Ф.ғ. к., қауымд профессор А. А



бет1/2
Дата12.04.2024
өлшемі151.5 Kb.
#498477
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2
Токенова (1)


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазақ тіліндегі кірме әріптердің дыбыстық мәні»


5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша


Орындаған
2-курс студенті А.А.Төкенова
Ғылыми жетекшісі
ф.ғ.к., қауымд. профессор А.А.Айтмукашова
«___»_______2024 ж.

Өскемен қ., 2024 ж.


Мазмұны



Кіріспе

3

1

Әріптердің емлесі

5

1.1

Кірме таңбалардың (әріптердің) оқу-әдістемелік талданымы

7

1.2

Кірме сөздердің қазақ тілінің фонологиялық заңдылықтарына икемдеп жазудың принциптері

9

2
2.1

Кірме таңбалардың тауқыметі
Қазақ әліпбиінің құрамындағы кірме таңбалардың дыбыс құрамы 



12
13

Қорытынды

15

Әдебиеттер тізімі

16

Кіріспе
Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.


Қазақ латын әліпбиі (1924)
Графика (гр. graphike — жазылған, өрнектелген) — графемалартынысекпін белгілері т.б. жазу құралдар жиынтығы, фонемалық жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі және оларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған.
Алдымен қазақ тілінің төл дыбыс құрамы ғылыми тұрғыдан анықталып, төл дыбыстар өз алдына, қазақ тіліндегі кірме (бүлдіргі) дыбыстар мен әріптер өз алдына топтастырылу керек. Өйткені кірме дыбыстар мен таңбалар қазақ сөзінің айтылым әуезін, морфем құрамын, буын тұрқы мен тасымал ретін, тіптен, сөйлеу (сөйлем) ырғағын бұзып бітті. Сонда қазақ тілінің фонетика деңгейінен (дыбыс құрамы) бастап, лексика, морфологияны қамтып, синтаксиске дейінгі табиғи қалпын сетінетіп отыр. Ендеше, бірінші кезекте, төл дыбыстардың құрамы мен әріп таңбалары анықталып, қазақ тілінің төл «Әліпбиі» түзіледі. «Әліпби» төл дыбыстар құрамын түгел қамтып, олар үйлесімді орналастырылуға тиіс.
Мұндағы у таңбасының дыбыс мәнін латын әліпбиінің құрамындағы w әрпімен белгілеп беріп отырмыз. Өйткені қазақ тілінде ерін-еріндік, жуысыңқы, үнді дауыссыз бар. Ол дауыссыз халықаралық практикада осы таңбамен беріледі. Ондай дыбыс ағылышын тілінде де бар. Ағылшын тілінде сауатты өсіп келе жатқан жас ұрпақ оны тез аңғарып, жеңіл қабылдайды. Ал орыс тілінде ондай дауыссыз дыбыс жоқ. Олардың Көкшетау дегенді Көкчетав деп өз тіліндегі тіс-еріндік, жуысыңқы, ұяң в дауыссызымен алмастыратындығы сондықтан. Қазақ тіліндегі дауыссыз у[w] мен орыс тіліндегі дауысты у[u:] дыбыстарын естілім ұқсастығына қарап өзара шатастырып жүргеніміз сондықтан. Тіптен и мен  у әріптерін (дыбыстарын емес) өз алдына дауысты «фонема» деуге де жеттік. Оны қазақ тілінің дамуы деп түсіндіруге тырысып жатырмыз.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қазақ әліпбиінің құрамындағы кірме таңбалардың дыбыс құрамы (мазмұны) академиялық орфоэпиялық сөздіктерде таратылып көрсетіліп келеді. Алайда академиялық орфоэпияның нәтижесіне ешкім мән беріп отырған жоқ. Сөздіктердің, мүмкін, таралым тапшылығы болар немесе оқу-әдістеме бағдарламалары мен оқулықтарда жеткілікті мән берілмей келе жатқандықтан болар, әлде орыс әліпбиімен тұмшаланып қалғандығымыздан болар, әйтеуір кірме таңбалардың тіл бұзар машақатынан арыла алмай-ақ келеміз.
Курстық жұмыстың мақсаты – қазақ тіліндегі кірме әріптердің дыбыстық мәнін түсіндіру.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы – кірме әріптердің тарихымен түрлерімен таныстыру, тың ақпараттармен бөлісу.
Жұмыстың дереккөздері. Ақпараттар ретінде мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген ғылыми мақалалар зерттеу еңбектері пайдаланылды.
Жұмыстың теориялық маңызы және практикалық құндылығы. Кірме әріптермен қатар, олардың тарихы, дыбыстарының мәнін ашу. Зерттеу нәтижелерін сөздіктер арасында пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Еңбек кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және осы тақырыпқа қатысы бар әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Әріптердің емлесі


Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірінен алшақ жатуы арқылы жасалады. Дауысты дыбыстардың басты ерекшеліктері мыналар:
- дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының толық тербелімі арқылы жасалады (тербелмелі);
- дауысты дыбыстарды айтқанда ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай шығады;
- дауысты дыбыстар буын құрайды.
Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жуысуы немесе тоғысуы арқылы жасалады. Дауыссыз дыбыстардың басты ерекшеліктері мыналар:
- дауыссыз дыбыстар дауыс шымылдығының толымсыз тербелімі (дауыс шымылдығының тербеліссіз, жартылай тербелімі және мол тербелімі) арқылы жасалады (тербеліссіз немесе қатаң, тербеліңкі немесе ұяң, тербелімді немесе үнді);
- дауысты дыбыстарды айтқанда ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығады;
- дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
Қазақ тілінің әліпби тізімінің құрамына енген төл дыбыстарды әліпби дыбыстар деп атаймыз. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесі Қазақ тілінде 9 әліпби дауысты дыбыс бар. Олар қолданымдағы әліпби құрамында былай таңбаланады: А, Ә, Е, О, Ө, Ұ, Ү, Ы, І.
Қазақ тілі дауысты дыбыстары жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді. Бастан-аяқ біркелкі айтылатын дауысты дыбысты жалаң дауысты дыбыс деп атаймыз, олар: а, ә, ы, і, ұ, ү. Бір дыбыстан басталып, екінші дыбыспен аяқталатын дауысты дыбысты құранды дауысты дыбыс деп атаймыз, олар: о, ө, е.
Қазақ тілінің төл дауыссыз дыбыстарының жүйесі 17 дыбыстан құралады. Олар қолданымдағы әліпби арқылы былай таңбаланады: Б, Ғ-Г, Д, Ж, З, Й, Қ-К, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, У(w), Ш. Дәстүр бойынша Қ-К, Ғ-Г дыбыстарының жасалым (жасалу орны) айырмашылықтарын ескеріп, жеке-жеке дауыссыздар деп есептеп келеді. Бұл жерде олардың бір дауыссыздың жуан/жіңішке үндесім варианты екендігі ескеріліп, керісінше, бір дауыссыз деп қарастырылып отыр. Дауыссыз дыбыстар дауыстың (дауыс желбезегінің) қатысына қарай: қатаң (тербеліссіз), ұяң (тербеліңкі) және үнді (тербелімді) болып үш топқа бөлінеді. Қазақ тілінің дауысты дыбыс әріптеріндегі ҚАЙШЫЛЫҚТАР:
Қазіргі зерттеушілердің көпшілігі И мен У-ды дауысты дыбыстардың қатарына қоспайды. С.Мырзабеков «... зерттеушілер мен оқулық авторларынын көбісі, бұл екі әріптің әрқайсысы екі дыбыстың ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ, ЫЙ, ІЙ қосындысы екенін біле отырып, дауыстыға жатқызып жүр. Жатқызып қана қоймай, оларды (и,уӘріптерін) дифтонг, дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысатынын»айтады. ( 7;16)
Жиырмасыншы ғасырдың 50 жылдарынан бастап шыққан еңбектерде 9 жалаң дыбыс (A,Ә,Е,О,Ө,Ұ,Ү,Ы,І), 2 құрандыдыбыс (И,У) берілген. Құранды и,у-дың қосылуы әліпбидің өзгерумен байланысты болды. 1957 жылы орфографиялық ереже қабылданып, онда И мен У-дың ҰУ ҮУ ЫЙ ІЙ дыбыстық тіркестерінен тұратыны айтылды.
Орфографиялық ережеде И мен У-дың екі дыбыстық тіркестен туратыны айтылғанымен, фонетикаға байланысты шыққан еңбектерде И мен у дыбыс ретінде енгізіліп, дауыстылар саны 11-ге жетті. Жалпы казак тілінде И мен У дыбыс емес, әріп болып табылады. Олар ҰУ ҮУ ЫЙ ІЙ дыбыстық тіркестерін беру үшін қолданылған шартты таңба ғана, сондықтан оларды дыбыс санына қосып шатастырудың еш қажеттілігі жоқ.
Жиырмасыншы ғасырдың 80 жылдарынан бастап шыққан көптеген еңбектерде қазақ тілінін 9 «әліпби дауысты дыбысы» ғана қамтылады. Ғалымдардын пікірімен толық келісуге болады. Бұл енбектерде дыбыс пен әріптін аражігі ажыратылып берілген.
Қазақ тіліндегі КІРМЕ әріптердің дыбыс мәні. кірме әріптердің тіл бұзар әсері күшейіп барады: - бірінші, қазақ сөзінің үндесім әуезін бұзып барады; - екінші, қазақ тілінің буын жігін бұзып болды; - үшінші, қазақ тілінің морфем желісін бұзып болды; - төртінші, қазақ сөзінің тасымал ретін шатыстырып бітті. Ол кірме әріптер: И, У, Я, Ю, Щ. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында жазылып жүрген кірме әріптердің дыбыс мәні төмендегідей (мый, тій, сұу, сүурөт, жая, әлійә, айұу, үйүу, ашшы, кешше, тұшшы) Кез келген жазу тілдің ішкі өзіне тән құрылымы мен табиғи айтылымына зиян тигізбеу керек. Керісінше, тілдің әдеби айтылымының қорғанышы болу керек. Ол үшін:
1. Жазу сөздің дыбыс құрамын дәл бейнелегенде ғана дұрыс жазу болады. Ендеше, қазақ жазуы қазақ сөзінің үндесім әуезін дұрыс көрсетіп отыру керек, басқаша айтқанда, жуан айтылатын сөздің таңбасы мен жіңішке айтылатын сөздің таңбасының арасында көрнекі айырма болсын.
2. Жазу қазақ сөзінің буын құрамын бұзбау керек. Мысалы, миы, су-ы[мый-ы], [сұуы] болмау керек, мы-йы, сұ-уы болу керек. Қазақ тілінде сөз ішінде буын дауыстыдан басталмайды. Оқулықтардағы осындай кереғарлықтардың қиындықтарын айтып, балаларға түсіндіре алмай, олардың алдында «бірде олай болады, бірде бұлай болады» деп екі сөйлеп, әлек болып жатқан мұғалімдердің пікірі ескерусіз қалып жатыр.
3. Жазу қазақ сөзінің тасымал ережесіне сай болу керек. Тағы да ми-ы, су-ы болып тасымалданбау керек, мы-йы, сұ-уы болып тасымалдану керек.
4. Жазу қазақ тілінің морфем (түбір мен қосымшалар) желісін үзбеу керек. Мысалы, қазақ тілінің «егер түбір дауыссызға бітсе, қосымша дауыстыдан басталады» деген іргелі заңдылығы бар. Сонда мың = мы-ңы, мыс = мы-сы, мый = мы-йы болып, тіл жүйесі бұзылмайды. Қазақ тілінің дауыссыз дыбыс әріптеріндегі ҚАЙШЫЛЫҚТАР: Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардын санына келетін болсак, ғалымдар арасында түрлі пікірлерді кездестіруге болады.А.Байтурсыновтың «Тіл құралында» 17 дауыссыз дыбыс берілген: б,п, т, ж, ш, д, р, з, с, г, к, қ, г, ң, л, м, н (1). 1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілінде», І.Кеңесбаев, F.Мұсабаевтың «қазіргі қазақ тілі» деген оқулығында /1975/, С.Мырзабековтің «қазақ тілінің фонетикасы» /1993/ деген енбегінде 25 дауыссыз дыбыс берілген: Б, В, Г, F, Д, Ж, 3, Й, К, Л, М, Н, П, Р,С, Т, (У), h, Ф, Х, Ц, Ч, ш, К, Н. / Щ жок/. Жоғарыдагы 1.Кенесбаев, F.Мұсабаевтың «Казіргі қазақ тілі»деген окулырында Щ-ны дауыссыздардын жалпы санына қоспаған, бірақ дауыссыздарды дауыс қатысына карай жіктеуде Щ-ны катаң дауыссыздардын ішінде береді. (5) Ал С.Мырзабеков Щ-ны мүлдем дауыссыздардың қатарына қоспайды. “Щ дыбыс емес-әріп. Ол Ш дыбысының созылыңқы варианты” деген пікірге келеді.

1.1 Кірме таңбалардың (әріптердің) оқу-әдістемелік талданымы


Қазіргі қазақ әліпбиінің тізбегінде төл таңбалармен қатар кірме таңбалар араласып жүр. Төркіні бөлек кірме таңбалардың жасалым-естілім (артикуляция-перцепциясы) бөгде болғандықтан, олар қазақ сөзінің үндесім әуезін, морфем құрамын, буын тұрқы мен тасымал ретін, сондай-ақ сөйлеу ырғағын түгел бұзып бітті. Көзіміз үйреніп, қолымыз жаттығып алған соң кірме таңба қаптаған жазуды да өгейсінбейтін болдық. Егер рухани сана жаңғыру ұлттың тілінен басталатынын ескерсек, онда алдымен төл әліпбиді қалыптастырып алу керек болады. Төл әліпбиден төл жазу қалыптасады, төл жазудан ұлт тілі қалыптасады. Бұл - әлеми жазу тәжірибесі көрсетіп отырған фонетика-грамматикалық ұстаным.


Қазіргі қазақ әліпбиінің құрамындағы кірме таңбалардың дыбыс құрамы (мазмұны) академиялық орфоэпиялық сөздіктерде таратылып көрсетіліп келеді. Алайда академиялық орфоэпияның нәтижесіне ешкім мән беріп отырған жоқ. Сөздіктердің, мүмкін, таралым тапшылығы болар немесе оқу-әдістеме бағдарламалары мен оқулықтарда жеткілікті мән берілмей келе жатқандықтан болар, әлде орыс әліпбиімен тұмшаланып қалғандығымыздан болар, әйтеуір кірме таңбалардың тіл бұзар машақатынан арыла алмай-ақ келеміз.
Әдетте, әлеми әліпби түзу тәжірибесінде бір дыбысты бірнеше (екі-үш, одан да көп) таңбамен белгілеу дәстүрі жиі кездеседі. Ал бірнеше дыбысты бір таңбамен белгілеу дәстүрі жоқ сықылды. «Жоқ сықылды» деп екіұшты сөйлеп отырғанымыздың себебі бар. Өйткені әлемде жоқ әліпби үлгісі қазақ жазуында ғана бар: бір таңбамен екі-үш дыбыстың тіркесін біз ғана белгілеп келеміз. Белгілеп қана қоймай, арнайы емле-ережемен бұлжымастай етіп бекітіп те қойдық. Жарты ғасыр бойы ұрпақтан-ұрпақ сол емле-ережемен ауызданып, сол емле-ережемен ер жетіп, сол емле-ережемен қартайып, сол емле-ережемен «ұзап» кетіп жатыр. Тіл бұзар емле-ереженің бастау сәті де белгілі – 1957 жыл, белсенділері де белгілі – сол кездегі аты әйгілі тіл мамандары.
Ендігі шешім не болмақ? Қазіргі естияр ұрпақты «олай емес, былай» деп сендіру қиын болып отыр. Бұрын бір ескерткеніміздей, қазақтың өзіне «қазақтың бар дыбысын бар деп, жоқ дыбысын жоқ деп» сендіре алмайтын кезеңде тұрмыз. Біз, қазіргі ұрпақ, шамасы, сол «и-у-я-юлап» өтетін тәріздіміз. Амал жоқ, күйінесің-күйесің, іс өнбесін білесің...
«Әліпби жаңғыруды» мектептен, тіптен, бірінші сыныптан бастамаса болмайтын түрі бар. Сол ұрпақ өсіп жетілгенде ғана қазақ сөзінің қазақы жазылымы мен айтылымы кірме таңбалардың машақатынан тазаратын болады. Бірақ ұрпақ дайындығын бүгіннен бастау керек. Мұндай дайындық ең алдымен сауат ашудың бастау көзінде тұратын мұғалім-ұстаздарға керек. Көзі ашық сауатты қауымның да игеріп алғаны артық болмайды. Өйткені болашақ қабылданатын латын әліпбиінің құрамы мен емле-ережесі бүгінгі кемшіліктерден арылып жаңаратын болады.
Сонымен, кірме таңбалардың дыбыс құрамын таратып, көрнекі «әліпби» пішіндемесін (моделін) құрастырып шығамыз. Қазақ грамматикасында буын түрлерінің атаулары бар. Сол үлгіні дыбыс тіркестерінің талданымына да пайдалануға әбден болады. Буын түрлері мен тіркес түрлерінің дыбыс құрамы бірін-бірі қайталайды.
Қазақ әліпбиінің құрамында дыбыс тіркестерін белгілейтін таңбалардан (әріптерден) басқа кірме жеке таңбалар (әріптер) бар. Ол таңбалардың да дыбыс мәнін өз алдына талдауға тура келеді.
Сонымен арнайы фонетика-грамматикалық талданым қажет болып отырған кірме таңбалар и, у, я, ю болып табылады, бұлардың сыртында һ, х, щ тағы бар. Бұл жерде оларға тоқталып жатпаймыз.
Кірме таңбалардың әрқайсысына жеке-жеке оқу-әдістемелік дәріс дайындап жатырмыз, оқу-құрал үлгісінде жарық көретін болады.
Латын әліпбиінің таңбалары бүкіл әлем қабылдап отырған Халықаралық Фонетикалық Әліпби (ХФӘ немесе МФА - Международный Фонетический Алфавит) құрамынан алынды. Дыбыстың таңбасы тек сол дыбыстың артикуляциясының ғана көрсеткіші болады. Бір дыбыстың таңбасымен өзге дыбысты белгілеуге болмайды. Дыбыстың әріп таңбасы барлық уақытта тұрақты.
Біз қазіргі кезде қазақтың өзіне «қазақтың бар дыбысын бар деп, жоқ дыбысын жоқ» деп сендіре алмайтын кезеңде тұрмыз. Біріне-бірі жалғасқан әліпби ауыстыру мен орынды-орынсыз емле құрастыру осындай жайға алып келді. Оп-оңай көрінген қазақ тілінің дыбыс құрамын түгендей алмай әлек болып жатқанымыз да сондықтан. Кез-келген қазақтан (ересек болсын, бала болсын) «қазақ тілінде қанша дыбыс бар?» деп сұрасаң, бәрінің берер жауабы біреу-ақ, «42 дыбыс бар» дейді. Бұл, әрине, олардың кінәсі емес, мектептен бастап жоғары оқу орнын бітіргенге дейін «42» деп тоқпақтай берсе, кім де болса соған ұйып қалады. Ұйып қалғандардың арасында, өкінішке орай, қазақ тілі пәнінің мұғалім-оқытушылары барын қайтерсің. Олар да «қырық екі» демесе де соған жете жығылып жатады.
Жүрген жерімізің бәрінде «әліпби сауатымызды ашып алудан бастайық» дегенді босқа айтып жүрген жоқпыз. Және «әліпби сауатты» алдымен оқулық авторлары мен әдістеме иелері бастау керек. Ал бастауыш сыныптан бастау алса, жас ұрпақ өсе келе, бүгінгідей «олай емес, бұлай емес» деп арпалысқан ересектердің «әліпби» дертіне ұшырамайтын болады.
Үлгі ретінде кірме у таңбасының жазылым үлгісін ұсынып отырмыз. Орыс жазуының үлгісімен дауысты у деп жүргеніміз жуан/жіңішкелі тұйық ұу/үу тіркесі екеніне жоғарыда көз жеткіздік. Бәрімізді шатастырып жүрген осы тіркестің бірде дауысты, бірде дауыссыз болып жүрген екінші сыңары у таңбасы болып табылады.
1.2 Кірме сөздердің қазақ тілінің фонологиялық заңдылықтарына икемдеп жазудың принциптері

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруде біраз даулы проблемаларды шешу керек. Мысалы, интерсөздерді төл дыбыстар арқылы қалай таңбалаймыз? Қазақ тілінің төл дыбстарына в, ф, х, и, у жатпайды. Бірақ қазіргі кезде осы дыбыстар қазақ тілінде жиі қолданады. Көршілес елдермен рухани, мәдени, тарихи байланыстар нәтижесінде аталмыш дыбыстар тілімізге кірме сөздер арқылы енді. Қазақ тіліндегі интерсөздердің қолданылуы жаңа затқа, жаңа ұғымға, жаңа құбылысқа байланысты. Қоғам өмірінің түрлі салаларын қамтитын жүздеген атаулар келді. Қазақ тіл білімінде терминдерді қалыптастыру, қазақ тілінің фонологиялық заңдылықтарына икемдеу, ана тілінің дыбыстық заңдылықтарын сақтау деген ұстаным бар екені белгілі. Интерсөздерді латын графикасымен таңбалауда осы қағидаларды мейлінше сақтау керек. Мысалы, қазіргі таңда біз Ресей, Еуропа, тауар, үстел, жәрменке, кәмпит, бәтеңке, резеңке деп кірме сөздерді қазақ тіліне икемдеп айтамыз да, жазамызда. Бірақ бұл сөздердің көбісі бұрыннан қалыптасқан. Ал кейбір кірме сөздерді игеріп, қазақ тіліне икемделі «сындырып» айту мен жазу оңайға түспейді. Осыған орай соңғы кезде латынға көшумен байланысты кірме сөздерді таңбалауда бірнеше көз қарас бар.


Кейбір ғалымдар кірме сөздер арқылы келген кірме дыбыстарды мүлде таңба-лағысы келмейді. Олар ана тілімізге бөтен, жат, сондықтан ол сөздерді тек төл дыбыстар арқылы жазамыз дейді. Сонда филологияны – пійләлөгүйе, латын графикасымен piylälögüye; биологияны – бійәлөгүйе, латын графикасымен – biylä- lögüye; университет – үунійверсіитет – üwniyversiytet; институт – ійнстійтүут – iynstiytuwt; автор – аптор – aptor; академик – әкәдемійк – äkädemiyk; магистратура – магыйстратүура – magıistratuwra т.б. Мұндай жазу мен айту көпшілікке жабайы, сауатсыз адамның сөзі сияқты көрінеді және сөздер ұзын, ұғуға өте қолайсыз болып тұр. Сондықтан мұндай жазуды жас және орташа ұрпақ, әрине, қолдамайды. Бұл жазу пуристік ағымына сәйкес келеді.
Белгілі бір тілде қандай деңгейде және құрамы жағынан қанша дыбыстар бірлігі қолданылатынын анықтау үшін алдымен екі мәселені шешіп алу керек: 1) сөйлеу сөзін минималды дыбыстық кесіктерге, яғни жеке дыбыстарға бөлу; 2) қандай дыбыстар бірдей, ал қандай дыбыстар бірдей емес, басқаша деп қарастыруды анықтау. Тілдердің мұндай механизмін, яғни бір сызықтағы, бір желідегі сөйлеу сөзінің сегменттерін теңдестіріп бөліп қарауды алғаш рет 1912 жылы Л.В.Щерба ашқан болатын.
Қазақ тілінде дауыстылар жуан-жіңішке болып, екі топқа бөлінетіні белгілі. Дауыстылардың осындай бөлінуінің фонологиялық мәні бар. Қазақ тілінде еркін сөйлей алатын қазақтар, үндестік заңы бойынша, дауыстылардың қай сөзде жуан, ал қай сөзде жіңішке екендігін бірден ажыратады. Дауыстылардың жуан-жіңішке оппозициясының дауыссыз дыбыстардың комбинаторлық варианттарында болуы қоршап тұрған дауыстыларға байланысты. Айталық, дауыссыз фонемалар жіңішке дауыстылардың қасында палатализацияланады, мысалы: жон-жөн [žon - ž›ön›], сыз-сіз [syz – s›iz›], тан-тән [tan – t›än›]. Орыс тілін жетік білмейтін қазақтар жуан және жіңішке дыбыстар бар сөздерді айтқанда олардың акценті (интерференциялық қателер) білініп тұрады. Мысалы: слушать, дышать, падать, ходить деген сөздерде соңындағы жіңішке дауыссыздар жуан болып естіледі, себебі қазақ тілінде үндестік заңы бойынша, барлық сөздер я жуан, я жіңішке болып айтылатыны белгілі.
Морфологиялық, яғни лингвистикалық мазмұн сипаттамасы, біріншіден, ең маңызды мәселені шешуге мүмкіндік береді. Ол сөйлеудегі сөздердің толассыз тасқынының жалаң (жалғыз) сөздерін де, оның тізбек кескіндерін (отрезки) де, әртүрлі байланыста тұрған құрылымдарын да ажыратып бөліп алуға мүмкіндік береді. Ал сол бөлініп алынған сөздердің өзара айырмашылығын білу үшін оларды салыстырып қарастыру керек. Мысалы an, än, un, ün деген сөздердің соңындағы дауыссыз фонема «n» сөйлемдерде әртүрлі дыбысталатынын, яғни әртүрлі естілетінін анықтау қиын емес: бұл дауыссыз дауыстылардың ықпалымен жуан-езулік, жіңішке-езулік, жуан-еріндік, жіңішке-еріндік болып тұрады. Әдетте мұндай айырмашылықтар «байқалмайды». Себебі ол айырмашылықтар «n»-ның қасында тұрған түрлі дауыстылардың ерекшеліктерінің әсерінен болғандықтан. Көрші дыбыстар өзара бір-біріне әсер етеді десек, дауыссыздардың ықпалымен дауыстылардың да өздерінің сапасы мен бейнесі өзгереді: bal - šaj. Дыбыстың сапасы оның фонетикалық жағдайына ғана байланысты емес, ол бір морфемада тұрып, фонетикалық жағдайы өзгергенімен, автоматты түрде (автоматически) бірінің орнына бірі жүре береді, мысалы, kel, ket, keldim деген сөздердің бәрінде фонема «е» түбірге қатысты (бір түбірлі, туысты сөздер), немесе Ermek, kutkenše, qajtkende деген сөздерде фонема «е» сөздің басында, ортасында, соңында орналасып тұр. Сондықтан сөйлеушілер келтірілген сөздерге қарап, оларды абстрактыландырып, «е» дауысты дыбысты бірлік, бір фонема деп қарайды.
Дыбыстардың фонема деңгейінде жұмсалуы, яғни фонологизациялануы тілдің даму барысында конвергентті-дивергентті құбылыстар арқылы жүзеге асып, оның жалғамалық (агглютинативтік) құрылысымен, үндестік заңымен тығыз байланысты. Қазақ тілінің фонемалары ұзақ жылдар бойы қалыптасып, айырым белгілері сұрыпталып, әртүрлі аллофондарда іске асырылатын функционалдық ең шағын лингвистикалық бірлікке айналған. Тілдегі жаңа фонемалардың пайда болуы адамның ойлау процесінің дамуы мен тілдің жаңа ұғымдарымен және кірме лексикасының баюымен байланысты.
Қазақ тілінің төл фонетикалық жүйесіне кірмейтін орыс тілі арқылы грек, латын тілдерінен келген халықаралық сөздерде кездесетін «ф» фонемасы сол орыс тілінің өзінде де көпке дейін қабылданбай, бөтен, жат дыбыс болып келген. Сондықтан «ф» фонемасынан басталатын сөздер орыс тілінде мүлде аз, бірнеше сөздер фабрика, фирма, фильм дегендер еуропа тілдерінен келген. Орыстың кейбір деревнялық говорларында [ц, ч] аффрикаттарының орнына [с, ш] дауыссыздары айтылады: птица, курица, конец деудің орнына птиса, куриса, конес десе, чай, чисто, ночь дегенді шай, шисто, ношь дейді, себебі аффрикаттар төл славян тілінде қолданылмаған және «в» ~ «ф»; «с» ~ «ц»; «ч» ~ «ш» деген фонологиялық оппозициялар болмаған, олар фонологизация құбылысының нәтижесінде орыс тілінің фонетикалық жүйесіне кейінірек енген.
Қазіргі кезде дамыған еуропа тілдерінде фонемалардың саны аз емес, мысалы, латын алфавитінде 26 әріп бар, ал фонемалардың саны оған қарағанда әлде қайда көп: ағылшын тілінде 44, француз тілінде 35, неміс тілінде 42, итальян тілінде 32. Себебі латын әліпбиі көне замандардан келе жатыр, содан бері фонологизациялану процесіне байланысты барлық тілдердегі фонемалар саны өскен. Батыс Римдік империясы ыдырағаннан кейін 476 ж. жаңа «жабайы» мемлекеттер пайда болды және жаңа феодальдық мәдениет қалыптасты. Бұл мәдениет Батыс Еуропаның көне христиандық-феодальды элементтерімен қатар халық мәдениеттің де элементтерін қамтиды. Сондықтан жазудың дамуында да жалпы тенденциялармен сол аумақтың ерекшеліктері байқалады.
Ерте феодализмнің кезеңіндегі мәдениеттің ең басты ерекшелігі – өмірдің барлық салаларында латын тілі жазуының басымдылығы. Кейбір герман және ирлан халықтарында руникалық жазудың сақталғанның ескерсек, және аз мерзімінде өмір сүрген гот және грек жазулармен Батыс Европада латын тілі және латын жазудың жүйесі қалыптапсқан.
Бұл процесс Римдік империя кезінде басталып, ерте феодализмнің уақытында, Европа халықтарының христианство дінін қабылдағанда жалғасқан. Сол уақытта латын тілі батыс еуропа шіркеуінің ресми тіліне айналып, ортағасыр ғылым мен мектеп білімі де латын жазуына негізделіп дамиды. Сонымен Батыс Европа халықтарының латын жазуына негізделген әліпби жүйелері ерте феодализм кезеңінде дамып өркендеген феодализм кезеңінде қалыптасады. Алғашқы жазу мәтіндердің жаңа еуропа тілдерінде пайда болуы көне латын тілін білмейтін қалың оқырманға негізгі мемлекеттік құжаттардан мәліметтер берудің қажеттілігімен байланысты. Бізге белгілі француз тілінде жазылған ескі құжаттардың ішіндегі ант мәтіні 842 жылы француз әміршілер әскер алдында оқыған.

2 Кірме таңбалардың тауқыметі






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет