Сайрам ауданының № ____учаскелік ренферендум комиссиясының 2022 жылғы 16 мамырдағы № шешімімен бекітілген
2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумда референдум учаскесінің дауыс беру бөлмесінде дауыс беру процесіне
қатысушылардың тәртіп сақтау
ЕРЕЖЕСІ
Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы, дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіптің сақталуына жауапты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын бұзатын, әрі дауыс беруді жүргізуге кедергі келтіретін кез келген адамнан үй-жайдан кетуін талап етуге құқығы бар.
Референдум комиссиясының қызметіне, олардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде бөгде адамдардың араласуына жол берілмейді.
Дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй-жайда/пунктте/:
Саяси партиялардың әрбір үміткерден сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден, Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге-де қоғамдық бірлестіктерден,басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан бір-бір байқаушыдан,шет мемлекеттердің,халықаралық ұйымдардың байқаушылары және шетелдік БАҚ өкілдері /бұдан әрі – байқаушылар/ болады.
Шетелдік БАҚ өкілдерінің сайлау күні бақылауды жүзеге асыруы үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің тұрақты немесе уақытша аккредиттеу туралы куәлігі болуға тиіс және халықаралық байқаушыға,сондай-ақ шетелдік БАҚ өкіліне бір аудармашы өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде ілесіп жүре алады.
Референдум процесіне қатысатын Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер байқаушыларының өкілеттіктері оның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, жазбаша / жарғының үзіндісі,тіркеу анықтамасы мен хаттама көшірмесінің негіздерінде/ нысанда куәландырылып, жіберген ұйымның мөрімен расталған байқаушы туралы деректерді референдум учаскесіндегі есепке алу журналына енгізу арқылы тіркеледі, Олар жеке басын куәландыратын құжаттарын өздерімен бірге алып жүруге міндетті.
Дауыс беруге арналған үй-жайда тіркелген сенім білдірілген адамдар, байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстан Республикасының Конституциясының 34 бабының талаптарын қатаң сақтауға міндетті.
Әрбір референдумға қатысушы өзі дауыс береді. Басқа адамдар үшін референдум бюллетендерін алуға тиым салынады. Референдумда дауыс құқығын басқа біреуге, сол сияқты басқа адамдар үшін дауыс беруге жол берілмейді. Ешкім референдумға қатысушыны сендіруге немесе оған қысым көрсетуге тиіс емес. Дауыс беруге арналған кабинада тек референдумға қатысушы ғана болуға тиіс.
Дауыс беруге арналған үй-жайда тәртіпті қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі. Ішкі істер органдарының қызметкерлері комиссия төрағасының шақыруы бойынша ғана дауыс беруге арналған үй-жайда болуы тиіс және тәртіп қалпына келтірілгеннен кейін не комиссия төрағасының өтініші бойынша одан дереу кетуге міндетті Дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тиым салынады./39б/
Дауыс беруге арналған үй-жайларда референдумға қатысушылар тіркелген сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері облыстық бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сай санитарлық талаптарды және денсаулықты сақтау шараларын қатаң түрде орындаулары міндетті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын бұзған жағдайда, учаскелік референдум комиссиясының мүшесі комиссия жұмысына қатысудан дереу шеттетіледі, ал байқаушы мен өзге адамдар референдум комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелді шешімі бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады. Осы шешімнің орындалуын ішкі істер органдары жүзеге асырады,олар сонымен қатар референдум комиссиясының шеттетілген мүшесін,саондай-ақ шығарылған байқаушыны немесе өзге адамды Қазақстан Республикасынң заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |