Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыстық құқық теориясында барлық нақты қылмыс құрамы, елеулі белгілерінің топтасуына байланысты белгілі бір топтарга бөлінеді. Қылмыс құрамы топтастырудың алдына қойған міндеті. Әрбір нақты қылмыстың түсінігін, құрылысын және оларға тән жалпы заңдылықты тереңірек түсіндіру болып табылады.
Қылмыс құрамын мынандай белгілерді қолдану арқылы топтастырады:
1. іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі.
2. қылмыс құрамын суреттеу тәсілі.
3. қылмыс құрамының құрылымы.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын жағдайларына байланысты қылмыс құрамы негізгі, ауырлататын және жеңілдететін мән - жайлар болып екіге бөлінеді.
Негізгі қылмыс құрамы деп, қылмыстың іс - әрекеттерінің белгілі бір түрінің негізгі және тұрақты белгілерінен тұратын, сондай-ақ ауырлататын және жеңілдететін мән - жайларсыз құралған құрамды айтамыз.
Айталық қасақана адам өлтірудің негізгі құрамы ҚР ҚК-тің 96-бабының ішкі бөлімінде кісі өлтіру деп басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп көрсетілген. Айтылған анықтамада қасақана кісі өлтіруге байланысты нақты және тұрақты белгілері ғана көрсетілген, ал ауырлататын және жеңілдететін мән - жайлар көрсетілмеген. Демек, негізгі қылмыс құрамында қандай да болмасын ауырлататын немесе жеңілдететін мән - жайлар керсетілмейді.
Егерде қылмыс құрамында іс - әрекеттің негізгі белгілеріне қоса жеңілдететін мән - жайлар көрсетілсе, онда мұндай қылмыс құрамы жеңілдететін мән-жайлары бар қылмыс құрамы деп аталынады.
Мысалы: жаңа туған сэбиді анасының өлтіруі (ҚР ҚК-тің 97- б.). Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру ҚР ҚК-тің 98- б.), қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚР ҚК-тің 99- б:), қылмыс жасаған адамды ұстау үшін кажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚР ҚКІОО - б.). Осы келтірілген мысалдарға, негізгі белгілерге қоса қосымша белгілере яғни жеңілдететін мән - жайлар керсетілген. Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіруде қосымша белгі – жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен болған, кенеттен пайда болған субъектінің жан күйзеліс жағдайы (қылмыс құрамы жеңілдететін мән - жайлармен).
Қылмыс құрамында негізгі белгілермен қоса ауырлататын мән -жайларда айтылса, бұл дәрежеленген құрам, я болмаса іс - әрекетті қауіптілік қылып көрсететін ауырлататын мән - жайлары бар құрам деп айтылады.
Дәл осындай құрам ҚР ҚК-тің 96 - бабының 2-ші бөлігінде көрсетілген. Бұл бапта ауырлататын мән - жайлар арқылы адам өлтірудің он үш белгісін (а-н тармақтарындағы) көрсеткен, және ол белгілер мейлінше толық қамтылған белгілер болып табылады.
Кейде жасалынған қылмыстық ауырлық дәрежесіне қарай заң шығарушы дәрежеленген қылмыс құрамының әр түрлілігін ерекше ауырлататын мән - жайлары бар қылмыс құрамы түрінде бөліп көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 131-бабының 3-ші және 4-ші бөліктері ерекше ауырлататын қылмыс құрамы болып табылады.
Қылмыс құрамының белгілерін суреттеу тәсіліне байланысты жәй және күрделі қылмыс құрамы деп екіге бөлінеді.
Жәй қылмыс құрамы деп - қандай да болмасын қылмыс құрамы элементтерінің қиындатылған белгілері жоқ құрамды айтамыз.
Мысалы, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау ҚР ҚК-тің 175- б. Демек, жәй қылмыс құрамында бір іс-әрекетпен бір ғана объектіге қол сүғушылықты сипаттайды.
Күрделі қылмыс құрамы деп, - қандайда болмасын қылмыс құрамының элементтерінің қиындатылған белгілері бар құрамды айтамыз. Күрделі қылмыс құрамында екі бірдей объект, екі бірдей әрекет және кінәнің екі бірдей нысаны болады. Мысалы, шабуыл жасап тонау кезінде қиянат жасаушы екі бірдей объектіге қол сүғады (меншік және адамның денсаулығы). Кінәнің екі бірдей нысаны арқылы жасалынған қылмыс деп кінәлінің қылмыстық іс - әрекетті қасақана жасауы бірақ, одан түсетін зардаптарға абайсыздықпен қарауын айтамыз. Мұндай жағдайға мысал келтіретін болсақ ҚР ҚК-тің 103-бабы 3-ші бөлігі, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен қатар жәбірленушінің өліміне абайсыздықпен қарауы.
Қылмыс құрамын олардың құрылымына қарай бөлудің тәжірибелік маңызы зор. Осы құрылымына байланысты қылмыс құрамы материалды, формалды, қысқартылған қылмыс құрамы болып екіге бөлінеді.
Жасалынған қылмыстық іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) салдарынан заңда көрсетілген белгілі бір зардаптың түсуін қажет ететін қылмыс құрамы, материалды қылмыс құрамы деп аталады. Демек, мұндай қылмыс құрамы қылмыстық іс-әрекет жасалған кезде емес, содан белгілі бір зардап түскен уақытта аяқталған болып табылады. Мысалы, қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану (ҚР ҚК 307- б.).
Формальды қылмыс құрамы деп, жасалынған қылмыстық іс-әрекеттен (әрекетсіздіктен) белгілі бір зардаптың түсуін қажет етпейтін құрамды айтамыз. Мұндай құрамдағы қылмыстар белгілі бір зардаптың түскен -түспегенің қажет етпей - ақ жасалынған қылмыстық іс-әрекеті болса аяқталған қылмыс болып табылады. Мысалы, пара беру (ҚР ҚК 312-6.). Пара қандай түрде берілсе де оның келтірілген зардаптарына қарамай -ақ ол аяқталған болып табылады.
Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталу кезеңін қылмыстық іс -әрекеттің алдын-ала жасалу сатыларының біріне ауыстырады. Мұндай қылмыс құрамының құрылымы қысқартылған қылмыс құрамы деп аталады. Мысалы, бандитизм (ҚР ҚК 237-6.). Заң бойынша бұл қылмыс аяқталған болып банда ұйымдасқан кезең болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |