерекшеліктері. Әлеуметтік жұмыстағы жеке адам социологиясы.
-
Әлеуметтік жұмыстың психологиялық әдістері
Әлеуметтік жұмыстағы психология білімінің ролі мен мәні. Әлеуметтік жұмыс технологиясындағы психологиялық қолдану әдісі. Психодиагностика әдістері, психологиялық кеңес беру, психологиялық бейімделу және олардың әлеуметтік жұмыстағы олардың қолданылуы.
-
Әлеуметтік жұмыстың педагогикалық әдістері
Әлеуметтік жұмыстағы педагогикалық принциптер (дидактикалық және тәрбиелік). Өзін-өзі тәрбиелеу. Мінез-құлықты түзету және адамдарды қайта тәрбиелеу. Индивидуалды және топтық сананы қалыптастыру әдістері.
-
Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-экономикалық әдістері
Экономика әлеуметтік міндеттерді шешетін анықтаушы материалды негіз ретінде. Тұрғын-халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі принциптері. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-экономикалық әдістерінің сипаттамасы. Минималды әлеуметтік-экономикалық кепілдемелер жүйесі. Кіріс индексациясы. Шығын компенсациясы. Статистикалық, математикалық әдістер, және олардың әлеуметтік жұмыста пайдалануы.
-
Кәсіби әлеуметтік жұмыстың әдістері және олардың классификациясы
Топ; топтардың негізгі типі. Топтармен әлеуметтік жұмыс әдістерді реттеу, теориясы (әлеуметтік жүйе теориясы, әлеуметтік ауыстыру теориясы). Топтар әдісіне сипаттама (анкета жүргізу, социометрия, референтометрия, топтық дискуссиясы, іс-ойыны, әлеуметтік-психологиялық тренинг т.б.). Әлеуметтік топ жұмыстарына қажеттілік туғызатын және қиындық туғызатын факторлар. Әлеуметтік қауымдық; әлеуметтік жұмыс қауымдастығының әдістері (микроәлеуметтік орта).
-
Әлеуметтік жұмыстың нақты (жеке) технологиялары
Отбасымен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс. Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс. Жастармен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Бейімделмеген балалар мен жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Тұрғын-халықтың аз қамтылған топтарының өмірлік деңгейін көтеру бойынша әлеуметтік жұмыс технологиясы. Мигранттармен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Этникалық ортада әлеуметтік жұмыс технологиясы. Әйелдермен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Әскери қызметкерлер мен олардың отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Белгілі тұрғылықты мекені жоқ адамдармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру және технологиясы.
«Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру, басқару және әкімшілік» пәні
-
Басқару ойларының даму тарихы.
Бірігіп еңбек етуді ұйымдастыру және реттестірудің формалары. Алғашқы қауымдық құрылым жағдайы. Адамдық қоғам дамуының кезеңдеріндегі басқару қарым-қатынастарының түрлері мен формаларының күрделенуі. Ф.У. Тейлор басқарудың ғылыми негізін қалаушы ретінде. А. Файоль, М. Вебер, Э. Мэйо және олардың басқару теориясын дамытуға қосқан үлесі. Жаңа басқару концепцияларының сипаттамалары.
-
Әлеуметтік басқарудың әлеуметтік мәні, принциптері мен қызметтері
Әлеуметтік басқару түсінік ретінде. Әлеуметтік мекеменің қызмет етуінде әлеуметтік басқару басты шарт ретінде. «Ұйымдастыру» термині және оның әлеуметтік басқаруда қолданылуы. Әлеуметтік аймақтың ұйымдастыру құрылымы. Басқару қызметі нормативтік–құқықтық қамтамасыз ету. Әлеуметтік басқарудың негізгі бағыттары.
-
Ұйымдардағы басқару іс-әрекетінің ерекшеліктері
Ұйым ұғым ретінде. Ресми және бейресми ұйымдар. Ресми ұйымдардың белгілері. Әлеуметтік ұйым. Әлеуметтік ұйымдардың түрлері. Ұйымдардағы басқару. Ұйымдарды басқарудың сыртқы ортамен байланысы.
-
Әлеуметтік жұмысты басқарудың мәні мен мазмұны.
«Әлеуметтік жұмысты басқару» терминінің көп мағыналылығы. Әлеуметтік жұмысты кәсіби басқарудың мағынасы. Басқару процесінің негізгі элементтері (хабар, мақсат,міндеттері, шешімдер, атқару жүйесі, кадрлар, ресурстар, уақыт, бақылау). Әлеуметтік жұмысты басқарудың мазмұны: әлеуметтік жұмыста әлеуметтік аурулардың алдын алу; жеке тұлғаның өзін - өзі іске асыруды колдау; отбасы–үй-қауымдастық аймақтың негізгі; әлеуметтік жұмыс маманының интегративтілігі, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік бағдар беруі.
-
Әлеуметтік жұмысты басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
Құрылым және ұйымдастыру құрылым түсінік ретінде. Ұйым жүйе ретінде. Ұйымдастырушылық құрылымның түрлері. Ұйым мүшелерінің өзара әрекеттестігі. Қызмет көрсету құрылымы; әлеуметтік қорғау мекемелерінің бөлімдерінің құрылымы; басқару аппартының құрылымы. Басқару ұйымдастыру құрылымының түрлері: сызықты, сызықты – функционалдық, матрикалық. Әлеуметтік қорғау жергілікті мекемелерінің ұйымдастыру құрылымы және функциялары; отбасына және балаларға әлеуметтік қолдау көрсету орталықтары, қарттарға, жалғыз бастыларға, мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, балалар үйі және т.б.
-
Әлеуметтік жұмыстағы әкімшілік
Әкімшілік ұғым ретінде. Әкімшілік және басқару. Әкімшілік атқару билік органдарының, билік қызметін атқаратын лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері ретінде. Ұйымдасқан-әкімшіліктік ықпал ету. Әкімшілік тиімділігіндегі субъективтік және объективтік факторлардың ролі. Әлеуметтік жұмыстағы әкімшіліктің ерекшеліктері. Әкімшілік командалық-әкімшіліктік жүйенің ресми, бюрократиялық басқару ретінде. Басқарудың нарықтық механизміне өту жағдайында осы амалдарға жету.
-
Ұйымдастырудың әдістері
«Басқару әдістері» түсінігі. Басқару әдістерінің классификациясы. Ұйымдастыру - әкімшілік әдістердің сипаттамасы. Мекемені ұйымдастыру әдістері (нормативтік – функционалдық әдістері; мақсаттылық әдісі, хабар беру – технологиялық әдісі, блоктық әдісі). Бар мекеменің толық, оның бөлімдерін қайта ұйымдастыру әдістері. Элементтік, бөлшектік, толық қайта ұйымдастыру.
-
Әлеуметтік қызмет басқарудың институционалдық негізі ретінде
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік қызмет көрсету. Әлеуметтік қызмет көрсетудің институционалдық көрсеткіштері (құқықтық статус, ұйымдастыру құрылымы, нақты қызметтерді практикалық іске асыру). Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау мекемесі. Зейнетақымен қамтамасыз ету қызметі; әлеуметтік қызмет көрсету; стационарлық арнайы қызмет көрсету; тұрғындарға медициналық - әлеуметтік, әлеуметтік –психологиялық, әлеуметтік – педагогикалық қызмет көрсету; балалық арнайы медициналық, мектептік, мектепке дейінгі мекемелер; отбасын, балаларды, әйелдерді, жастарды қолдау. Әлеуметтік мекемелердің құрылымы, мақсаттары және міндеттері, ұйымдастыру және мазмұны, регламент, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерін басқару.
-
Ұжымды басқару
Ұжымды басқару процесінің сипаттамасы. Ұжымды басқарудың мақсаттары, міндеттері, қызметтері. Басқару стратегиясын таңдау. Ұжымды басқару жүйесі. Ұжымды басқару технологиясы; басқару процесінің кезеңдері. Ұжымды басқарудың принциптері. Ұжыммен жұмыс істеудің әдістері. Кадрлық саясат.
-
Ұжымды басқарудағы бастықтың ролі
Лидер болу. Басқару стилдері және лидер болу теориялары. Басқарушының қызметінде хабардың рөлі. Басқару қызметіндегі құжаттардың рөлі. Еңбекті ғылыми басқару принциптері. Шешім қабылдау және басқарушының ойы. Бастық және оның уақыты. Билікті жүргізу. Кадрлардың тұрақтылығы және еңбекпен қанағаттану. Ұжымның мотивациясы және команданы қалыптастыру. Бастыққа баға беру сындары.
-
Қақтығыстарды басқару
Туындаған қақтығыстарға басқарушылық қарсы тұра алу. Әлеуметтік қақтығыс әлеуметтік өзара ықпал етудің түрі ретінде. Тұлғааралық қақтығыстарды басқару принциптері. Қақтығыстарды басқару технологиясы. Қақтығыссыз сөйлесе алудың ережесі. Жараса алу, тіл табыса алу психологиясы. Феноменді ескерудің мәні.
-
Әлеуметтік жұмыс мекемелерінде іс-жүргізуді ұйымдастыру.
Басқару құжаттарын дайындау және жабдықтау. Іскерлік сөйлесу құжаттарының сипаттамасы. Ұйымдастырушылық-құқықтық құжаттар. Басқару құжаттарын дайындау. Хабарлық–анықтама және хабарлық–талдау құжаттары. Есеп құжаттары. Жазбалы үндестерді қарастыру тәртібі. Құжаттардың орындалуын бақылау, есептеу. Іскерлік қарым–қатыстың құжаттарын қалыптастыру технологиясы. Конфеденционалдық құжаттар. Архивтік сақтауға құжаттарды дайындау.
«Жастармен әлеуметтік жұмыс» пәні
-
Жастар қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде
«Жастар» ұғымы. Қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрылымы, ондағы жастар орны мен ролі. Жастар – қоғам ұрпағы, ұрпақ қатынастарындағы сабақтастық пен қарама-қайшылық. Жастардың дифференциалдануы. Жастар ерекшеліктерін ескеру - әлеуметтік-демографиялық топтың практикадағы әлеуметтік жұмысы.
-
Жас ұрпақтың әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік мәдени сипаты
Жастардың жас белгілері – табиғи және әлеуметтік тұтастық. Жастар жасының ерекшелігін кезеңге бөлінуі, оның салыстырмалығы. Жас өспірімдер мен бозбалалардың жас ерекшелік психологиясына әлеуметтік-мәдениетіне сипаттама. Жастардың әлеуметтену процестері.
-
Жастардың әлеуметтік мәселелері, олардың табиғаты мен өзектілігі
«Жастардың әлеуметтік мәселелері» ұғымы. Жастардың әлеуметтік проблемаларының пайда болу факторлары мен типологиясы. Қоғамның өтпелі кезең жағдайларында жастардың әлеуметтік мәселелерінің шиеленісуі. Қазақстандық жастардың әлеуметтік мәселелерінің өзектілігі.
-
Жастардың білім беру саласындағы әлеуметтік мәселелері
Білім алу – жас адам дамуының құралы. Білім беретін қызметтер нарығы және оның жастарды еңбекке және өмірге дайындау мүмкіндіктері. Өтпелі кезеңдегі білім беру процесінің қиыншылықтары мен қайшылықтары, оларға жастардың бастапқы өмірлік мүмкіншіліктеріне әсері.
-
Еңбек нарығындағы жастар
Еңбек нарығындағы жастар жағдайының ерекшеліктері. Орта білім және кәсіби білім беретін мектептердің бітірушілерін жұмысқа орналастыру. Еңбек нарығындағы жастардың «тік» және «төмен түсетін» мобильдігі. Жастар ортасындағы жұмыссыздық. Еңбек нарығындағы жастарды әлеуметтік қолдаудың формалары мен әдістері.
-
Жастарды отбасы-тұрмыстық жайғастырудың мәселелері
Отбасы және тұрмыс-жастардың маңызды тіршілік ету ортасы. Жас отбасы қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық проблемалары. Қоғамның өтпелі кезең жағдайында жастардың қиыншылықтары мен үй-тұрмыс проблемаларын шешу мүмкіндіктері.
-
Жастар девиациясы әлеуметтік мәселе ретінде
«Девианттық мінез-құлық», «девианттық тәртіп» ұғымы. Жастар девианттық мінез-құлқының девиациясының типологиясы. Жастардың девианттық мінез-құлқының, девианттық тәртіпбінің әлеуметтік және жеке-дара бастық факторлары. Жастар девиациясын алдын алудың әлеуметтік жұмысы. Социономдардың девианттармен жұмысы.
-
Жастар әлеуметтік саясаты
«Жастардың әлеуметтік саясаты» ұғымы. Әлеуметтік жастар саясатының мақсаты мен принциптері. Мемлекеттік жастар саясатының модельдері. Жастар саясаты – Қазақстан Республикасы әлеуметтік саясатының құрамды бөлігі. Республикадағы жастардың әлеуметтік қызмет жүйелерінің жай-күйі мен даму перспективалары.
-
Жас жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс
Жастар жұмыссыздығының ерекшелігі. Өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасындағы жастар жұмыссыздығының динамикасы. Республикадағы әлеуметтік қызмет жұмысының жұмыссыз жастарға көмек көрсетуі. Социономдардың жұмыссыз жастарды әлеуметтік-психологиялық қолдау жұмысының формалары мен әдістері.
-
Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс
«Жас отбасы» ұғымы. Жас отбасы қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық проблемалары. Отбасы қарым-қатынасы дамуының дағдарыстары. Социономдардардың жас отбасымен жұмысының негізгі бағыттары. Жас отбасына әлеуметтік көмектің әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, диагностикалық және медициналық модельдері.
-
Жастардың бейресми бірлестіктерімен әлеуметтік жұмыс
«Жастардың бей ресми бірлестіктері» ұғымы. Бей ресми жастар бірлестіктерінің қызмет ету еркшеліктері. Жастардың бей ресми бірлестіктерінің типологиясы. Қазақстан Республикасындағы жастардың топтары. Жастардың бей ресми бірлестіктерімен социономдар жұмысының принциптері мен формалары.
-
Жастармен әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесі
Жастармен әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесінің жалпылылығы мен ерекшелігі. Осындай тәжірибені пайдалану принциптері. Әр түрлі категориялы жастармен әлеуметтік жұмыстың халықаралық тәжірибесі. Жастарға арналған әлеуметтік қызмет ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі.
5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
-
Әбдирайымова Г.С., Әбдикерова Г.С., Дуйсенова С.М. Жастармен әлеуметтік жұмыс. Оқу қуралы - Алматы, Қазақ университеті, 2012.
-
Әбдикерова Г.О., Әбдірайымова Г.С. Әлеуметтік антропология. Оқу қуралы университеті. Алматы, 2012
-
Жаназарова З.Ж. Социальная работа с семьей. Учебное пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. 192 с.
-
Қылышбаева Б.Н., Дуйсенова С.М.Әлеуметтік жұмыстағы басқару, ұйымдастыру және әкімшілік. - Алматы. Оқу қуралы - Алматы, Қазақ университеті, 2012.
-
Нұрбекова Ж.А. Мамандыққа кіріспе. Әлеуметтік жұмыс. –Алматы, 2012
-
Технологии социальной работы в различных сферах жизнедеятельности. Учебное пособие. М., 2008
Қосымша әдебиеттер:
-
Абдирайымова Г.С. Социология молодежи. - Алматы, 2006.
-
Артюнина Г.П. Основы социальной медицины. М. 2005
-
Жаназарова З.Ж. Отбасымен әлеуметтік жұмыс. Оқу кұралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 239 б.
-
Аженов М.С., Садырова М.С. Социальная структура общества. - Алматы, 2007.
-
Шаукенова З.К. Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе. – Астана, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |