«050205 Филология. Қазақ филологиясы» (мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)



бет6/43
Дата22.02.2022
өлшемі0.8 Mb.
#455637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Айтыс-УМК

Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейді және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін белгілейді.
Филология – адам баласының рухани мәдениетінің мәні мен тарихын жазба мәтіндерді тілдік және стилистикалық тұрғыдан талдау арқылы танып білуге негізделетін лингвистика, әдебиеттану, тарих, т.с.с. гуманитарлық пәндердің бірлестігі, жиынтығы.
Мәтін – қандай да бір дәуірдегі адам ойының ескерткіші, мәдениет жәдігері.
Әдебиет тарихы - әдебиеттану ғылымындағы көркем сөз өнерінің даму жолын әлемдік немесе белгілі бір халықтық деңгейдегі идеялық бағыт-бағдарларды, әдеби ағым-бағыттарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық-саяси құрылысымен тығыз байланыста танып-білуге бағытталған басты салалардың бірі.
Жалпы поэтика – мәтіннің дыбыстық, сөздік және образдық құрылымын зерттеу бағытына сәйкес іштей үш салаға бөлінеді. Жалпы поэтиканың мақсаты – осы салалардың бәрін қамтитын көркемдік әдіс-тәсілдердің жүйелі құрамын белгілеу.
Жеке поэтика – да жоғарыда айтылған жалпы поэтикаға тән мәселелерді қарастырады. Басты айырмашылығы – екеуінің зерттеу нысанасына байланысты, яғни жалпы поэтика әдебиетті тұтастай алса, жеке поэтика әдеби туынды көлемінде шектеледі.
Тарихи поэтика – салыстырмалы-тарихи әдебиеттануға сүйене отырып, жекелеген поэтикалық тәсілдер мен олардың қалыптасқан жүйесінің даму жолын қарастырады.
Историография - әдебиет теориясының, тарихының, сынының тарихи даму барысындағы деректер мен дәйектердің, мәліметтердің жинағы. Әдебиеттану ғылымының жүріп өткен жолы мен қол жеткізген нәтижелерін жинақтап көрсету арқылы историография ғылымының бір орында тұрып қалмай, алға қарай жылжуына қызмет етеді.
Мәтінтану – мәтін (текст) және сөз, ұғым, ілім деген сөздерден шыққан; филологияның әдеби шығарма мәтінін сыни тұрғыдан тексеріп-зерттеумен және әдебиеттану айналымына кеңінен түсіру мақсатында баспа арқылы жариялаумен айналысатын тармағы.
Библиография - әдебиеттануға қатысты түрлі еңбектердің көрсеткіші. Басты міндеттері – көркем әдебиет және әдебиеттану жайында ақпараттар жинау; әдебиеттің үздік туындыларын таныстыру, насихаттау; әдебиет тарихшыларына зерттеу жұмысында көмек беру.
Архивтану – мақсат, міндеті жағынан библиографиямен бағыттас, айырмашылығы әдебиет тарихына байланысты құжаттық, мемуарлық дерек-мәліметтерді, материалдарды жинақтауында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет