№ исх: 1307 от: 04. 12. 2013 Қазақстан Республикасы



Дата23.02.2016
өлшемі103.57 Kb.
#9584




№ исх: 1307 от: 04.12.2013

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң

2013 жылғы « »


№ қаулысына  
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2011 жылғы 17 қарашадағы
№ 1351 қаулысымен
бекiтiлген

Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Темiр жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабына сәйкес әзірленген және жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу, қайта тіркеу тәртiбiн  айқындайды.

2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк багажды және пошта жөнелтілімдерін темiр жол көлiгiмен тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеудi бiрыңғай мемлекеттiк дерекқор қалыптастыру және қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – тіркеуші орган) жүргiзедi.

3. Мемлекеттік тiркеуге меншiк нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан, жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығуға құқығы бар, сондай-ақ iшкi технологиялық мақсаттар үшiн пайдаланылатын жылжымалы құрамының бiрлiктерi жатады. Оның қатарына Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, шетелдік заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және халықаралық ұйымдардың меншiктi немесе жалға алған, сондай-ақ сенiмгерлiк басқарудағы немесе мүлiктiк жалға алынған жылжымалы құрам бірліктері кiредi.

4. Мемлекеттік тiркеуден не қайта тіркеуден өткен жылжымалы құрамды тіркеуші орган осы Қағидаларға  1-қосымшаға сәйкес Жылжымалы құрамның мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрі – тізілім) енгiзуге тиiс.
2. Жылжымалы құрамды тiркеу, қайта тiркеу
және оның кепiлін тіркеу тәртiбi

5. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу не қайта тіркеу жылжымалы құрамды иеленушілердің барлығы үшiн бiрдей негiзде және шарттарда жүзеге асырылады.

6. Осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен тiркелетiн жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу, қайта тiркеу:

1) егер өтiнiш берушi заңды тұлға болып табылса, заңды тұлға тiркелген орны бойынша;

2) егер өтiнiш берушi жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер болған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелген орны бойынша жүзеге асырылады.

7. Жылжымалы құрам мынадай жағдайларда:

     1) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшiн уақытша әкелген;

2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүрiп өткен;

3) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жүктердi түсiру және тиеу үшiн уақытша әкелген, сондай-ақ әкеткен жағдайларда, мемлекеттік тiркеуге жатпайды.

8. Меншік құқығы алынған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде жылжымалы құрам тіркеуші органда мемлекеттік тiркелуге тиіс.

Жалға беру, сенiмгерлiкпен басқару құқығы алынған, жылжымалы құрам туралы мәліметтер өзгерген, сондай-ақ заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде жылжымалы құрам тіркеуші органда қайта мемлекеттік тiркеуге тиіс.

9. Жылжымалы құрам:

1) шетелдiк тұлғаға сенiмгерлiкпен басқаруға не мүлiктiк жалға Қазақстан Республикасының шегiнен тыс одан әрi пайдалануға;

2) сенiмгерлiкпен басқаруға не мүлiктiк жалға (жалға беру) күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге берiлген жағдайларда, қайта мемлекеттік тiркеу жүргізілмейді.

10. Жеке және заңды тұлғаларға жылжымалы құрамның бiрнеше үлгiлерiн мемлекеттік тiркеуге және қайта тiркеуге өтініш беруге рұқсат етіледі.

11. Тіркеуші органға жылжымалы құрамның мынадай түрлерін мемлекеттік тіркеуге өтініш беріледі:

1) жүк жылжымалы құрамы;

2) жылжымалы жолаушы және оған теңестiрiлген пошта, пошта-багаж және багаж жылжымалы құрамы;

3) тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрам;

4) арнайы жылжымалы құрам.

12. Жүк жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:

1) жабық вагондар;

2) платформалар; 

3) жартылай вагондар; 

4) цистерналар;

5) рефрижераторлық және изотермиялық вагондар;

6) астық тасығыш;

7) цемент тасығыш;

8) фитингтiк платформалар;

9) битум тасығыш платформалар;

10) басқалар (жүк тасымалдауға арналған арнайы вагондар, оның iшiнде бункерлiк түрi, транспортерлер, контейнер тасығыш және арнайы жүк вагондар түрi).

13. Жылжымалы жолаушы және оған теңестiрiлген пошта, пошта-багаж және багаж жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:

1) купе вагондары;

2) плацкарт вагондары;

3) «СВ» – ұйықтауға арналған вагондар;

4) «РИЦ» – РИЦ габаритті купе вагондары;

5) вагон-мейрамханалар;

6) облысаралық вагондар;

7) «ЗАК» – қамауға алынған адамдарды тасымалдауға арналған вагондар;

8) қызметтiк вагондар;

9) қызметтiк техникалық вагондар;

10) пошта вагондары;

11) багаж вагондары.

14. Тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:

1) магистральдық жолдар бойынша кез келген санаттағы пойыздарды жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МГЖҚ);

2) кең жолтабанды магистральдық, станциялық және кiрме жолдарда маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-К);

3) тар жолтабанды магистральдық, станциялық және кiрме жолдарда маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-Т);

4) тар және кең жолтабанды магистральдық және станциялық жолдар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын мотор –вагонды жылжымалы құрам (МВЖҚ);

5) өнеркәсiптiк темiр жол көлiгi жолдарында пайдаланылатын және магистральдық және станциялық жолға шықпайтын тартқыш жылжымалы құрам (ТЖҚ-ӨТКЖ).

15. Арнайы жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:

1) өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам;

2) өздігінен жүрмейтін арнайы жылжымалы құрам.

16. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу үшiн заңды және жеке тұлғалар тіркеуші органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) заңды тұлғаның бiрiншi басшысының қолымен және мөрімен расталған осы Қағидаларға  2345-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік тіркеуге не қайта тіркеуге жататын жылжымалы құрам, оның iшiнде сенiмгерлiкпен басқаруға, мүлiктiк жалға не лизингке берiлген мүкәммал паркiнiң тiзбесі;

2) осы Қағидаларға  6-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

3) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;

ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейінгі берілген заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркелуі туралы куәлік заңды тұлғаның қызметінің тоқталуына дейін жарамды болып табылады;

4) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат;

5) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкiлеттікті растайтын құжат;

6) дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік;

7) меншік құқығын растайтын құжат не мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг не сенiмгерлiкпен басқару шарты;

8) жасаушы зауыттың жылжымалы құрамның әр бірлігіне арналған техникалық паспорты (формуляры).



9) тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде тіркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжат.

Осы тармақтың 3) – 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш иесіне өтініш берілген сәтте қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмелер ұсынылады.

17. Тіркеуші орган жылжымалы құрамның кепiлiн мемлекеттік тiркеу үшiн жылжымалы құрамының кепiлiн тiркеу тiзiлiмiн осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүргiзедi және кепiл ұстаушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды қабылдайды, кепiл ұстаушының келiсiмiнсiз кепiлдiкке алынған жылжымалы құрамын иелiктен айыруға жол бермейдi.

18. Жылжымалы құрамы кепілін мемлекеттік тiркеу үшiн өтініш беруші не оның сенімхаты бойынша уәкілетті өкілі «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)  9-бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.

19. Тіркеуші орган құжаттарды қабылдау кезінде осы Қағидаларға  8-қосымшаға сәйкес өтініш берушіге тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.



20. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу, қайта тiркеу туралы өтiнiштi осы Қағидаларға 16-тармақта көрсетілген барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қарайды.

21. Тіркеуші орган кепiлдi мемлекеттік тiркеу не одан бас тарту туралы шешiмді Заңның 101116 және  17-баптарына сәйкес қабылдайды.

Белгіленген мерзімде бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган куәлікті бір жұмыс күні ішінде береді.

22. Жылжымалы құрамның кепiлiн мемлекеттік тіркеу, тiркелген кепiлдiң өзгерiстерiн, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу үшiн алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы  Кодексiнде белгіленген тәртiппен алынады.



Тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшiн алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы  Кодексiнде белгіленген тәртiппен алынады.

23. Жылжымалы құрамды тiркеген адам оны мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап пайдаланады.

24. Жылжымалы құрамы кепілін мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк электрондық құжат болып табылады, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес оның есептік нөмiрi болады.

Жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк электрондық құжат болып табылады, осы Қағидаларға  10-қосымшаға сәйкес оның есептік нөмiрi болады. Жылжымалы құрамның әрбiр тiркелетiн бiрлiгiне берiледi.

25. Жылжымалы құрамды тiркеген адамдар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тіркеуші органның талабы бойынша жылжымалы құрамы туралы мәлiметтер ұсынады, оның пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшiн тіркеуші органның қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi;

2) заңды тұлға таратылған не қайта ұйымдастырылған жағдайда, шешім қабылдағаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде тіркеуші органды хабардар етедi.

26. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу не қайта тіркеу туралы өтiнiш келiп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей:

1) осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған;

2) тіркеуші органға ұсынылған құжаттарда өшiрулер, қолжазбаларында не машина жазбаларында түзетулер не көшiрмелердi куәландыратын қолы және мөрi болмаған;

3) сот қабылдаған шешiмге сәйкес жылжымалы құрамға тыйым салынған жағдайларда, жазбаша түрде уәжделген бас тарту туралы жауап береді.

Белгіленген мерзімде бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде куәлік немесе тізілімнен шығару туралы хабарлама береді.

27. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы берiлген куәлiктi:

1) жылжымалы құрамды тіркеген заңды тұлға не дара кәсіпкер таратылған не қызметі тоқтатылған;

2) меншік құқығын растайтын құжаттың не мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг не сенiмгерлiкпен басқару шартының қолданысы тоқтатылған жағдайларда керi қайтарып алады.

28. Жылжымалы құрам тiзiлiмнен:

1) жылжымалы құрам есептен шығарылған, ол қалпына келмейтiндей зақымданған не алты айдан астам жоғалып, оны iздестiру тоқтатылған;

2) жылжымалы құрамды шетелдiк тұлғаларға иелiктен шығарып, одан әрi Қазақстан Республикасының шегінен тыс қолдануға алып шығарған жағдайда алып тасталады.



29. Жылжымалы құрамды тізілімнен шығарған кезде меншiк иесi не оған теңестiрiлген адам тіркеуші органға 6-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiшті және есептен шығару туралы актіні не зақымдану, жоғалу, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ шетелдік тұлғаға иеліктен шығару туралы құжатын ұсынады.

Өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу және тіркелген кепілдікті тоқтату Заңның  161719-баптарына сәйкес жүргізіледі.

30. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды шығару туралы мәлiметті тiзiлiмге енгiзедi және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді.

_________________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет