15
нысанына максималды жақын орналасқан стационарлық елді мекендерде
жайылған базалық экспедициялық қалашықтарда орналасады. Жұмыс
орнына бару жəне базалық елді мекенге оралу циклі алдын ала жоспарған
кезек бойынша қайталанады.
Экспедициялық елді мекенде əлеуметтік-тұрмыстық
қызмет
көрсетуді ұйымастыру əдетте, отбасы мүшелерінсіз тұрып жатқан
жұмысшылардың,
күнделікті
жəне
кезеңдік
қажеттіліктерін
қанағаттандыруынан есептеледі жəне сауда-саттықта,
тұрмыстық қызмет
көрсетуде, жұмыс уақытынан тыс жəне демалыс күндеріндегі бос уақытты
ұйымдастырудаассортименті жағынан шектелген болып келеді.
Еңбекті ұйымдастырудың в а х т а л ы қ ə д і с і салынып жатқан
нысандардың құрылыс кəсіпорындарының орналасу орнынан өте алыс
(экспедициялық əдіспен салыстырғанда алыс) болған кезде қолданылады.
Сондықтан бұл əдіс кезінде қызметкерлер құрамы əрбір,
салыстырмалы
түрде, кішігірім белгіленген уақыт аралығында (апта немесе декада)
ауыстырып отырады.
Құрылыс-жинақтау жұмыстары құрылыста болған уақытында əдейі
жасақталған вахталық елді мекендерде тұрады жəне кезеңді түрде құрылыс
кəсіпорыны орналасқан жəне тұрғылықты тұратын орнына оралып
отыратын вахталық қызметкерлер арқылы жүргізіледі.
Вахталық əдісті қолданудың шарты құрамына тұрғылықты тұруға
арналған əлеуметтік инфрақұрылымы
дамыған базалық қалашықтың
тұрғын-өндірістік кешенін қосатын, жұмысшыларға мəдени-тұрмыстық
қызмет көрсететін жəне жұмысшылардың отбасы мүшелерінсіз уақытша
тұруына есептелген вахталық елді мекен жəне олардың күнделікті
қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрғын-өндірістік
базалардың өзара
байланысқан жүйесін ұйымдастыру немесе оның бар болуы болып
табылады.
Вахталық құрылыс аймағының ең жақын шекарасы көлік
қозғалысының ұзақтығы 1-1,5 сағат шегімен анықталады.
Вахталық жəне экспедициялық əдістердің қосындысы экспедициялық
вахталық əдіс деп аталады.
Құрылысты ұйымдастырудың экспедициялық жəне вахталық əдістері
үшін келесідей жіктелетін мобильді ғимараттарды қолдану өте үлкен
мағынаға ие:
мобильділік типі бойынша – толық
зауыттық дайындықтағы бір
блок-контейнерден тұратын контейнерлі жəне пайдалану кезінде бірыңғай
жүйеге біріктіретін жеке-жеке блок-контейнерден құрастырмалы-
ағытпалы;
климаттың ықпалына сəйкес орындалатын – солтүстіктік,
қарапайым жəне оңтүстіктік;
функционалды тағайындалуына қарай – өндірістік, қоймалық,
қосалқы, тұрғын, қоғамдық жəне олардың алуан түрлілігі.