Қ. Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдамаларын талдау



бет1/6
Дата08.05.2023
өлшемі83.58 Kb.
#473377
  1   2   3   4   5   6
Латын

Қ. Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдамаларын талдау

Жоспары

Адамзат тарихындағы алфавит

  • Адамзат мәдениеті тарихында алфавитпен жазудың маңызы ерекше. Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, әлеуметтік өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Ғалым Ә.Қайдаров айтқандай, әлеуметтік мәні зор құбылыс ретінде жазу- өткен мен бүгінгіні, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Еліміздің бүгінгі жеткен биігіне шығуы жолында жазу мәдениетіміздіңде өз үлесін қосқанын жоққа шығармаймыз. Себебі жазу – мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Ал жазудың өзгертілуі сол халықтың мәдени өміріне, әлеуметтік психологиясына әсер етеді. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Бір жазудан екіншісіне көшу халықтың осы рухани байлықтан сусындауына қосымша қиындық келтіруі мүмкін. Сондықтан алфавитпен жазу мәселесіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан жете назар аударған жөн деп білеміз

Қ. Жұбановтың зерттеулері

  • Қ.Жұбанов қазақ тіл білімінің сан саласынан іргелі-іргелі зерттеулер жаза отырып, сол тұстағы көкейтесті мәселелердің бірі болған қазақ жазуы мен әліпбиі бойынша белгілі фонетист ғалым ретінде құнды-құнды пікір айтып, ғылыми маңызы зор еңбектер жазған. Қ.Жұбановтың әліпби және жазу мәселесіне қатысты көзқарастарын оның «Әліппеміз бұқарашыл болсын», «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы», «Қосар ма, дара ма?», «К проекту реформы казахского алфавита»,«Проект казахского алфавита», «К пересмотру казахской орфографии», « К проекту реформы казахского алфавита», «Проект изменений орфографии и алфавита казахского языка», «Выступление К.К.Жубанова на научно-орфографической конференции в г. Қзыл-Орде» /2-4. 1929г./ т.б. мақалалары мен түрлі жиындарда сөйлеген сөздерінен байқауға болады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет