\ Берілген мәтінді рет мұқият оқып шығыңыз. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз



бет1/3
Дата02.02.2023
өлшемі16.17 Kb.
#469057
  1   2   3
СОр 7 класс 2 тоқсан 1


Бөлім тақырыптары: Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы. Б.Ұзақов "Жантаза". Спорт және денсаулық күтімі.Т.Нұрмағанбетов "Он төрт жасар жігіт"
Оқу мақсаттары:
7.1.2.1 – тыңдалған мәтіннің негізінде мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау;
7.1.3.1 –әлеуметтік –мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;
7.2.2.1 –талап етудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу.
1 – тапсырма
7\
Берілген мәтінді 2 рет мұқият оқып шығыңыз. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
Қазақ тарихында көне қалалар мен тарихи орындар көп болған.Олардың көпшілігі Ұлы Жібек жолында маңызды қазметтер атқарып, орта ғасыр тұсында "қала" статусына көтерілген.
Көне қалалар көшін Тараз қаласы бастайды. Тараз – Оңтүстік Қазақстанда орналасқан көне қала. Ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Сондықтан ірі сауда орталығына айналды..
Таразда сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері бар. Олар – Қарахан, Айша бибі кесенесі, көне монша. Тараз моншасы – Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы моншалардың бірі. Моншаның бөлмелері түрлі ою-өрнекпен безендірілген. Қалада сонымен қатар теңге соғатын ұстаханалар болған. Тараз қаласы бұрын Талас, Әулиеата, Жамбыл деп аталған.
Ал 1500 жылдық тарихы бар Түркістан қаласы қазақ хандығының астанасы болған. Қаланың бұрынғы атауы – Яссы. Бүгінде Түркістанға туристер көп барады. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бар. Ахмет Ясауи ғұлама данышпан, ойшыл, ақын болған.
Ахмет Ясауи кесенесі 8 жыл салынған. Кесенеде 35 бөлме бар. Түркістанда 16 ғасырда салынған шығыс моншасы да бар. Бір қызығы, моншаның 9 бөлмесінің бір де бірінде есік жоқ. Бірақ мұнда ыстық ауа мен салқын ауа араласпайды. Қасиетті Түркістан – қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын қалалардың бірі.
1.1. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
А) Қазақстанның ежелгі қалаларын дәріптеу
Ә) Қазақстанның тарихи туризмін дамыту
Б) Қазақстанды әлемге таныту
В) Қазақстанның тарихын айту


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет