Қ. Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдамаларын талдау



бет5/6
Дата08.05.2023
өлшемі83.58 Kb.
#473377
1   2   3   4   5   6
Латын

Ғалымның бұл пікірлерінің тек фонетикалық жағынан ғана емес, фонологиялық, салғастырмалы, салыстырмалы-тарихи тұрғыдан да құндылығын танимыз. Әлем лингвистикасына жүгінер болсақ, фонологиялық танымдар алфавит жасау проблемасымен астасып жатқанын байқауға болады. Бұған дәлел ретінде А.Байтұрсыновтың қазақ әліпбиі мен жазуы туралы ізденістерін айта аламыз. Демек, бұл бағыттағы А.Байтұрсыновтың ізденістерін Қ.Жұбанов жалғастырғаны, латын алфавитіне көшу, жаңа әліпби бойынша жазу заңдылықтарын жетілдіру мәселелері де тіліміздің фонологиялық табиғатына сай ізденісті қажет еткені аян.

  • Ғалымның бұл пікірлерінің тек фонетикалық жағынан ғана емес, фонологиялық, салғастырмалы, салыстырмалы-тарихи тұрғыдан да құндылығын танимыз. Әлем лингвистикасына жүгінер болсақ, фонологиялық танымдар алфавит жасау проблемасымен астасып жатқанын байқауға болады. Бұған дәлел ретінде А.Байтұрсыновтың қазақ әліпбиі мен жазуы туралы ізденістерін айта аламыз. Демек, бұл бағыттағы А.Байтұрсыновтың ізденістерін Қ.Жұбанов жалғастырғаны, латын алфавитіне көшу, жаңа әліпби бойынша жазу заңдылықтарын жетілдіру мәселелері де тіліміздің фонологиялық табиғатына сай ізденісті қажет еткені аян.
  • Ғалым жазу, орфография мәселесін барлық уақытта да сингармонизммен байланыста қараған. Мәселен, латынға көшу кезінде араб жазулы қазақ алфавитінің жетістіктерінің бірі дәйекшіден бас тарту дұрыс еместігін, себебі қазақ тілінің табиғатында е, к, г дыбыстарынан басқасы жуан-жіңішке болып екі түрлі дыбысталатынын, сондықтан, оларды бір таңбамен белгілеу мүмкіндігінен айырылып қалатындықтарын айтты . Араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуындағы дәйекшінің артықшылығын Қ.Жұбанов өте жоғары бағалаған. Ол 1912-1930 жылдар аралығында 18 жылдай қазақ сөзі А.Байтұрсынов жасаған әліпби арқылы жазылғанын айтып, араб алфавитінің табиғатына тән кейбір ерекшелігі болмаса, бұл жазудың еш кемшілігі байқалмағанын, сондықтан одан бас тартып, латынға көшу мәселесі жоғары жақтың қысымы екендігін ескертеді

А.Байтұрсыновтың өзі де латынға көшуге қарсы болмаған. Ол араб графикасынан латын жазуының артық екендігіне анық көз жететін болса, онда латын графикасына деген қарсы ой болмайтындығын білдірген еді. Қ.Жұбанов жазу мәселесіндегі теориялық зерттеулерінде орфография мен орфоэпия мәселесінің ара жігін ашып, жазу емлесін жасау барысында, әсіресе, түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың айтылуы мен жазылуына сингармонизм заңдылығы тұрғысынан жете көңіл бөлген. Әр тілдің өзіндік табиғаты, дыбыстар тіркесімі болуы заңды жағдай болып табылады. Соған орай әр тілдің өзіндік орфографиялық ережелері болуы шарт. Бұл заңдылық сақталмаған жағдайда тілге қиянат болады. Осы орайда, тіл заңдылығын терең түсіне білген Қ.Жұбанов: “Білек, тыраш,ыстаған (мес) сияқты қазақ сөздері, осылай, басқы ашық буында келте дауысты ы, і-лермен жазыла тұрыппленум, трактор, стахановшы сияқты сөздер ы, і-лерсіз жазылатын болса, жеңіл соғар ма еді?”,-деп дыбыстарының тіркесу заңдылығы тіліміздің табиғатына сай емес орыс тіліндегі сөздерді көрсетіп, оларды жазудың тиімді жолын іздестіреді

  • А.Байтұрсыновтың өзі де латынға көшуге қарсы болмаған. Ол араб графикасынан латын жазуының артық екендігіне анық көз жететін болса, онда латын графикасына деген қарсы ой болмайтындығын білдірген еді. Қ.Жұбанов жазу мәселесіндегі теориялық зерттеулерінде орфография мен орфоэпия мәселесінің ара жігін ашып, жазу емлесін жасау барысында, әсіресе, түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың айтылуы мен жазылуына сингармонизм заңдылығы тұрғысынан жете көңіл бөлген. Әр тілдің өзіндік табиғаты, дыбыстар тіркесімі болуы заңды жағдай болып табылады. Соған орай әр тілдің өзіндік орфографиялық ережелері болуы шарт. Бұл заңдылық сақталмаған жағдайда тілге қиянат болады. Осы орайда, тіл заңдылығын терең түсіне білген Қ.Жұбанов: “Білек, тыраш,ыстаған (мес) сияқты қазақ сөздері, осылай, басқы ашық буында келте дауысты ы, і-лермен жазыла тұрып, пленум, трактор, стахановшы сияқты сөздер ы, і-лерсіз жазылатын болса, жеңіл соғар ма еді?”,-деп дыбыстарының тіркесу заңдылығы тіліміздің табиғатына сай емес орыс тіліндегі сөздерді көрсетіп, оларды жазудың тиімді жолын іздестіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет