№ исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының



бет1/24
Дата22.02.2016
өлшемі3.7 Mb.
#1591
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24






исх: 36-01-05/2477 от: 22.12.2015

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының

2015 жылғы 9 желтоқсандағы 44/354 -V

шешіміне қосымша


Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының

2010 жылғы 28 желтоқсандағы №36/366-IV



шешімімен бекітілген



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент қ. - 2015 жыл


МАЗМҰНЫ

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 4

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9

3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 156
4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР,

НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР,

НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ

ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 158



5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 192
6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 193


  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ




Бағдарламаның атауы

Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Әзірлеуге негіз

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы», 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспары туралы» № 302 Қаулысы


Аймақтың негізгі сипаты

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы 117,3 мың шаршы шақырым немесе республика аумағының 4,3%, облыс Туран ойпатының шығыс бөлігінде, Тянь-Шань тауының батыс сілімдерінде орналасқан және батысында - Қызылорда, солтүстігінде – Қарағанды, шығысында – Жамбыл облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шекаралас жатыр.

Облыста 11 ауылдық аудандар, 4 облыстық маңызы бар қалалар, 7 қалалар (Шымкент қаласынан басқа), 11 кенттер, 840 елді мекендер бар.

Облыс халқының саны 2788,7 мың адам, халықтың тығыздығы 1 шаршы шақырымға орташа 23,8 адамнан келеді.

Әкімшілік орталығы – Шымкент қаласы



Бағыттары

  • Аймақтың экономикасын дамыту;

  • Әлеуметтік саланы дамыту;

  • Инфрақұрылым кешенін дамыту;

  • Аумақтық (кеңістік) орналасуын дамыту;

  • Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару жүйесін дамыту.

Бағдарламаның мақсаты

Оңтүстік Қазақстан облысының өзекті мәселелерін шешу және соның негізінде халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық әлеуетін дамыту.

Азаматтардың өмірі, денсаулығы, құқығы, бостандығы және құқықтық мүдделерінің қорғалу деңгейін қамту және қолдау.

Ауылдық елді мекендерді әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарымен қамту.


Міндеттері

- өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- агроөнеркәсіп кешенін дамыту;

- құрылыс индустрия және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту;

- кәсіпкерлік дамуына қолайлы жағдай жасау;

- жоғары нәтижелі қызметтер көрсету;

- аймақтың туристтік тартымдылығын арттыру;

- облыстың экологиялық ахуалын жақсарту;

- облыста қолайлы демографиялық жағдай жасау;

- аймақтық еңбек нарығын жақсарту, жұмыс күшінің сапасын және азаматтардың еңбек рыногында бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- кедейлік деңгейін төмендету және облыс халқының өмір сүру сапасын арттыру;

- халықтың сапалы білімге қол жетімділігін қамту, білім, ғылым және өндірістің әрекет жасауының жаңа үлгілерін дамыту, әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу;

- халықтың денсаулығын жақсарту мен аурушандықты төмендету, сапалы және нәтижелі әлеуметтік-медициналық көмекке халықтың барлық санаттарының қол жетімділігін қамту;

- мәдениет ұйымдарының желісін дамыту, отандық және шетелдік мәдениет мұралары мен құндылықтарына халықтың барлық санаттарының қол жетімділігін қамту;

- дене шынықтыру және спортты дамыту;

- көлік дәліздерін пайдалану нәтижелігін арттыру;

- автомобиль жолдарының сапасын, желісін және өткізу мүмкүндіктерін арттыру;

- аймақтың энергияға тапшылығын азайту, энергия көздерінің альтернативтік түрлерін, оның ішінде, гидро, жел және күн жарығын дамыту;

- жылу, газ және су жүйелерін дамыту және жетілдіру;

-«өсу нүктелерін» қалыптастыру;

- ұлттық маңызы бар тірек қала ретінде Шымкент қаласын дамыту;

- мұсылман әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту;

- ауылдық елді мекендердің әлеуетін көтеру және оған жағдай жасау;

- депрессивтік және еңбек күші артылған аймақтардың проблемаларын шешу;

- жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің жұмыс жағдайын және біліктілігін арттыру;

- жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;

- жергілікті бюджетке түсімдердің орындалуына мониторинг жүргізу;

- қоғамдық тәртіпті нығайту және халықтың өмір сүру қауіпсіздігін, денсаулығын, құқықтары мен бостандығын қамту, қылмыскерліктің алдын алу шараларын арттыру;

- жол қауіпсіздігін қамту;

- қылмыспен, нашақорлықпен және наша бизнесімен күресу бойынша нәтижелікті арттыру.


Нысаналы индикаторлар

- Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі 2015 жылы 102,0 % (2011 ж. – 105,7 %);

- Өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 102,0 % жеткізу (2011 ж. – 101,9 %);

- Кен өндіру өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 2015 жылы 101,0 % (2011 ж. - 103,1%);

- Металл кендерін өндірудің нақты көлем индексі 2015 жылы 100,5 % (2011 ж. - 102,6 %);

- Өңдеу өнеркәсібі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 101,0 % жеткізу (2011ж. - 100,5 %);

- Металлургия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 2015 жылы 100,0 % (2011ж. - 116,5 %);

- Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 100,5% жеткізу (2011ж. - 80,2%);

- Өзге металл емес минералдық өнімдерді шығарудың нақты көлем индексі 2015 жылы 101,0 % (2011ж. - 120,3 %);

- Жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 100,0 % жеткізу (2011 ж. - 89,6 %);

- Машина жасау өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 2015 жылы 90,0 % ( 2011 ж. - 131,9 %);

- Жеңіл өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 100,0 % жеткізу (2011ж. - 77,0 %);

- Фармацевтика өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 2015 жылы 85,0 % (2011 ж. - 108,7 %);

- Химия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 2015 жылы 100,0 % (2011ж. - 109,0 %);

- Резеңке және пластмасса бұйымдарын шығарудың нақты көлем индексі 2015 жылы 101,0 % (2011ж. - 142,7 %);

- Мұнай өңдеу өнімдерін өндірудің нақты көлем индексі 2015 жылы 90,0 % (2011ж. - 100,7 %);

- Тамақ өнімдерін өндірудің нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 101,0 % жеткізу (2011ж. - 93,5 %);

- Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетел инвестицияларының үлесін 2015 жылға дейін 11,0 % жеткізу (2011ж. - 19,9 %);

- Жалпы өңірлік өнімдегі негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың үлесін 2015 жылға дейін 19,4 % жеткізу (2011 ж. - 18,1 %);

- Инновациялық өнімдер өндірісі көлемінің өсуі 2015 жылы 101,7 % (2011 ж. - 316,3 %);

- Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексін 2015 жылы 104,3 % (2011 ж. – 111 %);

- Ауыл шаруашылығына негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі 2015 жылы 108 % (2011 ж. – 129,3 %);

- Жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестицияларды 2015 жылға дейін 126,9 мың теңгеге жеткізу (2011ж. - 105,3 мың теңге);

- Энергияны көп қажет етуді төмендетуді 2015 жылға дейін 0,1% жеткізу (2011 ж. – 0,026 %);

- Энергияны жалпы тұтынудың көлеміндегі жаңартылатын энергия көздері үлесінің ұлғаюын 2015 жылға дейін 0,303% жеткізу (2011 ж. - 0,088 %);

- Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 2015 жылы 101,0 % (2011 ж. – 111,2 %);

- Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды (2-3 жас) 2015 жылға дейін 77,7% жеткізу (2011 ж. – 54,6%);

- Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесін 2015 жылға дейін 13,2% жеткізу (2011 ж. – 14,8 %);

- 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесін (NEET – англ. Not in Education, Employment or Training) 2015 жылға дейін 25% жеткізу (2011ж. - 41%);

- Халықтың туылғаннан бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2015 жылға дейін 71,81 жасқа жеткізу (2011 ж. - 69,86 жас);

- Жұмыссыздық деңгейін 2015 жылға дейін 5,2% төмендету (2011 ж. –5,7 %);

- Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесін 2015 жылға дейін 6,0% төмендету (2011 ж. – 10,4 %);

- Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағын (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 2015 жылға дейін 98,5 % жеткізу (2011 ж. – 98,6 %);

- Мәдениет ұйымдарына 1000 адамға шаққандағы келушілердің орташа саны, адам: кітапханаға келушілер санын 2015 жылға дейін 5300000 жеткізу (2011 ж. - 208); театрға келушілер санын 2015 жылға дейін 114 жеткізу (2011ж. – 115); мұражайға келушілер санын 2015 жылға дейін 90 жеткізу (2011ж. – 87);

- Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесін 2015 жылға дейін 89,8% жеткізу (2011 ж. – 87,7 %);

- Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайтуды 2015 жылға дейін 22 % жеткізу (2011 ж. – 14 %);

- Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағын 2015 жылға дейін 21,0% төмендету (2011 ж. - 26,9);

- Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 90% жеткізу (2011 ж. – 100,6 %);

- Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемін, жалпы алаңның шаршы м. 2015 жылға дейін 405,5 мың шаршы м. жеткізу (2011 ж. – 228,4 мың шаршы м.);

- Жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 2015 жылға дейін 62,4 % жеткізу (2011ж. – 50 %);

- Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар тұрғындардың үлесін ұлғайтуды 2015 жылға дейін 84,4 % жеткізу (2011ж. – 67,8 %);

- Жылумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін ұлғайтуды 2015 жылға дейін 95,5 % жеткізу (2011ж. – 94,4 %);

- Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның тозуын төмендетуді 2015 жылға дейін 47,6 % жеткізу (2011ж. - 54,6 %);

- Жылумен жабдықтауды 2015 жылы 51,8 % (2011 ж. – 65 %);

- Сумен жабдықтауды 2015 жылы 43,1% (2011ж. - 46,2 %);

- Электрмен жабдықтауды 2015 жылы 58,3% (2011 ж. – 67 %);

- Су бұруды 2015 жылы 37,3 % (2011 ж. – 40,3 %);

- Халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыруды 2015 жылға дейін 23,1% жеткізу (2011ж. - 17,3 %);

- Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы ауданынан ауылшаруашылық айналымына тартылғандардың үлесін ұлғайтуды 2015 жылға дейін 80,5 % жеткізу (2011ж. - 75,2 %);

- Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейін 2015 жылға дейін 99 % жеткізу (2011ж. - 99,2 %).


Қаржыландыру көлемі және көздері

Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджет, инвесторлардың жеке қаржылары, қарыз қаржылар.

Қаржыландыру көлемдері:



2011 жыл – 225,473 млрд. теңге

республикалық бюджет – 49,45 млрд. теңге;

жергілікті бюджет – 107,76 млрд. теңге;

басқа көздер – 68,25 млрд. теңге.



2012 жыл – 191,214 млрд. теңге

республикалық бюджет – 67,155 млрд. теңге;

жергілікті бюджет – 106,0 млрд. теңге;

басқа көздер – 18,05 млрд. теңге.



2013 жыл – 310,767 млрд. теңге

республикалық бюджет – 73,594 млрд. теңге;

жергілікті бюджет – 110,296 млрд. теңге;

басқа көздер – 126,87 млрд. теңге.



2014 жыл – 268,185 млрд. теңге

республикалық бюджет – 76,393 млрд. теңге;

жергілікті бюджет – 88,163 млрд. теңге;

басқа көздер – 103,629 млрд. теңге.



2015 жыл – 326,313 млрд. теңге

республикалық бюджет – 43,684 млрд. теңге;

жергілікті бюджет – 98,60 млрд. теңге;

басқа көздер – 184,02 млрд. теңге.



Ескерту: қаржыландыру көлемі нақтыланатын болады.


2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Өңір жағдайының позитивті және негативті жақтарын, сонымен қатар олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау

Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) Қазақстанның оңтүстігінде, Тұран етегінің шығысы мен Тянь-Шянь тауының батыс бөлігінде орналасқан. Аймақтың үлкен бөлігі – Қызылқұм (Оңтүстік-батыста, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауы) және Мойынқұм (Солтүстігінде, Шу өзенінің сол жақ жағалауы) төмпешік-қатарлы құмдармен, төменгі қыратты тегістік (биіктігі 200-300м.).

Оңтүстік шетінде – жапан дала, солтүстігінде - Бетпақ-Дала шөлі. Облыстың орталық бөлігінде Қаратау тармағы созылып жатыр (Бессаз қ. – 2176 м.), Оңтүстік-шығысында – Талас Алатауының батыс шеті, Қаржантау (биіктігі 2824 м. дейін) және Ұғам (биіктігі 4238 м. дейін) тау тізбегі.

Ірі өзендері – Сырдария (Келес, Күріккелес, Арыс, Бөген және т.б құйылымдарымен) облыс аумағының оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай ағып жатыр, Шу өзені (төменгі ағыс) солтүстікке қарай ағып Мойынқұм құмдарында жоғалады. Оңтүстік Қазақстан облысы шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, батысында Қызыл Орда облысымен, ал оңтүстігінде Өзбекстанмен шектескен.

Облыс орталығы – Шымкент қаласы, республиканың ежелгі қалаларының бірі, оның жасы 800 жылдан астам. Солтүстік және оңтүстік бөліктерінің тікелей арасы 600 шаршы шақырымды құрайды.

Облыс ауданы 117,3 мың шаршы шақырым немесе республика аймағының 4,3 % құрайды. Облыс тұрғындары - 2788,7 мың адам немесе Республика тұрғындары санының 15,1 % құрайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы, өзінің ерекше бәсекелік артықшығын құрайтын мол ресурстарға ие. Халық санының 47% құрайтын еңбекке қабілетті тұрғындардың көп саны. Табиғи қазбалардың қорлары барит, көмір, темір және полиметалдық рудалар, уран, форфор, бентониттік лай, вермикулит, тальк, әк, гранит, мрамор, гипс, кварцтық құмдардың бай кен орындарымен көрінеді. Облыста 156 жер қойнауын пайдаланушылар өз қызметтерін атқарады, олардың 13-і уран, алтын, мұнай, гипс және жер асты суларын өндіруде қызмет ететін, шет елдің қатысуындағы кәсіпорындар.

Қолдағы бар транзиттік басымдылық облыс территориясының Азия, Жақын және Орта Шығыс аймақтары мен Еуропа мемлекеттерін өзара байланыстыратын жолдардың (әуе, теміржол және автокөлік) қиылысында, экономикалық тиімді орналасуымен сипатталады. Туристтік әлеуметті дамыту үшін демалыс-қорықты аймақтардың болуы мен осы аймақтардың рекреациялық ресурстарына, оқиғаларға бай тарихи-архитектуралық ескерткіштеріне негізделген үлкен мүмкіндіктер бар.

Осыған қарамастан, тұрғындардың өмір сапасы, адамдық даму индексі, облыстың аймақтық жалпы өнімі, жол және коммуникация инфрақұрылымдарының дамуы сияқты, бірқатар көрсеткіштер динамикасында абсолютті және салыстырмалы мәні бойынша, ОҚО инвестицияларын қаржыландыру көздерінде өзіндік қаражаттардың үлесі республика бойынша ең соңғы қатарды алады.

Өнеркәсіп өңір экономикасының дамуын анықтайтын басты саланың бірі болып табылады.

Еңбектің аумақтық бөлінісінде облыс ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру, құрылыс материалдары, тоқыма, металлургия өнімдері мен металл кендерін (уран) өндірумен мамандандырылған.

Жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіптің үлесі 2008 жылы 15,4 %-дан 2013 жылы 24,7 %-ға дейін өсті. Сонымен 2008 жылы жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіптің үлесі 15,4 %-ды (2009 ж. - 21,2 %) құрап, осы кезеңде өңірдің өнеркәсіп өнімінің үлесі жалпы республика көлемінде 2,1 % (2009ж. - 2,8 %) құрады. 2013 жылы жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіптің үлесі 24,7 %-ды құрап, осы кезеңде өңірдің өнеркәсіп өнімінің үлесі жалпы республикалық көлемде 3,1 % құрады. 2014 жылы жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіптің үлесі 25,7%-ды құрап, осы кезеңде өңірдің өнеркәсіп өнімінің үлесі жалпы республикалық көлемде 3,5% құрады.

Өңір экономикасын дамытудың басты басымдықтарының бірі нақты сектордың бәсекелесу қабілетін арттыру болып табылады және өнеркәсіптің салаларын тұрақты дамуына қол жеткізу, халықаралық стандарттарға өту, жаңа технологияларды ендіру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған кешенді шараларды іске асыруды көздейді.

Өнеркәсіптің дамуына позитивті әсері бар өңірдің күшті жақтары:

- ауыл шаруашылығын тиімді дамытуға мүмкіндік беретін өңірдің топырақ-климаттық жағдайының қолайлы болуы;

- жеңіл және тамақ өнеркәсібінің дамуы үшін, жергілікті шикізаттың болуы;

- өндірістік-экономикалық әлеуеттің болуы;

- экспортқа бағдарланған өндірістердің болуы (тоқыма, металлургия, кен өндіру өнеркәсібі, мұнай өңдеу);

- кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайдың болуы: қаржылық-несиелік ұйымдар (қаржылық даму институттары, екінші деңгейлі банктер, шағын несиелік ұйымдар, «Максимум» АИО» ЖШС), «Шымкент» ӘКК ҰК» АҚ, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ, индустриалды аймақтар, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС, «Шымкент инновация» ЖШС, «ОҚО өңірлік технобақ» ЖШС, түрлі консалтингтік компаниялар және бизнес-инкубаторлар.

Қол жеткен жетістіктерге қарамастан, өнеркәсіптік өсу мен экономикалық белсенділік әлеуетіне ие қалалар мен аудандардың, оларды экономикалық өсу орталықтарына айналдыруда нүктелік көзқарас бойынша дамытудағы мәселелер жеткілікті дәрежеде шешілмеуде.

Негізгі құралдардың тозу дәрежесінің жоғары пайызы басым аудандарда байқалады, өнеркәсіпті жаңғырту дәрежесі, оның өңір экономикасына әсері жеткіліксіз болып қалуда, экспорт көлемінде өнеркәсіптің шикізаттық сектор тауарларының үлесі жоғары болуда. Экспорттың осындай құрылымы өңірдің сыртқы факторларға экономикалық тәуелділігін арттырып отыр, бұл жағдай әсіресе соңғы жылдары тауарлық нарықтарда байқалып отырған жаһандық коньюнктураның тұрақсыздығына байланысты.

Бірқатар салаларды диверсификациялық қайта жабдықтау саясаты, өңірге тән жүйелік әлсіз факторлардың орын алуына байланысты, толық көлемінде іске асырылмады:



  • облыста шығатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалық сипаттамаларын қамтамасыз ететін заманауи технологиялардың жеткіліксіздігі;

  • облыс бюджетінің субвенциялылығы;

  • инженерлік инфрақұрылымдар мен коммуникациялардың төмен деңгейі;

  • облыстың энергия ресурстарының тапшылығы;

  • шикізаттық емес сектордағы жобалардың өзін-өзі өтеуі ұзақ уақыт алады, заманауи өндірістік жабықтарға, технологияларға едәуір инвестициялар қажет;

  • еңбек өнімділігінің төмен болуы, өндірістің ескірген үлгіде ұйымдастырылуы, көлік-логистикалық, үйлестіру компаниялардың болмауы;

  • жоғары мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі және өндірісті ұйымдастыруда әкімшілік кедергілердің орын алуы.

Өңірдің бәсекелестік тұрақтылығына жету жолында өңір салалық құрылымының үйлесімділігінің, бір шектің өнімі өзінен анағұрлым жоғары шектің шикізаты ретінде шығатын технологиялық тізбектерді құрудың маңызы аз емес. Осындай вертикаль-интеграциялық үлгіде құрылған кәсіпорындар белгілі салалардың бәсекелестік табысына қажетті болымды массаны құрауға, өнеркәсіп құрылымының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Облыс өнеркәсіп құрылымында өңдеу салаларының үлесі басым болып тұр.



2009 жылдағы Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп құрылымы

2012-2014 жылдардағы Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп құрылымы



Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп құрылымы

пайызбен

Көрсеткіш атауы

2008 ж.

2009 ж.

2012 ж.

2013 ж.


2014 ж.

ӨНЕРКӘСІП – барлығы,

оның ішінде:



100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

кен өндіру және карьерлерді қазу

13,5

23,4

28,2

26,5

26,7

өңдеу өнеркәсібі

75,1

65,9

63,0

64,6

63,8

электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу

11,4

10,7

8,8

8,9

9,5

Өңірдің өндірістік өнеркәсібі құрылымында электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлудің үлесі – 2008 жылы - 11,4 %, 2009 жылы - 10,6 %, 2010 жылы - 10,0 %, 2011 жылы - 10,2 %, 2012 жылы - 8,8 %, 2013 жылы - 9,3 %, 2014 жылы - 9,5%. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында сала үлесінің төмендеуі кен өндіру өнеркәсібінің үлесінің артуына байланысты.

Тау-кен өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп көлеміндегі үлесі 3,5 %-дан (2003 жылы) 2009 жылы 23,4 %-ға дейін, 13,5 %-дан (2008 жылы) 2012 жылы 28,2 %-ға дейін, 13,5 %-дан (2008 жылы) 2013 жылы 26,4 %-ға дейін, 13,5 %-дан (2008 жылы) 2014 жылы 26,7%-ға дейін өсті. Тау-кен өнеркәсібінің жылдам дамуы экспортқа бағдарланған пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты, оның ішінде бастысы – уран. Сондай-ақ, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәліз құрылысының қарқынды жүргізілу де септігін тигізді.

Жалпы өнеркәсіп көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 88,7% (2003 жылы) 2009 жылы 66 %-ға дейін, 75,1 %-дан (2008 жылы), 2012 жылы 63 %-ға дейін, 75,1 %-дан (2008 жылы) 2013 жылы 64,3 %-ға дейін, 2014 жылы 63,8%-ға дейін төмендеді.Өңдеу өнеркәсібі үлесінің төмендеуі кен өнеркәсібінің өндіріс көлемімен салыстырмалы түрде төмендеуімен, инвестициялардың тапшылығына байланысты негізгі құралдардың жоғары дәрежеде тозуымен (71%-ға дейін), сонымен қатар өндірістік өнеркәсіптердегі инновациялық белсенділіктің төмен деңгейіне байланысты.

Машина жасау кәсіпорындарының жұмысына Ресейдегі, Украинадағы және Беларуссиядағы тарихи тұтынушылармен, сонымен қатар жинақтаушы детальдар мен тораптардың, дайын агрегаттар мен өнімдердің жеткізушілерімен вертикаль-горизонталь байланыстардың жоғалуына байланысты.

Машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілетсіздігінің және өнім шығарудың қысқаруының сипатты себептері: сериялық тапсырмалардың болмауы, негізгі қорлардың тозуы, саланың инвестициялау үшін тартымды болмауы, тәжірибелік-эксперименттік базасы бар кұрастырушы бюролардың жұмысына қаржы бөлудің тоқтатылуы және т.б.

Облыстың өнеркәсіп өндірісі өсуінің оң динамикасына қарамастан, салалар бойынша өндірістік потенциалды пайдалану біркелкі емес. Осының басты себептерінің бірі – осындай жағдайда саналы протекционизмнің болмауынан ұқсас өнімнің шетелдік өндірушілерімен бәсекелестікті көтермеуі (алдымен, Қытаймен).

Облыстың тамақ өнеркәсібінің дамуы азық-түлік өнімдері бағасының қолайлы динамикасымен, жергілікті экологиялық таза шикізаттың пайдалануға қолжетімді болуымен, түпкілікті өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне байланысты, салаға инвестициялар көлемін ұлғайту және жаңа кәсіпорындарды құру мүмкіндіктің болуымен түсіндіріледі.

Экономикалық және адами капиталы мол, бай табиғи ресурстары бар, негізгі өндірістік инфрақұрылымы, кәсіпкерлікті қолдау жүйесі қалыптасқан облысымыздың теңгерімді және тұрақты дамуға мүмкіндіктері жеткілікті. Облыс өнеркәсібінің 2009-2013 жылдарға даму нәтижелері осыған дәлел.

Дағдарысқа қарамастан, Оңтүстік Қазақстан облысының Республика бойынша жалпы өнеркәсіп өндірісінің үлес салмағы 2,1%-дан (2008 жылы) 2009 жылы 2,8 %-ға, 2012 жылы 2,9 %-ға, 2013 жылы 3,1%-ға, 2014 жылы 3,5%-ға өскен, ал республика өнеркәсіп өндірісінің көлемінде нақты көлем индексі бойынша 2008 жылы екінші орынға ие болып (Атырау облысынан кейін 120,5 %), 106,6 % құраған, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары (республика бойынша 101,7 %). 2009 жылы үшінші орынға ие болып (Шығыс Қазақстан (118,4 %) және Ақтөбе (107,0 %) облыстарынан кейін), 106,5 % құраған, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары (республика бойынша 100,7 %). (2010 жылғы 11 каңтардағы №07-01/25 жедел-ақпарат. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері). Республика өнеркәсіп өндірісінің көлемінде нақты көлем индексі бойынша облыс 2008 жылы сегізінші орынға ие болып 103,4%-ды құраған, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары (ҚР - 102,6%). 2009 жылы 102,7%-бен төртінші орынды иеленіп, республикалық көрсеткіштен тең болды. 2014 жылы 104,5%-бен үшінші орынды иеленіп, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары (ҚР – 100,2%) болды (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері).

Өңірдің стратегиялық бәсекелес жетістіктері қатарына келесілерді енгізуге болады:


  • сауда және транспорттық тораптардың дамуы үшін ыңғайлы географиялық мекен-жай (ОҚО арқылы ҚР оңтүстік көлік көші өтеді, Өзбекстанмен көршілестік);

  • климат жағдайы;

  • шағын бизнестің жоғары меншікті салмағы,

  • пайдалы қазбаларға бай кен орындарының болуы (уран қоры жағынан облыс бірінші орында тұр, фосфориттер мен темір кендері жағынан – Қазақстан бойынша үшінші орында).

Жалпы облыс өнеркәсібі әлеуетінде тиімді дамушы тау-кен өндіру және тамақ өнеркәсібіне басымдық беріледі. Сонымен қатар, облыста құрылыс индустриясын дамытуға, тоқыма және тігін өнеркәсібінде жаңа кәсіпорындар құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға инвестициялар белсенді тартылуда. 2003-2009 жылдардағы агроөнеркәсіп кешенінің дамуы егіс көлемінің 13,4 %, астық дақылдардың жиналуы 2,5 есеге, мақта өндірісінің 21 % төмендеуімен сипатталады.

Ауыл шаруашылығының құлдырауы келесі себептерден болған:

- суармалы сулардың жеткіліксіздігі және тиімсіз қолданылуы, шаруа қожалықтарының территорияларында суғару инфрақұрылымдарының істен шығуы;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорындар мен көкөніс қоймаларының жеткіліксіздігі;

- шаруа қожалықтарының ыдырап орналасунан, жер бөліктері көлемінің жеткіліксіздігінен, жаңа технологияларды қолдану, егін тәртібін сақтау, жаңа сорттарды қолдану мүмкіндігін бермейді;

- АӨК қолдау және дамытуға бюджет қаржылары шығыстарының төменгі тиімділігі көрінісінде АӨК қолдау мен дамытуға бюджет қаражыларының жеткіліксіз болуы;

- трактор парктері машиналарының 80 % жоғары тозуы;

- бос қалған жерлердің тіркелуі мен мониторингінің жеткіліксіздігі және оларды екінші ретті шаруашылық айналымына қайтару дәрежесінің төмен болуы;

- мақта шаруашылығындағы сатып алу бағасының төменгі, бұл шаруашылық түрінің рентабельділігін төмендетіп, мақта егушілердің қалаларға кетуін тудырып отыр.

Бұл себептер жекелей және бірлесе келе, тұрғындардың ауылдық жерлерден қаларалға кетуіне әкеліп отыр, олар қалалардағы бұрынғы ауыл тұрғындарының ең төменгі білімді, өнімділігі аз және кедей тұрғындардың қатарын түзіп, жалпы алғанда облыстың экономикалық кеңістігінің сапасының төмендеуіне әкеліп отыр.

ОҚО Қазақстанның алты экологиялық қолайсыз аймақтарының бірі болып табылады, ал Шымкент қаласы автомобиль көліктерінің газдарымен ластанған, үш қаланың бірі. Ластаушы заттардың атмосфераға шығу көлемінің артуы, негізінен құрылыстың дамуымен, автокөліктердің санының артуымен, автокөлік майларының сапасының төмен болуымен, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының сақталмауымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жойылу мәселелерінің шешілмеуімен байланысты.

Мұнай - химия өнеркәсібі кәсіпорындарының атмосфераға ластаушы заттарды шығару көлемінің артуы 6,8 % (2006 жылмен салыстырмалы) мұнайды өңдеу көлемінің өсуінен экологиялық іс-шаралардың шешілмеуімен негізделеді; жылу энергетика кәсіпорындарында – жылу және электроэнергияларының өндірісінің артуымен; құрылыс индустриясы кәсіпорындарында (40,2 %) – асбесттен тұратын материалдарды және цемент өндірісінде газ, шаң сорушы қазіргі заманғы құралдар мен әдістердің қолданылмауымен негізделеді. Қазіргі тазартқыш құралдарының қайта жөнделуі мен құрылысына қаражаттардың жеткіліксіз болуынан, бұл аталған жағдайлар өндірісітің өзге де салаларына тән. Облыста ауыр металл және оның қосындылары түріндегі, тарихи қоқыстардың үлкен көлемі жинақталған. Сонымен қатар, Сырдарияның шекаралас суларының ластану проблемасы бар. Сондай-ақ, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер көлемінен табиғатты қорғау шараларына бөлінетін бюджет қаражыларының жеткіліксіздігі және тиімсіздігі мәселесі, бірқатар жылдар ішінде өзекті болып қалмақ, сонымен қатар төлем алу әрқашан ынталандырушы шара бола бермейді.

Облыстың әлеуметтік саласының жағдайы тұрғындардың табиғи өсімінің жоғарғы қарқынындағы, ауылдық тұрғындардың басым келуімен, қолайлы демографиялық жағдайлармен сипатталынады. Өз кезегінде, соңғы жағдай облыс тұрғындарының өмірінің салыстырмалы жоғары емес дәрежесін анықтайды, өйткені ауылдық жерлердегі табыс (мақта шаруашылығынан басқа) дәстүрлі түрде, қала тұрғындардың өмір деңгейінен төмен. Облыста ауылдық тұрғындардың қалаға ауысуы жалғасуы, бірақ қалада ауылдық жерлерден келгендердің табысы төменгі деңгейде қалып, осы себептен орташа өмір деңгейі өзгеріссіз қалуда. Облыстың өзге де әлеуметтік мәселелер: кәсіби білім беру мекемелерінде оқытушылардың жеткіліксіз болуы; медициналық персоналдың біліктілік деңгейлерінің жеткіліксіздігі және медициналық мекемелердің құралдармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі; сәбилер өлімі көрсеткішінің өсуі; әсіресе Шымкент қаласында әлеуметтік салада бюджет қаражыларын қолданудың тиімділігінің төмендігі.

Облыс инфрақұрылымы көрсетілетін қызмет түрлері бойынша және аумақтық бөліністе шекте бірқалыпсыз және жеткіліксіз дамыған.

Көлік инфрақұрылымы (көліктер мен жолдардың барлық түрлері) саласы, тұрғындарды газбен, ауыз сумен, жылу және электроэнергиясымен қамтамасыз ету салалары қарқынды дамуды қажет етеді.

Облыстың тарихы қалыптасып орналасуы, аймақтық диспропорциялармен, бір аудандарда еңбектің басым келуі мен басқаларының депрессиялы болуымен көрінетін бірқатар мәселерді туындатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет