Ұ. Б. Смаилова


«Суретте қай кейіпкерлер жоқ?» үлестірмелі материалдағы тапсырма



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата05.04.2023
өлшемі0.5 Mb.
#471765
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Сөйлеуді дам2

«Суретте қай кейіпкерлер жоқ?» үлестірмелі материалдағы тапсырма. 
Балалар педагогтің көмегімен ертегіні қайталайды, сұрақтарға жауап береді. 
Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін жапсырма арқылы жапсырады. 
3. Рефлексия 
Ертегі мазмұнын сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрайды. Сұрақтарға жауап береді. 
 
№ 15 ҰОҚ 
 
Білім беру саласы: Коммуникация. 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Бөлмедегі жиһаздар 
Мақсаты:
Бөлмедегі жиһаздар жайында ойын жеткізе алу қабілетін дамыту. 
Байланыстырып сөйлеу техникасын кеңейту. 
Міндеттері: 
а) Балаларға жиһаздар туралы түсінік беру.
ә) Бөлмедегі жиһаздардың атауын айтқызып, дағдыландыру.
б) Оларды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: 
жасайды: сурет бойынша әңгімелесу
түсінеді: жиһаздар туралы айтылған мағлұматты
қолданады: жиһаздар атауларын; 
Көрнекіліктер: бөлме жиһаздары бейнеленген суреттер.
Сөздік жұмыс: жиһаз 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. 
1. Ұйымдастырушылық кезең. 
Балалар шаттық шеңберіне жиналады.
Қайырлы таң, алтын күн, 
Қайырлы таң, жер-ана. 
Қайырлы таң , достарым! 
Сендерді көрсем қуанам, – деп балалар тақпақты бір-екі рет 
қайталап, орындарына жайғасады.
2. Негізгі кезең. 
Балалардың назарын суреттегі бейнеленген бөлме жиһаздарына аудару. Балалар суретте 
көрсетілген жиһаздарды өз білгендерінше атайды. (Үстел, орындық, шкаф т.б) 
– Жарайсыңдар, балалар! Енді өз тобымызда қандай жиһаздар бар екен? Кәне, бірге 
атайық. 
Бөлмедегі жиһаздардың шаңын сүртіп, сындырмай, қаламмен немесе қарындашпен 
сызбай күтіп ұстау керек. Сонда ғана жиһаз ұзақ сақталады. 
Сергіту сәті. 
 
Оңға, оңға түзу тұр, 
Солға, солға түзу тұр. 
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет